Қазақ қайғысы қолжазба хаты


Қазакстан Рассияға косылу арқылы, Россияның өрлеп келе жатқан экономикасымен орыс халкының өрісі кең мәдениетімен жақындасуға мүмкіндік алды.
Орыстың ілгергі экономикасы қазақтың мешеу жатқан, тұйық шаруашылығын ыдырата бастады, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етті. Россия қазақ елінің рухани тұрмысына да зор ықпалын тигізді. Қоныстас, жерлес орналасқан, алыс-беріс, сауда саттығымен қоян қолтық араласқан орыс қазақ шарушылығының өзара достық қатынасы келіп туды. Қазақ еңбекшілерінде өнімді еңбекпен, пайдалы кәсіп түрлерімен күн көру, тіршілік ету туралы жаңа сана-сезім оянды. Орыс халқының шаруашылығынан біртіндеп үлгі ала бастаған қазақ шаруалары ауыл щаруашылығына керекті өздерінде жоқ құралдарды пайдаланып, егіншілік кәсібімен айналыса бастады, қоныстанып отырықшылық кәсіпке бет бұрды. Архив дакументтерінің бірінде"қазақтар мен орыстар жиі араласу арқылы, оларға қазақтар еліктеп, барған сайын отырықшылық тұрмысқа үйреніп келеді, көптеген қазақтар өздеріне үй салумен және егіншілік кәсібімен айналысуда" деп жазылған. Осындай экономикалық процесс Россияға бұрын қосылған Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарында ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың басында басталды.
Ал ХІХ ғасырдың ортасында қазақ шаруаларының егін, сауда, қолөнер тағы басқа кәсіптермен шұғылдануға анағұрлым күшейе түсті. Егіншілер мен қолөнер Сыр-Дария өзенінің бойындағы және Жетісу аудандарының жерлерін мекендейтін қазақтардың тұрмысын да бұл кездерге дейін бұрын сонды кездеспеген көп жаңалықтарды енгізе бастады. Көршілес отырған орыс шаруалары мен қазақ шаруалары арсында қарым-қатынас күн санап ұлғая түсті. Екі елдің халқы бірінің тұрмысы мен екіншісі бұрынғыдай көбірек және тез танысатын болды. Екі елдің де еңбекшілерінің туыстық ынтымағы орнай келе, таптық мақсаттарының да бір екендігі байқалынды, мүдделері мен күрестері де бірін-бірі жақындастыра түсті.
Қазақ шаруалары орыс шаруаларынан егін егудің үлгілерін, жер өңдеудің әдістерін үйренді. Бұлар өздерінің шаруашылығына, үй тұрмысына қажет құрал-саймандарды жыл сайын Россия базаларынан сатып алып, оларды пайдаоану жолдарына дағдыланды.
Қазақтар жерінде қалалар салына бастады, қаланы мекендеген халықтардың саны күн сайын көбейді. Жаңа салынған қалалар патшалық құрылыстың берік тірегі, сауда мен көп солдаттың орны, капиталистік қанау мен езгінің орталығы болу мен қатар, осы қалалар арқылы қазақ еліне орыс мәдениеті мен экономикасы ене бастады. Қазақтар біртіндеп қала тұрмысына араласты. Қазақ елінің шаруашылығында товарлы ақша қатынасы алдағы күнде ірге тепті. ХІХ ғасырда Қазақстан жалпы россиялық рынокқа келіп қосылды. Патриархтық-феодалдық тұрмыстық іргесі қопарылды, ескі натуралдық қатынастар біртіндеп бұзыла берді. Сонымен бірге капиталистік негіздегі жаңа қарым-қатынастар таптық қайшылықтарды асқындыра түсті. Қазақ кедейлерінің таптық санасы ояна түсті. Кедейлердің таптық санасы оянуына да олардың қанаушылар езушілерге қарсы жүргізе бастаған таптың күресінде де үлгі берген, көмек көрсеткен қалалардағы орыс жұмысшылары мен деревнялардағы орыстың ең кедей шаруалары болды.
Қазақстан сияқты кең байтақ мекенді елдің Россияға қосылуы фактісі сөз жоқ орыстың экономика, ғылым саласындағы озат қауымының да назарын аудармай қойған жоқ. Орыстың алдыңғы қатарлы саяхатшы ғалымдары, жазушылары, жер ауып келген революционерлер қазақ халқының тұрмысын, әде-ғұрпын, тарихын, экономикасын, жаратылысын зерттеу жұмыстарымен де шұғылданды. Орыс ғалымдар мен жазушыларының Қазақстан жөнінде бірнеше шығармалары баспасөз ретінде жарияланды. Ұлы ақын А. С. Пушкин Пугачев көтерілісірің тарихи материалдарын зерттеп, Оренбург далсына келлгенде, қазақ халқының ауыз әдебиетіне де аса назар аударды. "Қозы көрпеш-Баян сұлу" поэмасының бір вариантын жазып алды. ХІХ ғасырдың орта кезінде Украин халқының ревалюционер-демократ ақыны Тараз Шевченко патша үкіметінің қудалауымен жер аударылып Қазақстанға келді, мұнда ол қазақ халқының өміріне көп көңіл бөлді, "Қазақ семьясы", "Байғұстар", "Салт аты қазақ" сияқты сурет салды. Қазақ елінің ауыр тұрмысын өз көзімен көріп, ол жөнінде өлеңдерді аянышты сезім білдірді.
Осы жағдайлардың бәрі қазақ ағартушыларының, солардың ішінде осы кітапшада біз сөз еткелі отырған педагог Ыбырай Алтынсариннің көз алдында болып жатты, сөйтіп оған тікелей де, жанама жолмен де игілікті әсерін тигізді. Нақ осы кезде Ыбырай Алтынсариннің қолға алған пәні педагогикада да зор өзгерістер болып еді. Орыс педагогикасынан демократикалық, азаттық бағытындағы Ушынскийдің көзқарастары орын алды. Ұлы жазушы Л. Н. Толстойдын педантизмге қарсытворчестволық, демократиялық жолдағы педагогикалық ойлары интеллегенция қауымының көңілін аударды. Мұндай жағдайлар халқының мәдениетінің өрістеуіне және оның алдыңғы қатарлы ағартушыларына да даңғыл жол салып берлі. Қазақ елінің орыс халқының мәдениетіне жақындасуы оның мәдениеті мен әдебиетінің қайнар көзін ашты, қазақ халқының арасынан Ы. Алтынсарин сынды алдыңғы қатарлы қайраткерлердің шығуына және олардың қоғамдық мәселелерді демократиялық бағытта топшылап, орыс халқы мен қазақ халқының достығын дұрыс түсінуіне мүмкіндік болды. Олар ұлы орыс халқының қоғамдық ойының, прогресшіл мәдениетінің қазақ еліндегі өкілдері және жаршылары болды.
Алтынсариннің ағартушылық бастамасы, әрбір игі қадамы патшалық чиновниктер мен қазақтар үстем таптары тарапынан үнемі кедергілікке, өшпенділікке кездесіп отырды. Халықтың мәдени болашағын ойламайтын, еңбекшілердің қанын сорушы қазақ байларына, патша әкімдеріне қарсы күресті тоқтатуға болмайтынын Ыбырай Алтынсарин өзінің тікелес адамдарына қатты ескертті. " . . . Амалын тауып, мүмкіндігі болған жердің бәрінде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп жазды.
Кейбір қате қорытындылар жасағынына қарамастан, ол кезде Ы. Алтынсариннің мынадай пікірінің қазақ халқын ағарту үшін маңызы өте үлкен еді. "Меніңме ең алдымен, қазақ даласына жалпы бір ортақ ана тіл ретінде орыс тілі мен орысша сауат ашуды кіргізу мәселесімен шұғылдану керек. Мұны, бәрінен бұрын, қазақтардың өз ортасында ұйымдастырылған орыс-қазақ халық училищилері ғана іске асыруы мүмкін, өйткені жалпы халықпен тікелей жанды байланыс жасауды тек халықтың өз ортасында түсінікті негізде үйымдастырылған училищилер ғана жүзеге асырады деп шамалауға болады; мұндай халық училищилерінің бір артықшылығы, - онда оқығандар, бітіргендер кейін өзінің туып өскен ортасында қалады да, алған білімі қанша аз болса да, төңіректегі жұртшылықтың экономикалық және адамгершілік (рухани) тұрмысына жағымды әсерін тигізді . . . Қазақтың жас ұрпақтары орыстың тілі мен сауатына, мәдениет пен білімнің бірден-бір тілі деп қарады, оларды үйреніп, өркендейтін болады" деп жазды ол.
Сөйтіп өз халқының жастарынан зор ұміт күтіп, оларды орыс халқының тілін біл, мәдениетін үйрен, болашақ міне осында, сөйтіп туған еліне білгеніңді үйретіп пайдалы адам бол деп үгіттеді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқын ағарту жұмысы орыс мәдениетіне жетілумен ғана жүзеге асатынын білді. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін жан-тәнімен берілді, қазақ халқының болашақ мүддесін көздеді, қазақ даласында қоғам өмірінің алға басуына кедергі жасаушы жауыздықтың бәріне қарсы күресті, алдағы күнде күресті күшейте беруге серт берді:"Ал енді . . . басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын . . . Тек жауыздық қылмысына қарсы тұруға, нақақ жала жапсырудың күйігінен арманда кетпеуге дем берсін" деп жазды.
Ол хаттарының бірінде:"Бұзылмаған және қабілетті қазақ халқына, әзір кешікпей тұрғанда оны дұрыс қоғамдық дамуға алып баратын бір дұрыс бағыт беру керек" деп жазды. Сондықтан оның бағыты-орыс мәдениетінің озат үлгісі еді.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқының мәдениетсіз қазақ халқын прогрестік жолмен ағарту ешқашан да болмайтындығын ашық айтып, өз қарауындағы мектептер мен мұғалімдерге жөн сілтеп, жол көрсетіп отырды, өзінің тағы бір хатында:"Біздің негізгі сеніміміз бойынша, қазақ балаларына, басқа білімнің барлығынан да гөрі, мүмкін болғанша, орыстың тілі мен жазуын жете білу керек. Сондықтан, менің қарамағымдағы мектептің міндеті - қазақ балаларына орыс тілін және орыс тілін дұрыс жазуды үйрету болып отыр. Осы себептен, мысалы: тарих, география сияқты пәндердің бәрін оқыту жұмысы осы жағдайда айтылып отырған басты міндетке байланыстыра қойылып отыр; Бұл пәндер түсініп оқуды, оқығандарын ауызекі айтып шығуды, ал одан кейін (кейде) жазба түрде баяндауды талап етеді, сондықтан оқушылардың осы пәндер жөніндегі білімдерін көбейтумен қатар, олардың орысша түсінісе білуіне және өздерінің сөзбен түсіндіргендерін, ойларын жазып білуіне айтарлықтай көмектеседі" деп жазды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі ескі әдетке, әсіресе рушылдық, феодалдық әдет жолымен жүргізілетін зорлық -зомбылықтың бәріне де қарсы тұрып, халық мақсатын көздеді; мұны төмендегі хаты дәлелдейді:"Менің екі немере туысқаным болыстыққа таласып, он жылдан бері араздасып жүр еді, бүкіл болысты екі партияға бөліп жіберген бұл талас өте қатты шиеленісіп ұрысқа жетіп, бұл бақытсыз болысты қатты күйзелткен болатын. мен келісіммен жай бұқара халық мені туысқандарын татуластырар деп үміттеніп, мұны менен қатты сұрай бастады. Менің татуласыңдар дегеніме әлгі ақымақтар көнбеді. Сондықтан, халыққа: бұл таласып жүрген адамдарды болыс сайламаңдар, басқа бір адамдарды сайландар, деуіме тура келді " деп жазды. Ескі феодалдық ауылдағы баққұмарлық, басараздық әдеттерден өз басын жоғары қойғандығына бұл үлкен дәлел.
Кейіннен бұл туыстары, қазақ байларымен бірігіп, Ыбырай Алтынсаринді жамандап үстіне арыз берді:"Бұл үкіметке қарсы ойы бар социалист болар дейміз, өйткені, бұл, іске келіп қол сұғуына басқа себеп болуға тиіс емес еді" деген сөздер мен жалған айыптар қойып, олар гуьернаторға, тіпті ішкі істер министрлігіне дейін арыздар жіберген. Бұл арыздар жөнінде:"сонымен, жаңағы туысқандарымның біреуі, - деді Алтынсарин, - әртүрлі қас адамдардың тіліне еріп, попечительге де, губернатоға да, тіпті ішкі істер министрлігіне де:қызмет адамдарын сайлауға орынсыз қол сұқты, деп менің үстімнен арыз жаудыра бастады".
Ыбырай Алтынсарин қазақ елінің экономикасының мәдениетінің ілгері қарай дамуы үшін алдағы күнде көшпелі тұрмыстан біртіндеп қол үзіп, келешекте отырықшылдыққа айналудың қажет екендігін түсіндірді, өзінің жазған еңбектерінде отырықшылықтың артықшылығынан дәлелдеумен болды. Ол бір жазбасында:"Әрбір халық прогрестік жолмен дами отырып, ақырында көшпелі тұрмыстан отырықшылға айналуға тиіс, өйткені отырықшылдықпен ағарту жұмысы тығыз байланысты" деген пікір айтты.
Қазақ елін отырықшылдыққа айналдырумен қатар, оның егін кәсібімен шұғылданумен жағдай туатынын, шаруалар бірігіп күш қосса, олардың тұрмысының оналатынын үгіттеп, "Қыпшақ Сейтқұл" деген көркем әңгімесін жазды. Оның Торғай уезіне қалай келіп қоныстанып, егін егіп, онан мол өнім алғанын дәріптеді, халықты игілікті іске қалай бастағанын үлгі етіп суреттеді.
Ы. Алтынсарин Сейтқұл әңгімесінің бір жерінде:"Қабырғаның бойына келгесін Сейтқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісінің арық қазып, су шығарып, егінге су жіберді" десе, екінші бір жерінде:"Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақ байлар да келіп Сейтқұлға қосылып, бес алты жылда төрт жүз үйге таянды" деді. Бұл жерде автор қазақтардың еңсесін көтертпей, жаншып келе жатқан ескі феодалдық тұрмыстың бірте-бірте арылып, отырықшыланған, бірігіп егін кәсібімен шұғылданған тұрмыстың пайдалы, тиімді түріне көшуге шақырды.
"Қазақ қайғысы" қолжазба хаты .
Қазақстанның Мемлекеттік Орталық архивінде Ы. Алтынсариннің "қазақ қайғысы"("Горе киргиза") деген атпен белгілі қол жазба -хаты сақталған.
Айта кету керек, библиографиалық деректерден байқалғанда Ы. Алтынсарин сол кездегі патша үкіметінің билік, басқару және сот жүйесі органдарының өкілеттігі мен қызметінің ерекшеліктерін өте жақсы білген. Өйткені, оның ұзақ уақыт бойы бірнеше рет , уездік соттық судъясы міндеттері атқарғаны архивтік құжаттардан белгілі.
Ы. Алтынсариннан "Қазақ қайғысы"қол жазба хаты жоғары лауазымды патша шенеунігі, яғни, Торғай облысының әскерей губернаторының атына жазылған. Ол сол кездегі Торғай облысы қазақтарының арасында кең тарған халық әнінің мақамында айтылып, аудармасының алғы сөзі Ы. Алтынсариннің өз аиынан емес халықтың атынан жолдаған. Ы. Алтынсариннің өз қолымен жазылып, әр жолы орысшаға аударылған, халық әні "Зар заманының" сарынымен айтылатын бұл хатта былай дкп көрсетілген:"Осы кезде қазақ төрт нәрседен қорлық көріп отыр. Біріншіден, жұттан, екіншіден, қазақ даласындағы отарлау әкімшілігін көбейткен штаттар, үшіншіден, қазақ арасын топқа, партияға бөліп, алакөздік, бәсекелестік, бақастық, парақорлық қалыптастырып, өз шығындарын қарапайым халықтың еселеп толтыруға дағдыланған патшаның лауазымды адамдарының-жергілікті басқару, әкімшілік, сот органдарының сайлауынан, төртіншіден, қазақтардың ең қолайлы, құнарлы қоныстарынан, өрістерінен ықтиярсыз қуып, тартып алып жатқан патша өкіметінің және қазақтардың озбырлығынан . . . ".
Сайлау тәртібін сараптаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz