Формулалар және функциялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Есептеулер. Формулалар және функциялар.
Формула деп ұяшыққа тең = таңбасынан басталып енгізілетін символдардың тізбегін айтамыз. Бұл символдардың тізбегіне тұрақтылар, ұяшықтар адресі, функциялар операторлар енеді. Есептеулер нәтіжесі ұяшықта, ал формуланың өзі формулалар жатық жолында бейнеленеді. Функциялар стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады. Excel 9 топқа біріктірілген 400-ден аса бекітілген функцияларды қамтиды, олар: қаржылық (финансовые), дата мен уақыт, математикалық, статистикалық, сілтемелер мен массивтер, мәліметтер қорымен жұмыс, мәтіндік, логикалық, қасиеттер мен мәндерді тексеру. Есептеулерде бекітілген функциялардан басқа Excel құралдары көмегімен құрылатын қолданушы функцияларын да қолдануға болады.
Формулалар және функциялармен жұмыс жасау ережелері
Формулалар және функциялармен жұмыс жасаудың келесідей ережелерін атап айтуға болады:
1. Формулалар = таңбасымен басталады.
2. Формулалар бір немесе бірнеше функцияларға сілтемелерді қамти алады.
3. Әрбір функция атынан кейін жақша ішінде аргументер беріледі. Егер функция аргументтерсіз болса, онда оның атынан кейін араларында бос орын жоқ бос жақша болады.
4. Аргументтер үтір арқылы тізбектеледі.
5. Формула элементі мен функция аргументі ретінде ұяшықтардың адресі қолданылуы да мүмкін. Бұндай жағдайда есептеуге адресі формулада берілген ұяшықтағы мәліметтер қатыстырылады.
6. Формулаларда бос орын енгізуге болмайды.
7. Функция 30 аргументті қамтумен шектеледі.
8. Формулада қолданылатын арифметикалық таңбалар тізімі: +, -, , *, ^ (дәрежелеу), % (пайыздық мөлшерлеме) (қосымша 2).
9. Формулаға дата немесе уақыт форматтарындағы сандарды тікелей енгізуге болмайды. Формулада олар қос тырнақшаға алынып, мәтін түрінде енгізіледі. Excel формулалары есептелгенде оларды сәйкес сандарға келтіреді.
10. Формуланың ұзындығы 1024 элементтен аспайды.
Ұяшықтардағы мәліметтерді көшіру және орындарын алмастыру.
Ұяшықтағы (немесе ұяшықтар блогындағы) мәліметтерді көшіру үшін келесідей қадамды әрекеттерді орындау керек:
- көшірілетін ұяшықты немесе ұяшықтар блогын таңдаймыз;
- ТүзетуКөшіру (ПравкаКопировать) мәзірін таңдаймыз немесе контексті-тәуелді мәзірді шақырып, сосын Көшіру (Копировать) батырмасын басамыз немесе Ctrl+C пернелер комбинациясын басу;
- жаңа аймаққа ауысу;
- ТүзетуКірістіру (ПравкаВставка) мәзірін таңдаймыз немесе контексті-тәуелді мәзірді шақырып, сосын Кірістіру (Вставка) батырмасын басамыз немесе Ctrl +V пернелер комбинациясын басу.
Excel-де бірдей (ұқсас) мәліметтерді енгізуді автоматтау әрекетінің нәтижелі құралы ретінде толтыру (заполнения) механизмі қызмет етеді. Жатық жолдар мен бағандарды сандардың белгілі бір тізбегімен толтыру қажет болған жағдайда сандардың бастапқы екі мәнін енгізсек жеткілікті. Ал Excel қатарды өздігінен жалғастырып көрсетілген аймақты толтырады. Ол үшін тышқанның нұсқағышын толтырылған ұяшықтың оң жақ төменгі жағындағы кішкене квадрат қосу таңбасына айналатындай етіп орналастырамыз. Сосын тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып ерекшеленген аймақты толтыруға қажетті ұяшықтар бойымен кеңейтеміз. Егер бір ғана бастапқы мән берілсе, онда ерекшеленген барлық ұяшықтарда сол мән қайталана толтырылады.
Толтыру операциясын Формулалларға да қолдануға болады. Бұл әрекет адрестері әр түрлі ұяшықтар қатарында бірдей формулалар болған жағдайда қолайлы. Бұл жағдайда Excel программасы ұяшықтарды формулалалрмен толтыру кезінде көшірілген ұяшықтағы орналасқан формуланы қолданады. Осындай жағдайда Ұяшықтардың салыстырмалы сілтемелері жайында айтылады. Ұяшықтарды формуламан толтырудың әрбір нақты жағдайында қолданылатын адрестеудің түрін (салыстырмалы немесе абсолютті) анықтаған жөн. Салыстырмалы адрестеу формулаларды толтырудан шығатын адрестерде ұяшықтан ұяшыққа өзгеретін адрестерде қолданылады. Салыстырмалы сілтемелер жағдайында Excel формулаларды туындатқанда ұяшықтың адресін емес оның ішіндегі мәліметіне қатысты күйін (формулаға қатысты) сақтайды.
Егер формуланың адресі абсолютті болса, онда басқа ұяшықтарды формуламен толтырғанда берілген адрес өзгермейді. Сондай-ақ, Excel-де үрдіс кезінде туындаған формулалалрда сол бір ғана адрес қолданылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар
Excel электрондық кестесінің негізгі үғымдары
Функция. Excel-дегі функция мәні.While операторы
MS Excel электрондық кестесінде формуламен, функциямен жұмыс жасау және диаграммаларды құру
Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу
Microsoft Excel (Windows)
Сандарды таңба белгілерімен көрсететін жүйелік жол
Excel электрондық кестесі
Excel электрондық кесте құралдары
Ақпарат және информатика. Ехсеl электрондық кестесі
Пәндер