Название доклада ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН САНА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН САНА ДАҒДАРЫСЫ ӘЛДЕҚАЙДА ҚАУІПТІ
М.Қ. Түйебаев, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға
ғылыми қызметкері, х.ғ.к. жаратылыстану және тақпаратандыру факультетінің 4-
курс студеті Қабылбекова А.Ә.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Экономикалық дағдарыстан сана дағдарысы жаман, әлдеқайда
қауіпті. Аштықтан да, қырық жыл қырғынан да халық, ел аман қалып, қайта
көбейіп, қайта оңалып жатады. Ал сана дағдарысынан серпіліп шыға алмаған
жағдайда, халық халықтығынан, ел елдігінен, адам адамшылдығынан, кісі
кісілігінен айырылды.Алла содан сақтасын. Ендеше рухани мәдениетімізбен іс
жүзінде шындап қайта табысайық, одан ат өтті емес, дұрыстап оқып үйренейік,
жөндеп тәлім алып тәрбиелейік.
Ұлттық идеяның негізгі түбірі неде ?Ол неден, қайдан басталу керек
?Сөз жоқ, ең бірінші адамдық, адамгершілік тәрбиеден бастау алуы тиіс.
Қазақ қазақ болғалы, тіпті әріден халық болғалы ғасырлар бойы ұлттық
идеяның негізгі – тәрбие болып келді.Халықтың басым көпшілігі мектеп,
медреселерде оқымаса да тәрбиесіз болған жоқ. Қазақ халқы әлемдегі әдепті
халықтардың бірі болды десе еш қателеспіз. Үлкенін силап, алдынан кесіп
өтпеу, көршілерді құрметтеп тату түру, қонақты құрақ ұшып қарсы алып, тік
тұрып күту және міндетті рәсімдер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адамгершілік
тәрбиесінің, ұлттық идеяның берік негізі болды. Жинақтап айтқанда, бұрын
қазақтың кітаби білімі, оқуы аз болғанымен, жол оқуы, өмірлік білімі-
тәрбиесі, көңілге тоқуы мол болғаны анық. 1843-1906 жылдары атақты Мұрат
Мөңкеұлының жырында:
Дау емес, жол оқыдым бала жастан,
Өнерім он жасымда судай тасқан,- деген жолдар бар.
Демек қазақта жол оқуы- халықтық тәрбие мектебі болған.
Ал қоғмның дамуы үшін, мемлекеттің өркениеттілігі үшін ең қажеті
адам туралы білім, адамдар қарым- қатынасының мәдениеті туралы білім мен
тәрбие әлде қайда маңызды.Бұл кезек күттірмейтін мәселе. Себебі адам
тәрбиесі барлық қоғамның басты мәселесі болған және болып қала бермек.
Адамға бірінші білім емес тәрбие бер деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі
босқа айтылмаса керек.
Халқының қамқоршысы, қазақ халқының екінші жартысында және XX
ғасырдың басында өмір сүрген аса көрнекті ақыны, Әрі ағартушысы Абай
Құнанбаевтың еңбектері жастардың ақылшысы болады. Оның шығармашылығының
барлығы дерлік тәрбиелік сипатта келіп отырады. Абай әдейілеп педагогикалық
шығармалар жазбағанымен де, педагогикалық қызметпен айналыспаған болса да,
бірақ оынң пікірлерінің көпшілігінен жастарды тәрбиелеу, оқыту жөнінде
айтылған әдістемелік және дидактикалық қағидаларды табуға болады. Өзінің
көптеген өлеңдерінде ұлы сөз ұстасы адамдардың психологиялық көңіл күйінің
ерекшеліктерін айрықша шеберлікпен аша білуі. Абайдың өзінің әдеби
кейіпкерлеріне берген мінезі мен аузына салған сөздері әлде бір ойдан
алынған психикалық сипат емес.Соның бәрі адамдардың жеке қасиеттерін,
ерекше психологиялық өзгешеліктерін ашып береді. Ашып бергенде, ақын
солардың бәрін нақтылы- тарихи еңбек және тұрмыс тіршілігі жағдайында
суреттеді. Сол себепті де адамдардың өмірі мен психологиясын реалистік
тұрғыдан суреттеген оның шығармалары қалың бұхараның түсінуіне жеңіл,
жүрегіне жылы болды.
Адамның әрекетін ақылға, сезім мен ерік- қайратқа бөле отырып,
абай олардың ішкі мәнін ашып көрсетуді қолға алады.(бұл жөнінде Әуелде бір
суық мұз ақыл зерек деген өлеңнің, Он жетінші сөзін, Жиырма жетінші
сөзін, Қырық үшінші сөзін және басқаларын алуға болады). Ақын түйсік пен
сезімді, аңғаруды, еске түсіруді, көңілге тоқуды, ойлауды, ақылды немесе
сананы – осының бәрін адамның ақыл- ой құбылыстарына жатқызады. Ақыл,
Қайрат, жүректі бірдей ұстағанда ғана адамда ерік күші берік
пікірлеріндегі көзқарас орыстың ұлы педагогы, әрі психолог К.Д.Ушинский
көзқарастарына жанасады.
Абай түсінігінде сана немесе ақыл-ой ойлау қызметтінің ең жоғарғы
сатысы. Сол сияқты тек сананың күшімен ғана адам ізгілік пен зұлымдықты
таниды, обьективті шындықты біледі, ғылымды меңгереді. Сана немесе ақыл-ой
болмаған жерде ештеңені танып та болмайды. Ақыл-ой дүниенің мәнін ашып
береді. Сана туа пайда болмайды. Ол адамның практикалық тіршілігі
басталғаннан бастап пайда болып дамиды Он тоғызыншы сөз.
Адам дамуының деңгейін көтеру тек табыстың жоғарлауымен ғана емес,
сонымен бірге оның тәрбие, білім деңгейінің өсуімен де, сондай-ақ, оның
өмірінің ұзаруымен де анықталатын жүйе. Таңдау мүмкіндігінің молаюы адам
әлеуметінің орнықты дамуының негізгі міндеттерінің бірі.Адам дамуының
қазіргі заманғы әлеуметтік экономикалық деңгейі,ғылыми технологиялық
революция қарқынының жеделдеуі жеке адамға экономикалық,қоғамдық,саяси және
мәдени өмірдің екпінді өзгерістеріне минимальді шығынмен бейімделуіне
мүмкіндік беретін әр түрлі,көп деңгейлі,әр бағытты даярлықты талап
етуде.Мысалы, XX ғасырдың ортасына дейін білім саласы жеке нақты елдің
мемлекеттік құрылымының маңызды элементінің бірі болатын мүмкіндігінше
қатты, жабық жүйе ретінде көрінді. Оның негізгі мақсаты болып, жас ұрпақты
кәсіби іс-әрекетке дайындау болды, яғни оқушылардың алдындағы буынның
әлеуметтік тәжірибесінің белгілі қорымен қаруландыру. Білім беру екі
қызметті орындады – экономикалық (жұмысшы күшті дайындау) және
әлеуметтік(жас ұрпақты жан-жақты дамыту және әлеуметтендіру). Өткен жүз
жылыдықтың 60-жылдарынан бастап білімнің мақсаты, міндеттері, қызметтері,
сонымен қатар, оның ұсыну түрлері, қоғам мен адам өміріндегі білімнің рөлі,
білім, тәрбие, адам және қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты біртіндеп
өзгерді.
Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықылыаспен тоқылық, - жастарды оқу білімге, тәрбиеге
шақырған. 1864 жылы Торғайда алғашқы үлгі мектеп ашқан ұлы ұстаз Ыбырай
Алтынсарин айтқан сөздер уақыт өткен сайын маңызы сұйылып ескірер емес,
қайта жаңадан қуат алып, тәуелсіз еліміздің жастарын заман талабына сай,
оқу білімге, тәрбиеге, ғылымғы, өркениетке шақырып тұрған сияқты, оның рухы
бүгін де, келешекте мәңгі шұғылы шашып тұрмақ. Себебі, қазіргі жас
Қазақстан Республикасында екі мемлекеттің екі қоғамның адамдары қатар өмір
сүріп келеді. Жоғарғы буын біздер кеңестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ТОНЫКӨК» (ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА
Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі
Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі
Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер
Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері
Ұлыстың билеушісі - сұлтан
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Супермаркеттің деректер қорын жобалау
Қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық негіздері
Пәндер