Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасу тарихы мен міндеттері

1. 1. Халықаралық экономикалық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы.

1. 2. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы, құрылымы, қызметінің маңызы.

1. 3. Халықаралық экономикалық ұйымдар құрамына өту процесі және мүшелік етудегі мәселелері.

ІІ. Халықаралық экономикалық ұйымдардың түрлері (дәрежесі)

2. 1. Халықаралық әмбебап және арнайы экономикалық ұйымдар

(ЭКОСОС, ЭСКАТО, ОЭС, БКҰ, ЮНКТАД, ОПЕК, ДСҰ) .

2. 2. Халықаралық аймақтық экономикалық ұйымдар мен Одақтар

(ТМД, НАФТА, АСЕАН, МЕРКОСУР) .

2. 3. Халықаралық валюта - қаржылық ұйымдар

(ХВҚ, БӘБ, ХДА, МБРР, АДБ) .

ІІІ. Халықаралық экономикалық ұйымдар және Қазақстан Республикасы

3. 1. Қазақстан Республикасының Халықаралық экономикалық

ұйымдарға мүшелік етуі. БҰҰ жүйесіндегі ХЭҰ-мен келісімі.

3. 2. Қазақстан және ЭСКАТО.

3. 3. ҚР - ның ДСҰ - на мүшелік етуіндегі мәселелері.

3. 4. Қазақстанның Бүкіл Әлемдік Банк пен Халықаралық қаржылық

институттармен келісімі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмыста Халықаралық экономикалық ұйымдардың құрылымы, қалыптасуы, классификациясы, қызмет функциялары, қазіргі кезде әлемдік деңгейде алатын орны мен Қазақстан Республикасының Халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелік етудегі негізгі мәселелері қарастырылады. Халықаралық экономикалық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы шаруашылық өмірді көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде әлемде, халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде - бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке - дара дами алмайды. Елдер арасындағы қарым - қатынастың ең тиімді формасы - халықаралық институттардың құрылуы.

Мақсаты. Курстық жұмыстың тақырыбы - халықаралық деңгейде мемлекеттер қарым - қатынасын, елдер арасында туындаған экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік, технологиялық мәселелердің шешілуін зерттеу, сонымен қатар Халықаралық экономикалық ұйымдардың мемлекет өмірінде, экономикалық дамуындағы әсерін, халықтың тұрмыс жағдайына ықпал етуін байқау мақсатында таңдалды.

Ғылыми Техникалық Прогресс өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан уақытта, мемлекеттер бір - бірімен қарым - қатынас жасамай, экономикалық, саяси және әлеуметтік жоғарғы деңгейде өмір сүре алмайды. Сондықтан да Халықаралық экономикалық ұйымдар құрылады. Халықаралық экономикалық ұйымдар еларалық мәселелерді, сондай - ақ глобальды деңгейдегі мәселелерді белсенді шешуге араласып, тиімді шешімдер қабылдауға қатысады. Бүгінгі күні әлемде саяси және экономикалық тұрақтылықты, бүкіл әлем елдерінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, мыңдаған Халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Олар халықаралық, әлемдік, аймақтық, үкіметаралық немесе қоғамдық негізде құрылады.

Барлық экономикалық ұйымдарға сипат беру мүмкін емес болғандықтан, курстық жұмыста, мысал ретінде, әлемдік деңгейдегі маңызды орынға ие, ірі бірнеше Халықаралық экономикалық ұйымдарға мінездеме беріп, қызметін сипаттап, Қазақстан Республикасы - құрамына енетін және оның сыртқы саясатына ықпалы мол бірнеше қаржылық ұйымдарға тоқталамын.

І. Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасу тарихы мен міндеттері

1. 1. Халықаралық экономикалық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы.

Халықаралык, қаржылық ұйымдар валюталық және қаржы несиелік қатынастарды реттеу мақсатында мемлекеттер арасындағы келісім бойынша пайда болған экономикалық ұйымдар. Халықаралық қаржылық ұйымдардың мақсаты - бірлестіктің дамуы, біртұтастықты сақтауы, әлем шаруашылығындағы қарама қайшылықтарды жоюы болып табылады. ХҚҰ-ның дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды. VI ғасырда Ежелгі Грецияда қалалар одағы ретінде (мысалы, Лакедиминдік және Делосстік Симакки) немесе діни саяси одақтық тайпалар (Дельфи Фермопильдік амфиктония) ретінде ең алғашқы қаржылық бірлестіктер пайда болған еді. Зерттеушілердің айтуынша, сол кезде бұл ұйымдар Греция қалаларын бір бірімен байланыста ұстап тұруға және ашық саясат жүргізуге септігін тигізген. Халықаралық ұйымдардың келесі этапы халықаралық экономикалық және кеденді ұйымдардың пайда болуымен сәйкес келеді. Солардың ең алғашқысы Солтүстік Германияны ортағасырлық тағылықтан (варварство) алып шыққан Ганзейлік сауда одағы еді. Бұл одақ XVI ғасырда толық қалыптасып болып, басында Любек тұрған еді. XIX ғасырдың басында Германдік кеден одағы құрылды. Бұл ұйымға мүшелік еткен барлық мемлекеттер тауар транзитін енгізу, шығару жөніндегі ортақ бір заңға бағыну керек еді. Барлық кедендік табыстар ортақ деп саналып, құрамындағы халық санына байланысты елдер арасында бөлініске түсті [23] .

Халықаралық қаржылық ұйымдардың келесі даму этапы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдер халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті ұстап туруға бағытталған ұйым құруға бет бұрған кезеңмен сәйкес келеді. Осылай 1919 жылы Ұлттар Бірлестігінің (Лига) негізі қаланған болатын. Ұлттар Бірлестігінің органдары - бірлестіктің барлық мүшелері жиналысы, кеңес пен секретариат еді. Бұл ұйымның басты мақсаты - жаңа соғыстардың басталуының алдын алатын бейбітшілікті тұрақтандыру. Бірлестік бейбітшілікті бұзбау үшін кез келген іс шараны қолдана алды. Егер Бірлестікке мүше ел соғыстың басталуына себепкер болса, Бірлестіктің негізгі мүшелері сол мемлекетпен барлық экономикалық, саудалық, қаржы қатынастарын үзетін болған. Дегенмен, Ұлттар Бірлестігі өзінің негізгі мақсатын дұрыс орындай алмады. Біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғыстың алдын ала алмады. Оған қоса, Жапонияның Қытайға, Италияның Эфиопияға шабуылдарының да алдын ала алмаған еді, сондықтан көп ұзамай бұл ұйым ыдыратылған болатын.

Ұлттар Бірлестігі экономикалық қатынастарды жүргізгенімен, оның негізгі мақсаты бейбітшілікті сақтау болды. Сондықтан қазіргі заманғы сипаттағы нағыз халықаралық қаржылық үйымдардың даму этапының келесі кезеңі ұлы тоқырау жылдарымен тұспа тұс келеді. Халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін қаржылық ұйымдарды қалыптастыру идеясы 1930-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде пайда болған еді. Барлық әлемді дүрліктірген 30-шы жылдардағы дағдарыс және екінші дүниежүзілік соғыстан соң әлемдік шаруашылық тепе-теңдіктен ауытқып кеткен болатын. Мемлекеттер бір-бірімен конфликтіге түсе бастады, қаржы несиелік, валюталық жүйе құрдымға кетті. 20-ншы ғасырдың жартысынан бастап, әлем шаруашылығы барлық елдер үшін ортақ жүйесіз тұрақты әрекет ете алмайды деген түсінік туындай бастады. Макродеңгейде онжылдықтар бойы әлемнің экономикалық өсуін бақылап, дисбаланстар жайлы ескертіп, дер кезінде жан жақты көмек беретін халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар пайда болды [6, 135-136 б. ] .

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық және ұлттық валюталық несие жүйесінің күйзелісі мен соғысып жатырған елдердің шаруашылығындағы тым ауыр жағдай соғыстан болған зардаптарды жою үшін олардың қаржы ресурстарын мобилизациялауға қажеттілік туындады. Өзінің даму қарсаңында Дүниежүзілік банк әр түрлі қызметтер атқаратын басқа да ұйымдар аша бастады. Осы мақсатта 1944 ж. Бреттон-Вудста (АҚШ) өткен БҰҰ-ның халықаралық қаржы конференциясында БҰҰ-ның екі мамандырылған ұйымы - ХВҚ мен Қайта құру және Даму банкі (Дүниежүзілік банк) ұйымдарын құру туралы шешім қабылдаған болатын. Еуропа елдерінің ұлттық шаруашылықтарының тұрақтандыру деңгейіне сәйкесінше ХВҚ және ХРДБ қызметтерінде өзгерістер болып отырды. Бұл ұйымдар экономика құрылымын қайта құру мен дағдарысты жеңу мақсатында елдерге көмек көрсетуге үлкен мән бере бастады. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған елдердің экономикалық дамуын тездету үшін қаржылық жәрдемін кеңейтті. Әлем бірлестіктеріне шешу керек болатын халықаралық аренада, бөлек аудандарда сияқты валюталық несие облыстарында қалыптасқан сұрақтар ұзақ мерзімді несиелендіруді жүзеге асыратын аймақтық банктер ашуға түрткі болды. Егер соғысқа дейінгі кезде тек Базельдегі Халықаралық есеп банкі (Швейцария) қызмет еткен болса, қазіргі уақытта жаһанды сипаттағы да, аймақтық сипаттағы да халықаралық валюталық қаржы ұймдардың ірі жүйесі қызмет етеді [24] .

21 ғасырда көрініс тапқан жаһандану процесі әсерінен дүниежүзілік шаруашылықтың дамуында және мінез құлқында кейбір өзгерістер пайда болған еді. Жаһандану әлемдік масштабта қаржылық, интеллектуалдық, технологиялық ресурстарды тиімді орналастырап, пайдалануға қолайлы жағдайлар жасады, сонымен қатар экономикалық өсудің қарқынды жүруіне, дамып келе жатырған елдердің алдыңғы қатарға қосылуына мүмкіндік берді. Бірақта жаһандану өзгелері сияқты әлеуметтік-экономикалық құбылыс болғандықтан, күйзеліссіз болмайды. Тәжірибелік дәлел бойынша, осылай пайда болған мәселелер тек ұлтүстілік немесе халықаралық деңгейде шешімін табады екен. Бүгінде жаһанды мәселелерді шешуде дүниежүзілік шаруашылықты реттеудің көп қабатты механизмін басқаратын халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы зор. 20 ғасыр халықаралық экономикалық байланыстардың әр түрлі нысанда пайда болуымен ерекшеленді: сауда, капитал тарту, ғылыми техникалық қарым қатынастар, жұмыс күшінің миграциясы. Өндіріс, коммуникация, сауда, шетмелекетік инвестициялау мен қаржыландырудағы секірістер елдерді әлемдік шаруашылыққа бейімдеткізді және әлемдік экономиканы тек жұмыс күшінің бөлінісімен байланысқан емес, сонымен қатар жаһанданған қаржылық және ақпараттық жүйесі бар үлкен масштабты алып біртұтас ағзаға айналдырды. Осы кездерде экономиканың ашықтығы тағы да қауіп тудырған болатын, себебі әлемдік экономикаға бет бұрған елдердің экономикасы да осал болды. Мемлекеттер өздерінің импорт пен экспортты шектеу, ұлттық валютаның бағамын өзгерту, орталық банктің пайыздық қойылымын өзгерту секілді дәстүрлі макроэкономикалық реттеуіштері жаһанды мәселелерді шешуде әрекетсіз екенін түсінді. Елдердің заңдарының әр түрлілігі елдер арасында сәйкессіздікті одан әрі тереңдете түсті. Халықаралық экономиканы реттейтін тарифтер, бағалар, салықтар, несиелер секілді әдіс-тәсілдері бар жан-жақты біртұтас стратегияны дайындап шығу керек болды. Солардың ішінде валюталық-қаржылық сферада ұлттық валюталардың дұрыс, халықаралық есеп айырысулардың оңай айналымдарын қамтамасыз ететін стратегияның аса қажеттігі туындады. Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы едәуір әлеуметтік айырмашылық дамыған елдер тарапынан дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі сұрақтарды туындатқан болатын. Бұл мәселелерді шешу халықаралық ұйымдарға жүктелді және қазіргі кезеде 4000-нан астам сондай халықаралық қаржылық ұйымдар қызмет етеді. Олардың арасында ең негізгілері - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ) және т. б. [7, 235-236 б. ] .

Сонымен, халықаралық ұйымдардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Демек, бұл ұйымдар әлі күнге шейін маңызын жоғалтпай қоғамның дамуымен бірге жаңарып келеді.

1. 2. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы, құрылымы, қызметінің маңызы

ХҚҰ-дың қызметі қазіргі халықаралық қатынастар үшін маңызды рөл атқарады. Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері барлық мемлекетаралық валюта қаржы қатынастардың бастамасы мен тұрақты қызмет етуінің негізі болып табылады. Солардың арқасында мемлекеттер арасындағы валюталық есептік қатынастар реттеледі, олар валюта нарығының даму перспективасы туралы ақпараттарды талдап бір жүйеге келтіреді, әлемдік экономиканың негізгі мәселелері жайында кеңес-қисаптар дайындайды. Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық қаржылар сферасындағы халықаралық ұйымдардың келісімі негізінде пайда болып, қызмет ететін ұйымдар. Келісім қатысушылары ретінде мемлекеттік те, мемлекеттік емес те ұйымдар бола алады. Халықаралық валюталық қаржылық және несиелік қаржылық ұйымдардың қызмет ету өрісі:

  • әлемдік экономиканың даму факторлары мен жағдайын анализдеу;
  • әлемдік экономиканы реттеу мақсатында, әлемдік сауданы ұстау мақсатында валюталық нарықта операциялар жүргізу;
  • инвестициялық қызмет (ұлттық және әлемдік жобаларды несиелеу) ;
  • мемлекеттік жобаларды несиелендіру;
  • халықаралық көмек бағдарламаларын қаржыландыру;
  • ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру;
  • қайырымдық қызметтер; [8, 146-148 б. ] .

Халықаралық валюталық қаржылық ұйымдардың құрылымы құрамына көптеген халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Арасындағы біреуі көбірек өкілдік пен ресурстарды ала отырып, қаржылық қатынастар мен халықаралық қаржылық ұйымдарды бақылауды жүзеге асырады. Басқалары үкіметаралық талқылау үшін форумдар, несиелік қаржылық саясат бойынша кеңестер дайындайды. Үшіншілері, ақпараттарды, экономикадағы қаржылық мәселелер бойынша ғылыми зерттеу басылымдар мен статистикалық көрсеткіштер жинақтайды. Ал кейбіреулері барлық аталған функцияларды жүзеге асырады. Халықаралық қаржылық ұйымдар қызмет ету сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты екі ірі топқа - жаһандық (глобальный) және аймақтық (региональный) деп бөлінеді және құрамына бірнеше ұйымдарды біріктіреді. (1 кесте)

1 кесте - Халықаралық қаржылық ұйымдардың жіктелуі

Жаһандық қаржы ұйымдары
Аймақтық қаржы ұйымдары
Жаһандық қаржы ұйымдары:

- Әлемдік банктің құрамына кіретін халықаралық даму және қайта құру банкі;

- Халықаралық валюталық қор;

- Халықаралық қаржылық корпорация-Әлемдік Банк тобының мүшесі;

- Халықаралық даму ассоциациясы-Әлемдік Банк тобының мүшесі;

- Халықаралық инвестицияны кепілдендіру агенттігі-Әлемдік банк тобының мүшесі;

- Халықаралық есептеу банкі;

- Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі;

- Банкілік бақылаудың Базельдік комитеті;

жалғасы

- Несиелендіруді сақтандырудың халықаралық ассоциациясы және т. б.

Аймақтық қаржы ұйымдары:
  • Еуропалық қайта құру және даму банкі;
  • Еуропалық инвестициялық банк;
  • Азия даму банкі;
  • Африка даму банкі;
  • Араб валюталық қор;
  • Ислам даму банкі;
  • Америкааралық банк;
  • Черномор сауда мен даму банкі;
  • Евразиялық даму банкі және т. б.
Жаһандық қаржы ұйымдары:

Ескерту:Халықаралық экономикалық қатынастар:ЖОО ға арналған оқу құралы/Под. ред. проф. Л. Е Стровский - Мәскеу: Юнити Дана, 2003

Осы халықаралық қаржы ұйымдарының құрылу иннициативасына байланысты өздеріне тән ерекше қызметтері, мақсаттары мен міндеттері болады. (2 кесте)

2 кесте - кейбір жаһандық қаржылық ұйымдардың түрлеріне сипаттама

Жалпы сипаттама
мақсаты
міндеті
ерекшелігі
Жалпы сипаттама: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)
Жалпы сипаттама: Халықаралық валюталық қор БҰҰ-ның (шілде, 1944ж) Бреттон Вудс қаласында негізі қаланған болатын
мақсаты:

- валюта қаржы сферасында мемлекеттер бірлестігін нығайту;

- мүше елдердің валюталық қатынастарын реттеу мен валюталардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- мүше елдер арасында ағымдағы төлем баласы бойынша жан-жақты жүйесін қалыптастыруға көмектесу;

- мүше елдер кейбір қаржылық мәселелерін шешу үшін шетел валютасымен қаржы беру;

міндеті: Ұйымға мүше елдердің валюта қаржылық байланыстарын реттеу мен валюталық қиыншылықтарға тап болғанда, шетел валютасымен несиелер беру арқылы қаржылық қызмет көрсету болып табылады
ерекшелігі:

Ұйымның капиталы мүше мелекеттердің қосқан қаржылыры-мен құрылады. Әр елдің өзіндік квотасы болады:

-Қор ресурстарын пайдалануға мүмкіндігі;

- қаржыны мүше мемлекеттер арасында тарату барысында әр елдің алатын үлесі. Квота көлемі елдің ІЖӨ, ағымда-ғы төлем балансы сомасына, алтын қорға байланысты

Жалпы сипаттама: Дүниежүізлік банк: 1) Халықаралық қайта құру және даму банкі
Жалпы сипаттама: Бреттон-Вудс келісімімен 1944ж. негізі қаланып, 1946ж. бастап тұрақты қызмет ете бастады
мақсаты:

- өнеркәсіптік мақсаттарға капитал салу есебінен мүше мелекеттердің дамуы мен қайта құруға жәрдемдесу;

- кепілдеме беру арқылы жеке және шетел инвестицияларын ынталандыру;

- халықаралық сауданың өсуіне үлес қосу;

міндеті:

Банк мемлекеттің экономикаға әсерін төмендету, бағаларды либерализациялау және оны бақылауды алып тастау секілді экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатқан елдерді несиелендіреді

жалғасы

ерекшелігі: ҚДХБ-ға тек ХВҚ-ға мүше елдер ғана мүшелік ете алады
Жалпы сипаттама: 2) Халықаралық даму ассоциациясы
Жалпы сипаттама: 1960ж. дамушы елдерді жеңілдіктермен несиелендіру үшін құрылған
мақсаты: Дамушы елдердің экономикасын көтеру және әр түрлі салалар бойынша қаржылай көмек беру
міндеті: Дамушы елдерге пайызсыз 35, 40 жылға несие береді, тек мерзімін созғаны үшін 0, 5% қосады
ерекшелігі: Ресурсы дамыған елдердің салымдары және ҚДХБ табысынан трансферттер арқылы қ/ы
Жалпы сипаттама: 3) Халықаралық қаржы корпорациясы
Жалпы сипаттама: 1956 жылы дамушы елдердің экономикаға салатын жеке инвестицияларды ынталандыру үшін құрылған
мақсаты: Дамушы елдердің экономикасна жеке инвестицияларды салуға көмек беру
міндеті: ХҚҰ заем алушы елдерден кепілдеме алмай, барлық тәуекелді өз мойнына алтындықтан бағдарламаларды дұрыстап талдаудан өткізу
ерекшелігі: Ресурстары Әлемдік банктен капиталды тартудан қалыптасады
Жалпы сипаттама: Халықаралық есептеу банкі
Жалпы сипаттама: осы ұйыммен бақыланатын, соларға өз қызметтерін көрсететін халықаралық деңгейдегі банктердің керемет институты болып табылады. 1930 жылы жауапкерлігі шектеулі серіктестік тұғыры берілген болатын
мақсаты: Халықаралық қаржылық тұрақтылықты сақтап отыру
міндеті: Халықаралық қаржы операцияларын дамытуға банктер арқылы жағдай жасау
ерекшелігі:

Капиталы

орталық банктер мен халықаралық қаржы институттары үлесінде. 86% орталық банктер, ал 14% жеке акционерлерде. Жеке акционерлер жиналыстарға қатысып, дауыс бере алмайды. Қазір ХЕБ 120 дан астам мемлекеттердің оталық банктерімен жұмыс жасай

Жалпы сипаттама: Ескерту:Автормен құрастырылған

1. 3. Халықаралық экономикалық ұйымдар құрамына өту процесі және мүшелік етудегі мәселелері.

Халықаралық қаржылар сферасындағы халықаралық жаһандық сипаттағы қаржылық ұйымдармен қатар аймақтық мәселелерді шешу, аймақтық бірлестіктер мен интеграцияны дамыту қажеттігіне байланысты қалыптасқан аймақтық даму банктері белсенді қызмет атқарып келеді. Негізгі аймақтық банктер қатарына штаб пәтері Вашингтонда орналасқан Америкааралық даму банкі, басты кеңсесі Абиджан қаласында орналасқан Африка даму банкі, Манилада орналасқан Азия даму банктері және т. б кіреді. Қатысушы мемлекеттердің өз ерекшеліктері бар болғанына қарамастан, бәрінің мақсаты бір болғандықтан несиелік саясаты мен пассивтерін қалыптастыруда бірыңғай ұқсас жақтары бар. Банктердің ресурстары жарғылық капитал мен әлемдік нарыққа облигацияларды шығару мен орналастыру жолымен заимдық қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады. Банктің ерекшелігі рентабельділігі төмен, бірақ қоғамға қажетті жобаларды жеңілдікпен несиелендіру үшін арнайы қорларды құруы болып табылады. Несиелердің шарттары мен көлемі қолдағы бар ресурстарға байланысты әр түрлі болып келеді. Жеңілдігі бар несиелер 40 жыл мерзіміне жылына 1-ден 4% мөлшерлемемен беріледі. Несиенің негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы, кен қазба өнеркәсібі болып табылады. Еуропалық орталық банкі еуропа елдерінің бірыңғай валюта еуроға ауысуына байланысты пайда болып, 1999 жылдан бастап белсенді қызмет етіп келеді. ЕОБ құрамына Еуропаның он бес орталық банкі кіреді, ал еуро зонасына кірмейтін мемлекеттер Еуропалық орталық банктер жүйесі ұйымы құрамына мүше, сонымен қатар олар еуро аймағына байланысты шешімдерге әсер ете алмайды. ЕОБ-тің жарғылық капиталы бес млрд. еуроға саяды. Ондағы орталық банктердің үлесі елдің ІЖӨ-не байланысты болады. Сонымен қатар, орталық банктер еуро, ұлттық валютадан басқа шетел валютасы резервін ұйымға орналастыру керек. Еуропа елдер шеңберінде ақша несие саясатын жүргізуде үлкен рөл атқарады. ЕОБ ақша несие саясатын келесі бағыттармен жүзеге асырады:

Біріншіден, инфляцияны бақылап отыру үшін, ағымдағы ақша агрегаттарына мақсаттар белгілейді;

Екіншіден, пайыздық мөлшерлеменің диапазоны анықталады;

Үшіншіден, коммерциялық банктер үшін минималды резрвтік талаптар қойылады;

Төртіншіден, ақша нарығында еуро өтімділігін реттеу үшін қысқа мерзімді операциялар жиыны анықталыады;

Бесіншіден, ашық нарықта операциялар жүргізеді; [9, 213-215 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ережелер
Валюталық саясат - әлемдік шаруашылықтың маңызды саласы
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Латын Америкасының экономикалық ұйымдары
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
Евро
Халықаралық валюта нарығының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz