Рухани тұлға - сананың жеке жағдайының, нақты алынған рухани қабілеттері мен қасиеттерінің толық бірлігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өзін-өзі танудың психологиясы. Мен-тұжырымдама түсінігі

Әр адам өмірінде бір рет болса да өзіне «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмірімнің, өмір сүруімнің мәні неде?» сұрақтарын қойды. Әр түрлі адамдар осы қиын философиялық сұрақтарға әр түрлі жауап береді: біреулері жауабын таба алмаса; басқалары кең мінездеме беруге, өз өмірінің бағыттары мен келешегін анықтауға тырысады; үшіншілері, қойылған сұрақтарға жауап берсе де, өз жауаптарына қанағаттанбайды немесе жауап тар ұғымда және жалпы болып келеді.

Өзін-өзі тану мәселесіне гуманистік психология мен педагогикада ерекше көңіл бөлінеді.

Адамда өзін-өзі тану объектісі не болып табылады? Адам санасындағы таным элементтері ретінде физикалық тұлға, әлеуметтік тұлға және рухани тұлға белгіленеді (У. Джемс) .

Физикалық тұлға - бұл адамның дене ұйымы, адамға жататыннын барлығы немесе оның айналасын құрады.

Әлеуметтік тұлға - басқа адамдардың біздегі тұлғаны мойындауы.

Рухани тұлға - сананың жеке жағдайының, нақты алынған рухани қабілеттері мен қасиеттерінің толық бірлігі.

Ресей психологиясында В. В. Столин адам ұйымының үш деңгейін келтіреді:

Биологиялық индивид - нақты конституциясы, типті нерв жүйелері, миында нейродинамикалық қасиеттері, түрлі биологиялық қажеттіліктері бар адам.

Әлеуметтік индивид - қоршаған әлемді меңгеруге, білім, іскерлік, құлық нормалары мен ережелерін меңгеруге қабілетті адам.

Тұлға - таңдау жасауға, өз өмірлік жолын құруға, қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өз құлығын үйлестіруге қабілетті адам.

Адам өзін сыртқы әлемде таниды, өз құлығын, қылығын бағалайды, қызмет және қарым-қатынаста қажетті болатын мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтайды.

Ішкі әлемге біздің сезімдеріміз, күйініштеріміз, армандарымыз, пиғылдарымыз, ойларымыз жатады.

Бұл әлемдерде өзінің өзімен болатын бітпес диалог жүреді.

Адам өзін қоршаған ортадан ерекшелей алады және өзін өзін-өзі тану объектісі ретінде қабылдай алады. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалау, өзін басқа адамдармен немесе идеалды бейнемен салыстыру маңызды рөл атқарады. Өзінің бейнесі рационалды түсінік, негіздеме, тұрақтылықты алғанда, ол Мен-тұжырымдама деп аталатын психологиялық білімге көшеді.

Тұлғаның Мен-тұжырымдамасы - тұлғаның құлығын тұрақты, қандайда да бір деңгейде ұғынатын және сезінетін өзі туралы өз ұғымдарының жүйесі (Э. Бёрн) .

Мен бейнесі өзінің объективті мәліметтерінің жай ғана көрінісі емес, ол - тұлғаның әлеуметтік мақсаты, үш өзара байланысты компонеттен тұратын өзіне деген қатынасы:

  • Танымдық - өзін білу, өзінің қасиеттері туралы ұғым;
  • Эмоционалды - осы қасиеттерді өзі бағалау және онымен байланысты өзіне қатынасы;
  • Құлықтық - өзін-өзі құлығы арқылы ұғыну.

Өзін-өзі бағалау - бұл тұлғаның өзін-өзі, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын, - адамдармен белгіленетін құндылықтарды немесе жеке қасиеттерін бағалау .

Адамның қоршаған ортамен қатынасы, оның өзіне деген сынилығы мен талап қоюшылығы, сәттіліктер мен сәтсіздіктерге қатынасы өзін-өзі бағалауға байланысты болады. Осылайша ол тұлғаның қызметі мен оның әріқарайғы дамуының тиімділігіне әсер етеді.

Өзін-өзі бағалау тұлғаның өзегі және құлықтың мықты реттеушісі болып табылады.

Әр индивидтің Мен - тұжырымдамасы бар, ол өзі туралы саналы ұғымдары мен ойларынан тұрады (К. Роджерс) . Адам өзін-өзі тану арқылы ғана тұлғалық өсуге, өзін жетілдіру мен өзектеуге жете алады, ал олар өз алдына өмірдің толықтығын, оның қуаныштарын сезіну мен өмір мәнін ұғыну мүмкіндігін береді. Өзін-өзі тану үрдісі мен Мен-тұжырымдаманың дамуы - өзара байланысты үрдістер.

Өзін-өзі танудың қозғаушы күштері

Адамның әлеуметтік дамуының маңызды белгісі оның жас балалық шағында өзінің басқа адамдардан жеке өмір сүретінін түсіну; өзін әлеуметтік микротоптың мүшесі екенін, әлеуметтік микроәлемнің Мен-орталығы екенін ұғыну болып табылады. Жасөспірімдік кезеңде бала рухани Менін, Өзінің қандай екенін, Өзінің қандай болу қажеттігін түсінеді. Идеалды Мені қалыптасады.

Әр адамның Мен -айқыны бар, яғни оның айқын руханилығы, психикалығы, реалды Мені бар. Рухани Мені де бар, яғни әр адамда бар идеал болып табылады. Бірақ рухани Мені, яғни Идеалды Мені жүзеге асырылуы да, асырылмауы да мүмкін. Рухани Мені және айқын Мені бірлікте болуы мүмкін. Олар бірге болған жағдайда адам үйлесімді дамиды. Немесе керісінше, идеал мен адамдағы айқын Меннің арасында айырмашылықтың болуы психикалық деградацияға, күйзелістерге, өмірлік күшінің азаюына әкеліп соғады.

Мен бейнесі өзін-өзі реттейтін қызметті атқарады. Өзін-өзі ұғыну және өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас (Мен-тұжырымдама) тәуелсіз үрдістер ретінде болуы және бір қызметке бірігуі мүмкін.

Идеалды және айқын Мен, олардың өзара қатынастар, өзара тәуелділігі өзін-өзі танудың қозғаушы күші болып табылады.

Өзін-өзі танудың себептері:

  1. Қабілеттің дамуы, өзін-өзі тануға әсер ететін білімнің жиналуы;
  2. Материал (білім, қабілеттер) жиналып жатқандықтан, адам біреу болуы керек, үнемі дамуы керек. Өзін-өзі тану объектіден біртіндеп қалып қояды;
  3. Бірақ адам өзі туралы бірдеңе білген жағдайда, адам басқа бола бастайды (Мен-тұжырымдамасы өзгереді) . Өзін-өзі танудың ілгері жылжуды, Мен-тұжырымдаманы дамытуды ынталандыратын міндеті маңызды болып табылады.

Өзін-өзі танудың міндеті - өмірде табысты тұлға құрылымының негізін салушы бірлік болып табылатын жағымды Мен-тұжырымдаманың қалыптасуы.

Мен-тұжырымдаманың ерекшеліктері:

  1. Толықтық (өзі туралы пысықтайтын білім) ;
  2. Тереңдік - өзін саналы және санасыздықтың деңгейінде тану қабілеті (өзін-өзі талдау) ;
  3. Үйлесімділік - адамның өзімен-өзі жанжалсыз өмір сүруі;
  4. Адекваттылық - әлемге, басқа адамдарға сәтті бейімделу қабілеті;
  5. Тұрақтылық- тұлғалық өсу факторы;
  6. Қабылдау - өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі, өзіне деген махаббат толыққанды өмірге әкеледі.

Мен-тұжырымдаманың қалыптасуының бірізділігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның психикалық қасиеттері
Псхологиядан билеттер
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Өзіндік сана
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Нарық жағдайындағы тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау, эксперименттік зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Сана және астар сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz