Ұлы ойшыл Абайдың қарасөздері - қазақ әдебиетіндегі ерекше дара туынды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Ұлы ойшыл Абайдың қарасөздері - қазақ әдебиетіндегі ерекше дара туынды. Абайдың әрбір сөзі - біздің рухани байлығымыз, ал әр пікірі – күнделікті өміріміздің төрешісі.
Ал Абай тағылымы, Абай қарасөздерімен тәрбиелену - баршамыздың парызымыз. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған екен. Көші - қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болған екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң ел жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі де өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?
Екіншісі - намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді деген. Ұлы Абайдың 150 жылдық тойында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былай дейді:
Абайдың армандары - тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр. Мына сіздер мен біздерге үлес боп тиіп отыр. Өйткені, біз осы далада өмір сүрген ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп отырған ең алғашқы және бірден-бір ұрпақпыз.
Демек ұлы ойшыл - демократ, ұлы рухани реформатор Абайға ең жақын, ең етене ұрпақ та тек бізбіз. Яғни асыл ұстаз өсиет еткен абзал мұраттардың тек қиял болып қалмай, нақты шындыққа, нақты болмысқа айналар — айналмасы мына біздерге байланысты:
Ал шындығында да, бәрі де өзімізге байланысты. Ал ойшыл Абайдың сол кездіни өзінде-ақ айтқан ұлағатты сөздерді бүгінгі күні шындыққа айналып отыр.
Демек ақынның қарасөздерін өз дәрежесінде түсіну және оны заманымыздың талабына сай кейінгі ұрпақтарға баяндай білу - оңайлықпен колға түспейтін жайт.
Абайдың дарқан даналығының, ең басты бастау көзі - Қалың елім, қазағымның тарихи тәлім тәрбиелік аса бай қазынасында жатыр. Ол-өз жұртының рухани мол мұрасындағы жақсылықты, адамгершілік қасиетті сүйсіне жырлаған, жамандықты ашына жазған, жақсы үлгісінен өнеге алуды үлгі еткен.
Абай қарасөздерінде адам бойындағы ізгі қасиеттерді анықтап көрсетіп қана қоймай, олардың өзара қарым-қатынасын, басқа адамгершілік қасиеттермен байланысын кең зерттеп толғайды. Бұған дәлел Он төртінші сөз, Он бесінші сөз, Он жетінші сөздерінде айтылған.
Оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз саналы қарым-қатынас болса, мұның нәтижесінде мұғалім қарасөздердін мән-мазмұнын терең түсініп баяндай білсе, оқушылар қарасөздерді ойдағыдай ұғынса - сабақ нәтижелі болмақ. Одан кейін оқушылар өз беттерімен қайталайды, талдау жүргізеді, тапсырмаға берілген әдебиеттерді оқиды. Мұндай жағдайда оқушылардың шығармашылық қабілеттілігі оянады.
Ал мұғалім кейбір терең теориялық мәселелерді баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Мұндай жағдайда біраз өзекті мәселелерді оқушылардың өздері ойлап іздестіруге жол ашылады.
Мұғалім қарасөздерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылардың білім сапасы жақсарады, ақынның айтпақ ойының ішкі мазмұнына тереңдеп бара алады. Сондықтан оқушыларды шығармашылық еңбекке үйрету - сабақ тиімділігін арттырудың бір жолы.
Ұлы Абайдың қарасөздері – ұлттық өнеге мен тәлім - тәрбие үлгісі болып табылады.
Яғни қарасөздердін, мән - мазмұны ғасырлар бойы жаңаруда. Сондықтан әрбір сабақта оқыту әдісін дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушылардың ой-өрісін тереңірек дамытуға мүмкіндік туады. Оқыту әдісін тиімді қолдану, әрбір қарасөздің түпкі мағынасын толықтай түсіну оқушылардың зерде-зейінін арттырады.
Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік мәнін оқушыларға тиянақты жеткізу - бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі.
Демек, қай жағынан алып қараған күнде де Абай қарасөздерінің көтеріп отырған тақырыбы бүгінгі күн үшін өзекті болып табылады.
Жалпы ғұлама Абайдың философиялық, психологиялық көзқарастарын сөз еткенде, ең негізгісі сауалдың жауабын ашып алуымыз қажет сияқты. Ол – бүгінге таңға дейін жазылып келген.
Абай арнайы философиялық және педагогикалық шығармалар жазбаған еді - деп басталатын тұжырымдар дұрыс па? Әлде, бұл ұғым жалтақтықтан туындап жататын жайдақ пікір ме? Осы жағдайды анықтап алған жөн. Ол үшін адамзат қауымына белгілі кемел ойшылдардың еңбек ету әдістері мен ой-толғаныстарын жеткізген формаларына көңіл аударып көрелік. Мәселен ойшылдардың атасы — Сократ өз ойларын сұхбат түрінде жетілдіріп, тіпті қағаз бетіне түсірмеген де ғой. Сонда оның жазбаша еңбектері жоқ, философ емес- деп кім айта алар екен. Сол сияқты Платон мен Аристотель де өздерінің ой-тұжырымдарын бір-бірлеріне ұқсамайтын формаларда берген. Немесе, шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби мен Ибн Синаның шығармаларының түр-тұлғасына көңіл аударып байқауға болады. Осы аталған данышпандардың қай-қайсысы да өз ойларын бүрын-соңды ешкімде пайдаланбаған жаңа түрмен жеткізуге тырысқан. Бірақ, олардың жазу үлгілеріне қарап Философиялық немесе педагогикалық шығарма жазбаған- деп айтуға ешкімнің де дәті жетпеген.
Ендеше ұлы Абай да өзінің философиялық, психологиялық және педагогикалық еңбектерін ешкімге ұқсамайтын түрде, өзі тапқан формаларда жазып отырғанын түсінетін мезгіл жеткен тәрізді. Мәселен, Абайдың ғақлия түрінде жазылған 3,4,7,19,25,32,37- ші қара сөздерін педогогикалық шығарма емес деуге қандай қақымыз бар. Егер осы тектес еңбектермен танысқыңыз келсе, ағылшын рйшыл педагогы — Джон Локтің шығармаларымен салыстырып көруге болады. Әрине, ұлы ойшылдардан қаз-қалпында қайталанатын ұқсастық табу мүмкін емес. Бірақ, үндестіктерге толы үлгілерді байқамау да қиын ...
Абай даналығын тануда элі күнге дейін ашық айтылып батыл түрде талданбай жүрген, оның өзге ойшылдардан оқ бойы оқшау тұрған өз ерекшелігі барын айтуымыз керек. Мұны біз айтқанда да барынша қысқа да тоқталуға мәжбүрміз.
Абай болса ондай істермен айналыспаған, өзінің айтқысы келген ойларын еркін білдірген. Абай ашқан сөз жанры өкінішке орай қазақ мәдениетінде өріс алмады. Сірә, оған кінәлі, Шәкәрім тілімен айтсақ: нақтылы ойдың заманы болса керек. Адам өз ойындағысын айтқаны үшін кінәлі болған заманда, әрине ондай сөз жанрының өрістеуі Абайдың бұл дәстүрінің жалғасуы мүмкін еместі.
Абай дәстүрі, яғни сөз жанры бүгінде жаңғырып жалғасуы керек, оған алғы шарт бар. Қазіргі плюрализм деп жүргеніміз ой еркіндігі емес пе? Қара сөздерді мұқият оқыған адам, ойшылдың кейбір түйінге қайырыла отырып, бұрынғыдан өзгерек ой өрбітетінін аңғарады. Бұл шын мәнінде Абайдың өзіне-өзі қарсы шығуы емес,оның ойларының үзбей даму үстінде екендігінің айғағы. Жазған сайын ойы өрістей берген Абай кей сәттерде тұйыққа барып тіреліп, мәселенің шешуін оқырманға тастайды. Оқырманға сұрақ қосады. Бұл, оның ұрпақтарымен сырласуы — өмірдің бар құбылысына Абай ешқашан дайын жауап беруге тырыспаған. Ол қиыншылықтар туралы, тұрмыс қайшылығы туралы айтқан. Оған Абайдың қырық бес қара сөзін бізбен бірге қайта оқып шыққан оқырманның көзі жетер деген үміттемін.
Ақынның ағартушылық тұрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М.О.Әуезов, Қ.Б.Жарықбаев, Х.Сүйіншіәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми - теориялық шығармалар жазып тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады. Ақын жастар тәрбиесінің сан қырына, оның өзекті салаларына баса назар аударды, жас ұрпаққа үміт артты, олардың жүрек сезімін оятып, өзінің көкейтесті мақсат-мұраттарына жұмылдыруға ұмтылды. Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге ден қоюы, алда түрған мақсаттарына жету жолында табандылық көрсетуі қажеттігі сияқты асыл қасиеттерді уағыздау — Абайдың бүкіл ақындық қызметінің негізгі де үзілмейтін идеялық — тақырыптық желілерінің бірі. Абай мектепте оқып жүрген қазақ балаларына үміттіне қарап, елдің болашағы осылар деп қуанды. Елдің мешеулігін, халықтың қараңғылығын, надандықты әшкерелеп, жаңа өмірге бастар жол оқу - ағарту, адамның рухани жағынан озат болуы деп түсінді. Адамның білімі, өнері адамшылықтың таразысы-деп санаған Абай білімді барлық атақ құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі — жастық шақты оқуға, ғылымға жүмсауды еске алады.
Орыс халқының озық ойшылдары – Герцен, Белинский, Чернышевский және Добролюбовтардың шығармаларын тікелей оқу арқылы не бір қиян биіктеріне қол созады. Ол осы орыс тілінің арқасында, Батыс Европаның философ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаев - "Қазақтың бас ақыны"
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Абай мен Шәкәрімнің әдеби мол мұрасы
Пәндер