Электр - магниттік жүйелі аспаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Электр - магниттік жүйелі аспаптар

Электромагниттік өлшеуіш аспаптарын тұрақты немесе айнымалы ток тізбектеріндегі кернеулі немесе токты өлшеуге қолданады. Қаралып отырған түрдегі аспаптарды өндіріс екі құрылымдық түрде: жазық және дөңгелек орауышты (катушкалы) түрінде жасайды.

Жазық орауышты электр - магниттік аспаптардың жұмысы ферромагиттік өзекшенің тогы бар орауыштың ішіне тартылатын принципіне негізделген. Мұндай аспап (64 - сурет) негізгі қаңқаға оралған саңылауы бар орауыштан тұрады. Аспаптың қозғалмалы бөлігі нұсқама тілі бар 1 біліктен, симметриясыз бекітілген өзекшеден 2, және қайтарушы серіппеден 3 тұрады. Нұсқама тіл өзінің орнықты қалпына қарағанда тез тынышталуы үшін ауалық тежеуіші бар тыныштандырғыш 4 қолданылады.

Аспапты электр желісіне қосқанда орауыш арқылы ток жүреді, пайда болған магнит өрісі өзекшені орауыштың ішіне тартады. Өзекше білікке симметриясыз бекітілгендіктен аспаптың қозғалмалы бөлігі бір бұрышқа бұрылады. Қозғалмалы бөлік ток тудырған айналмалы момент пен спираль серіппесінің қарсы әрекет моменті тепе - тең болғанша бұрылады.

Қозғалмалы бөліктің бұрылу бұрышы өзекшенің катушка ішіне тартылу күшіне байланысты. Бұл күш токқа 1 және орауыш өрісінің магниттік индукциясына В тура пропорционал: F = кBI, мұндағы К - пропорционалдық (тәуелділік) коэффициенті. Магниттік қанығуға жетпеген жағдайда магниттік индукция токқа пропорционал болғандықтан, қозғалмалы жүйенің бұрылу бұрышы ток квадратына пропорционал болады. Бұл жағдайда аспап шкаласы квадратты болу керек. Бірақ та аспаптағы ферромагниттік өзекше келтірілген ара - қатынастықты күрделілендіреді, соның салдарынан электр - магниттік өлшеуіш аспаптарының шкаласы біркелкі болмайды. Өзекшеге арнайы пішін беріп және оның орауыш ішінде орналасуын өзгертіп, алғашқы бөліктерінен басқа шкаланың көпшілік бөлігіндегі біркелкісіздікті азайтуға болады. Шкаланың алғашқы бөліктері өте тығыз болып қала береді.

Электр магниттік вольтметрлерде орауыш орамдарының саны үлкен болып, 2000-1-ға жетеді. Орам сымының диаметрі 0, 08-0, 1 мм. болады. Амперметр орауыштары қималары дөңгелек немесе таспа тәріздес жуан мыс сымдардан жасалынады да олардың орам сандары көп болмайды. Сыртқы магнит өрістері электр-магниттік аспаптың жұмысына үлкен әсерін тигізеді, бірақ оны ферромагниттік қаптамасы арқылы бәсеңдетуге болады. .

Дөңгелек орауышты аспаптың (65-сурет) ішіне нұсқама тілімен бірге аспап осіне бекем орнатылған жылжымалы 1, және қозғалмайтын екі өзекше орнатылған. Орауышпен 3 ток жүргенде магнит өрісі қоздырылады, өзекшелердің екі ұщтары аттас полярлықпен

Магниттеледі, аттас полюстердің бір-бірімен тебілуі айналмалы момент туғызады. Қозғалмалы өзекше бір қозғалмайтын өзекшеден 4 тебіліп нұсқама тілді білікті белгілі бір бұрышқа бұрады. Сыртқы магнит өрістерінің әсерін әлсірету үшін орауышқа ферромагниттік экранды 2 кигізеді. Аспап магнит тынышталдырғышымен 5 жабдықталғын.

Электр-магниттік аспаптың магнит өрісінде болатын мөлшері аз болғандықтан магнит өрісінің көпшілігі ауа арқылы өтеді. Сондықтан электрмагниттік жүйедегі өлшеу механизмінің сезгіштігі шамалы болады. соның салдарынан аз токты өлшейтін (0, 5 А ден кіші) амперметрді немесе аз кернеуді өлшейтін (10 В-тан кіші) вольтметрді жасау қиындыққа соғады.

Аспаптың тұрақты және айнымалы ток тізбегінде жұмыс жасау қабілеті орауыштағы ток бағытты өзгеруіне байланысты өзекше қайталама магниттеліп айналмалы моменттің бағытының өзгермеуімен түсіндіріледі. Айнымалы ток жүргенде аспап әсер етуші токты немесе кернеуді көрсетеді.

Мгнит электлік жүйелі аспаптар

Мгнит - электірлік жүйе аспаптар тұрақты ток тізбектеріндегі ток пен кернеуді өлшеуге қолданылады. Мгнит электірлік жүйе аспаптарының жұмысы магнит өрісі мен тогы бар өркізгіштің өзара әрекетесуніне негізделген.

Асаптардың қозғалмайтын 3 және болат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр өлшеу аспаптары
Тұрақты ток. Тұрақты ток тізбектері
Электр өлшеуіш аналогтық құрылғылар туралы жалпы мәліметтер
Электрлік өлшеулер және аспаптар Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы
Электрлік өлшеудің қателіктері
Магниттік түрлендіргіштер
Синусоидалы айнымалы ток тізбегіндегі есепті шешу
Құрылғылардың өлшеу механизмдері және қолданылуы
Қазіргі заманғы элеткрондық өлшеуіш техникалар
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz