Дене тәрбиесін жүзеге асыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І Тарау. Дене тәрбиесін жүзеге асыру

1. 1 Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны

1. 2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі

1. 3 Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі

ІІ Тарау. Дене тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің алатын орны

2. 1 Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы

2. 2 Ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі

2. 3 Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық

ойындар орны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу-тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.

Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.

Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ә. Диваев, С. Торайғыров, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, т. б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.

Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.

13. 00. 04 - «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы қорғаған ғалымдар: М. Таникеев [1998], Б. Доскараев [2009], Е. Алимханов [1996], Ж. М. Тулегенов [1982], Е. Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А. Қарақов [1996], Б. Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.

Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау, маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу обьектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты, білім беру және спорт салалары, спорт мектептері, ұлттық спорттан өткізілетін жарыстар, ұлттық спорт федерациялары, ассоцациялар, бірлестіктер.

Зерттеу пәні: Дене тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің алатын орны.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Ұлттық ойындар мен спортты бүгінгі күн талаптарына сай теориялық және педагогикалық зерттеу арқылы қазақ халқының тарихи қалыптасқан өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болғандығын және оны қазіргі уақыт талабына сай қолдану тиімді екендігін дәлелдеуге болады.

Зерттеудің мақсаты. Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында халықтың мәдени және рухани дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын Дене тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің теориялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу болашақта сапалы маман кадрлар даярлау, оқушы балаларды патрюттыққа тәрбиелеу, спортшы даярлау, халықты салауатты өмір сүруге бейімдеу жұмыстарында тиімді жол ашатындағын зерттеп, негіздеу болып табылады.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей жұмыстар жоспарланды:

1. Қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық тұрғыдан қарастырылуын анықтау;

2. Ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу жасау;

3. Спортшы дайындаудағы орнын анықтау;

4. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің топталуы, жүйеленуі, атауларының қалыптасуы жағынан зерттеу;

5. Ұлттық спорт түрлерінің республика аймақтарында және спорт мектептерінде даму жағдайын анықтау.

Зерттеу әдістемелері: Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- анкеталық сұрақ- жауап;

- педагогикалық бақылау;

- педагогикалық эксперимент;

- математикалық және статистикалық сараптау түрлері.

Зерттеудің жетекші идеясы: Дене тәрбиесі және қоғамдық маңызы бар тәрбие құралы ретінде ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық негізін жетілдіру, оны тиімді пайдалануға жол ашады деп санаймыз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи кезеңдердегі ұлттық ойындар мен спорттың дамуының жағдайы көрсетіліп, оның дене тәрбиесі мен спорттағы атқарған ролі анықталды;

- қазіргі егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің дене тәрбиесі және спорт саласындағы орны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделді;

- дене тәрбиесі және спорт салаларына маман кадрлар даярлау кезінде ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогикадағы, оның ішінде этнопедагогикада жек орны бар екендігі дәлелденді;

- мемлекеттік заңдар мен қаулылардағы ұлттық ойындар мен спорттың орны анықталып, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;

- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы теориялық және практикалық түрде негізделді;

- ұлттық спорт және ойындарды топтау, жүйелеу, атау беру, жарыс өткізу, төрешілік жасау зерттеліп, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;

Теориялық маңызы: Зерттеу барысында алынған материалдарды сараптау Қ. Р. дене тәрбиесі және спорт саласындағы ұлттық ойындардың орнын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді, білімді кеңейтеді.

Дәстүрлі мәдениетімізді тәрбие құралы ретінде қолдану, адамдар денсаулығы мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтаудың бірден - бір тиімді жолы екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу тақырыбының мемлекеттік маңызды жоспарлар және бағдарламалармен байланысы:

Зерттеу тақырыбы «Қазақстан -2030 мемлекеттік Стратегиялық Жоспары» [2000], «Дене шынықтыру және спорт Заңы» [1999], «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы» [2007], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министірлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспары» [2008], Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру бағдарламаларымен ұштасады.

Зерттеудің тәжірибелік мәніне алғашқы теориялық және педагогикалық нәтижелер қолдануға ұсынылады:

- білім беру салаларында және маман даярлауда ұлттық спортты арнайы пән ретінде оқыту;

- ұлттық ойындар мен спортты бұқаралық спортта кеңінен қолдану тиімді құрал екендігі;

-ұлттық спорт түрлерінен маман кадрларды қайта даярлау, мұғалімдер, жаттықтырушылар, әдіскерлер, тәрбиешілер арасында оқулар ұйымдастыру кезінде оқыту тиімді.

І Тарау. Дене тәрбиесін жүзеге асыру

1. 1 Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны

Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», - деген болатын.

Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі - дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі -дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.

Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де орасан кеңейе түсті.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:

- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;

- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;

- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;

- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;

- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.

Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан - қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді (Сурет 1) .

Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, « кемел адам » ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.

Сурет 1 - Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны

Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі күш - қуатты ойсыз, ақылсыз іс - әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре

отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.

Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі - ауыз әдебиетінен, мақал- мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т. б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.

Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т. б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.

1. 2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі

Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат - ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.

Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.

Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады (Сурет 2) .

Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.

Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.

Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат - бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz