Delphi командасы және мәзір



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық технологиялар факультеті
Есептеу техникасы кафедрасы

Дипломдық жұмысты қорғау үшін жіберілді,
кафедра меңгерушісі Ташатов Н.Н.
__________________
16 мамыр 2011 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
КЛИЕНТТЕРДІ ҚҰЖАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ (БТА БАНК МЫСАЛЫНДА)
050704 - Есептеу техникасы және программалық қамтама
мамандығы бойынша

Жұмысты орындаған
ЕТ БҚ - 43к. тобының студенті
топ аты
Шайжанов Бауыржан Мұханбетәліұлы
аты−жөні

Дипломдық жұмыстың жетекшісі
т.ғ.к., доцент Джузбаева Бахыт Габидуллаевна
ғылыми атағы, аты−жөні
___________________________
қолы

_____________________________
қолы
5 мамыр 2011 ж.

6 мамыр 2011 ж.

Пікірлеме жазушы: Қазақ Бизнес және технология университетінің президенті, профессор, т.ғ.д. Байбеков С.Н.

_____________________________
қолы

12 мамыр 2011 ж.

Нормоконтролер: аға оқытушы
Баймуратова Г. Г.

аты−жөні[.]
_________________________
қолы

16 мамыр 2011 ж.

АСТАНА 2011
АҢДАТПА

Бұл Клиенттерді құжатпен қамтамасыз етудің компьютерлік жүйесін құру (БТА банк мысалында) дипломдық жұмыста клиенттерді құжатпен қамтамасыз етудің компьютерлік жүйеcін құру мәселелері қарастырылады. Осы мақсатқа жету үшін есептің бизнес-процессі жобаланды, ақпараттардың кірісі және шығысы сипатталып көрсетілді және мәліметтер қорын құру ұйымдастырылды.
Дипломдық жұмыстың бағдарламасы Delphi 6.0 ортасында құрылды, жұмыста бағдарламаның жұмыс істеу логикасы қарастырылды. Ақпараттық жүйенің экономикалық тиімділігі есептеліп, ақпаратты қорғау шаралары сипатталған. Деректерді қорғау және оның қауіпсіздігі қолданушының кіру мүмкіншілдігіне қарай қарастырылды.

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе Разработка компьютерной системы обеспечения клиентов документами (на примере БТА банка) разработана компьютерная система обеспечивающая документами клиентов банка. Для достижения этой цели спроектирован данный бизнес-процесс, приведены характеристики входящей и выходящей информации, и организована база данных.
В дипломной работе Разработка компьютерной системы обеспечения клиентов документами (на примере БТА банка) разработана программа в среде Delphi 6.0, приведена логика работы программы. Предусмотрена защита и безопасность данных по уровням доступа категории пользователя.

ANNOTATION

In given diploma thesis Development of the computer system of the provision client document (on example BTA bank) is designed computer system of the provision client document. For achievement of this purposes is designed given business-process, is brought features enterring and leaving information, and is organized database.
Program is designed in degree functioning in ambience Delphi 6.0, is brought a logic of the functioning (working) the program. Provides protection and security of data on levels of access to audiences.
МАЗМҰНЫ

Бет
Дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма
4
КІРІСПЕ
6
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
9
1.1 Пәндік облысқа жобалау алдында талдау
9
1.2 Мәліметтерді өңдеудегі қолданылытын технологиялардың жалпы мінездемесі
12
1.3 Ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өңдеудің технологиялары
16
1.4 Delphi ортасының компоненттері
22
1.4.1 Delphi командасы және мәзір
23
1.4.2 Формалармен жұмыс
27
1.4.3 Қосымша құралдар
29
1.4.4 Проектілерді басқару
30
1.5 Жасалынатын жүйенің аналогтері мен прототиптеріне салыстырмалы талдау жүргізу
32
2 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАҒА СИПАТТАМА
36
2.1 Есептің қойылымы
36
2.2 Кіріс ақпараттары және шығыс ақпараттарының қалыптасуы
37
2.3 Мәліметтер базасының концептуалдық жобасын жасау
39
2.4 Мәліметтер қорының ақпараттық - логикалық моделі
42
2.5 Программалық өнімнің диалогтарының графын жүзеге асыру
46
ҚОРЫТЫНДЫ
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
56
ҚОСЫМША А
57
ҚОСЫМША Б
83
ҚОСЫМША В
85

Л. Н. Гумилев атындағы
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық технологиялар факультеті
Есептеу техникасы кафедрасы

БЕКІТЕМІН
ЕТ кафедрасының меңгерушісі,
т.ғ.д., профессор Шәріпбаев А.Ә.
_______________________
31 қазан 2010 ж.

студент Шайжанов Бауыржан Мұханбетәліұлына
Диплом жұмысын орындауға арналған
Т А П С Ы Р М А

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Клиенттерді құжатпен қамтамасыз етудің компьютерлік жүйесін құру (БТА банк мысалында).

Университет бойынша 2010 ж. 30 желтоқсанда берілген № 712 П бұйрықпен бекітілген.

Орындалған дипломдық жұмысты тапсыру күні 16 мамыр 2011 ж.

Жұмыс істеу үшін бастапқы мәліметтер: Тақырып бойынша әдебиеттер.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:

oo КІРІСПЕ.
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ. Мәліметтерді өңдеудегі қолданылытын технологиялардың мінездемесі. Delphi ортасы, формалармен жұмыс, проектілерді басқару, қосымша құралдар.
2 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАҒА СИПАТТАМА. Программалау ортасы жайлы жалпы түсінік беру. Ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өңдеу технологияларын қарастыру. Сонымен қатар мәліметтерді өңдеу алгоритімін құру, жүйедегі шешім қабылдау әдістерін анықтау, кіріс ақпараттары және шығыс ақпараттарының қалыптасуы, мәліметтер базасының концептуалдық жобасын жасау.
oo ҚОРЫТЫНДЫ.

Графикалық материалдар тізімі. Дипломдық жұмыстың мақсаты, негізгі тапсырмалары, ерекшеліктері және практикалық қолданылуы турасында мағлұматтар бар Power Point - тағы презентация үшін слайдтар дайындау.

Негізгі әдебиеттер:

1.
Бобровский С. DELPHI 5: Учебный курс - СПб.: Питер, 2001. - 640 б.
2.
Дмитриев В. И. Прикладная теория информации. - М.: Высшая школа, 1989. - 320 б.
3.
Епанешников А.М. Delphi. Создание СУБД. - М.: Мир, 2001. - 640 б.
4.
Куправа Т.Д. Создание и программирование баз данных средствами СУБД. - М.: Мир, 1991. - 280 б.
5.
Питерсон У., Уэлдон Э. Коды, исправляющие ошибки. - М.: Мир, 1976. - 544 б.
6.
Старовойтов Б.Б., Старовойтов С.Б. Создание баз данных в Delphi: ағыл. тілінен ауд. - М.: Мир, 2000. - 420 б.
7.
Хомоненко А.Д., ЦыгановВ.М., Мальцев.М.Г. Базы данных. Учебник для ВУЗов. - СПб.: Питер, 2000. - 450 б.
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстан нарықтық экономикасы дамыған елдің бірі ретінде танымал. Өте аз уақыт аралығында Қазақстан экономикада үлкен өзгерістер жасады. Сонымен қатар әлемдік мәдениетте, жаңа технологияны қолдануда үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі байқалады. Біздің ғасырда компьютерлік құралдардың көмегімен ақпараттарды өңдеу және тарату, олар арқылы қарым-қатынастар ұйымдастыру заманы.
Қазіргі жағдайда мекеме басшыларына көп көлемдегі ақпараттармен жұмыс істеуге тура келеді, ол ақпарат жылдам өзгерісте болады, сондықтан да оны қолмен өңдеуге мүмкін болмайды.
Құжатталған мәлiмет басқаруды негiздейді, оның тиiмдiлiгiн өндiрiс және мәлiметтiң тұтынуында едәуiр дәрежеде құрайды. Мәлiмет қазiргi қоғамда өндiрiстiң бағалы қоры, қоғамның әлеуметтiк және саяси өмiрiнiң маңызды элементi болды. Мәлiметтiң сапасын басқару сапасы анықтайды. Басқару сапасын жоғарылату үшiн қазiргi кезенде құжаттармен жұмысты әбден жетiлдiруге жеткiлiктi көңiл бөлу керек, өйткенi басқарушылық шешiм әрдайым әр түрлi негiздерге құжат табылған мәлiметте сақтаушысы болып негiзделедi.
Соңғы кезде ұйымдардың көбісі серiктестiктiң басқарылуының жақсартулары мәселесіне соқтығады: еңбек өнiмдiлiгі, еңбек шығынын жоғарылату, бизнес-процесстер мүмкiндiгін зерттеп отыруы, жақсартуы, жұмыс уақытының ықшамдауы, үнемдеу бақылаудың жақсартуы және әрi қарай. Ұқсас есептердiң iске асыруларын автоматтандырылған жүйенi енгiзу жалғыз әдiс болып табылады.
Экономиканың әртүрлі салаларында автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс нәтижесін анықтайды. Бізді қоршаған әлемнің айналысындағы мәліметтердің ағыны өте зор. Уақыт бойынша олар тенденцияның арту жағына ие болып отыр. Сондықтан, үлкен, не кіші ұйым болсын, әрбір мұндай ұйымның тиімді жұмыс атқарылуын қамтамасыз ететін деректерін басқару мәселесі орын алады. Кейбір үйымдар ол үшін папкалары бар шкафтарды, ал көпшілігі үлкен көлемді мәліметтерді жүйелейтін, құрылымдайтын және нәтижелі сақтайтын деректер қорын - автоматтандырылған әдістерді қолданады. Қазіргі кездің өзінде көптеген қаражаттық, өнеркәсіптік, саудалық және т.б. ұйымдардың жұмысы деректер қорынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Егер осы автоматтандырылған жұмыс орындары болмаса, онда ұйымдар өздерінің мәліметтерінің көптігінен тұншығып қалар еді .
Берілген мәліметтерді компьютерлік негізіне ауыстырудың көптеген маңызды себептері бар. Деректер қоры мәліметтерді сақтап, құрылымдап, қажетті түрде пайдаланушыға ұсына алады. Клиентсерверлік технологияларды қолдану маңызды құралдарды сақтау, ал ең бастысы қажетті мәліметті алу кезінде уақыттың үнемділігі, сонымен қатар деректерді кешендік өңдеудің және оларды сақтауды орталықтандыруға негізделген енгізу мен рұқсат етілуді оңайлатады.
Мәлiмет және документ айналымының көлемдерiнiң үлкею қажеттiлiгі бiрiншi орынға документ айналымының процесстерiнiң автоматтандыруын құрады, яғни ашық қора және қазiргi ДҚБЖ-нің қолдануы бар деректер қорларының жасауы.
Жүйелік құрылғылардың, деректерді тапсыру құралдарының, жадының дамуынан басқа, пайдаланушыға сауалдарды енгізуге, файлдарды оқуға, сақталған деректерді модифицирлеуге, жаңа деректерді қосуға немесе сақталған деректердің негізінде әртүрлі шешімдерді шешуге мүмкіндік беретін адам - Электронды есептеуіш машина диалогын қамтамасыз ететін құрал қажет. Бұл функцияларды қаматамасыз ету үшін арнайы құрал - деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) құрылды.
Бұл жүйені құрудың актуалдылығы: корресподенциялар санының тез өсуіне байланысты барлық түскен кіріс корресподенцияларын күнделікті кіріс корресподенциялары журналында, ал шығыс корресподенцияларын шығыс корресподенциялары журналында жұмыс номенклатурасына сәйкес тіркеу қажет. Тіркеу жұмыстарымен құжат өндіруші айналысады - банктің барлық корресподенциялары үшін кіріс және шығыс нөмірлерін қолмен тағайындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен есептері жаңа құрал ретінде жобалау әдістері мен технологияларын, программалық жабдықтарды пайдалана отырып, БТА Банкі мысалында банктің құжатайналымының (кіріс және шығыс корресподенциялары) компьютерлік жүйесін құру.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста мына есептер шығарылуы тиіс:
пәндік облысқа жобалау алдындағы талдау;
зерттеп отырған аумақпен толық танысып шығу үшін, осы бизнес-процесс жұмысын автоматтандыру арқасында қандай мақсаттар орындалатынын айқындау;
есептің қойылымын айқындап, ақпараттық жүйе құру технологиясын таңдау;
автоматтандырылатын мәселелер кешенін ақпараттық қамсыздандыру үшін кіріс, шығыс ақпараттарын қарастыру;
кіріс және шығыс ақпараттарының байланыстарын көрсету үшін бизнес - процестің ақпараттық моделін құру;
пайдаланушы мен жүйені байланыстыратын интерфейсті құру;
құрылған программалық өніммен жұмыс істеу нұсқасын келтіру; жобаның экономикалық тиімділігін анықтау;
ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау кешендерін қарастыру.
Жұмыстың негізгі жаңалығы: құжаттармен жұмыс жасайтын маманның тіркеуге кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін банктегі кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізу журналына комплексті автоматизация жүргізу.
Халықпен, жеке тұлғалармен жұмыс істеу БТА Банкінің негізгі саласы болып табылады. Банк зейнет ақыларды, еңбек ақыларды, жәрдем ақыларды төлейді, аударушыларды, сондай - ақ, халықаралық, коммуналды төлемдерді жүргізеді және т.б. Толығымен айтқанда, БТА Банкінің халыққа көрсететін қызмет спектрі өте кең.
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Пәндік облысқа жобалау алдында талдау
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банк қызметінің мақсаты: елдің эканомикасының дамуына көмектесу, банк акционерлерінің таза табыс табуын қамтамасыздандыру болып табылады. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтердің үрдісінде босаған, басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді. Банкте өзінің қызметінің үрдісінде, ақша нарығында тауар болатын талаптар мен міндеттемелер бар. Клиенттердің салымдарын қабылдайтын банкте депозит деген міндеттеме бар.
Әртүрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банк жалпы ақша қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Банк басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әртүрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әртүрлі несиелермен немесе қолма - қолсыз есеп айырысу арқылы экономикалық үздіксіз қызмет көрсетуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банк өз қызметін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Сондай-ақ, халықпен, жеке тұлғалармен жұмыс істеу БТА Банкінің негізгі саласы болып табылады. Банк зейнет ақыларды, еңбек ақыларды, жәрдем ақыларды төлейді, аударушыларды, сондай-ақ, халықаралық, коммуналды төлемдерді жүргізеді және т.б. Толығымен айтқанда, БТА Банкінің халыққа көрсететін қызмет спектрі өте кең.
Банктің функционалды құрылымының иерархиясының төменгі сатысы болып жеке тұлғаларға, клиенттерге қызмет көрсету жүргізілетін қалалық кассалар (ҚК) табылады. ҚК-да кез - келген клиент өзіне шот аша, толтыра, жаба алады, өз шотынан ақша ала алады, коммуналды қызметке төлем жүргізе алады, аударуларды жібере және қабылдай алады, сондай-ақ, Money Gramm жүйесі бойынша халықаралықта кез-келген ұйымда ҚК-да жүргізілетін қаржылық операциялардың бухгалтерлік тіркеуі жүргізіледі, есеп берулер ҚК-ның барлық операциялары бойынша өңделеді. Содан кейін бухгалтериялардан супервизорлармен проводкалар қабылданады және бекітіледі, сосын Басты Банкте қабылданады, БТА Банкінің барлық операцияларды бірыңғай орталықтандырып тіркеу жүргізіледі, ол Басты Банк деп аталады. Қазіргі кезде ақпараттарды өңдеу және жоғарыға жіберу қай кәсіпорындар мен ұйымдарда аз уақытты алып және сенімді болса, солар барлық уақытта ұтады. Бәрімізге белгілі ақпаратты сапалы өңдеу және беруде компьютерді қолданады, осы ақпаратты өңдеу үшін программалық қамтама қажет. Осы жерде ескере кететін жайт, әртүрлі ақпараттар әртүрлі программалармен өңделеді. Кез-келген ақпарат кейбір программалық қамтамада өңделу үшін файл түрінде немесе электронды құжат түрінде ұсынылады. Егер 1 программалық қамтамадағы 1 файл 2 программалық қамтамада қабылданса, онда бұл файлды сондай-ақ транспорттық файл деп атайды.
Акционерлер Банктің үшінші эмиссия акциясын шығару туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік акция пакеті сатып алынды 11 млн. АҚШ доллар көлемінде синдикатталған зайымды тарту және үлестіру бойынша өлшемдер іске асырылған, 10 млн. АҚШ доллар көлемінде Банктің субординировалық облигациясын шығару бойынша жұмыс жүргізілген.
Несие жұмысын жетілдіру өндіріс секторының эканомикасының несие қарыздарының өсуіне, ірі корпаративті серіктестіктермен ұзақ мерзімді негізінде қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Банк қызмет көрсету спектірінің кеңеюі, банктік бизнес ұйымына жақындау табысты 40 %-ке өсуіне және клиенттерге қызмет көрсету денгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді .
БТА Банкі АҚ қазіргі кездегі ең ірі банкілердің қатарына жатады. Банкте көптеген бөлімдер жұмыс атқарады.
БТА Банкі АҚ құрылымдық схемасы көрсетілген. Құрылымдық схемадан БТА Банкі АҚ қандай бөлімдерден тұратындығын байқауға болады. Мұнда әр бөлімнің атқаратын қызметі әр түрлі.
БТА Банкі АҚ-ның жеке кәсіпорын ретінде өзінің ерекше құрылымы бар. Банклік құрылымды, оның қызметін қамтамасыз ететін банк бөлімшелерінің жиынтығы деп түсінуге болады, (бөлім, сектор, қызмет басқару). Банктің мәні: нақты функцияны және олперацияны орындайтын коммерциялық кәсіпорын ретінде, оның ұйымдық құрылуына өз ізін салады, яғни басқару ақпарат құрылымы.
Банк өзінің еншіле банктерін, филиалдары және өкілдіктерін Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіпте, Қазақстан Республикасының территориясында, сондай-ақ оның маңынан шығып ашады (сурет 1).
БТА Банкінің ұйымдық құрылымдық схемасы

Филиал директоры

Хатшы
Юрист

Директордың орынбасары

Инкасация және қызметтік қорғанныс бастығы
Бас бухгалтер
Кредит бөлімінің бастығы

Бас бухгалтердің орынбасары

Кредит оперциясы бойынша маман
Жеке тұлғалармен жұмыс атқаратын менеджер
Экономика бойынша қорғаныс

Заңды тұлғалармен жұмыс атқаратын менеджер

Күзет

Валютаны бақылау бойынша маман

Инкасатор
Материалдық бухгалтер

Жүргізушілер
Кассир

Касса меңгерушісі

Техникалық қызметкерлер
Комунальдық төлем бойынша басменеджер
Завхоз

Сурет 1

Бүкіл таңдалған стратегияның ақша табысын құру маңыздылығы банктің ұйымдық құрылымы болып табылады. Банктің қалай құрылған, оның қарым-қатынастары қалай келтіргені, оның және барлық басшылық қызметі басшылыққа байланысты.
Банклік операцияның классификациясы арқылы, олардың фукциональды белгілеуі бойынша банктің басқарылуы құрылады. Функция және міндеттер әр бөлімге мамандарға белгіленген, оны қызмет инструкциясы дәлелдейді.
Қызмет инструкциясы өзіне: бөлімнің жалпы жағдайын, құқығын, міндетін және жеке құрылымдық бірлікті кіргізеді.
БТА Банкі АҚ төрағасы жалпы басшылыққа жауап береді. Оның негізгі міндетінің стратегиялық бағытын қабылдайды. Банктің қызмет жағдайын талқылайды және оның құрылымы туралы шешім қабылдайды.
Банк төрағасының орынбасарлары бөлімшелерді және экономикалық құқық сұрақтары бойынша банк бөлімдерін тексереді. Директор болмаған жағдайларда қызмет міндетіне сәйкес оның міндеттерін орындайды.
Фронт офис - банклік секторлардың киімдерін сатумен айналысады.
БЭК офис - қаржы тәртібін орындауды, бухгалтерлік, несиелік қызметтері, инкассацияны қорғау жұмысын, банктің шаруашылық қызметінің қызмет көрсету сұрақтарын жүргізеді.
Бас бухгалтер бухгалтерлік бөлім және есеп берушілікті іске асыруға басшылық етеді. Бұл филиалдың директоры сияқты Алматының бас басқармасына бағынады. Бөлімнің басты міндеті ұлттық және шетелдік валюталарды барлық операциялардың дұрыс жүргізілуін тексеру; негізгі құралдар және тауар материалдық құндылықтар бойынша есеп жүргізу.
Заңды бөлім - филиалдың барлық бөлімдерімен және қызметінің құқықтық ісін қарастырады.
Несие бөлімінің міндеті болып қозғалыс түрлері және несие шарты сұрағы бойынша методикалық басқару, депозиттерді алу және сауда ұсынысымен келісім-шарт табылады, қаржы шаруашылықтарының кері нәтижесін алдын-алу, банк қызмет түрін жетілдіру; кредиттік-депозиттік жұмысты ұйымдастыру.
Операциялық бөлімнің жұмысын бірнеше мамандар қамтамасыз етеді: ақшаны теңгеге және шетел валютасына айналдыру жөніндегі менеджер, қарамағындағы барлық ҚРҰ бар комуналды класс жөніндегі менеджер, заңды тұлғалармен жұмыс істейтін менеджер, (есептеу-касса, операция секторы), несие және депозит операция жөніндегі менеджер.
Есептеу - касса операция секторы кассалық жұмыс дамыту клиенттерге қызмет көрсету сервисін жоғарлату жоспарын қамтамасыз етеді.
Инкасация - қызметі банк бөлімшелерін үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастырады, басқада кәспорындардың ақша түсімдерін қамтамасыз ету кезінде мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік бөлімі - қызметі банк жұмысының еңбек қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1.2 Mәліметтерді өңдеудегі қолданылытын технологиялардың жалпы мінездемесі
Соңғы он жылдықта ақпараттық жүйені жобалауды автоматтандыру облысында CASE (Computer-Aided SoftwareSystem Engineering) жаңа бағыты құрылды. CASE технологиялары - ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістері. Сонымен қатар жобалау облысын модельдеп нақты көрсете алатын инструментальды құралдар. Жобалау әдістері мен оның инструментальды құралдары (CASE құралдары) кез келген ақпараттық жүйені жобалаудың маңызды бөлігі болып табылады.
CASE - құралдарының негізгі мақсаты ақпараттық жүйе жобасын анықтау, сонымен қоса жүйені өңдеу және жөндеу процесін максималды автоматтандыру болып табылады. CASE - құралы жүйені өңдеуді жүргізуде жеке есептердің шешімдерін автоматтандыру және жеңілдету үшін арналған, сол үшін өңдеушілердің еңбектерінің өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, CASE - құралдар жобаның спецификация фрагментін орындалатын кодқа автоматты түрде қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл дайын жүйенің құрылуы бойынша жұмыс көлемін қысқартуға, сонымен қоса кодтау кезінде программаға енгізілген қателер санын қысқартуға мүмкіндік береді. CASE термині программдық қамсыздандыруды компьютер арқылы құру деп аударылады. Қазіргі кезде бұл терминнің мағынасы үлкен, яғни жүйені құруды автоматтандыру. Сондықтан CASE-технология - ол күрделі жүйені талдау, жобалау, құру және жүргізу методологияларының жиынтығы. Көптеген CASE - жүйелерде құрылымдық талдау методологиялары қолданылады. Ол методологиялар диаграммаларға негізделген және жобаланатын жүйенің моделін суреттеу үшін графтар, диаграммалар, таблицалар және схемалар қолданылады. Мұндай диаграммалар жобаланатын жүйені жалпы қарастырып, сонан соң детальдан бөліп суреттейді.
Құрылымдық методология басында программдық қамсыздандыруды талдау және жобалау құралы ретінде қолданса, қазіргі кезеңде оны қолдану ортасы үлкен. Сондықтан CASE-технологиялары жүйелерді (бизнес программаларды) модельдеу үшін, атап айтқанда мына облыстарда қолданады:
Бизнес-талдау (ұйымдардың жұмыс істеу моделі, жүйелік құрылымдық талдау әдістері арқылы құрылады және оны қолдайтын CASE-құралдары қолданылады).
Құрылымдық талдау және жобалау.
CASE-технологиялары бастапқыда құрылымдық методологияны қолданғандағы құрудан және т.б. себептердің қиындығына байланысты дамыды. Сондықтан CASE-технологиялары жеке дара методология болып саналмайды, олар тек құрылымдық методологияларды дамытады және автоматтандыру арқасында оларды қолдану тиімді болып табылады, яғни CASE-технологияның негізгі белгісі құрылымдылық жүйелік талдауды қолдау.
Бизнес-процессті басқару кезеңінде барлық материалдық, қаржылық, ақпараттық ағымдар бір-бірімен байланысты түрде қаралады. Жүйенің жалпы түрде қарап сонан соң оны бөлшектеп бөлу (детализация) арқасында, зерттеп иерархиялық құрылымда көрсету зерттеу әдісін құрылымдылық талдау дейді, яғни құрылымдылық талдау әдістері:
1) үлкен жүйелердің қиындығы оны бөліктерге бөлу арқылы жеңілдетіледі;
2) құрылымдылық әдістер негізі - ол иерархия;
3) графикалық нотациялар кеңінен қолданылады.
Құрылымдылық талдаудың барлық методологиялары ортақ принциптерге бағытталған. Екі негізгі принципі: бөл де билік жаса және иерархиялық реттеу принциптері.
Бөл де билік жаса принципі бойынша - қиын проблемаларды жеңіл түсіну және шығару үшін көптеген есептерге бөледі.
Иерархиялық реттеу принципі оны толықтырады: проблеманы түсіну жеңіл, егер ол бөліктерге бөлінсе. Бұл принциптерден басқа негізгі принциптер:
1) Абстракциялау принципі - проблеманы жай жалпы түрде көрсету мақсатында жүйенің негізгі аспектілер позициясын көрсетіп, негізгі емес позицияларына зер қоймау.
2) Формалдау принципі - проблеманы шешу кезеңінде қатал методиканы сақтау.
3) Жасыру принципі - нақты қадам кезінде негізгі емес ақпаратты жасыру, әр бөлім тек қана өзіне керекті ақпаратты ғана біледі.
4) Толықтыру принципі - артық элементтердің барлығын бақылауда ұстау.
5) Қарама - қайшылық емес принципі - элементтердің негізделуі мен келісімділік.
6) Мәліметтердің тәуелсіздік принципі - модельдің мәліметтері логикалық өңделу процесіне байланыссыз талданылуы қажет.
7) Мәліметтердің құрымдалынуы және иерархиялық ұйымдастырылуы қажет.
Жүйені құруда автоматтандырылатын функцияларға бөлу құрылымдық бағыттың негізі: жүйе функцианалды подсистемаларға, олар подфункцияларға, подфункциялар - есептерге, ары қарай нақты процедураларға дейін бөлінеді. Бұл жағдайда автоматтандырылатын жүйе бүтін түрде көрсетіледі, ондағы барлық компоненттер бір-бірімен байланысты.
Құрылымдылық бағыт жүйенің функционалдық құрылымын және мәліметтер арасындағы байланысты суреттейтін 2 құралдар группасын қолданады. Әр құралдар группасына модельдер (диаграмма) түрі сәйкес келеді, олардың ішіндегі ең кеңінен таралғандары:
DFD (Data Flow Duagrames) - мәліметтер ағымының диаграммалары.
SADT (Structured Analysis and Desingn Technigue) - модельдер және функцианалды диаграммалар.
ERD - байланыс - маңыз диаграммалары.
Модельдеудегі негізгі жұмыс элементі - диаграмма. SADT моделі диаграммаларды иерархиялық құрылымда ұйымдастырады. Диаграммалардың құрамына модельдейтін жүйені суреттеу үшін блоктар, доғалар кіреді. Доғалар блоктарды бір - бірімен байланыстырады және блоктар арасындағы қарым-қатынас пен тәуелділікті суреттейді. Диаграммадағы блоктар тіктөртбұрыштар көмегімен және кәдімгі тілде текст арқылы көрсетіліп, оның белсенділігін суреттейді.
SADT әдісінде блоктың әр бұрышының өзінің маңызы бар: блоктың сол жағы Кіріс үшін, оң жағы - Шығыс үшін, бас жағы - Басқару үшін, төменгі жағы - Орындаушылар үшін арналған. Блокты осындай көрсетудің принципі бар: Кіріс Шығысқа айналады, Басқару Орындау міндеттерінің ерекшелігін көрсетеді, Орындаушылар не құрал арқылы түрлендіруге болғанын суреттейді.
Доғалар SADT методологиясында құралдар жиынтығы арқылы көрсетіліп, кәдімгі тілдегі текст арқылы жүргізіледі. Құралдар 4 түрлі қарым-қатынаста болуы мүмкін: Кіріс, Шығыс, Басқару, Орындаушы. Кіріс доғалар белсендіктер арқылы өңделеді. Басқару доғалары белсенділіктердің басқару жұмыстарын суреттейтін ақпараттар. Шығыс доғалары Кіріске айналатын құралдарды суреттейді. Орындаушы доғалар белсенділіктердің нәтижелерін көрсетеді; SADT - блогының мысалы (сурет 2).

Модельдер және функцианалды диаграммалар мысалы

Заңдар Уақыт Баланс

Банктік
жұмыс
Кіріс құжаттары Шығыс құжаттары

Мамандар Техника

Сурет 2

Блоктар арасындағы қатынасты көрсету үшін SADT технологиясында 5 түрлі бір-бірімен байланыс түрлері қолданылады: Басқару, Басқару кері байланысы, Кіріс кері байланысы, Шығыс - Орындаушы.
Басқару және Кіріс қатынасы қатынастың ең қарапайым түрі - тіке әсер етуді суреттейді. Егер бір блоктың Шығысы екінші блокқа әсер етсе Басқару қатынасы пайда болады. Егер бір блоктың Шығысы екінші блоктың Кірісі болса Кіріс қатынасы пайда болады. Егер қайсы бір блоктың Шығысы бір блокқа әсер етсе. Басқару Кері байланысы, ал бір блоктың Шығысы басқа блоктың Кірісі болса - Кіріс Кері байланыс қатынасы пайда болады. Егер белсенділіктің Шығысы басқа белсенділіктің мақсатын орындау құралы болса, онда Шығыс - Орындаушы қатынасы жағдайы болады.
Анық бір моментке модельді құру жағдайын сол қалыпта - as is моделі дейміз. Ол жүйенің жұмыс істеуінің жаңа моделін (қалай болу керек - to be моделі) құруға қолданылады.
Ұйым жұмысының барысын жақсарту үшін бизнес-процесстерді радикалды қайта жобалап, фундаментальды өзгертуді реинжиниринг дейді.
Бизнес-процесс реинжинирингінің мақсаты: материалдық, қаржылық және ақпараттық ағымдарды жүйелі қайта ұйымдастыру - ол ұйымдық құрылымды қысқартуға, әртүрлі ресурстарды қолдануды минимизациялауға, клиенттердің қажетті заттарын беру мерзімін қысқартуға және т.б. бағытталған:
сол қалыпта - as is моделі ұйымдағы жұмыс осы моментке қалай болып тұрғанын көрсетеді. (ұйымдық құрылымын, бөлімшелер қарым-қатынасын және т.б.);
(қалай болу керек - to be) моделі ұйым жұмысының болашақтағы жаңа рационалды технологияларын айқын көрсетеді.

1.3 Ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өңдеудің технологиялары
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық логикалық және обьектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі процедуралық программалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі-бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - C++, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалық прораммалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде, программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде, Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual - көзбен көру, экрандық). Олар әсіресе, Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994ж жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 - нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999ж, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты, 5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса, 1991жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады (Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес). Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде ұсынылып отырған кітапта қарастырылмаған кейбір өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-де Паскаль тілінді орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Windows-тің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компонентік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп аталады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: Әр қосымша кітпаханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп аталады. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client-Server), екіншісі - қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi-мен жұмыс істеушілерге арналған әдетте пайдаланылатыны - екінші түр.
Delphi-де Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып онда компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет. Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп, нақты есептерді шешу программасын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады. Ол үшін кітапқа енгізілген программаларды іс-жүзінде орындап және оларға түрлі өзгерістер енгізіп, жаттығу да мүмкін. Жетістік тек тәжірибеге байланысты.
Delphi-дің мүмкіндіктерін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Мұнда студенттер мен өз бетінше оқып үйренушілер үшін қажетті негізгі материалдар қарастырылған Delphi-ді терең оқып үйреніп күрделі қосымшаларды дайындауға машықтанушылар үшін кітап соңына әдебиеттер тізімі енгізілген.
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы: Іске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 - Delphi 6. Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді.
1) Delphi 6 - нің негізгі терезесі.
2) Форма (Form1).
3) Объект инспекторы терезесі (Object Inspector).
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады (Unit1. pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пункттеріне (ішкі мәзірлерге) Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View - Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, амғымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады. Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні бір рет шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі бар. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events(Оқиғалар). Терезе ашылған екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндері.
Форма қасиеттері:
Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнынан KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) - формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
Color (Түс) - форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі - қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (ені), Height (Биіктік) - пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады). Объект қасиетіне программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға Form1.FontSize:=14 меншіктеу операторын енгізуге болады. Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi - де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін Сократ 97 сияқты арнайы дайындаған программаны пайдаланған жөн. Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View - Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі. Delphi - де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button 1 компонентін шерту Click (шерту) оқиғасын шақырады. Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксі(қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick - тышқан түймесін бір рет басу.
OnDblClick - тышқан түймесін екі рет басу.
OnKeyDown - клавишті басу.
OnKeyUp - басылған клавишті босату.
OnMouseDown - тышқан түймесін басу.
OnMouseMove - тышқан көрсеткішін жылжыту.
OnCreate - форманы екі рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
форманы жабу (жабу түймесін шерту);
код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады, т.б. Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы деп аталынады.
Машина ішіндегі жүйелік интерфейс - ол дербес компьютердің блоктарын және құрылымдарын байланыстыратын және бір-біріне сәйкестендіретін жүйе. Басқаша айтқанда, ол электірлік байланыстыратын проваттор. Жүйелік интерфейс ретінде жүйелік шина қолданылады, яғни кенейту шинасы ISA (Industry Standard Architecture) өндірістік стандарт архитектурасы 16-разрядты деректер және 24-разрыдты адрес шинасы, такт жиілігі 8МГц жұмыс істеу жақсартылған. Қазіргі шинанын аты EISA (Extended ISA) бул шинада 32-разрядты деректер бар. Бұл шинаның адрес кенестігі 4Гбайт, өткізу мүмкіндігі 33МБс.
Программалық жабдық бір басты және бірнеше қосымша терезеден құрылған. Программалық жабдықтың басты модулі Delphi ортасында дайындалған. Қарастырылып отырған файлдың uses бөлімінде компьютерлік жүйенің қолданған барлық модульдері сипатталған. Программалық жабдық қосылғанда, басқару жұмысының барлығын өзі алады. Бұл модулде қосымшаның инициализациясы жүреді, егерде программалық жабдық қосылған болса, басқару жұмысы алғаш қосылған программалық жабдыққа беріледі. Басқа жағдайда басты жаңа терезе құрылады және компьютерлік жүйенің басты диспетчері болады.
Программалық жабдықта қолданылатын әрбір қосымша терезелердің атқару жұмыстарын, міндеттерін қарастырып өтелік:
Программалық жабдық іске қосылу барысында шығатын терезе. Бұл терезе программалық жабдықты іске қосқанда, программалық жабдық жүктелгенге дейін уақытша көріну терезесі. Бұл терезе автоматты түрде программа іске қосылғаннан кейін өшеді.
Программалық жабдықтың басты терезесі - маманның ең негізгі терезесі болып саналады. Бұл терезе арқылы барлық басқа қосымша терезелерге еніп, жұмыс операцияларын орындап шығуға болады. Бұл терезе бас терезе болып табылады, мұнда мәліметтерді енгізу терезелеріне, ақпараттардың нәтижелеріне және қажетті ақпарат анықтамасы терезелеріне кіруге мүмкіндік бар.
Кіріс корреспонденция журналы (кірісшығыс ақпараттары). Бұл терезеге статьялар, кіріс нөмірі, кіріс уақыты, шығыс нөмірі, шығыс уақыты, корреспонденттер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасы - Лекция
Delphi компоненттерінің анықтамалығын құру технологиясы
Delphi-де мәліметтер қорын құру құралдары
Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Компьтерлік қызмет көрсету орталығы
DELPHI-дiң графикалық мүмкiндiктерi және қолданбалары
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Қасиеттер тізімі
Пәндер