Файлдар және файлдық жүйелер


1. Дәріс сабақтарының конспектісі
Модуль №1. Компьютердің жұмыс істеуі негізгі принциптері. Дербес компьютерлердің аппараттық және программалық жабдықталуы. Операциялық жүйелер. (Windows) .
Дәріс №1
Тақырыбы: Дербес компьютерлердің функциясы. Ақпараттың өлшем бірліктері және өңдеу принциптері. - 1 сағат
(1-апта)
Информация - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, құбылыстар мен процесстер және т. б. жөніндегі мағлұматтар информация делінеді. Мысалы, айналадағы кеңістіктен жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы - күннің бұлтты екенін және жауын жауу мүмкіндігін, т. б. білдіретін информация. Көшеге ілінген бағдаршамның жасыл не қызыл түсте жарықтануы - жолды кесіп өтуге болатының білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.
Компьютер информацияны арнайы құрылған программалар арқылы ғана өңдей алады. Жалпы, оың орындайтын негізгі жұмысы: информацияны енгізу, оы өңдеу, өңделген иформацияы сыртқа шығару, сақтау.
1. 1-сурет. Компьютер жұмысының принципі.
1. 2. Есептеуіш техниканың қысқаша даму тарихы
Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарыда Б. Паскаль (1613-1662) сандарды қоса алаты механикалық құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792-1871) механникалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 40-жылдардың соңғы кездерінде қазіргі кезде қолданылып жүрген ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізінде бірсыпыра машиналар дайындалды. Алғашқы ЭЕМ-ді құру жәе оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер ме программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері де қарастырылған. Осы кезге дейін дайындалған ЭЕМ-дер төрт буындық түрге бөлінеді.
50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы- бірінші буын ЭЕМ-дердің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері вакуумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемдері үлкен, сенімділігі төмен, тездік жылдамдықтары бір секөнтте 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда делінеді. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программа машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет ететін. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын. )
Транзисторды ойлап шығаруға байланысты, 50-жылдардың соңғы кезеңінде техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және машинаның сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік берді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т. б. ) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. (Өндеу операторы - бірнеше, тіпті ондаған, жүздеген машиналық командалардан тұруы мүмкін программалық команда (әрекеттер тізбегінің негіздік бірлігі. )
Сонымен, тиімді программа құру технологиясына жету арқылы жұмсалатын адам еңбегін үнемдеудің екінші кезеңі басталды.
Алпысыншы жылдардың екінші жартысында және жетпісінші жылдары ЭЕМ құрылымына одан әрі сапалы, күрделі өзгерістер енгізіліп, элементтік негізі жартылай өткізгішті интегралдық схема (ИС), үлкен интегралдық схема (ҮИС) және аса үлкен интегралдық схема (АҮИС) болатын үшінші, төртінші буын машиналар көптеп жасалына бастады. Мысалы, 80-жылдардың басында дайындалған төртінші буындық ЭЕМ-дер бір кристалында он мыңдаған-миллиондаған транзистор болатын микропроцессорлардан құрылды. 90-жылдары пайда болған соңғы төртінші буын ЭЕМ-дері білімді нәтижелі түрде өндей алатын, параллель жұмыс істейтін ондаған микропроцессорлар жиынтығынан дайындалып шықты. ЭЕМ жұмысын күрделендіру одан әрі жалғасуда.
Интегралдық (біртұтас) схема (ИС) - мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын, аумағы 1 шаршы см-ге де жетпейтін фунциональдық блок. Ол жартылай өткізгішті кристалдан (негізінен кремнийден) тұрады да, элементтері он мыңдаған-миллондаған транзисторлар, диодтар, конденсаторлар, резисторлар арнайы тақташада (платада, беттақтасында) тұтас құрастырылады. (Тақша - түрлі электрондық схемаларда орналастыруға мүмкіндік беретін материалдан құрылған көп қабатты пластинка) . Қазіргі кезде бір кристалдық электрондық (5х5мм) схемада жүздеген мың “электрондық молекулалар” жинақталған.
Интегралдық схеманы пайдалану ЭЕМ - нің сырт аумағын шұғыл кішірейтуге және оның жұмысын көп мыңдаған есе жоғарылатуға себеп болды.
Машина жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық информацияны өндеуге арналған компьютердің негізгі құрылғылардың бірге қосып процессор деп, ал бір не бірнеше АҮИС-тен тұратын дербес компьютер (ДК) процессорын микропроцессор деп атайды. Бір микропроцессордың құрамында кемінде бірнеше ондаған мың транзистор бар. Мысалы, 1981 жылы Intel фирмасы жасап шығарған алғашқы 8086 нөмірлі микропроцессорының өзінде 29000 транзистор орналастырылға және аумағы 5. 7 шаршы мм ғана болатын.
Қазіргі кездің күрделі ЭЕМ-дері мен ДК-дерінде орталық (негізгі) және шет аймақтық деп аталатын бірнеше микропроцессор орналастырылған. Олар машинаға енгізілген бірнеше программаны шамамен бір мезгілде “қатар” орындап шығуға мүмкіндік туғызып отыр. Информацияны осылайша өңдеуді мультипрограммалық режимде өңдеу деп атайды (мульти - көп) .
ЭЕМ-дер өте үлкен (супер), үлкен, кіші (мини), өте кіші (микро) компьютерлер болып бірнеше типке бөлінеді. Үлкен ЭЕМ-дер (60-80 жылдары дайындалған ЕС ЭЕМ 1035, 14046, . . . ) секөнтіне миллионнан артық қарапайым операцияларды орындай алады (ЭЕМ-нің бағасы оның жабдықтамасына тең) . Мысалы, 80-жылдардың басында Ресейде құрастырылған төртінші буындық ЕС 1046 атаулы үлкен компьютердің сипаттамасы мынадай:
Орталық процессордың өнімділігі 1, 3 мл опер/с Негізгі жад көлемі 8 Мбайт Алатын орны 17х6, 5 шаршы м(Жад ұғымы 1. 3-тақырыпта берілген) Интегралдық схеманы пайдалану жәе ЭЕМ-ді құрастыруды автоматтандыру жылдамдығы 250-800 мың опрация/с болатын мини-ЭЕМ-дерді (СМ3-СМ4, . . . ) және микрЭЕМ-дерді (арзан микрокалькулятор мен іштей орналастырылған микроЭЕМ-дерді, бір жазу столына толық сыйып кететін дербс компьютерлерді (ДК) көптеп шығаруға мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде пайдаланып жүрген дербес компьютерлер-ІВМ РС жіне оған үйлесімді әмбебап (кәсіби) компьютерлер. ІВМ РС-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан алпысыншы жылдары шығарылға үлкен ЭЕМ-дерде кем түспейді, тіпті кей жағдайларда олардан артық та. Оларды оқу орындары, мекемелер, инженерлер, т. б. түрлі информацияны өңдеуге, іс қағаздарын жүргізуге, басқарудың автоматты жүйесін ұйымдастыруға және тағы басқалар үшін пайдалануда.
есептеу жұмыстары жүргізіледі де, іштей орналастырылған микроЭЕМ-дер тұрмыстық, өнеркәсіптік, т. б. құралдарға іштей орналастырылып, осы құралдарды не олардың бөліктерінің жұмысын автоматты түрде бақылау не басқару үшін пайдаланылады. 1990 жылдардан бастап обьектілі-бағдарлы программалау тілдері сияқты электрондық құралдары жаңа типті етіліп күрделі дамытылған бесінші буын ЭЕМ-дері дайындалып шықты. ЭЕМ-дерді дамыту одан әрі жалғасуда.Дәріс №2
Тақырыбы: Фон-Нейман логикалық схемасы. Сыртқы құрылғылардың типтері. - 1 сағат
(2-апта)
Компьютердің көпшілігінің құрылымы Американың кибернетика ғалымы Дж. фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді. Төмендегі принциппен жұмыс істеу машинаның Нейман принципімен жұмыс істеу принципі делінеді.
Дж . фон Нейман принциптері:
1. Дж. фон Нейман машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық-логикалық құрылғы, жад және енгізу-шығару құрылғылары;
2. информация екілік жүйе бойыша кодталады және сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді (екілік жүйе, сөз жөнінде келесі тақырыптарда түсііктеме берілге) ;
3. алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады;
4. программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады;
5. Басқару құрылғысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтап оқылған командаларды ашып, сәйкес түрде бір мәнде етіп орындайды.
Компьютердің негізгі құрылғылары және олардың байланысы келесі схемада ұсынылған (2. 1-сурет)
2. 1-сурет. Дж. фон Нейман схемасы
Дербес компьютер - әмбебап (универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады. Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер әдетте осы толық жинақпен қойылады. ДЭЕМ-нің типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок, дисплей, пернетақта және «тышқан-тетік» манипуляторы.
Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компонентгері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:
- компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақьлаушысы және т. б. ) ;
- компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақгы токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;
- икемді магниттік дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магнитгік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек - дисковод) ;
- алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады.
Дисплей (монитор) - деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері - экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.
Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі - дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см. -ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері 14", 15", 17", 19", 20", 21", Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап (универсальный) мониторлар болып табылады.
Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті де оны кадрлар жиілігі деп атайды) .
Кескінді қайта өндіру жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы - 85 Гц, алт ең қолайлысы (жайлы тиетіні) - 100 Гц және одан көп мәндер.
Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандартымен анықталады. Қазіргі уақытта мына халықаралық стандарттар жалпыға бірдей, яғни баршасына ортақ саналады: МРК-И, ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99. МРR. -ІІ стандарты адамға қауіп төндірмейтін, яғни қатер тудырмайтын шекке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді. ТСО-92 стандартында бұл норма сақталган, ал ТСО-95 және ТСО-99 стандарттарында бұл норма күшейтілген. Эргономикалық және экологиялық нормалар ең алғаш рет ТСО--95 стандартында пайда болды, ал ТСО-99 стандарты кескіннің сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең катқыл нормаларды белгіледі.
Пернетақта (клавиатура) . Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай-ақ оның (компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта (клавиатура) пайдаланылады.
Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108-пернелік (108-клавишных) пернетақтада орындалған (жасалған) . Пернетақта бірнеше регистр-режимдердің бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша беліп көрсетуге болады:
бас әріптерді (үлкен) / жол әріптерін (кішкентай) енгізу;
орыс / латын символдарын енгізу;
қою / ауыстыру;
цифрлық енгізілім / цифрлық пернетақтадан басқару.
Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық, цифрлық, функциялық және басқарушы.
Тышқан-тетік (мышь) - бұл информацияны компьютерге енгізудің манипуляторы. Тышқан-тетік - алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш пернелі шағып қорап.
Манипулятор компьютерге сым арқылы жалғасады.
Тышқан-тетік түбіндегі саңылау арқылы шарик шығарылған. Ол үстел үстінде орналасқан тышқан-тетік корпусының ішінде айналады. Тышқан-тетіктің орындаушы тетігі (исполнительный механизм) бұл айналдыруды сым арқылы машинаға берілетін және тышқан-тетіктің нұсқағышы деп аталып кеткен (текстік курсормен шатастырып алмау керек!) экрандағы арнайы белгі дисплейіннің ағымдағы жағдайын анықтайтын электрлік сигналға айналдырады.
Тышқан-тетік қорапшасын үстел үстіне орналастырғаннан кейін тышқан-тетік нұсқағышын экранның үстіңгі жағындағы кез келген нүктемен ұштастыруға болады. Тышқан-тетік пернесінің бірін басу, сондай-ақ пернелермен жұмыс істеудің бірқатар басқа тәсілдері белгілі бір іс-қимылды жасауға мүмкіндік береді.
Принтер. Принтер немесе басу қүрылғысы информацияны қағазға кешіріп шыраруға арналған.
Барлық принтерлер текстік информацияларды шығарады, олардың көбісі суреттер мен сызбаларды, ал кейбір принтерлер түрлі-түсті кескіндерді де шығара алады.
Қазіргі уақытта пайдаланылатын принтерлерді әрекет ету принципі бойынша үш топқа - матрицалық, бүріккіш (струйные) және лазарлік деп бөлуге болады.
Матрицалық принтерде кескін бояғыш таспа бойынша (по красящей ленте) ине соғатын нүктеден пайда болады. Электр магнитке келіп түскен басқару сигналының ықпалымен инелер қағазға із қалдыра отырып, таспадан бояуды «қағьш шығарады».
Бүріккіш принтерде кескін пысылдақтың (сопел) көмегімен қағазға үрленген (бүріктірілген) арнайы сияның микротамшыларымен (микрокаплями специальных чернил) беріледі. Басудың бұл әдісі матрицалық принтермен салыстырғанда ең жоғары сапада басылуды қамтамасыз етеді әрі түрлі -түсті етіп басуға өте қолайлы болады.
Лазерлік принтерлер казіргі уақытта жақсы сапамен басуды (баспаханаға жуық) қамтамасыз етіп отыр, Бұл принтерде басу үшін ксерография принципі пайдаланылады: кескін бояу түйіршіктері электр тартылатын арнайы барабаннан қағазға кешіріледі. Әдетгегі ксерокөшірмелі аппараттан айырмашылығы - басушы барабан компьютердің командасы бойынша лазердің көмегімен электрленеді. Лазерлік принтерлер өте қымбат болса да құжаттарды саналы басатын ең қолайлы құрылғы болып табылады.
Дербес компьютердің қосымша кұрылғылары:
Дербес компьютердің базалық толық жинағының функциясы (қызметі) қосымша құрылғыларды енгізгенде кеңейе түседі. Олардың көп тараған түрлерін қысқаша сипаттап өтейік.
Стример - үлкен көлемдегі (көп) мәліметтерді сақтауда магниттік таспаға жинақтаушы - стример пайдаланылады. Стример картриджі кәдімгі магнитофонның кассетасына ұқсайды, бірқ ол әлде-қайда орнықты жасалған.
Информацияны беру жылдамдығы бойынша стримердің ең жақсы үлгілері көптеген қатқыл дискілермен теңесе алады. Сондықтан да олардың негізгі қолданылуы - жад пен архивтің резервтік көшірмесін жасау үшін винчестермен информация алмасады.
Сканер - қағаздың немесе басқа да машиналық емес тасушыдан информацияны компьютерге енгізетін құрылғы. Сканер мәтінді, графикалық кескінді енгізуде пайдаланылады.
Сканер компьютерге суретті де енгізе алады. Арнайы программамен қамтамасыз етілген компьютердің көмегімен сканер арқылы енггізілген картинкалардағы символдарды танып-білуге болады, бұл қағазға басылған, кейде қолжазбадағы мәтінді компьюттерге жылдам енгізуге мүмкіндік береді. Сканерлер шағын (ол бүкілі қағаз нарақтарын тұтас санайды) және қол (ручной) сканер (оны суреттін немесе мәтіннің үстінен жүргізу керек), кара-ақ, түрлі-түсті болады.
Сканерлер бір-бірінен түстер немесе сұр түс белгілерін қаншалықты дәрежеде (санда) ұйғара алатын кабілетімен айрықшаланады.
Дыбыстық карта - дербес компьютердің ең артынан, яғни кейін де ғана жетілдірілген құ. рылғыларының бірі. Ол туынды карта түрінде (в виде дочерней карты) аналық тақшаның бір слотынан қосылады (подключается) және дыбысты, сөзді, әуенді өңдеумен байланысты есептелетін операцияларды орындайды.
Дыбыс дыбыстық картаның шыға берісіне қосылған сыртқы дыбыстық колонка арқылы шығады. Арнайы ажыратушы (специальный разъем) дыбыстық сигналды сыртқы күшейткішке жөнелтуге мүмкіндік береді. Микрофонды қосудың да ажыратқышы болады, ол сөзді немесе әуенді жазып алуға және оларды одан ары өндеп, пайдалану үшін қатқыл дискіде сақтауға мүмкіндікбереді.
Дыбыстық картаның негізгі параметрлеріне цифрлік формадағы немесе керісінше аналогтыдан сигналдарды қалыптастыруды пайдаланылатын биттердің санын анықтайтын разрядтылық жатады. Разрядтылық неғұрлым жоғары болса, цифрлаумен байланысты кемшіліктер аз әрі дыбыс сапасы жоғары болады.
Желілік адаптер (желілік карта) - компьютерді жергілікті желіге (в локальную сеть) қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қатынаса (қол жсткізе) алады.
Ол ДЭЕМ (ПЭВМ) кеңейтетін стандартты тақша түрінде жинақталған, әдетте өзінің микропроцессоры мен тиісті алмасу алгоритмін жүзеге асырушы тұрақты жад құрылғысына ие болады. Оның үстіне, желілік адаптер оны баптауға (настройка) арналған бірқатар ауыстырып қосушыларды (переключателей) қамтиды.
Плоттер (немесе графиксалғыш) - графикалық ииформацияны шығарудың құрылғысы. Оны үлкен плакатгарды, сызбаларды, картаны, басу тақшаларының нобайыи (эскиз), диаграмманы, гистограмманы безендіру үшін пайдаланады.
Дәріс №3
Тақырыбы: Программалық жабдықтау түсінігі. Программалық жабдықтаудың структурасы. Әр түрлі программалардың қызметтері. - 1 сағат
(3-апта)
Программамен қамтамасыз ету дегеніміз - компьютерде белгілі бір үлгіперді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық программалық кұжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы.
Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды (Software - программалық қамтамасыз ету, Soft - жұмсақ, ware - өнім, яғни жұмсақ өнім), аппаратгық құралдардың жиынтығы - hardware (hardware - аппараттық құрал, hard - қатты) .
Кез келген нақты компьютерде аппараттық және программалық құралдардың нақты жиыны, сондай-ақ олардың ресурстарьш қалыптастыратын әр түрлі деректер болады.
Программалық қамтамасыз ету әр түрлі қызмет салаларындағы есептеуіш жүйені пайдалануға бағдарланған әрі ол алға қойылған міндеттерді уақтылы және баламалы шешуді қамтамасыз етуі керек. Бұл программалы етудің компоненггерін әзірлеуге қойылатын талаптарды сақтаудың қажетгілігін тудырады. Бұл талаптардың негізгілеріне мыналар жатады: модульдігі, өсуі мен дамуы; сенімділігі, болжанатыны (предсказуемость), қолайлы болуы, эргономикалығы, икемділігі, тиімділігі, үйлесімділігі.
Пайдаланушыға берілетін мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы үшін программалық жүйе модульдық құрылымға ие болуы керек. Үлкен жүйені шолып талдауға келетіндей етіп жекелеген бөліктерге белу құруды (разработка) оңайлатады, бірақ жұмыстың өте дәл ұйымдастырылуын талап етеді. Оған қоса, басқа да қалған талаптарды сапалы жүзеге асуру кеп жағынан модульдық талабының дұрыс сақталуына байланысты болады.
Әдетте программадағы деректерді өңдеу бойынша функцияның орындалуы үшін белгілі бір көмекші информация қажет. Іліктес, яғни ілік-шатыс (родственных функции) функциялардың орындалуы үшін әдетте бір емес, бірнеше өзара байланысты программалар әзірленді.
Информацияны өңдеудің іліктес (ілік-шатыс) функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты программалар тобын және осыған қажетті көмекші деректер жиынын программа дестесі (пакетом программ) немесе программалық жүйе деп аталады.
Жаппай тираждау мақсатында жасалатын программа немесе программа дестесі (пакеті) программлық өнім, деп аталады.
Дестені немесе программаны жұмыс жағдайына келтіру үшін орындау процедурасын, инсталляции (instal - орнату), қажет, яғни программалар деректері сол сәттегі құжаттамаларда баяндалған ереже бойынша жұмыс істей алатын жағдайларға орайластыру үшін (для их развертывания) дестенің тек заңды иесі ғана өзінің орнатқанын (установка) орындауға мүмкіндік беретін арнайы кодты білуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz