ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ


Жоспар:
КІРІСПЕ5
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ 9
1. 1. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеті17
1. 2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары
және олардың ұлттық ерекшеліктері 25
1. 3. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы29
1. 4. Этникалық мәдени білімнің мазмұны. 32
ІІ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ34
2. 1. Эстетикалық дамыту перспективалары38
2. 2. Эстетикалық тәрбие беру жолдары40
2. 3. Эстетикал ық талғам мен қабылдауды дамыту50
2. 4. Музыкалық шығармашылықтың эстетикалық тәрбиедегі орны57
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
ОҚУШЫЛАРҒА СЫНЫПТАН ТЫС ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ КӨРІНІСТЕРІ . . . 60
3. 1. Сыныптан тыс жұмыстар 61
ҚОРТЫНДЫ85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ88
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Заңдары оның ішінде 19 баптың 1-ші тармағы білім берудің қосымша бағдарламасы мектептен тыс жұмысты ұйымдастыруды іске асырады Бұған қоса 2, 3-тармақтары бойынша жағдай жасалды.
Мектептен тыс жұмыстардың ішінде эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы сан ғасырлық тарихы мен тұрмыс тіршілігімен және мәдениетпен тығыз байланысты. Оқушылардың бойындағы сезімталдық пен әсемдік сұлулықты сезіну, өмірді эстетикалық тұрғыдан түсіндіру өзінен-өзі келмейді. Тақырыптың өзектілігі -актуальдылығы Егемен Қазақстанның ұлттық мектептерінде тәрбие жұмыстарын жаңаша құру, оның ішінде эстетикалық тәрбие мәселесін сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану қазіргі күннің талабына сай пайдаланылып келеді. Соның салдарынан сыныптан тыс, мектептен тыс эстетикалық тәрбие мәселелерін кеңінен насихаттау бүгінде ең көкейкесті мәселелердің бірі болғандықтан эстетикалық тәрбие беру жолдарының жас ұрпақтардың тәрбиесінің үлгі-өнегелілігінен туындайды. Сондықтан біз, эстетикалық мәселелерді (талғамды, қабылдауды) әрбір тәрбие жұмысында, күнделікті сабақтарда қатаң айтып отыруымыз керек, осы айтылғандарға байланысты біз дипломдық жұмыстың тақырыбын бүгінгі күннің көкейкесті талабына сай келеді деп айта алмаймыз.
Зерттеу пәні: э стетикалық тәрбие.
Зерттеу обьектісі : сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға байланысты эстетикалық тәрбиенің нәтижелері.
Жұмыстың мақсаты : эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушылардың сезімін оята білу мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Мақсатқа жету жолдары:
а) оқышылардың эстетикалық қызығушылығын оятту;
ә) эстетикалық тәрбиенің заман талабына сай ой-пікірлермен сабақтастығын көрсету;
б) жұмысымыздың практикалық-теориялық оқу жұмысындағы орнын айқындау.
Зерттеу гипотезасы-болжамы: эстетикалық тәрбие мәселелері сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар үшін мол материал болуы және әсерлі, қызғылықты өтуіне жол ашуға тиісті. Эстетикалық тәрбие толық зерттелінсе, соғұрлым әлеуметтік-тәлімдік, методикалық жағы жақсарып, заманға, қоғамға сай эстетикалық маңызы айқындала түсер еді, егерде мына міндеттерді жүзеге асырған жағдайда:
1. халықтың ауыз әңгімелері негізіндегі эстетикалық талғамды, қабылдауды нақтылау;
2. сыныптан тыс жұмыстарға байланысты эстетикалық тәрбие туралы жарияланған ғылыми және практикалық материалдарды жинақтау;
3. мектептерде жүргізілген мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілген эстетикалық тәрбиеген байланысты озық тәжірибелерді жинақтау;
4. халықтық педагогикалық тәрбиеге байланысты материалдарды жинақтау.
Бұл зерттеу жұмыстарын орындау барысында мынадай әдістер қолданылды: анализ, тест, абстракциялау зерттеу барысында методикалық әдебиеттерге толық анализ жасалып және педагогикалық озық тәжірибелерге сүйене отырып, мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың «үйірме, кеш, олимпиада, телеайтыс, қабырға газеттері, сурет көрмелері т. б. материалдар қорытындыланып, эстетикалық тәрбиеге арналған кең мысалдары, жұмыстары жинақталып, жүйеленді. Мектептегі жұмысымда және арнаулы педагогикалық уақытымды осы тақырыпқа сәйкесті оқушыларға тәрбие сағаттар, баяндамалар оқыдым, ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, жарыс сабақтарын өткізіп, апробациядан өткердім.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
Бұл жұмыс болашақ мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, мектептен тыс мекеме қызметкерлеріне қажетті әдістемелік құрал болады деп есептелетіндігінде.
Дипломдық жұмыстың құрылымы 5 бөлімнен тұрады: кіріспеден, эстетикалық тәрбие туралы, негізгі бөлім, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудан, тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сондықтан мен ұйымдастыру әдістемелік шартына, дамыту перспективаларына, музыкалық шығармашылығына, пайдалану формаларына тоқталып отырмын. Бұлардың бәрі эстетикалық тәрбиеге бағыт-бағдар береді. Оқушылардың сырт тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегі мен үй жағдайларында эстетикалық талғамы ұғымдардың ерекшеліктерінде көрінетіні даусыз.
Осыдан келіп соңғы он жылдықта оқушыларды эстетикалық тәрбиеде ой елегінен өткізу, мәдениетке бағдарлауды күшейту және осының негізінде қазіргі педагогика теориясы мен практикасына ауызша поэтикалық, музыкалық және сәндік- қолданбалы өнерді енгізу жөніндегі әдістемелік құралдар туындап отырғанын айтқым келеді. Республиканың егемендігі, ұлттық сана- сезімнің өсуі мәдени және рухани дәстүрлердің, тіл мен діннің қайта өркендеуі жағдайында эстетикалық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды. Этнопедагогика және халықтық педагогика проблемеларын айқындауда Г. Н. Волковтың (Шувашия), Я. Н. Ханбиковтың (Татарстан), А. Ж. Гашимовтың (Әзірбайжан), А. Э. Измайловтың (Қырғызстан) еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болды. Сол секілді Қазақстан да халықтық педагогикада бірқатар кандитаттық диссертация қорғап (И. Ортибеков, А. Х. Мұханбетова, М. Х. Балтаев, Ә. Қонақов, Қ. Сейсенбаев, Р. К. Дүйсенбінова) кітаптар шығарылды, (Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев) сондай-ақ көптеген мақалалар жарық көрді. Оның ішінде Қ. Б. Жарықбаевтың еңбектері ерекше орын алды. Осы еңбектер дипломдық жұмысыма теориялық негіз болды.
Этникалық - мәдени білім кеңістігі - бұл отбасы, ана тәрбиесі, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ұлттық мәдени оқулықтар, үйірмелер мен курстар құрылымдық жағынан мынадай үш саладан тұруы тиіс.
Оқу орындарына білім беру;
Оқу орындарынан тыс білім беру ( курстар, кітапхана, радио) т. б.
Бейресми тәрбиелеу (отбасында оқыту және тәрбиелеу, достары мен көршілерімен қарым-қатынас) .
Бұл топтастыруға қосымшаэникалық мәдени білімнің өзара байланыстырылуы жүйелі қисында үш түрін айтуға болады. Олар: білімнің кіріспесі, оқыту, практикаға байлау. Осы екі жағдайды ұштастыра келіп тұжырымдық шешім ретінде этникалық мәдени ілімнің мазмұндық мағынасы келесі құрылымын ұсынуға болады Көркемдік - этникалық сананың ерекшелігі оның өзінің болмысын әдетте көркем шығармашылық дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, ән салғанда, сурет салғанда т. б. сәттерде айқын көрсетуде. Сондықтан ол этникалық - мәдени білім мақсаттарында барынша сай келеді. Оның қалыптасуы өз халқының мәдениетіне тікелей қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сәйкестілікке ерекше рең қосады.
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Эстетикалық тәрбие- табиғат пен өнердегі тмаша әсемдікті дұрыс түсініп, эстетикалық көзқарасын, талғамы мен сезімін, өнер мен өмірде тамаша әсемдік жасауға қатысу талабы мен қабілеттілігін дамыту болып табылады. Адамның эстетикалық сезімін, ерекше қайырымдылық әсерін қалыптастыру, тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білу, өнер мен жаратылыс, еңбек пен қоғамдық өмір және адамдардың мінез- құлқы, оның ажырамас ең маңызды құрамы болып табылады.
Эстетикалық мәдениеттің басқа сыңарлары деп жеке адамның эстеткалық ой-өрісін құрайтын, білімді оның негізінде қалыптасатын түсініктерді, ұғымдарды, көзқарастарды, талғамдарды есептеу керек. Эстетикалық мәдениетте мақсат пен үлгі ретінде эстетикалық мұрат ерекше орын алады. Эстетикалық мәдениеттің маңызды сыңары деп әсемдікті сыйықсыздықтан, нағыз көркемдікті жалған көркемдіктен ажырата білуге мүмкіндік беретін эстетикалық талғамды есептеу керек. Адамның дүниеге деген эстетикалық көзқарасының көрсеткіші оның эстетикалық ынтасы мен қажеттілігі, сондай-ақ эстетикалық қабілеттілігі. « Мектеп балалары табиғаттағы, өнердегі, білімділігі және еңбектегі әсемдікті көре де, біршама терең толғана алады. » 1
Олар барлық асқақ ойлар мен ерлікке құштар. олардың эстетикалық мәдениетінің дамуындағы жас ерекшеліктері де байқалады: кіші мектеп балалары табиғаттағы әсемдікке, жеткіншектерге өнерге аса қызықса, ересек мектеп балаларын мінез-құлық қарым-қатынас эстетикасы, адамның сыртқы келбеті және оның ішкі дүниесі көбірек қызықтырады. Өнер мен өмірдегі тамаша өсімдікті көру, сезіну, түсіну және жасай білу өзінен өзі келмейді.
Қоянбаев Р. А. Педагогика, -А., 2000., 15-бет
Бұл қабілеттілікте мақсат көздей отырып тәрбиелеу керек. Мектеп балалары эстетикалық тәрбиелеуде орталық буын болып табылады, Балалардың өзіндік творчествосымен ұштастырып, педагогикалық дұрыс ұйымдастырылған хабарлар, оқушылардың көркемдік талғамы мен баға бере білуінің қалыптасуын анықтайды. Мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты мақсат көздей отырып, олардың оқуының ақырға күніне дейін жүргізуі тиіс. Бұл жұмысты тоқтатып тастау талғай білудің тұрақсыздануына әкеліп соғады да оқушылардың өнер шығармларына дұрыс баға беру қабілетін төмендейді. Балалық шақтың өзін әдемі етіп, балалардың күнделікті іс-әрекетіне тамаша әдемілікті көріп, оны өз қолымен жасай білуге және өмірді жақсы жаққа қарай қайта құрып, өзгертіп отыруға үйрету- қазіргі мектептегі эстетиклық тәрбиенің маңызды бағытының бірі.
Эстетикалық тәрбие жастарды жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білуге, бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан түрлі саласына «әсемдік» элемменттерін енгізе білуге үйретеді, ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды . Тұлғаны барлық жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарынын дамытуды және нағыз еңбекқор ретінде, адамгершілік, парасаты мол, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.
Жапон елінде эстетика саласынан тәрбие алмаған адам, тіпті экономикалық тұрғыдан тиімсіз деген пікір қалыптасқан. Олай болса, бүгінгі студент ертеңгі маман, еліміздің болашағы. Олардың бүгінгі тандағы эстетикалық мэдениетінің қалыптасуы қандай дэрежеде? ЖОО қабырғасынан білім алған жастар таңдаған мамандықтарына қосымша эстетикалық мәдени құндылық пен өнер саласынан талғамдары мен мұраттарын қалыптастырып, дамытуы қажет. Өйткені еліміздің көркеюі, жалпы адамзаттық өркениеттілікке қосылуы бүгінгі студент, ертеңгі маманның тек білім дәрежесіне ғана емес оның эстетикалық мәдениетіне де байланысты. Студент жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру киноға, концертке, театрға барумен шектелмейді.
Бүгінгі адамның өмірі мен әрекетінің кез келген саласында эстетика мен көркемөнерсіз тіршілік етуге болмайды. Олай болса, қоғам мен адам өміріндегі эстетика мен көркемөнер аясының кеңеюі тек ұрпақтан - ұрпаққа тарихи -мәдени мұраларды беруді ғана міндеттемейді, сонымен қатар аға ұрпақтың тэжірибесін бойымыз бен ойымызға сіңіріп, әсемдік жайындағы тәжірибесін молайтуды талап етеді. Ол үшін адамның жастық шағынан эстетикалық қажеттілігін туғызып, қабілетін дамыту және қалыптастыру әлеуметтік сұранысқа айналуы керек.
Адамзаттың ежелгі арманы - бақытты өмір сүру. Ол үшін тұрмыс байлығы мен ырызық молшылығына қоса адамның рухани өмірінің де кең шалқуы шарт. Олай болса, адамдарға эстетикалық ләззат беретін - өнер. Өнер әсемдікпен тығыз байланысты. Ал өнерден ләззат алу үшін, ең алдымен, эстетикалық мәдениет жағынан білімдар болу шарт.
1. Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу.
2. Сұлулық бір кештік, жақсылық мәңгілік.
3. Сұлулық ақылды сатпайды.
4. Сұлулыққа тоймайсың.
5. Сұлулық екі адам қосылғанша, ал ақыл мәңгілік.
6. Сұлулық - ақылсыз бос.
7. Сұлулық әлемді құтқарады (Ф. Достоявский)
Мұғалімнің тақтаны әдемілеп безендіріп, оған математика, ана тілі сабақтары жөніндегі оқу материалдарын ақылмен орналастыра білуі, тақтадағы әдемі жазылған әріптер, цифрлар, жақсы салынған суреттер - міне, осылардың барлығы мектеп балаларының эстетикалық талғамдарын қалыптастыру үлгісі емес пе? Өнер адам сезіміне көркем бейне арқылы әсер етеді, оның жарқын толғанысын оятады, әр түрлі сезімдерді қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Кіші мектеп балаларының бойында әсемдікке терең сезіну және толғану қабілеттері бар. Сондықтан оқушылармен жұмыс жүргізгенде, балаларға өмірдің әсемдігін ашып, олардың рухани бейнелерін байыту үшін, қоғамдық белсенді қызметке адамның өмірдегі жақсы мұраттарын бекітуге бөгет болатындармен күрес жүргізу үшін, өнермен шұғылдану жолындағы әрбір мүмкіндікті пайдалану қажет.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие бергенде айналадағы, тұрмыстағы, табиғаттағы, көркем шығармалар мен көркемөнердегі әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйретудің маңызы зор. Әсіресе өмірде кездесетін шын әдемілікті айыра білуге тәрбиелеу қажет. Әдемілікті тек түсініп, қабылдап қана қоймай, сонымен қатар өздері де сол әдемілікті ұластыруға, эстетикалық талғамдарын дамытуға тиісті екендігіне оқушылардың көзін жеткізу - әрбір мектеп мұғалімдерінің міндеті.
Эстетика - грек сөзі. Грекше «эстетика» деген сөз сезімталдық және қоғамдық идеологияның, айрықша бір көркемөнердің заңдарын және категорияларын зерттейтін ғылым деген ұғым береді. Эстетика - өмірді сезім арқылы білудің, танудың негізгі жолы. Эстетика көп уақыт философияның бір тарауы болып саналып, көркемдік пен әдеміліктің заңдарын зерттейтін ғылым болатын.
Адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан тануы оның эстетикалық мұратымен берік байланысты. Эстетикалық мұрат дегеніміз - әсемдік туралы, өмір сұлулығы туралы мұрат, ал абстрактылы емес, өмірде кездесетін әсемдіктің өзінен туған мұрат. Ол - біздің айналадағы, өмірдегі, тұрмыстағы, өнердегі әдемілікті түйсінуімізден, қабылдай білуімізден барып қалыптасқан әсемдік мұрат.
Мектептердегі берілетін эстетикалық тәрбиеде өмірмен, өнермен таныстырудың жолдары нақтылы да көрнекі бола отырып, оқушылардың сана -сезіміне эмоциялық әсері күшті болуы қажет.
Кейбір мұғалімдер өнер туралы айтқанда, балаға таныс емес күрделі музыкадан, бейнелеу өнерінің түрлерінен бастайды. Бүл секілді баланың психологиялық қабілетімен - қабылдау әрекетімен - санаспауы баланың бойында бар қабілетінің топастануына апарып соқтырады.
Бүгінгі мақсатымыз бүгінгі танда оқушыларға кластан тыс жұмыстарды эстетикалық тәрбие беру болғандықтан, алдымен оқушыларды адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге, сүюге, яғни көркемдік сезімін байытуға тәрбиелеу қажет. Оқу - тәрбие жұмысының басқа түрлері сияқты, эстетикалық тәрбие де оқушыларды идеялық тұрғыдан дұрыс қалыптастыру мақсатына қызмет етеді. Эстетикалық өмір шындығын көркем бейне арқылы қабылдауға жол ашады.
Кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие тек сабақ арқылы ғана толық іске асыруға болады деген мақсат көздеп қоймай, сол мектептің үйі, іші -сырты жабдықталуы, тазалығы, оқу - тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, педагогтар коллективінің ынтымақты болуы, балалар коллективінің тәртібі, сыпайылығы, көрегенділігі, оқу үлгерімі, кішіпейілділігі арқылы да берілетіндігін ұмытпауға тиісті.
Эстетикалық тәрбие жұмысында мектеп үйінің қандай күйде екендігі ұсақ мәселенің қатарына қосылмайды. Кейбір мектептердің оқу үйлері эстетикалық тәрбиенің талаптары түгіл элементарлық - гигиеналық талаптардың өзіне де сай келе бермейді. Бұл мектептерде мұғалімдер коллективі тарапынан оқу үйлерінің, ауланың біршама таза болуын қадағаламайтындары да бар. Әрине мұндай мектеп коллективі эстетикалық тәрбие беру мәселесін өз мәніне қоя алмайды.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде коллективтік еңбекке баулудың мәні зор. Осы жағдайды ескере отыра, мектептер мен арнаулы оқу орындарында оқушы балалардың өз қамын өзі ойлау, өз күйіне өзі қам жасауға мектепті, оқу үйлерін, жатақхана, шеберхананы таза ұстауға үйрету ісі қолға алынуы қажет. Бұл балалардың өз еңбегінің әдемілігін сезінуге, еңбек адамдарын құрметтеуге, оқушылардың тәртібін нығайтып, тапсырған жұмысқа жауапкершілігін арттырады. Оқушылардың мемлекеттік мүлікті көзінің қарашығындай сақтауына, еңбекке сергек қарап, жолдасына инабатты, сезімтал болуына жол ашады. Мысалы: мектептерді сәндеп безендіруге, мектеп ауласына түрлі гүлдер ектіру, өз көшелерін жөндеп, ағаш отырғызу, сол сияқты мектеп стадионын салуға қатыстыру т. б. жұмыстар арқылы олардың эстетикалық ой - өрісінің дамуына жағдай жасауға болады.
Мектепте эстетикалық тәрбие беруде үлкен роль атқаратын орын -оқушылар комитетінің бөлмесі. Ол ұқыпты, сәнді жабдықталуға тиіс.
Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жетілдіру негізінен мектептегі оқу - тәрбие жұмыстары арқылы жүргізілетін болғандықтан, сол мектептің сырттай ұсақ, елеусіз көрінетін және көп жағдайларда мұқият ескерілмейтін жәйттері - эстетикалық жақтары ескерілуге тиіс.
Көркемөнердің бір саласы болып табылатын ән - күй, музыка, сурет мектептерге арнаулы пән сабақтары болып енген. Ал көркемөнермен біте қайнасқан әдебиет пәні мектеп оқушыларына оқу процесінде эстетикалық тәрбие берудің негізгі қүралы есебінде пайдаланылады.
Кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру мақсатында әр түрлі жұмыс түрлері жүргізіледі, мысалы әр түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары, әдебиет, сурет, музыка, кино өнері туралы кештер ұйымдастыруға болады. Сондай - ақ алдыңғы қатарлы сурет пэнінің мүғалімдері өз сабақтарында сурет өнерімен ғана шектелмей, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға да көңіл бөліп отыруы қажет. Сабаққа оқушылардың творчестволық өзара қарым - қатынасын арттыру мақсатында және оларды белгілі бір затты өз қалпында бейнелеуге баулу үшін қала аймақтарына экскурсия ұйымдастыруға болады. Оқушылардың салған еңбектерінен көрме ұйымдастыру қажет.
Мектептегі эстетикалық тәрбие берудің негізгі тәсілдері - мектептегі кластан тыс жүұмыстар. Әрине, бұл кезеңдегі жұмыстар сабақ процесіндегі тәрбиенің қайталау түрі болмай, керісінше, оның жалғасы, тіпті, оны жетілдіре түсу болып табылады. Кластан жұмыстарда берілетін эстетикалық тәрбие кездейсоқ болмай, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Тәрбиенің басқа түрлері сияқты эстетикалық тәрбие беруде де оқушының білім дәрежесі, жасы, қызығуы мен қабілеті еске алынады.
Сондай - ақ эстетикалық тәрбие жеке - дара жүргізілмей, мектепте өтілетін түрлі пәндер мен тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысқан түрде жүргізіледі. Бұл жұмыста мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі ерекше. Эстетикалық тәрбие беру барысында әрбір пәнге байланысты кештер, көркемөнер қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі. Экскурсиялар ұйымдастырып, одан алған әсері жайында оқушылар шығарма жазып отырады.
«Кейінгі кезде мектептегі эстетикалық тәрбие беруде республикамыздың алдыңғы қатарлы озат мұғалімдері баспасөз бетінде жеке пән арқылы, кластан тыс жұмыс түрлері және үйірмелер арқылы эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен тәсілдері, түрлері мен формалары жайында пікір алысып, өз тәжірибелеріне мүғалімдер қауымының назарын аударып келеді» 1 Әдебиет сабағында эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдарының бірі - оқушылардың оқыған көркем шығармалары жөніндегі пікірін анықтату, оқыған шығармаларындағы мәтінді талдату, текспен жұмыс істету, яғни мәнерлеп оқыту, шағын көркем шығармаларды немесе көлемді шығарманың көркем жазылған үзінділерін оқыту, жаттату мәселеріне көңіл бөлу қажет.
Жалпы мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі мектеп мұғалімдерінің алдындағы күрделі міндет - ол оқушылардың көрген - білген заттарының, әдемі нәрселердің сырын ашу, не нәрсе тамаша екендігін дұрыс түсіндіру.
Сөйтіп оқушылардың сезімдерін оятып қана қоймай, оның ойлампаздық қасиетінің дамуына да жол ашу. Егер оқушы дүниедегі
. . .
*Қоянбаев Р. Педагогика. Алматы. 2000., 28 бет
«Тамаша», «Көркем» нәрселерді өздері сезіп, ойлап, оған белгілі бір эстетикалық талғаммен қарай алатын болса, онда мектептегі эстетикалық тәрбиенің керегі де шамалы болған болар еді. Сондықтен мектеп мұғалімдерінің міндеті оқушылардың эстетикалық талғамын іс жүзінде де, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген - білгендерінен сұлулықты қабылдауға, оған масаттанып лэззат алуға көмектесуі керек. Көркем шығармаларды оқу, үйрену арқылы қай кластың болмасын оқушылары образды түрде ойлауға ойын нақты да, нық жеткізе білуге, тіл байлығын дамытуға үйренеді. Сөйтіп оқушының эстетикалық ой -өрісінің дәрежесі оның сөйлеу тілінде де әсер етпей қоймайды.
І. 1. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады, әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті түлғалық мәнін жан - жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz