Кестелер шебері режимінде кесте құру
Мәліметтер базасы - белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді, олардың касиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер базасын басқару - мәліметтермен жан жақты қатынас құра отырып, олардың өнделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.
Microsoft Access СУБД - сы Windows ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реакциялық мәліметтер базасының 32-разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows - технологиясының барлық жақсы қасиетін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден және жазбалардан тұратын мәліметтер.
Кесте - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістен және жазбалардан тұрады.
Жазба - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс - кестедегі бағана немесе тік жол. Access - те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Объектінің әрбір сипаты белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларынан бөліп идентификациялау үшін пайдаланады және ол бір немесе бірнеше өрістен тұру мүмкін.
Түйінді өріс - кестедегі жазбаларды таңдап алу үшін мәндері қолданылатын негізгі өріс.
Кілт немесе түйін - кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.
Сұраныс - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа кестелер құруға болады.
Форма - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
Басылым (Отчет) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелі құжаттар.
Индекс - индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы - кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.
Конструктор - мәліметтер базасының объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
SQL - құрылымды сұраныстар тілі. Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндіктерінің шектеулігі оны бірсыпыра программаларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.
Шебер - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.
Access - те бірсыпыра Шебер программалар тобы бар, олар:
# мәліметтер базасының шебері - көптеген үлгі ретінде берілетін типті қолданбалы программалар үлгісін ұсынады;
# формалар мен басылымдар жасау шеберлері - көп кестелі формаларды және басылымдарды жасау процесін тездетеді және жеңілтеді;
# ауыстыру шебері - бір кесте өрісінде басқа кестеден қажетті мәнді енгізуге арналған ашылмалы мәндер тізімін жасайды, т.б.;
Гиперсілтеме - белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер Access мәліметтер базасын Интернет файлдарымен не басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу, көру үшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып көрсетіліп тұрады.
Макростар кейбір оқиғаларға жауап ретінде орындалатын әрекеттердің сипаттамасы болып табылады. Әрбір әрекет қажетті параметрлерді таңдап алуға және оларды автоматтандырылған режимде енгізуге болатын макрокомандамен іске асырылады. Макрос бір қолданбалы программада мәліметтерді өңдеудің жекелеген операцияларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Модульдерде Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.
Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шығаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батырмалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор, Шебер программалары жатады.
Access-ті іске қосу Пуск--Программалар--Microsoft Access командаларымен орындалады немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту арқылы жүзеге асады.
Негізгі меню ағымдағы жұмыс режиміне байланысты өзгеріп отырады, оның құрамына келесі пункттер кіреді: Файл, Түзету, Түр, Кірістіру, Сервис, Терезе, Пішім, Жазбалар, Сұраныс, Іске қосу, Байланыстар, Сүзгі, Анықтама. Меню пунктін Alt пернесімен бірге команда атында асты сызылған әріпті бір мезетте қатар басу жолымен немесе тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдауға болады.
Мәліметтер типі және өріс қасиеттері
Әрбір Access мәліметтер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер суреттеледі. Өрістер объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс үш элемент арқылы сипатталады:
1) Өріс - өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;
2) Мәліметтер типі - өрістегі мәліметтер типі;
3) Сипаттама - өріс қызметіне түсініктеме беру;
Access - тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:
# Мәтіндік - ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет;
# МЕМО өрісі - 32000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі - өрістегі ақпараттар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол ақпараттардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;
# Сандық - сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нүктелі.
# Бүтін сандар - 32768 бен 32767 аралығында, көп разрядты бүтін сандар - 2147483648 бен 2147483647 аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298Е-45 пен ...402823Е38 аралығында анықталған болу тиіс. Нақты енгізілетін өріс үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;
# Дата уақыт - күн ай жыл форматында мерзімді және сағат: минут: секунд pm не am (pm - 12.00- ден кейін, ал am - 12.00- ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдап алмаған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері: Күннің толық форматы
(мысалы, 3.01.03 09: 00: 12);
Қысқа форматы (мысалы, 12.07.04); Орташа форматы (мысалы, 31- окт- 06); Ұзын форматы( мысалы, 21 май 2004г.);
# Ақшалай - ақшалай көрсетілген ақпараттарды енгізу үшін қажет. Жалпы айтқанда, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады. Дегенмен, осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімін қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+-900 триллион) жиі қолданылады;
# Санауыш - жазбалар реттік нөмірін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);
# Логикалық - логикалық мәліметтерді (ИәЖоқ, 01, АқиқатЖалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;
# OLE - Windows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы мәліметтер тізімінен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да, кестеде логикалық өріс жалаушалармен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен шертіп Иә мәні b белгісін орнату арқылы, ал Жоқ мәні өрісті бос қалдыру арқылы енгізіледі.
Бұдан басқа, Жалпы ішкі бетінде өрістің бірсыпыра қасиеттер жиыны беріледі, Алмастыру ішкі бетінде басқару элементінің типі көрсетіледі. Олар Access өрістердің 11 түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарастырып шығайық:
1. Өрістің ені мәтіндер үшін алдын ала келісім бойынша 50 символ болып алынған, сандық өрістер үшін мына типтердің біреуі алынады: Байт, бүтін сан, ұзартылған бүтін сан, жылжымалы нүкте ені 4 немесе 8 байт, репликация коды;
2. Формат - қағаздағы және экрандағы ақпарат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz