Туризм индустриясының құрылымы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм және сервис кафедрасы

Каражанова Мейрамгуль Хасеновна

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

Мамандығы: ғылыми-педагогикалық

Магистранттың академиялық дәреже үшін диссертациясы Туризм мамандығы

АСТАНА, 2012
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ТАРАУ. Қазақстандық туристік нарығының даму жағдайы және тенденциясы.
1.1. Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Туризм түрлерінің классификациясы және ел экономикасындағы туризмнің орны. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.3. Турөнімнің ерекшеліктері және тұтынушылар тарапынан оған қойылатын қазіргі заман талаптары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
II ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтер нарығы.
2.1. Туризм индустриясының қазіргі жай-күйі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.2. Турөнімді жасаудағы туризм индустриясының ұйымдастыру функциялары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
2.3. Алматы қ. және Алматы облысындағы туристік қызметті талдау және Алматы қаласы Туризм Департаменті қызметінің сипаттамасы. ... ... ... 52
III ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі бағыттары.
3.1. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2. Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту стратегиясы. ... ... 75
3.3. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелерін шешу жолдары. ... ... . 81
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 88
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 91
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 93

КІРІСПЕ

Туризм - бұл біздің күнделікті өмірде кездесіп жүрген жай ғана сөз сияқты, бір жағынан солай да шығар, себебі еліміздегі қалталы адамдар үшін өмірде жиі кездесетін құбылыс, бірақ та бұл құбылыс емес, және жай ғана сөз де емес. Туризм сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр және кең мағынада айтылады. Туризм - француз тілінен аударғанда, tourisme, tour - серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат - туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы - мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көпмақсатты феномен болып табылады, мысалы, әр түрлі оқиғалар, алыс саяхаттағы романтикалар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру және осылармен қоса жүретін денсаулық, жеке қауыпсіздік, мүлікті қорғау, кәсіпкерлік жұмыстары және т.б. сұрақтарды қамтиды.
Өзектілік. Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің елімізде басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Осындай тамаша табиғаты бар, ежелден келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы және т.б. жақсы жақтары бар еліміздің туризмін неге дамытпасқа?
Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайын зерттеу, туризм нарығының даму перспективасын қарастыру, Қазақстандағы туризм индустриясының проблемалары және оны шешу жолдары.
Бұл мақсаттарға жету үшін мына мәселелерді шешу керек:
oo ел экономикасында туризм саласының орнын анықтау;
oo Қазақстан аумағындағы туристік-индустриалдық жағдайын зерртеу;
oo еліміздегі туристік қызметтер түрлерінің даму болашағын көрсету.
Зерттеу объектісі. Зерттелетін объектілер көп: Қазақстан Республикасы территориясында сонау Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін - таулар, өзендер, ормандар, көлдер, шөл, шөлейт және дала кездеседі, сонымен қатар ерекше климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, назар аударарлық басқа да объектілер кездеседі.
Зерттеу пәні. Туризм индустриясын дамыту Қазақстан үшін өте тиімді болып саналады, себебі туризмнің кез-келген түрін дамытуға болады, тек мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілсе болғаны.
Осы диссертациялық жұмыста негізінен Алматы қаласы Туризм Департаментінің материалдары, мерзімдік басылымдар, оқу құралдары, статистикалық агенттіктің мәліметтері пайдаланылған
Болжам. Экономика, саясат, мәдениет, өнер, білім, ғылым мен қатар туризм де қазіргі заманның ең маңызды бөлігі болып табылады. Оның экономикалық маңызын бағалау қиын. Қазақстан - ежелгілік қазіргі заманмен көршілес тұратын, Еуразияның қақ ортасында орналасқан ірі мемлекет. Сонымен қатар шығыс салт-дәстүрлері батыстың модернімен іргелесіп жатыр. Қазақстанның ежелгі мәдениеті және теңдесі жоқ табиғатымен туристерді таңқалдырады. Сонымен қоса біздің елімізде туризмнің дамуына бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, бірақ та көптеген атқарылатын жұмыстар әлі алда.
Туризм - бизнестің ең табысты да, қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі. Бұл индустрияның үлесіне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспортының 8%-ы сәйкес келеді.
Туристік ресурстарымыз мол болғанымен, сол өнімдеріміздің шет елдерде насихатталмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы оны экспорттауға кедергі жасап отыр. Бұл бағытта билік тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылуда, атап айтқанда - әртүрлі халықаралық жәрмеңкелерге қатысу, өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдар мен акцияларды жүзеге асыру.
Жоғарыда аталған проблемамен қатар саланың өнімдерін сыртқа шығаруға теріс ықпалын тигізетін келесідей проблемалары бар: индустриядағы менеджменттің әлсіздігі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі және инфрақұрылымның ескіргендігі, мамандар біліктілік деңгейінің төмендігі және т.с.с. кішігірім проблемалар.
Қазақстан - ежелгілік қазіргі заманмен көршілес тұратын, Еуразияның қақ ортасында орналасқан ірі мемлекет. Сонымен қатар шығыс салт-дәстүрлері батыстың модернімен іргелесіп жатыр. Қазақстанның ежелгі мәдениеті және теңдесі жоқ табиғатымен туристерді таңқалдырады. Сонымен қоса біздің елімізде туризмнің дамуына бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, бірақ та көптеген атқарылатын жұмыстар әлі алда.
Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат - туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы - мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көпмақсатты феномен болып табылады, мысалы, әр түрлі оқиғалар, алыс саяхаттағы романтикалар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру және осылармен қоса жүретін денсаулық, жеке қауыпсіздік, мүлікті қорғау, кәсіпкерлік жұмыстары және т.б. сұрақтарды қамтиды.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара-бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тіреу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмысорны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТЕНДЕНЦИЯСЫ.

1.1. Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар.

Туризм - әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайтын, әлемдік экономикадағы маңызды рөлдерінің бірін ойнайды. Экономиканың бұл саласы өте жылдам қарқынмен дамып келеді, себебі туризм соңғы жылдары әлемдік бизнес түрінің ең табысты саласына айналды. Ол әлемдік капиталдың шамамен 7%-ын пайдаланады. 90-шы жылдардың басында туризмнің үлесі әлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының 10%-ын құраған, мұнай мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орын.
Халықаралық туризм тұрғындардың жұмыспен қамтылуына үлкен ықпал етеді. Мамандардың бағалауы бойынша, қазыргі таңда 100 млн. адам туризм индустриясында жұмыс істейді, ал 2009 ж. әрбір сегізінші адам экономиканың осы секторында жұмыс істейді. Туризм индустриясы - еңбек икемділік процесі, сондықтанда бұл салада негізінен маманданбаған жұмысшылар кездеседі. Алайда бұл, туризм саласында жоғары маманданған еңбек қолданылмайды дегенді білдірмейді. Экономиканың басқа дамып жатқан салаларына қарағанда, бұл салада жаңа жұмыс орындары географиялық мақсатта кеңінен қолданылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 2010 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 9 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 56 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеу жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Сол немесе басқа аймақта туындаған туристік ағымдардың мінездемесі, және олардың болашақта пайда болуының алғы шарттары, әлемдік туризм нарығында елдің жағдайын талдау үшін үлкен мәнге ие:
1. аймаққа туристік ағымдардың бағытталуы және сол аймақтан кетуі, туристік мақсатта шығатын, шетелдік туристік клиентурасы мен жеке азаматтар құрылымы;
2. сол аймақтағы туризмнің ерекшеліктері: маусымдық ырғағы, туризмнің басым болатын формалары мен түрлері, қатысудың негізгі мақсаттары және т.б.;
3. туристік проблемаларға жергілікті туристік органдар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасы, туристік саясаттың ерекшелігі;
4. берілген аймақтың шаруашылық құрылымындағы туризмнің экономикалық рөлі;
5. сол аймақтағы туризм дамуының перспективасы.
Американдық әлеуметтанушы Т. Бертон туристік демалу моделіне, өз кезегінде, бос уақытты өткізуге әсер ететін факторлардың үш тобын атап көрсетті:
+ Технологиялық (бұқаралық коммуникациялар құралдары);
+ Институционалды (заң шығарушы);
+ Әлеуметтік-экономикалық (демографиялық, табыс мөлшері, мамандығы).
Бос ауқытты өткізу өз кезегінде туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторларының бірі болып табылады.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалыққа табиғи - географиялық факторлар жиынтығы жатады. Олар өткіншісіз, өзгермейтін мағыналы болады.
Туризмнің дамуына әсер ететін ненгізгі факторлар статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статикалыққа табиғи-географиялық факторларының жиынтығы жатады. Олар өткіншісіз, өзгермейтін мағынаны береді. Адам оларды тек туристік қажеттіліктерге ғана икемдейді, оларды пайдалануға қолайлы етеді. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар әдемілікте, бай табиғатта, климатта, жергілікті рельефте, жер асты байлықтарында (минералды үңгірлер және т.б.) айтылуын табады. Мәдени-табиғи факторларды да (ескерткіштер, архитектуралар, тарих және т.б.) белгілі бір мөлшрде статикалық факторларға жатқызуға болады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақыт пен кеңістікте өзгеретін мағынаның бағасына ие бола алады. Сонымен қатар туризмге әсер ететін факторлар сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді.
Сыртқы (экзогенді) факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгертулер арқылы әсер етеді. Бұл топқа мыналар енеді: тұрғындардың жасы, әр жанұяның табысының өзгеруі және жұмыс жасайтын әйелдер санының өсуі, жалғыз басты адамдардың өсу пропорциясы, жанұя құрудың және некеге неғұрлым кеш тұрудың тенденциялары, тұрғындардың құрамындағы балалары жоқ отбасылардың санының өсуі, иммиграциялық шектеулердің төмендеуі, жұмыс мерзімінің икемділігі жұмыс сапары төлемінің өсуі, зейнетке ерте шығу, туристік мүмкіндіктер түсінігінің өсуі. Жоғарыда аталғандардың барлығы сол немесе басқа дәрежелі көрсеткіштер туризмнің даму шарттарының әлеуметтік-джемографиялық объективін құрайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан, туризмнің даму бағдарламасын жасауда тұрғындар уақыты қорының құрылымын және бос уақыт бюджетін айқындау қажет.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:
1. Жылдық бюджет: млрд. сағ., %, солардың ішінде:
+ қоғамдық өндірістегі еңбек;
+ физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру;
+ үй шаруашылығындағы еңбек;
+ білім алуға жұмсалған уақыт шығындары;
+ бос уақыт.
2. Бос уақыт бюджеті: 100 %, солардың ішінде:
+ күнделікті;
+ демалыс және мейрам күндері;
+ оқитындардың демалыс және каникул күндері;
+ зейнеткерлердің бос уақыты;
осы уақытта бізде бос уақыт құрылымы мен тұрғындар бөлігінің экономикалық мүмкіндіктері арасында келіспеушіліктер көрінеді, осының нәтижесінде, көптеген кәсіпорындар өзінің жұмысшыларын төленбеген демалысқа жібереді. Осыдан келіп бір жағдайға тіреледі, бос уақыты бар тұрғындардың белгілі бір бөлігі туристік қызметтермен пайдалана алмайды. Өз кезегінде, туристік фирмалар мүмкіндіктерін пайдалана отырып демалуға материалдық жағдайлары бар коммерциялық құрылым өкілдері, көбінесе қысқа мерзімді демалыстарға да өздеріне ерік бере алмайды.
Туризмге әсер ететін сыртқы факторлар санына сондай-ақ экономикалық және қаржылық факторлар да жатады:
+ экономикалық және қаржылық жағдайлардың жақсаруы (нашарлауы);
+ персоналдық табыстың артуы (төмендеуі);
+ жоғары (төмен) туристік белсенділік, демалуға бөлінген табыс бөлігінің тәуелділігі;
+ туризм және саяхат шығындарын жабу үшін жұмсалған қоғамдық-бөлінетін құралдар үлесінің өсуі (төмендеуі).
Туризм өсіміне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларға, сондай-ақ, білім, мәдениет, тұрғындардың эстетикалық тұтыну деңгейінің өсуі жатады. Эстетикалық тұтыну элементі ретінде адамдардың тұрмыспен, тарихпен, мәдениетпен, әртүрлі елдер өмірінің шартарымен танысуына ұмтылуын қарастыруға болады.
Сондай-ақ, сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеудің өзгерісі; технологиялық өзгерістер; сауда және көлік инфрақұрылымының өзгеруі; саяхаттың қауіпсіздік шарттарының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогенді) факторлар - бұл туризм саласына тікелей әсер ететін факторлар. Оларға ең алдымен туризмнің дамуында өте маңызды мағынаға ие болатын материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың негізгілері орналастыру құралдарының дамуымен, көлікпен, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен, рекреациондық саламен, бөлшек саудамен және т.б. байланысты.
Ішкі факторларға сондай-ақ туристік нарық факторлары да жатады:
1) сұраныс процессі, ұсыну және тарату (қазіргі нарықтық факторлар ерекшелігі ретінде мынаны бөліп көрсетуге болады, мысалы, турөнімге деген сұраныстың тұрақты сұранымға айналуы, сондай-ақ индивидуалдық туризмнің өсуі);
2) нарық сегментациясы рөлінің өсуі (жаңа аймақ ішілік туристік сегменттердің пайда болуы, саяхат арақашықтығының өсуі, демалысты өткізу формаларының әртүрлілігі, қысқа мерзімді келулердің өсімі, туристік кеңітікте төтеп бере алатын туристік даму диверсификациясының өсуі және т.б.);
3) монополизация процесінің және туризмдегі координация қызметі рөлінің өсуі (горизонтальды интеграцияның күшеюі, яғни, ірі фирмалардың орта және шағын бизнеспен серіктестік қатынасының өсуі; стратегиялық туристік кеңес құру арқылы вертикальды интеграциясы; туристік бизнестің глобализациясы және т.б.);
4) алға жылжудағы, жарнамадағы және өндірілген турөнімдерді өткізудегі бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің және қоғаммен байланыстың (паблик рилейшнз) өсуі;
5) туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, кәсіптік-біліктілік құрылымының дамуы, кәсіптік дайындық маңызының жоғарылауы, еңбек ұйымының жақсаруы және т.б.);
6) жеке туристік бизнес рөлінің өсуі (нарықта қызмет ететін туыс шағын кәсіпорындардың - агенттердің маңызды саны мен үлкен трансұлттық операторлар шектеулі санының шарттары құрылады, өз кезегінде қызметші мамандығының жоғарылауында қажеттілікті жаралайтын, кәсіптік маркетинг негізінде турөнімді тиімді өткізу жүзеге асырыларды).
Жоғарыда келтірілген факторлар, өз кезегінде, экстенсивті, интенсивті және баяулататын (негативті) болып бөлінеді.
Экстенсивті факторларға мыналар жатады:
+ жұмысшылар санының өсуі;
+ материалды ресурстардың шаруашылық айналымына қатысты санының өсуі;
+ туризмнің жаңа объектілерінің құрылысы және солардың техникалық деңгейі.
Интенсивті факторлар:
+ қызметшінің мамандық деңгейінің жоғарылауы;
+ кәсіптік-мамандандырылған құрылымның дамуы;
+ ҒТП нәтижелері мен жетістіктерді еңгізу негізінде материалдық базаны техникалық жетілдіру, сонымен қоса туризмдегі компьютеризацияның, индустриализацияның, технологизацияның, қызмет көрсету сапасы мен мәдениеттің жақсаруының мақсатты бағдарламасын тарату;
+ материалдық ресурстарды, объектілерді, маршруттарды және т.б. рационалды пайдалану.
Баяулататын (негативті) факторлар, туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мыналар жатады: дағдарыстар, экономика милитаризациясы, сыртқы қарыздардың өсімі, саяси тұрақсыздық, тұтыну заттарына деген бағаның өсуі, жұмыссыздық, көтерілістер, криминогенді жағдай, қаржылық тұрақсыздық (инфляция, валютаның стагнациясы), жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, экологиялық жағдайдың нашарлығы, туристік фирмалардың банкроттығы, туристік формальдылықты қатаңдандыру, ақша айырбастау квотасының төмендеуі, турфирмалардың өз міндеттерін орындамауы және т.б.
Туризм дамуына әсер ететін негативті факторлар мысалы болып 70 жылдардағы әлемдік туризм саласында энергетикалық дағдарыс салдарының нәтижесінде пайда болған жағдайлар қызмет етеді. Экономикалық құлдырау нәтижесінде қызмет көрсету (негізінен көлікте) тарифтерінің тұрақсыздығы; туристік қызмет көрсетуге бағаның өсуі; қонақ үй сервисінің нашарлығы; жол жүру ұзақтығының қысқаруы, олардың ұзақтығы және шығындары; шетелге шығу сұранысының төмендеуі пайда болды. Берілген факторлар осы жағдайларда ерекше әлсіз болып табылатын, туризмнің мынандай түрлеріне, әлуметтік туризм және жастар туризміне ерекше әсер етеді.
Факторлардың арасындағы туризмнің дамуында ерекше орын алатыны маусымдық факторлар болып табылады. Маусым мезгіліне тәуелді туристік қызмет көлемі өте салмақты тербеліске еи бола алады. Туристік ұйымдар мен мекемелер маусымдық төмендеулердің азаюына бағытталған өлшемдердің қатарын қамданады, мысалы, маусымдық баға дифференциациясын енгізу (қонақ үйде тұрудың маусым мезгіліне қатысты тарифтер мөлшерінің айырмашылығы 50%-ға дейін жетуі мүмкін), маусымдық тербеліске шалдықпаған туризмнің түрлерінің дамуы - конгрестік, іскерлік және т.б.
1.2. Туризм түрлерінің классификациясы және ел экономикасындағы туризмнің орны.

Қазіргі заман туризм түрлерінің толық таптарын беру үшін, туризмнің қайсыбір түрін сипаттайтын ең қажетті белгілерді қолдану маңызды, сонымен қатар, туризмнің ұлттық иемділігі; туристік саяхатты ескертуді қанағаттандыратын, негізгі қажеттілік; саяхатта қолданылатын, қозғалыстың негізгі құралы; орналастыру құралы; саяхаттың ұзақтылығы; топ құрамы; ұйымдастыру формалары; турөнім бағасын құрудың негізгі принциптері және т.б.
I. Ұлттық иемділікке тәуелді туризмнің негізгі түрлеріне ұлттық (ішкі) және халықаралық (сыртқы) туризм жатады. Халықаралық туризм, өз кезегінде, активті және пассивті болып екіге бөлінеді, немесе басқаша айтқанда келу және кету туризмі.
II. Қажеттілікке байланысты ескертуші туристік саяхат туризмнің келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
1. Емдік (медициналық туризм). Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі ауруларды емдеуге деген қажеттілік жатыр. Емдік туризмнің адам ағзасына әсер ететін табиғи түрлерімен сипатталатын бірнеше түрлері бар, мысалы: климаттық емдеу, бальнеолық емдеу, теңіздік емдеу, лаймен емдеу, жеміспен емдеу, сүтпен емдеу және т.б. Ем кезінде көбінесе ықпалдың бірнеше түрлері қолданылады, мұндай жағдайларда туризмнің түрі демалушының ағзасына әсер ететін негізгі құралдарды анықтайды.
2. Рекреациондық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның табиғи және рухани күшінің қалпына келу қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мәселен, рекреациондық туризм келесі бағдарламаларды қамти алады:
+ Ойын-сауық - көңіл-жадыратушы (театр, кино, карнавалдар, жәрмеңкелер, қала күндері, фестивальдар);
+ Қызығушылық бойынша қызметтер (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар және т.б.);
+ Жаттықтыратын (туризм, спорттың басқа да түрлері, өнер, қолөнер және т.б.);
+ Этнические және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);
+ Туристтік-сауықтыру (шомылу, тау шаңғысы, қозғалу және т.б. белсенді әдістерінің маршруттарын қосқанда).
3. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты спорттық туризмнің екі түрі бар:
+ активті (мұның негізі қандай-да бір спорт түрімен айналысу қажеттілігі болып табылады);
+ пассивті (мұның негізі қандай-да бір спорт түріне қызығушылық болып табылады, яғни, жарыстар немесе спорттық ойындарға қатысу мақсатындағы саяхат).
4. Танымдық туризм. Бұл туризм түрінің негізі әр түрлі бағыттағы білімді кеңейту қажеттілігі болып табылады. Бұл туризм түріне экологиялық туризмді жатқызуға болады. Экотурлардың бағдарламалары қорғалатын табиғи аймақтарға қатысуды болжайды.
5. Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл түріне әртүрлі әріптестермен іскерлік қатынастарды орнату немесе қолдау мақсатындағы жол жүрулер жатады.
6. Конгрестік туризм. Әр түрлі шараларға қатысу мақсатындағы туристік сапарлар, соның ішінде: конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б.
Берілген туризм түрінің интенсивті дамуы халықаралық іскерлік және ғылыми шаралар өткізуге толығымен маманданған бірнеше халықаралық ұйымдардың құрылуына әкеп соқты, мысалы, Конгресті ұйымдастырушылардың халықаралық кеңесі. Осы берілген туризм түрінде турфирмалардың мамандануы онан арғы халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылығы ескертілген, соның ішінде туризм саласында да. АҚШ-та конгрестік туризм жыл сайын 40 млрд. доллардан астам кіріс әкеледі. Конгрестік туризмнің үлкен артықшылығы, ол маусымдық емес кезеңде де өтеді. Берілген туризм түріне туристік индустрияның қызығушылығы былай түсіндіріледі, ең алдымен, конгресті өткізу, орналастыру орындарымен қамтамасыз ету, тамақпен, экскурсиялық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, сондай-ақ арнайы қызметтер. Конгрестік туризм турөнімінің ерекшелігі дәстүрлі қызмет көрсету шеңберінен шығатын әр түрлі қызмет көрсетудің үлкен көлемін беру мүмкіндігінен тұрады. Конгрестік қызмет көрсетуді ұйымдастыруда негізгі қиындықтар баспа өнімдерінің маңызды санын шығару қажеттілігімен байланысты (баяндамалар тезисі, шақырулар, ақпараттық хаттар және т.б.), қызмет көрсетудің қажеттілігі: конгреске қатысушылардың тіркелуі, сөйлесулер, техникалық қамтамасыздандыру, арнайы шаралар, іскерлік кездесулер және т.б. сондай-ақ конгрестік турларға дейінгі және кейінгі ұйымдастырулар.
Конгреске қатысушының шығындары, ереже бойынша, қалыпты туристің шығындарының шамасынан асады, демек, оптималды ұйым есебінен қатысушылардың бос уақытының артуының арқасында, сондай-ақ, мекеме арқылы бағытталған іскерлік бөлімнің төлемі әртүрлі туристік бағдарламалармен конгрес сапарына бағытталған құрамалар болуы мүмкін.
7. Табынушылық (діни) туризм. Туризмнің бұл түрі түрлі конфессиядағы адамдардың діни мұқтаждылығының арқасында құрылған. Табынушылық туризмі екі түрге бөлінеді:
+ діни мерекелерде табыну құрылыстарына бару;
+ күнәларын кешу мақсатында киелі жерлерге бару.
8. Ностальгиялық туризм. Туризмнің бұл түрі тарихи жерлерде өмір сүретін мекендерді көру мақсатында құрылған.
9. Транзиттік туризм. Транзиттік туризмнің негізінде басқа елді көру мақсатында, бір елдің территориясын басып өту қажеттілігі жатыр.
10. Өзіндік туризм. Туризмнің бұл түрі шаңғы тебумен айналысатын, тау, су туризмі және т.б. белсенді демалыс әуесқойларын біріктіреді. Берілген туризмнің айырмалық ерекшелігі өзіндік ұйымдастыруға қатысушылардың қажеттілігі болып табылады. Турларды ұйымдастырумен турфирмалар айналыспайды, туристік-спорттық клубтар және кеңестермен бірлесіп туристердің өздері айналысады.
Әрине, бір саяхатта бірнеше туризм түрлері тіркелген, туристердің түрлі қажеттілігімен ескерілген, құрамаланған турлар тәжірибеде өте жиі кездеседі, мысалы, рекреациондық танымдықпен, спорттық рекреациондықпен және т.б. Алайда, туристік қызметті талдау кезінде саяхатқа қозғаушы себебімен қызмет ететін негізгі қажеттілікті айқындау керек.
I. Көлік құралдарымен байланысты, туристік маршрутта қолданылатын, туризмнің түрлері:
1. Туристер өзінің жеке көлігімен - тікелей туристік ұйымға немесе туристік жүйенің көлік шаруашылығына жататын, көліктегі турлар.
2. Жалға алынған туристік көліктегі транстурлар - тур қызметінің уақытымен анықталатын, уақытша жалға алу құқығы (келісімшартпен) туристік ұйымдармен қолданылатын, көлік ұйымдарына жататын, көліктегі турлар. Жалға алынған арнаулы көліктерге, туристік ұйымдар теңіз және өзен теплоходтарын, ұшақтарын, туристік-экскурсиондық кәсіпорындарының арнайы құрамы пайдаланады.
3. Туристердің жеке көліктеріндегі турлар - маршрут бойынша қызметтің барлық түрлерін туристерге жеткізіп беру бойынша автокөліктер (жеке автокөлік иелері) үшін арнайы жасақталған жеке немесе топтық турлар (автокемпингтерде өмір сүру, тамақтану, экскурсиялар, бос уақыт, автожөндеу және т.б.) жол ақысынан басқа.
I. Қозғалыстың әдістеріне байланысты туризмнің түрлері:
1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта ол кең таралымға көбірек ие болды.
2. Темір жол туризмі. Туризмнің бұл түрі 19 ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап дамып келеді. Темір жол билеттерінің салыстырмалы түрдегі арзандығы кем қамтылған тұрғындар деңгейіне қол жетерлік. Қазіргі уақытта темір жол және басқа да көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестік күрес қайшыланып келеді.
3. Әуе туризмі. Туризмнің бұл түрі аса перспективалы болып табылады, себебі туристердің келу орындарына жеткізу уақытының экономиясын қамтамасыз етеді. 20 жыл бойы (1960 жылдан 1980 жылға дейін) туризмде қолданылатын әуе көлігінің ара салмағы үш есе өсті. Әуе турлары арнайы туристік тасымалдарға арналған ұшақтың толық арендасымен, арнайы әуе рейстері мен жолаушы тасымалдайтын әуе жолдары ұшақтарының орындарының бөлігін пайдалана отырып топтық турларға бөлінеді
4. Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл түрінде маршруттар өзен теплоходтары және теңіз пароходтарында ұйымдастырылады. Теңіз маршруттары мынадай болады: круиздік (бір тәуліктен асатын жалға алынған кемелерде болатын саяхат). Олар порттарға баруды қамтитын және қамтымайтын бола алады.
Өзен маршруттары - өзен кемелерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: туристік-экскурсиондық рейстер - бұл бір тәуліктен асатын жалға алынған су кемелеріндегі саяхат, және экскурсиондық-серуендік - демалыстың тарихи және ескерткішті орындарымен танысу мақсатындағы, 24 сағаттан астам уақытқа созылатын сапарлар.
Ірі және туристік-экскурсиондық рейстерді ұйымдастыру үшін негізінен жайлы теплоходтар пайдаланылады. Серуендік және экскурсиондық-серуендік рейстерді ұйымдастыру үшін теплоходтармен қоса кіші флот (өзен трамвайшықтары, ракеталар, катерлер, катамарандар және т.б.) пайдаланылады.
Жайлы теплоходтардағы су туризмінің артықшылығы, кемеде туристер орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, ойын-сауықпен және т.б. қамтамасыз етілуінде.
5. Автобустік туризм. Туризмнің бұл түрінде саяхат қозғалыс құралы ретінде автобустардың көмегімен ұйымдастырылады. Автобустік турлар кәдімгі туристік-экскурсиондық (қызмет түрлерінің барлығын көрсету, транспорттық турлармен ұсынылатын - өмір сүру, тамақтану, экскурсиондық қызмет көрсету) және денсалық автобусы деп аталатын - серуендік (бір күндік автобустар) бола алады.
6. Велосипедтік туризм. Туризмнің бұл түрі туристердің шектеулі контингентін пайдаланушыларына жетерлік.
7. Жаяу жүру туризмі. Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кең таралуын алды. Тәжірибе жүзіндеде бір саяхат кезінде көліктің бірнеше түрлері өте жиі қолданылады белгілеп көрсетуге болады, мысалы, ұшақ - автобус, темір жол - автобус және т.б., турлардың мұндай түрлері комбинацияланған деп аталады.
I. Туристерді орналастыру құралдарына байланысты туризмнің келесі түрлерін бөледі:
1. Отельдегі туризм.
2. Мотельдегі туризм.
3. Пансиондағы туризм.
4. Кемпингтік туризм.
5. Туристік мекен жайдағы (ауылдағы), турбазадағы және т.б. жердегі туризм.
Отельдер, ереже бойынша, қаланың орталығында не болмаса әуе жайдан алыс емес немесе темір жол вокзалының маңайында орналасады.
Мотельдер автомобиль жолдарын жағалай не болмаса қала маңында орналасады. Мотельде өмір сүру туристерге автокөліктерге қарау (авто тұрақтар, жанармай станциялары, авто қызмет және т.б.) шарттарымен қамтамасыз ету керек.
Қонақ үй типтес біріңғай басқарылатын турпансионаттар, автономды асүй мен ілеспелі қызметтер, клиенттерге бір немесе бірнеше номерлі баспананы ұсынады.
Кемпингтер, туристік мекен жайлар (ауылдар), турбазалар - бұл, ереже бойынша, жай туристер мен авто туристерді орналастыруға арналған, қаладан тыс жерде орналасқан баспана жайы.
Туристік ауылдар - бұл түнеуге қажетті автономды жабдықтауы жоқ, туристердің түнеуі мен демалуына арнаулы қоршалған және жабдықталған, біріңғай басқарылатын қызмет көрсету шаруашылығы.
Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының аталған түрлерінен басқа, туризм түрін анықтайтын, басқа да түрлері кездеседі: үйлер мен жиһаздалған пәтерлер, демалыс үйлері, жастар үйлері.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы әртүрлі категориядағы қонақ үй кәсіпорындарына жатады, және олар туристерге көрсетілетін номенклатура затына және қызмет көрсету сапасының сертификациясына жатады. Орналастыру құралдары сондай-ақ, тұрақты - туристерді жыл бойы қабылдайтын, және маусымдық - туристерді туристік маусымда, жылдың белгілі бір мезгілінде ғана қабылдайтын болып бөлінеді.
I. Туризм сондай-ақ саяхаттың уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
II. Саяхаттың ұзақтылығына байланысты туризмнің екі түрі бар: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (қысқа мерзімді туризмде саяхат 5 - 7 күнге дейінгі мерзімге созылады).
III. Топ құрамы бойынша туризм түрлері:
1. Бұқаралық туризм (топ құрамындағы туристер саяхаты);
2. Жекеленген туризм (туризмнің бұл түрі негізінен іскерлік, ғылыми және емдік туризм шеңберлерінде жүсеге асады. Соңғы кездері жекеленген туризм туыстық-отбасылық байланыстар, шығармашылық алмасулар, шақыруға қатысу каналдары бойынша маңызды дамып келеді. Жекеленген сапарлар сондай-ақ жастар және әлеуметтік туризм бағдарламалары бойынша да тәжірибеленеді. Жекеленген туристер гид-аудармашылар, экскурсоводтар, саяхатты ұйымдастырушылар, жол бастаушылар мен еріп жүрушілер, жеңіл автокөлікті жалға алу (туристік қызметтің басқа да формаларын пайдалану мүмкіндігі) және т.б. қызметтерін пайдалана алады.
3. Отбасылық туризм (туристердің отбасы мүшелерімен бірге саяхаты). Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары, туристік фирмалар, балаларымен саяхаттайтын туристерге ұсынатын жеңілдіктердің есебінен маңызды деңгейде үлкен дамуға ие болды. Көбінесе, отбасылық демалыс үшін туроператорлармен өңделген, отбасылық туризм бағдарламалары бойынша жүзеге асады.
4. Жастар (студенттер) туризмі.
5. Балалар (оқушылар) туризмі.
Жастар және балалар туризмі әртүрлі елдер арасында, сонымен қатар ел ішінде туристік айырбас есебінен маңызды деңгейде үлкен дамуға ие болды. Жастар және балалар туризмі шеңберінде саяхаттайтын туристер, көрсетілетін қызмет бағасына айтарлықтай жеңілдіктерге құқылы.
I. Ұйымдастырушылық формаларына байланысты туризмнің түрлері:
1. Ұйымдасқан туризм.
2. Ұйымдаспаған туризм.
3. Клубтық туризм.
I. Өнімге деген баға құрылымының анықталған принципіне байланысты коммерциялық және әлеуметтік (үстемелік) туризм дері бар. Әлеуметтік туризм қоғамдық, мемлекеттік ұйымдар сияқты, сонымен қатар, жеткілікті мөлшерде ақша қаражаттарының болмауы, әртүрлі халықтар деңгейінің туристік мерекелерге қатысу және демалыс алу мүмкіндіктерімен қамтамасыздану мақсатында, коммерциялық құрылымдардың түрлі формалардың айқындалған үстемелерін болжайды. Мысалы, зейнеткерлер, студенттер, төмен жалақылы жұмысшылар категориясы және т.б.

1.3. Турөнімнің ерекшеліктері және тұтынушылар тарапынан оған қойылатын қазіргі заман талаптары.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті реттеу туралы Заңында Қазақстан Республикасы экономика салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздерін белгілейді.
Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) гид (гид-аудармашы) - туристерге уақытша келген елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететін кәсіби даярланған жеке тұлға;
2) туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелі туристік қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттің және туристің арасындағы келісім;
3) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар кәсіби даярланған жеке тұлға;
4) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің туры мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
5) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешені;
6) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
7) туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты;
8) өз бетінше туризм - туристер өз бетімен ұйымдастыратын, жүріп-тұруды белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат;
9) турист - жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға;
10) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі;
11) туристік қызмет - жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметі;
12) туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрі - туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі;
13) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;
14) туристік ұйымдар - қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;
15) туристік ресурстар - туристік қызмет көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
16) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
17) туристік өнім - саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;
18) туристік рынок - туристік қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы;
19) туристік қызмет көрсету - өзінің туристік саяхатыкезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттерін қанағаттандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулері);
20) уәкілетті орган - туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орталық атқарушы орган;
21) экскурсант - бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға;
22) экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
23) экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсіби даярланған жеке тұлға.

Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуеті

Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (бұдан әрі - турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қызіргі тәжірибенің негізінде қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталады:
1. Іле (Алматы қаласы, Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелен қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).
2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).
3. Жаркет-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).
4. Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с.).
5. Солтүстік Жоңғар (Достық с., Алакөл көлінің маңы, Лепсі с., Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).
6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы).
7. Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуілдір с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с.).
8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с.).
9. Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Беріл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).
10. Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар
Қонақ үй индустриясының дамуы
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
ТУРИЗМДЕГІ ОЙЫН ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (мысал ретінде бір аймақты алу)
Туризм индустрия құрылымы
Пәндер