Математика журналы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
МЕТАМАТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОҒАН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Жамалова Самал Арыновна
Каримов Ерканат
Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат - математиканы үйрету барысында студенттерді жан - жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Олар:
студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
студенттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру;
математика сабағында жастарды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеу;
эстетикалық тәрбие беру;
студенттердің математикаға деген ынтасын арттыру.
Жоғары мектепке белгілі бір шаруашылық салаларына мамандар дайындайтын мекеме деп қана қарасақ, біз оның қоғамдық-саяси, мәдени маңызын жете түсінбеген болып шығамыз. Әрбір жоғары оқу орны мұнымен қатар мәдениет орталығы, гуманитарлық білімдер мен адамгершілік тәрбиенің де көзі болуы керек. Сонда ғана ол жай білікті мамандарды ғана емес, зиялы, ағартушылық мінез құлықтағы, саяси-рухани көзқарасы қалыптасқан адамдарды дайындап шығарып, қоғамдық міндетін толық атқаратын болады. Бұл үлкен міндет келешек алдындағы жауапкершіліктен туындайды және оның шешімі, жемісті нәтижесі түптеп келгенде, студент жастарға сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбие беру ісіне де тікелей қатысты.
Бүгінгі студенттердің ертеңгі зиялы маман, еліміздің иелері, ұлтымыздың бетке ұстар азаматтары, болашақ ата - аналар екенін ойласақ, бұл іске баршамыз болып әрдайым жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Сондықтан қазіргі кезде студенттердің математикалық мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып келеді.
Қимас студенттік кезеңді бастан өткізіп жүрміз. Оқу корпустары мен жатақханаларда тәлімі мол түрлі қызықты кездесулер, парасатты пікір алысулар, өнер сайыстары, не керек, алуан мәдени шаралар жүйелі өткізіліп, оларды ұстаздар мен шәкірттер бірлесе ұйымдастырып, жарыса басқаратын, студенттік өмірдің көрігі қызып жатады. Осындай шаралар барысында жастар тәрбиесіне қатысты көптеген діттеген мәселелер (білім алу, сабақтан қалмау, жауапкершілік, ұйымшылдық, инабаттылық, үлкенге ілтипат, талантқа құрмет, өнерді сүю, бағалау, т.б.) өзінен өзі шешімін тауып, ұстаздар да риза, шәкірттер де шат жарасым күй кешіп жүрер еді.
Бірақ мұндай көріністер неге сирек? Студенттер бос уақытын қалай өткізеді, немен айналысады? Неге олар білім алуға құлықсыздау болып барады? Түрлі мәдени шараларға ықылассыз қарауы неліктен? Жалпы студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жайы қалай? Оған кімдер жауапты? Білім бұлағына бастаушы ұстаз, өмірде көрген - білгені көп аға, адам ретінде жастарға жақынырақ келіп, олардың жан дүниесін түсінуге әрдайым да ұмтыламыз ба?
Студенттік шақ – адам өміріндегі қайталанбас қымбат кезең екені белгілі. Ол тек сапалы кәсіби білім алу жылдары ғана емес, жастарымыздың алдымен ұстаздарынан, сосын жалпы зиялы қауым өкілдерінен өнеге - тағылым алып, қанаттанып, өнері мен адамгершілігін қалыптастырар, арман туын асқақтата көтеріп, алыс - алыс көкжиектерге көз тастар, жарқын болашағын межелер жұлдызды шағы да ғой. Жастар – болашағымыз дейміз, ал болашақтың бүгіннен бастау алатыны аксиома. Олай болса, ең мәртебелі, ардақты іске – жастарымыздың білім алуы мен тәрбиесіне ғұмырларын арнаған жоғары мектеп басшылары, факультет, кафедра басқарушылары, эдвайзерлер, барша педагогтар қауымы – бәріміз болып осы қоғамдық маңызды мәселе төңірегінде толғанып, ой бөлісіп көрейікші.
Болашақ математика пәнінің мұғалімі ретінде осы заманғы цивилизацияның табантасы математикалық мәдениетте жатыр деп батыл айта аламыз. Оған айғақ көп. Адамзаттың әрбір жаңа ұрпағы жаңа математикалық мәдениет игіліктерін пайдаланды, оны одан әрі жетілдірді. Абайға жүгінер болсақ, оның бір ғылымнан басқаның бәрі – жалған деген тұжырымы дәл осы математикаға қатысты десек кім дауласар. А.С.Пушкин айтқандай Математик – ақын жанды адам, ал С.В.Ковалевская Геометрияға да поэзияда қажет шабыт керек деген бейнелі салыстырмалар да сол ақиқатты іздеуден, оны математика құдіретінен тапқандықтан туған ой ғой.
Дәмін татсаң, тылсым сырына үңілсең тұңғиықтай тереңге тарта беретін, шабытыңды шарықтатып, қайратыңды қамшылай беретін математиканың еліткіш күші барын талай дуалы ауыздан естігенбіз.
Өзім математик болғандықтан емес, әрбір сауатты адамның өзі шамасынша математик екенін ойға ала отырып, математика ғылымы туралы, оның дәл бүгінгі өмірге ауадай қажет екенін айтсам, мені айыпқа бұйырмас.
Біреулер бізге математиканың қажеті жоқ деп шіренсе, енді біреулер жыпырлаған өрнек белгілерімен баланың миын қатырмасақ қайтеді? деп осынау ғылым атасына менмендікпен қарайды. Осындайды жиі естіп жүрміз, соған қынжыламыз. Айналамызды шолып, математикалық мәдениеттің тұрпайыланып бара жатқанын көргенде: ау, біздің келешегіміз не болады? деген сұрақ көкейге келе береді.
Бізде саясаткерлер, экономистер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияны қолдану ерекшеліктері
Логикалық есептерді шығару әдістері
Логикалық есептер және оны шығару жолдары
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Функцияларды енгізу терезесі
Оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану әдістемесі
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны
Пәндер