Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 190 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ПРОБЛЕМАЛАРЫ РҒПО

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Болат Әбдікәрімұлы

Гүлден Айқынбаева

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПКЕ ӨТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ғылыми басылым

Астана 2008

2

УДК 37. 015. 3(574)

ББК 74. 2 (2К) +88. 8

Ә14

Рецензенттер:

Абибулаева А. Б - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика

ғылымдарының докторы, доцент

Есеналина Н. Т. - Еуразия гуманитарлық институты педагогика

ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 12 жыл-

дық білім проблемалары РҒПО ғылыми кеңесінің шешімі бойынша

баспаға ұсынылған (№1 хаттама, 16. 01. 2008 ж. ) .

Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми-әдістемелік кеңесінің

шешімі бойынша баспаға ұсынылған (№49 хаттам, 30. 05. 2008 ж. ) .

Ә14 Әбдікәрімұлы Б., Айқынбаева Г. Қ.

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПКЕ ӨТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

Ғылыми басылым. - Астана: ЕГИ, 2008. - 284 б.

ISBN 978-601-7118-07-5

Басылымда 12 жылдық мектептің ерекшелігі, оның мәні, еліміздегі

12 жылдық мектепке өту мәселесінің әдіснамалық негіздері туралы

мәселелер қарастырылады. 12 жылдық мектептегі бейіндік және

бейіналды оқыту сұрақтары қамтылған.

Педагогика және психология мамандығының студенттеріне,

магистранттарына және 12 жылдық оқыту жағдайында жұмыс

жасайтын мектеп мұғалімдері мен әкімшілігіне, сол сияқты білім беру

саласындағы барлық педагог мамандарға арналған.

ISBN 978-601-7118-07-5 ББК 74. 2 (2К) +88. 8

© Әбдікәрімұлы Б., Айқынбаева Г. Қ., 2008

© ЕГИ, 2008

© Элит орталығы, 2008

3

КІРІСПЕ

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп,

адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек

білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке

тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік

құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса

назар аударарлық мәселе.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан»

атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің

сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес

ұлттық білім беру жүйесін құру екендігі қажет» - деп атап

көрсетті [1] . ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйе-

сіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің

енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеу-

меттік-экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті

жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім

жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап

қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің

бірі білім беру кезеңінде балалардың физиологиялық,

психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай

білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдауы, әр

салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі

үздіксіз білім беру саласының 12 жылдық білім беру

жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық

болып табылады.

Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы

жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, соның

ішінде көпжылдық білім беру бүгінгі күннің айқын талабы

екені көрінуде. Демек, 12 жылдық жалпы білім беру жеке

тұлғаны қалыптастырудағы жаңа жүйесімен білім мен

тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп,

оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейкесті мәселеге

4

айналып отыр. Осы қарама-қайшылықты шешу барысында

мынадай мәселелер туындайды: ол 12 жылдық білім беру

жүйесіне көшудің халық санына, мемлекет экономикасына

зиянсыз, зардапсыз, қиындықсыз енгізілуі және бұны

жүзеге асыру үшін тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын

табу.

Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім

берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен

енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Бұл жүйенің негізгі

принциптері Қазақстан Республикасының 2015 жылға

дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсе-

тілген [2] .

12 жылдық мектепте оқытуға көшу Қазақстандық

білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін

ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа

үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен», «Білім

әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және

әлімдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз

етеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министр Ж. Қ. Түймебаев өзінің 2007 жылдың 25 мамырын-

да «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «12 жыл-

дық білім - бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары

сатыда бейінді оқытуды көздейтін бірден-бір тиімді жол»

деп атап өтті [3] .

Қазақстандағы 12 жылдық білім беруге көшуге

даярлық барысында отандық және шетелдік оқыту

теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгілікті

дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған

әлеуметтік-психологиялық танымды дамытудың маңызы

зор. Отандық педагогикада адамзат жинақтаған тәжірибені

келесі ұрпаққа беру мақсатын сақтай отырып, негізгі

бағдардың жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін

5

арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға

бағытталғаны аса қажет. Сондықтан, білім берудің жаңа

ізгілік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс-тәсілдері

іздестіріліп, оқушының дүниені тұтастықта қабылдауы

арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу-басты

мәселелердің бірі.

Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей,

«Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан,

К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық,

басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны

айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы

орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның

айналасына шоғырландыра жүргізіледі».

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік білім

кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап

отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және

қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін

енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана

қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр [4, 5] .

Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия,

Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты

қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс

енгізу қажеттілігін дәйектейді. Біз бүгінгі күні осындай

әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды

қарастырып отырмыз.

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-

тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің

кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай

деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елде әлемдік

стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол

жеткізуге тиіспіз» - деген болатын Елбасымыз өзінің

Жолдауында [6] .

6

Қазақстан Республикасында 12 жылдық мектеп ашу

мынадай міндеттерді жүзеге асырғанда орындалады:

1. Жаңа құрылымның стандартын, тұжырымдамасын,

бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралда-

рын даярлап алу;

2. Мектепке дейінгі мекемелерді, мектептік және

мектептік емес мекемелерді іске қосу арқылы материалдық

базаны жақсартып 1-сыныпқа дейінгі балаларды

балабақшада тәрбиелеу арқылы ақыл-ойы дамыған, жан-

жақты жетілген сәбилерді тәрбиелеу;

3. Бастауыш мектептен бастап олардың жеке

қабілеттерін зерделей отырып, белгілі бір кәсіпке икемділі-

гіне алдын-ала зерттеу жүргізу, олардың жан-жақты ойлау

қабілеті мен дене тәрбиесін жақсарту, өз бетінше ойлауын

жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

4. Мектепте олардың ынтасы, әлеуметтік қабілеттері

өседі, адамгершілік қабілеті қалыптасып, өз алдына мақсат

қоя біледі, өзінің жеке тұлғалық пікірі қалыптасады, қоғам,

адам жөніндегі ой-танымы кеңейеді.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы және

орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім

берудің басты мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде

өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі

ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті,

шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру

болып табылады [7, 8, 9] . Сондықтан, жастарды білікті

маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру 12 жылдық

білім беру негізінде жүзеге асыруға болады.

Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның

өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге

қарай толықтырулар жасап отыр. Осы тұрғыда

ХХI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесі мен даму

қажеттіліктері шешетін міндеттердің сәйкессіздігімен

объективті қарама қайшылықтар тууда. Осындай қарама-

қайшылықтар білім беру жүйесін 12 жылдық мерзімге

ұзартуды негіздеп отыр. 2008 жылдың 12 ақпанында

7

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік

саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына

Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті -

2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі

мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың

сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Білім және ғылым

министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға

және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін

білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын

болсын» делінген [9] . Бұл Қазақстан Республикасындағы

білім берудің 12 жылдық мектеп жүйесіне ауысуын жан-

жақты қадағалап, олқылық жерлерін толықтырып, қайта

қарастыру мен тиімді жолдарын табуды негіздеп отыр,

өйткені жаңа үлгіге көшу бұл шешуші, әрі жауапты істің

бірі болып табылады, оған оқушының тағдыры тікелей

байланысты.

12 жылдық білім берудің көздейтін мақсаты -

еліміздегі білім беруді халықаралық білім кеңістігіне

енгізу, халықаралық білім беру талабымен сәйкестікте

болу, соның нәтижесінде еуропа елдері қабылдаған орта

білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру,

білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы,

жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-

қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының

қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-

ауқаттылығына, соның икемділігіне қол жеткізетін

тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі капиталын

құру.

Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен

даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және

алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданыла-

тын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту

үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпыұлттық

құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап

ететін тұрақты жүйелерден тұрады.

8

I. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚ

МЕКТЕПКЕ ӨТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. 12 жылдық мектепке көшудің

педагогикалық-психологиялық негіздері

Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр

кезеңіндегі айқындалған тенденциялары әр халықтың

гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгеріс-

тердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының

маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің интел-

лектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени

қарымы білім саласының күйіне және оның прогрессивтік

даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін

педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы айқын-

дайды.

Осы тұрғыдан алғанда егемен Қазақстанның ғылымы

мен білімінің стратегиясы білім беру жүйесінің ұлттық

білім мен тәлім-тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік

білім кеңістігіне кірігумен анықталады. Үшінші мыңжыл-

дық жылнамасын ашып отырған бүгінгі Қазақстанның

білім беру саясатындағы өзекті ой-еліміздің экономикасы

мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты

факторларының бірі-білім екендігінде. Осынау ақиқаттың

дәлелі-Қазақстан Республикасы дамуының 2030 жылға

дейін межелеген стратегиясында, оны жүзеге асыруға

бағытталған кезең-кезеңмен дамуының стратегиялық

жоспарларында білім саласына айрықша басымдылықпен

мән берілгендігінде [10] .

Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық

және саяси қатынастар білім беру ісін түбегейлі өзгертіп,

оның тарихи тамырын қайта қарап жаңғыртуды талап

9

етеді. Өткеніміз бен болашағымыздың өркендеуіне жол

ашады. Өйткені ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының

жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне,

өмірде өз таңдауларын дұрыс жасауға, қоғамдық

қатынастарға, оны дұрыс ұйымдастыру қабілетіне тікелей

байланысты. Бұл көзқарастың білім жүйесінде өзіндік

маңызы зор.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің қылыптасуы мен

дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезеңінен бастап

ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси-әлеуметтік

және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылды [11] .

Белгілі бір кезеңдердегі болып жатқан білім беру

үрдістеріндегі обьективтік көріністердің қажеттілігі қазіргі

отандық тарихи-педагогикалық ғылымда пісіп жетілген-

дей. Білім беру жүйесінің тарихы азаматтық тарихпен біте

қайнасып және оның түбегейлі көріністері қоғамдық

дамудың айтарлықтай барлық жақтарын қозғағанын атап

өтуге болады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамдық-

мемлекеттік құрылыстың өзгеруі аз ба, әлде көп пе тікелей

білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отыр. Осы себепті де біз

білім беру жүйесінің 12 жылдық мектепке өтуі туралы сөз

қозғамас бұрын білім берудің тарихына шолу жасауды жөн

көріп отырмыз.

Қазақстандағы білім беру жүйесі өзінің қалыптасуы

барысында екі кезеңді басынан кешті (ХV-ХVІІІ ғғ) . Өз

мемлекетіміздің құрылуы қазақ халқының бұған дейінгі

дәуірлердің логикалық жалғасы болып табылатын рухани

мәдениеттің дамуы үшін маңызы зор. Оның негізіне

мектеп пен медресе арқылы жүзеге асырылған

ағартушылық, білімділіктің де алатын орны аз емес.

Аталмыш оқу мекемелерінде оқыту араб-парсы тілдерінде

жүргізілген. Оқушыларға әр түрлі ғылым салалары бойынша

білім берілді (дін, математика, философия, логика, шығыс

әдебиеті) . Осы оқу мекемелерінде оқытудың мазмұны мен

10

сипатына ислам мәдениеті айтарлықтай ықпалын тигізді.

Әжептәуір ауқатты адамдар өздерінің балаларын Бұхар,

Самарқанд, Бағдад және басқа да мұсылман әлемінің

мәдени орталықтарына оқуға жіберді. Өкінішке орай, білім

берудің шығу көзі, соның ішінде мұсылман мектептерінде

оқытудың мазмұны, мектеп пен медресе тарихы

Қазақстандағы тарихи-педагогикалық ғылымда объективті

және толық ашылмаған.

Қазақстандағы білім берудің дамуының екінші кезеңі

(ХVІІІ-ХХ ғ. басы) қазақ жерінің Ресей империясының

құрамына ену кезеңімен байланысты. Тарихи сабақтарды

ескере келе, қазіргі жағдайда Қазақстандағы білім беру

жүйелерінің даму жолдары мен ХІХ ғасырдың екінші

жартысы және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім

беру, мәдени үрдістердегі әлеуметтік салдар туралы

қалыптасып қалған көзқарастар мен дағдыны қайта

бағалап, қайта құрудың маңызы ерекше. ХІХ ғасырдың

екінші жартысындағы реформа, капиталистік қарым-

қатынастың қарқынды дамуының басы патша үкіметін

халыққа білім беру саласында өзінің іс-шараларын

белсендіруге мәжбүр етті.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында Қазақ-

станда кәсіби білім беру негізі қалыптасты. Қазақстандағы

білім беру жүйелерінің қалыптасуы Ыбырай Алтынсарин

есімімен тікелей байланысты. Оның күш жұмсауының

арқасында орыс-қырғыз екі сыныптық училище, әйел тұр-

ғындар үшін оқу мекемесі, қолөнер училищесі құрылды.

Экономикалық және әлеуметтік сипаттағы қиыншылық-

тарға қарамастан кәсіби білім беру негізін оқушылар

ауылшаруашылық мектептерде, мұғалімдік семинарияда,

фельдшерлік және қолөнер мектептерінде алды.

Жалпы білім беру мәселесі барлық кезде де ғалымдар

мен ағартушылардың зор қызығушылығы мен назарын

тудырған мәселе болып табылады. Халқымыздың білім

11

беру негізінің қалануына Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат

сыйы» дидактикалық поэмасы (өсиетнама), Махмұд

Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік», Әбілғазының

«Түрікпен шежіресі», «Түрік шежіресі», «Көне қыпшақ

жазу шежіресі» т. б. көп әсері болды. Мұхаммед-Хайдари

Дулати «Тарихи Рашиди», «ЖоҺаннама», Қыдырғали

Қасымұлы Жалайырдың «Жамиғат-Тауарих (жылнамалар

жинағы), халық туындылары «Нысабнами» «Наурыз-

бәйіті» қазақ шежіресі т. б. ұрпақ танымы үшін аса зор

тәлімдік мәнді шығармалар. Халқымыздың «Оқу-оқу түбі-

тоқу», «Білімнен асар байлық жоқ» және т. б. мақал-

дарынан оқудың табанды еңбекпен, маңдай терді төгумен

ғана миға қонатынын жақсы түсінгенін көреміз. «Оқу

инемен құдық қазғандай», «Ғалым болып ешкім тумайды,

оқумен жетіледі», яғни оқу-адамның аса күрделі әрекет-

терінің бірі, көп еңбектену арқылы ғана жан-жақты білімді

адам бола алады дейді [12] .

Қазақ халқында оқымыстылықтың пайдасы мен

қуатының түсінікті болғандығы сондай, олар өздері үшін

молда шақырып, үйде бала оқытып, мұғалім ұстап,

хандардың өзі білім алуды жолға қойған. Жәңгір ханның

басшылығымен Бөкейханның ордасында мектеп ашылған-

дығы тарихта жазылған. Сабақ мектептерде әр жылдың

күзінің қазан айында басталып, келесі жылдың мамыр

айында аяқталған. Әр жылдың желтоқсан айында мектепте

өткізілетін емтиханға оқушылардың ата-аналары да

қатыстырылған. Сол күні хан және басқа да ақсүйектер

мектепке жиналып, әр түрлі қызықты шаралар өткізген.

Бұл - сол заманның өзінде біздің бабаларымыздың

ұрпағының білімді болуына атсалысқанының айғағы.

Бұдан отбасы мен мектептің бірлікте балаға білім беру

жолдарын пайдалана білгенін көреміз.

12

Қазақ демократ-ағартушыларының бірі - Шоқан Уәли-

хановтың ағартушылық-халықшылдық көзқарасы, Ыбырай

Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары, ұлы Абайдың педа-

гогикалық көзқарастары қазақ мектебінің негізін қалауға

прогрессивтік ықпал етті.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы

ширегіндегі Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеясын

жалғастырушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Сералин,

С. Торайғыров, Ә. Кәшімов, Е. Омаров, М. Әуэзов, С. Дөнен-

таев, Ә. Балғымбаев, Н. Құлжанова [13] .

Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық мектептер жүйесі

қарқынды даму үстінде болғанын жоққа шығаруға

болмайды. Бұл - өткен ғасырдың бізге берген ең үлкен

жақсылығы, яғни білім мен ғылымның дамуы, дей

тұрғанмен де қазақ мектептерінің саны жылдан-жылға

қысқартылып, ондағы білім мазмұнындағы қазақ тілі мен

әдебиеті, Қазақстан тарихынан басқа пәндер Ресей

федерациясының орыс тілді оқулықтарынан қазақ тіліне

тәржімеленіп пайдалануға ден қойылған нұсқасы болатын.

Бірақ еліміздің егемендік алған уақыттан бері

Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогикалық

ғылымы әлемдік білім кеңістігінде өз орнын алып, онда

болып жатқан тиімді жаңалықтарды қабылдай отырып,

қарқынды түрде дами бастады.

Философиялық-ағартушылық тұрғыдан жоғарыда

аталған мәселелерді Я. А. Каменский, Ж. Ж. Руссо,

В. В. Розанов, К. Д. Ушинский, К. Маркс, Ф. Энгельс, Н. Круп-

ская, Н. А. Бердьяев, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Ай-

мауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев қарастырған бола-

тын, олар тұлғаны дамытушы, әрі рухани қалыптасты-

рушы, барлық адамдардың өркендеп-өсуінің кепілі деген.

Аталмыш ғалымдардың еңбектері мен тың ой-пікірлері

мемлекеттің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық қажет-

тіліктермен қатар бағыттаушы ұйтқының бірі болып

13

табылды, ол әр тарихи кезеңдегі білім берудің жоғарылай

беруіндегі ықпал етуші күштердің бірі болды [14, 6-б. ] .

Жалпы білім берудің философиялық-әдіснамалық

аспектісі мәселесін Ж. Әбділдин, М. Қозыбаев, В. В. Давыдов,

М. П. Данилов, Б. М. Кедров, И. С. Кон, Ф. Ф. Королев,

Р. Г. Лемберг, А. Нысанбаев, З. И. Равкин, А. Сейтешов,

М. Н. Скаткин, К. Шүлембаев ж. т. б. өз еңбектерінде жан-

жақты қарастырады. Аталмыш ғалымдар еңбектерінде

әсіресе ұлттық мектептердегі білім беру сапасы мен оны

қамтамасыз ету талаптары кеңінен қарастырылған.

Жалпы білім берудің дамуына әлеуметтану ғылы-

мының өкілдері де өз үлестерін қосты деп айтуға болады.

Кеңес және шетелдегі келістердің әлеуметтанушылары

арасында маңызды айырмашылықтар бар екендігін

байқауға болады. Батыс әлеуметтанушылары Ж. Гуревич,

Т. Парсонс, Н. Смелзер, Р. Коллинз және т. б. білім беруді

әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Кеңес әлеумет-

танушылар А. Г. Здравомыслов, В. Г. Афанасьев, В. Н. Тур-

ченко, Г. Н. Волков, В. А. Ядов ж. т. б. білім беруді әлеумет-

тік және педагогикалық институт ретінде қарастырды.

Жалпы орта білім беру жағдайындағы этнопедаго-

гикалық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере

отырып оқыту мен тәрбие үдерісін психологиялық

тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін өз еңбектерінде

Б. Г. Ананьев, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев,

Н. Джангельдин, К. Жарықбаев, А. В. Запорожец, Б. Ф. Ломов,

М. А. Менчинская, Б. М. Теплов, М. Мұқанов, Ж. Намазбаева,

Н. Сарсенбаева, Е. Суфиева, Т. Тәжібаев, Н. Ф. Талызин,

В. К. Шабельников, Х. Темірбеков, Д. Б. Эльконин және т. б

қарастырды. 60-80 жылдары аталмыш ғалымдардың

еңбектеріне мемлекеттегі идеологиялық-саяси жағдайлар

идеологиялық тұрғыда өз ықпалын тигізді [14, 7 б. ] .

14

Кеңес дәуірі кезеңінде ұлттық мектептердің тарихын

зерттеу мәселелеріне байланысты А. И. Сембаев, М. Мах-

мудов, Л. Малиновский, Н. А. Константинов, А. Айталы,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері
12 жылдық білім беру
12 жылдық білім беру жайында семинар баяндамасы
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Қазақстанның білім беру сапасы қандай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz