Шексіз монархия кезеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Францияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең -- феодалдық ыдырау кезеңі (IX-XII ғ.ғ.);
2 кезең -- сословиеліде өкілдік монархия кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.);
3 кезең -- шексіз монархия кезеңі (XVI-XVIII ғ.ғ.).
Француз мемлекеті Каролингтер империясы құлаған соң пайда болды. Негізгі антагоникалық топтар болып феодалдар мен феодалдық -- тəуелді шаруалар табылды. Өзінің таптық мəні бойынша мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылды.
а) Феодалдық ыдырау кезеңі
Қоғамдық құрылым. Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік құрушы таптың монополиялық меншігіне айналады. Шаруалардың тұрақты пайдалануында, ал кейбір жағдайларда иелігінде қожайын жерінің аздаған учаскелерінің -- порцеллолар ғана болды.
Феодалдық-тəуелді шаруалардың негізгі тобы болып серволар (өз қожайынына жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған жəне салықтар мен төлемдер төленген) мен виллондар (жеке бас бостандығы бар, өз парцеллосын басқа тұлғаға сата алған, сеньорлық міндеттерден босатылған) табылған.
Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттің басында патша тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтары сайлаған). Мемлекеттегі жағдайға əсер ететін жалғыз жалпы мемлекеттік орган ретінде патша куриясы (Ұлы кеңес) қызмет еткен, ол
патшаның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтарынан құралған. Ұлы кеңес съезд нысанында жұмыс істеген, ол патшаның төрағалық етумен жиналып отырған.
Бұл кезеңде басқарудың арнайы органдары болған жоқ.
Лауазымды тұлғалар министериалар -- болып патша сарайының шаруашылығын басқаратын сарайды басқарушылар табылды. Патшаның иеліктері домен деп аталды. Бүкіл домен
округтарға -- превотаждарға бөлінді, олардың басында преволар тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі преворлар патша тағайындайтын жəне олар патшаның
өкімдерін бұлжытпай орындайтын.
Сот. Əрбір еркін адамның теңдік соты арқылы соттасуға құқығы болатын, нақты бір адамның соттылығы оның қоғамдағы əлеуметтік жағдайына қарай анықталатын. Жоғарғы сот болып Патша куриясы табылатын. Жергілікті жерлерде сенвориалдық юстиция үстемдік құрған, ал жоғарғы рангілі сенворлар үлкен сот билігін -- жоғарғы юстицияны иеленген, бұл өнім жазасымен жазаланатын қылмыстарды тергеуді білдіретін.
Екінші кезеңнің (сословиелік -- өкілдік монархияның) бастапқы кезінде патша билігі күшейе түсті, ол мынадан көрініс тапты: патша билігін сайлау жойылды; менің вассалымның вассалы менің вассалым емес қағидасы жойылады, барлық рангідегі вассалдар адалдық антын тікелей патшаға беретін болды; Людовик IX -- ның реформалары жүргізілді, олардың мəні мынада болды: сот реформасы -- патша доменінде жеке соғысқа тыйым салынды, дауларды шешу үшін екі жақ тек патша сотына жолдануға міндетті болды; жергілікті жерлерде патшаның 40 күні енгізілді, бұл кезде феодалдарға жеке соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше сот патшасы -- Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы аппеляциялық инстанция болып табылады; қаржы реформасы -- негізгі есептесу бірлігі ретінде патшаның алтын тиыны енгізілді; Патша куриясынан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты.
ə) Сословиелік -- өкілдік монархия кезеңі
Қоғамдық құрылым. Шаруалардың арасында сервалардың (жеке тəуелді шаруалардың) орнына цензитариялар -- жеке бостандығы бар шаруалар мен цензивалар -- мұрагерлік жер үлесін ұстаушылар келді. Негізгі үш сословияның қалыптасуы аяқталды, олар: дін қызметкерлері, ақсүйектер жəне үшінші сословия, бұл сословиеге халықтың қалған барлық бөлігі кірді жəне олар салықтар төлеп, əртүрлі міндеттерді атқарды.
Мемлекеттік құрылым. Саяси ыдыраушылық жойыла бастады. Мемлекет сословиелік -- өкілдік монархия нысанын иеленді: қатысты түрде қуатты патша билігі сословиеннің өкілдігі -- жоғарғы кеңесуші кеңеспен -- Бас штаттармен үйлеседі. Барлық үш сословие -- Бас штаттарда жеке палаталар ретінде орнығады. Барлық сұрақтар палаталарда жеке -- жеке қарастырылатын болды, шешім дауыстардың көпшілігімен қабылданып, шешімді бекіту барлық палаталардың бірлескен жиналысында жүзеге асты.
Мемлекеттік басқару органдарына мыналар жатты: мемлекеттік кеңес -- басқарудың жекелеген салаларына жалпы жетекшілік пен бақылауды жүзеге асырды, есеп палатасы -- қаржылық басқарудың жоғарғы органы жəне Парламент -- жоғарғы сот.
Лауазымды тұлғалардың арасында ерекше маңызды мыналар иеленді: канцлер -- лауазымды тұлғалардың қызметіне ағымдағы басқару мен бақылауды жүзеге асырды; коннетабль -- патша əскерінің қолбасшысы; камерарий -- патша қазынасын басқарады; палатиндер -- патшаның ерекше тапсырмаларын орындайтын патша кеңесшілері жəне легистер -- рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.
Жергілікті басқару. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Феодалды францияның мемлекеті жəне құқығы
Рим Республикасының мемлекеттік құрылысы
Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Францияның құқығы
Қоғамдық құрылым
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Шетелдік сот өндірісі
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекеттік басқару нысандары
Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы
Пәндер