ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Интернет дегеніміз не ?

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, хаттама (протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио, бейнематериалдар, т. с. с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.

Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне - Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (конференциялар) жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап - байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанымен, кез-келген жағдайда ақпаратты бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының (түйіндерінің) бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Ақпаратты тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі - дестелерді (пакеттерді) коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының жоғарлығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі саналды.

Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын фрагменттерге (пакеттерге) бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықта орналасқан түйінді (негізгі) компьютерлер арасында пакеттер бір-бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдам жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болды. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.

Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай , барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни әрбір желі торабында компьютер мәліметтерді қабылдау/жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларда ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алатын еді.

Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай-ақ Internet (желі аралықтары) - желілерді біріктіру термині пайда болды.

Сонымен, Интернет - барлық жүйелер хаттама деп аталған біріңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды) компьютерлік желі.

Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:

  • Техникалық немесе аппараттық компонент;
  • Программалық компонент;
  • Ақпараттық компонент.

Аппараттық компонент. Интернеттің аппараттық компоненті компьютерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізгі әр түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады.

Ол елдегі автомобиль жолдары тәрізді, оның бір бөлігі істен шықса да, айналма жолдар арқылы кез-келген селоға, қалаға баруға мүмкіндік бар. Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және серіктік арналарынан, радиореле жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады.

Программалық компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз етеді.

Программалар:

  • Мәліметтерді кез-келген байланыс арналары арқылы тасымалдайтындай және кез-келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
  • Біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
  • Тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді;
  • Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы аймақтар табылса немесе мәліметтер көлемі тасымалданатын шамадан тыс кеткен аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.

Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциялары:

  • Ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңдау;
  • Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;
  • Аппаратураның функционалды сәйкестіктерін қамтамасыз ету істері болып табылады.

Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:

  • Сервер→программалар→тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады;
  • Клиент-программалар, тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

Ақпараттық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын әртүрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі - олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін - бір компьютерде, дыбыс пен әуен - екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді. Желідегі құжаттар бір - бірімен сілтеме адрестерімен береді.

Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және ақпараттық қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әртүрлі меншікте (мемлекеттік, қоғамдық, корпаративті немесе жеке меншіктерде) бола береді.

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ

IP-адрестер мен URL - адрестер

Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта - жеке физикалық адресі (IP- адрес) болады, Желідегі компьютерлер бір-бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы, 194. 84. 93. 29 немесе 128. 29. 15. 124, желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP-адрес алады, ол динамикалық IP - адрес деп аталады.

Осындай адрестеу тәсілі 256 4 =4, 3 млрд. адрес алу мүмкіндігін береді. Егер нақтылап айтар болсақ, мұндай физикалық 32 - разрядты екілік сан түрінде (4 байт) желіде айналыста болады.

Құжаттар үшін адрестің екінші түрі - URL-адрес (Uniform Resource Locator - Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады, мұндай адресте желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі.

Хаттамалар

Хаттамалар өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.

Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялақ жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:

  • Базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез-келген типтегі электрондық хабарларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы/ желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.

Интернет TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шаралар қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде, Интернет TCP/IP хаттамасы мен біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;

  • Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының - НТТР ( Hyper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP ( File Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т. б. жұмысын қамтамасыз етеді.

FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. ОЛ «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі - осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекет FTP хаттамасы атқарады.

Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі

Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдардың ұзақ цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай:

х аттама://компьютер аты. Домен аты [/каталог/подкаталог/файл аты]

Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, мicrosoft. com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог (бума) аттары мен файл (Web-парақтар) жазылады, мысалы, /mpress/cpnew. htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестерден мысал келтірейік:

http://www. microsoft. com

http://www. elitehouse. nursat. kz

ftp://mathsoft. com

http://www. translate. ru/ras/cpnew. htm

Аймақтық домен аттары

kz
Қазақстан
kz: kg
Қазақстан: Қырғызстан
kz: ru
Қазақстан: Ресей

Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы) көрсетеді.

Қызмет бабына қарай қойылған домен аттары

Домен
Мекеме типі
Домен: com
Мекеме типі: Коммерциялық ұйымдар
Домен: edu
Мекеме типі: Білім мекемелері
Домен: gov
Мекеме типі: Мемлекеттік ұйымдар
Домен: mil
Мекеме типі: Әскери ұйымдар
Домен: org
Мекеме типі: Басқа мекемелер
Домен: net
Мекеме типі: Желіні басқару мекемелері
Домен: int
Мекеме типі: Халықаралық ұйымдар

Аттардың домендік жүйесі

Аттардың домендік жүйесі (Domain Name System, DNS) домендік аттарды санмен жазылатын IP-адреске түрлендіреді. Осындай түрлендіру ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады.

DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды IP-адреске ауыстыруға қажетті ақпарат hosts файлында сақталатын еді.

Host (хост) - басты компьютер.

Интернеттің негізгі қызметтері

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары : WWW, FTP, Telnet, т. б. ; электрондық мәлімет алмасу үшін : E-mail, Usenet, ISQ, IRC, IP-телефония және басқалары.

Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.

WWW ( World Wide Web - дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі Гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.

WWW мен оның программалық жабдықтары - Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдар. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы - НТТР ( Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. Ол туралы 7 тарауда айтылған.

WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткіш, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Олар жайлы 4 тарауда айтылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді жиі қолданылады.

FTP . Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады. FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.

Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалармен өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.

E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол-желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрлықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.

Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар - тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымда, өнерде, спортта, т. с. с. ) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді - өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.

ISQ ( I seek you - мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

IRC ( Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-серверлері мен IRC-клиенттері көмегімен тұтынушылар бір-бірімен «виртуальды» әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.

IP-телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/IP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлы файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатын «Қазақтелеком» ААҚ-ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.

Internet Explorer - WWW-ке арналған броузер

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:

  • Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.
  • ретінде орындау (интерпретациялау), Web-парақтарды броузер жұмыс істейтін компьютердің мүкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.
  • Web-парақтардың құрамына кіретін мультимедиалық және басқа объектілерді бейнелеуге арналған, сондай-ақ программаны объектілердің жаңа типтеріне лайықтауға мүмкіндік беретін кеңейту механизмі жабдықтарын көрсету.
  • Web-парақтарды іздеу жолын автоматтандыру қамтамасыз ету және бұрында жұмыс істеген Web-парақтармен қатынас құруды жеңілдету.
  • Басқа Интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке (автономды) құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.

Internet Explorer программасы Web-парақтарды қарауға арналған. Ол бейнелейтін ақпараттың дыбыстық және бейне сүйемелдеулерімен қоса Web-парақтарды құрастырушылар жинақталған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды. Internet Explorer программасымен танысу үшін компьютерде Интернетпен байланыс орнатылуы тиіс.

Тақырыптан кейінгі жолда меню орналасқан. Менюдің көмегімен Internet Explorer программасының кез-келген командасын таңдау мүмкіндігі бар.

Менюдің төменгі жағында саймандар тақтасы бар. Бұл тақтада жұмыс кезінде бірқатар әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін беретін батырма белгілер орналасқан. Саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен орындалатын командалар сипаттамасы келесі кестеде көрсетілген:

Артқа (Назад)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшін Артқа батырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.
Артқа(Назад): Алға (Вперед)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Артқа батырмасының көмегімен орындалған әрекеттерді қайтадан алып тастайды. Артқа батырмасын шерткен соң немесе менюден Артқа командасын таңдағаннан кейін Алға менюінде бұрынан қаралған парақтардың ағымдағыдан кейінгі парақтар аттары шығарылады. Бұл парақтарды ретімен біртіндеп көру үшін Алға батырмасын басу керек. Алға менюін шығару үшін Алға батырмасының төмен қараған бағыттауышында (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын) басу қажет.
Артқа(Назад): Тоқтату ( Остановить )
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Web-парақты жүктеу жұмысын тоқтатады
Артқа(Назад): Жаңарту (Обновить)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Дәл сол мезетте қаралып отырған парақты қайтадан жүктеу мүмкіндігін береді. Егер парақты жаңарту командасы серверде орындалса, онда оның жаңа нұсқасы Web-парақтар жергілікті қатты дискіде уақытша сақталатын (кэштелетін) болғандықтан парақтың бұрынғы нұсқасын қарағандарға автоматты түрде қайта жіберілмейді. Web-парақтың қарап отырған нұсқасы соңғы екендігіне көз жеткізу үшін Жаңарту батырмасын шерту керек. Егер парақтың алғашқы жүктеуі көп уақыт алса, оны жаңарту да бірқатар ұзақ уақытқа созылады.
Артқа(Назад): Үйге (Домой)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Бастапқы парақты ашады.
Артқа(Назад): Іздеу (Пойск)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Іздеу жүйесіне сілтемелер жасауға мүмкіндік беретін тақтаны шығарады.
Артқа(Назад): Таңдамалылар, Журнал және Каналдар (Избранное, Журнал и Каналы)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Сәйкесінше Таңдамалылар , Журнал және Каналдар бумаларының бұтақтарын көрсетеді. Каналдар батырмасы Internet Explorer (ІЕ) 4 нұсқасында бар, ал ІЕ 5-те жоқ.
Артқа(Назад): Пошта (Почта)
Көру терезесінде бұрын бейнеленген Web-параққа оралу мүмкіндігін береді. Соңғы кезде бейнеленген парақтар тізімін қарау үшінАртқабатырмасының төмен қараған бағыттауышында тышқанды шерту (немесе осы батырмада тышқанның оң жағын шерту) қажет.: Тұтынушы таңдаған электрондық пошта клиентінің терезесін ашады. Үнсіз келісім бойынша бұл клиент Outlook Express болады, Шолушы қасиеті (Свойства обозревателя) терезесінің Программалар ішкі беті көмегімен басқа пошталық клиентті таңдап (мысалы Eudora), сол программа терезесін ашуға болады.

Саймандар тақтасының төменгі жағында өзіңіз қарағыңыз келетін парақ адресін енгізуге арналған өріс орналасқан. Адрес енгізуге арналған өріс орнына Web-парақтарға бірқатар сілтеме бар тақтаны орналастыруға болады. Сілтеме (Ссылка) - бұл Интернет желісіндегі қандайда бір Web-парақтың адресі бекітілген белгіше. Сілтемелер тақтасын шығару үшін тышқан көрсеткішін Сілтемелер өрісіне орналастырып шерту қажет. Қайтадан адрес енгізу өрісін шығару үшін Адрес өрісінде тышқанды шертеміз.

Қалып-күй қатары (Строка состояния) дәл сол мезетте Internet Explorer программасы орындаған әрекеттерді көрсетуге (индикациялауға) арналған. Internet Explorer-де кәсіби жұмыс істеу үшін осы қатардағы жазуды міндетті түрде дұрыс талдай білу қажет. Интернетпен жұмыс кезінде қалып-күй қатарына ақпараттар көзінің адрестері, күту режимі жөнінде, тапсырыс берген құжаттың дайындығы және басқа да пайдалы мәліметтер үнемі шығып тұрады.

Internet Explorer программасымен жұмыс істеудің негізгі принциптері

Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды іздеу және қарауды жеңілдету үшін Internet Explorer броузерімен жұмыс істеудің бірқатар тәртібін меңгеру қажет. Интернет желісін қарауды үй парағын, яғни Internet Explorer іске қосылған кезде ашылатын алғашқы парақтан бастауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Internet глобальді ақпараттық желісі
Интернетті пайдалану факультативтік курсын оқыту әдістемесі және телекоммуникациялық жобалар
Интернет
Компьютерлік желілер
Информатика пәні дәрістер кешені
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау
«Капитал-телеком» ЖШС-гі жөнінде мағлұмат және оның қызметі
Микропроцессорлық жүйенің желілері
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz