Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау
Мазмұны.
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 3
І. Білім беру жүйесіндегі экологиялық
оқыту мен тәрбие
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1. Экологияны қазіргі кезеңде зерттеудің әдістері ... ... ...
1.1.1. Әлеуметтік экология
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.2. Жаратылыстану, гуманитарлық пәндерде
экологиялық білім мен тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ..
2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің
ғылыми-педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Химиялық – экологиялық білім берудің қазіргі
негізгі аспектілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Химиялық өнімдер – тұрмыста ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Жер биосферасы және химия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Адам организміндегі химиялық элементтердің
мөлшері, атқаратын қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі
экологияның мазмұнды сандық есептердің ролі ... ...
ІІІ. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының
нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша тақырыптар.
Кіріспе
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны
аян. Қазақстан жеріндегі экологиялық апаттың қауіп қатеріне байланысты
экология мәселесі бүкіл республика жұртшылығының, соның ішінде мектептен
бастап, ғылыми мекемелердің, әкімшіліктің, Елбасының көкейтесті
проблемасына айналып отыр. Осыған орай Қазақстан 2030 даму стратегиясына
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие
беру тұжырымдамасы бар. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03. 03. 1998
жылғы № 137 қаулысына сәйкес жүзеге асырылған).[]
Сондықтан бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие
беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен
тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданған. Экологиялық
білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және
қоршаған ортаның үйлестілігін ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның
ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында
табиғатты қорғай біле алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті
экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеудіңі маңызы
зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын
мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға
ұғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске
асырылады.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – экологиялық
мәселелердің бірі, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді
пайдалану болғандықтан республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің
саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды
бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бермегендіктен, оқушыларға экологиялық
білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. .[ н.ән]
Экология – бүкіл адамзат баласының щалыс басқан әрбір әрекетіне
келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның
жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, куейбір көлденең
оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге
бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара,
Қазіргі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат
қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей
полигонын және тағы басқа адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге
болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі
өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық
мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстары өте
орынды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады. Ал баларға
қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңеутуге ұмтылу тән. Экологиялық
ағарту осы қажеттілікті қанағаттандыра алады. Сондықтан білім берудің
негізгі баспалдағы мектепте оны қорға алу керек. Қоғамның экологиялық
мәдениеті негізгі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық
мәдениетінен тұрады.
Осы орайда елімізде жас өспірімдерге экологиялық үздіксіз білім
беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуына өте орынды. Оның
өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:
- Туған еліміздің табиғаиымыз бен оның табиғи ресурстарымен ұзақ
жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы және ластануы,
себепсіз сарқыла бастауы;
- Республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің
көбейе түсуі;
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары ғарыш
айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы,
адам денсаулығының нашарлауы;
- экологиялық білім тәрбие және мәдениетің қалыптасуы мен тұрмыстық
қажеттілік мақсатындағы табиғаттың пайдалану сипаты арасындағы
алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай
қажет.?????? Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері
үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ортасы
болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жасөспірімдерді жеке адамның бойына
табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам – қоғам –
табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу.
Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін
қалыптастырудан бастап, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді
қарастырады. Экологиялық білім беру - өте күрделі процесс.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Оқушыларды қоршаған табиғи ортаның өзімен
қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген
көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру және үздіксіз экологиялық білім берудің
тиімді жолдарын жетілдіру.
І. Білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие.
Бүгінгі күннің талабына сай, егеменді республикамыздың орта білім
беретін барлық мектептерінде пәндерді экологияландыру жаппай қолға алынды.
Оның негізгі мақсаты Халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен
тәрбие мәселесін шешуді ойдағыдай жүзеге асыру. Әрине, бұл өте күрделі
мәселе. Өйткені қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
қоғамымыздың ең маңызды мәселелері болып отыр. Сондықтан орта мектеп
мұғалімдерінің экологиялық даярлықтан өтуі әбден қажет. Жасөспірімдерге,
көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы концепцияның
негізгі мақсаттарының бірі де мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру
болып табылады.
Дүние жүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу
жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды.
(1999 ж.) Оның негізгі мақсаты – көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім мен тәрбие
беру;
- жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әртүрлі саласы
бойынша);
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге
қарағанда оның әртүрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
Көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарында
экологпиялық мәселелердің жеке бөлігі, жекеленген тақырыптар енгізіледі
және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа
экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Бір пәнді үлгі. Мұның ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу
жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс жүзінде асырылады. (біз
осыны қолдаймыз)
Аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-сынып оқушыларыүшін экологиялық
білімнің жеке мәселелері дәстүрлік пәндерді қарастырылады. Содан соң ол
сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнай ы сабақ өткізіледі.
Қазіргі уақытқа дейін мектептік химиялық білім үшін экологиялық білім
беру мазмұнының мәнісі толық шешілген жоқ. Біз оқушылардың экологиялық
дайындығына химия курсының мүмкіндігін айқындау барысында экологиялық білім
тұжырымдамаларына, сондай-ақ мектепте білім берудің мүмкіндігіне
төмендегілер саяды:
- табиғаттың біртұтастығын, адам қызметінің қоршгаған ортаға әсерін
ашу және табиғатқа ұқыпты қатынастың қажеттілігін қалыптастыру;
- химиялық үрдістер, айналулар барысында қоршаған ортадағы
өзгерістерді бақылау;
- өнеркәсіптің қоршаған ортаға қатысты ролін көрсету;
- қоршаған орта тұрғысынан ғылыми-техникалық прогрестің ролін
айқындау;
- қоршаған ортаны қорғау шараларына қолдарынан келгенше қатыса
алатындай оқушыларды тәжірибелік білікпен, дағдылармен қаруландыру;
Химияны оқыту барысында экологиялық білімнің жалпы жетекші
бағыттары мен оқу пәні ретіндегі химияға тән жалпылама ұғымдармен жетекші
бағыттарды ашып көрсету негізінде экологиялық білім мен мазмұнының мәнін
шешуге болады деп есептейміз. Оларға мыналар жатады:
1. Тіршілік ету ортасындаңғы табиғаттың біртұтастығы мен дамуы.
2. Қоғамның дамуы мен табиғаты.
3. Еңбек ету үрдісіндегі табиғаттың өзгеруі.
4. Қоршаған орта және адам денсаулығы.
5. Табиғат және жеке тұлғаның құқықтық және эстетикалық дамуы.
6. Табиғат – адам - қоғам жүйесіндегі өзара ықпалдастық.
Химияны оқыту кезінде жалпы жетекші тдеялар мектептік химия
курсына тән жетекші идеяларымен нақтылануы керек.
1. Қазіргі өндіріс мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау.
2. Ғылыми-техникалық прогресс, табиғи қоршаған орта.
Қазіргі өндірістің табиғатқа қатысты оң және теріс әсерлері, сондай-ақ
осы мәселеледе орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарынайқындауды
экологиядық білімнің қолданбалы қайшылықтарды шешудегі химиялық
аспектілерді меңгеруі оларда жағдайды бағалай білу қабілеттіліктерінің
қалыптасуына, табиғатта өзін ұстай білуіне, дұрыс шешім нәтижесінде
табиғатта туындайтын өзгерістерді болжай білуге мүмкіндік туғызады. []
Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсерін
қарастырудың ұстанымдық мәні бар. Экологиялық мәселелерге ғылыми-техникалық
прогресс қайшылықты әсер етеді: бір жағынан оларды шиеленістіреді.
(қоршаған ортанң ластануы және тағы басқалары), екінші жағынан табиғи
қорларды үнемдеуге мүмкіндік беретін және қоршаған ортаны ластамайтын
баламалы технологиялар құру жолымен шешуге мүмкіндік береді. Осы ой-
табиғаттың өзара әсерін тиімді етудегі жетістіктерді айқындайтын қажетті
білім элементтері анықталды. Олар мыналар.
1. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану.
2. Қоршаған ортаға өндіріс шығаратын лас қалдықтарды болдырмауға
мүмкіндік туғызатын, яғни экологиялық заңдылықтармен жүзеге
асырылатын қалдықсыз технологиялық үрдістерді құру.
3. Табиғи ортаны ластанудан қорғайтын негізгі әдістер мен
технологиялық құрылғылар.
Қоғам мне табиғаттың өзара әсер етуін теориялық талдау оқушылардың
экологиялық білідерін әрі қарай жетілдірудегі химия курсының мүмкіндігін
ашып көрсетуге алғы шарт болады. Ал ол үшін мыналар қажет:
- экологиялық білімнің жетекші идеяларының нақтылануы, оқу пәні
ретінде химияға тән жеке идеялардың бөлініп көрсетілуі;
- экологиялық білімнің қажетті бөлшектері ретінде оның негізгі
элементерінің химияны оқыту барысында қалыптастыру;
- қоғамдық матери ал игілігінің көзі ретінде табиғат құндылығының жан-
жақты ашып көрсетілуі.
Сонымен бірге жасөспірімдерге экологиялық білім және тәрбие беру
мына ұстанымдарға негіделеді:
- экологиялық білімді пәнаралық байланыста жүзеге асыру;
- экологиялық білім қалыптастыруда жүйелік және үздіксіздікті
қамтамасыз ету;
- оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту мақсатындағы
ақыл-ой, сезім-ерік және іс-әрекеттің бірлігін, үйлесімділігін
тудыру.
- табиғатты сақтау мен қорғау мәселелерін әлемдік, ұлшттық және
өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу;
Осы жалпы ұстанымдар тұрғысынан химиялық орта білімді
экологияландырудың мынадай негізгі бағыттары анықталды:
- химиялық негізге сүйене отырып тірі табиғат пен өлі табиғаттың
бірлігін және өзара әсерін ашып көрсету;
- жаратылыстану ғылымдарының зертеу нысандары, олардың экологиялық
аспектілері арқылы жаратылыстану экологиялық ұғымдарын
қалыптастыру;
- жаратылыстану-экологиялық ұғымдарын элеуметтік және техникалық
ұғымдармен ұштастыру;
- осы үшеуінің негізінде химия-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру
және дамыту;
- химиялық экспериментті экологияландыру қоршаған ортаны зерттеудің
пәрменді құралы ретінде қаралып, оның қолданылу аясында кеңейту
және әдістемелік жағынан негіздеу;
- экологияның әр саласы ұғымдарын қалытастыру үшін жергілікті
экологиялық материалды кеңінен пайдалану. []
Осы бағыттар ішіндегі химиялық экспериментті экологияландыру
арқылы экологиялық білім беру бағытын тереңірек дамытуға болады. Зерттеу
нысанын жалпы білім беретін мектептегі химия сабағының тақырыптарына
сәйкестендіріліп, яғни экологиялық түсініктерді толықтай аша алатындай
тақырыптармен таңдап алу керек. Ал қосымша сабақтан тыс сабақтарда
бағдарламадан тыс тақырыптарды қамти отырып, химия-экологиялық ұғымдарды
жеткіжу мақсаты жүзеге асырылады.
Ауыл мектептеріндегі оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту және
қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – экологиялық мазмұнды химиялық
есептер мен танымдық ойындарды қолдану. Оларды оқу үрдісінде пайдалану
теориялық химиялық материалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Есепті шешу кезінде оқушы жауап іздей отырып, химиядан алған
білімін өзінің тұратын жерінің проблемалық жағдайын шешуге қолданып,
табиғатты қорғауға қатысады. Осыдан (есеп мазмұны өмірге жақын болса)
оқушылардың жұмысқа қызығушылығы, іс-әрекетке белсенділігі артады.
Сонымен қатар экологиялық мазмұнды есептерді қолдану тиімділігі
оқушыларды бірнеше жыл қатарынан кешенді далалық зерттеулер жүргізе
отырыпоқытылатын жаздық ғылыми – геологиялық лагерьлерде байқалады. Мұндай
іс-әерекеттерді ұйымдастыру алғашқы жылдары оқушылар ғылыми лагерьдің
аумағына геоботаникалық зерттеулер жүргізіп, фаунаны, орта (су, топырақ,
тағы басқа) факторларының химиялық құрамын анықтау керек. Содан кейін
оларға ----------
1. Экологияны қазіргі кезеңде зерттеудің әдістері мен тәсілдері.
Қоршаған ортаның барлық мәселлерін шешуге қоғамның жетекші рөл
атқаратыны сөзсіз. Сондықтан маңызды мәселелерді шешіп, ғаламдық даму
модельдерін жасағанда жалпы әлеуметтік теорияларға сүйеніп, түрлі елдерде
қоғамдық дамудың өзгеретін факторын ескеру қажет. Ғаламдық даму моделін
жасағанда көрсетілген теорияны қолдану адамдардың материалдық жағынан
дамуының кешенді процесі ретінде алынатынын көрсетеді. Алайда қоғам -
табиғат жүйесіндегі дамудың өзара қатынас моделін жасауда қоршаған ортаны
тиімді қолдану қиындық туғызады, сондықтан бұл жерде жүйелі талдау әдісін
қолдану қажет.
ХІХ ғасырдың аяғында биологияда жүйелік идеялардың пайда болуының
басты себебі организмнің орамен байланысы тағы басқа экологиядағы
құбылыстарды түсіндіру таза эволюциялық теорияның негізі болған даму
физиология зерттеулерінде ол ерекше орвн алды. Сонда ол экологияға да кең
тараған.
Қоғам мен табиғаттың көп сапалығы дәлелдемені қажет етпейді. Осы
өзара көптеген ғылымда түұрліше бағыт тұрғысынан көрсетеді. Объектінің
толық көрінісімен қоғам-адам-техника-табиғи орта жүйесіндегі өзара әрекет
ету заңының танымын білу үшін жіктелген білімді интеграциялау, жүйелеу
қажет. Мұны терең деңгейдегі өзара мәнді байланыс негізіндегі бір пән
зерттейді. Сол жаңа ғылымның тамаша үлгісі әлеуметтік экология болып
табылады.
1. Әлеуметтік экология.
Әлеуметтік экологиядағы теория мен өзара қатынасы мәселесін
талдағанда маңызды философиялық – методологиялық мәселеде В.Д. Камароы
сияқты ғалым, Ю.Г. Марковтың бағытымен келіспейтінін атап өтеді. Ю.Г.
Марков пікірінше қоршаған орта жөніндегі білім әлеуметтік экологияда осы
ортаны басқару үшін қажет. Әлеуметтік экология түрі процестегі пәнаралық
зерттеулерден шығады. Оларды біріңғай байланыстыру функционалдық тәсілді
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен зерттеу құбылыстың ішкі,
мазмұнды жақтарынан олардың арасындағы затай және ақпараттық тоғыстарды
зерттеуге, ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның бағытына талдау жасайтын методологиялық әдебиеттерде
білімді синтездеудің түрлі әдістері ерекшеленуде, ал олардың әрқайсысында
жүйелік әдістің ролі біркелкі емес. Әрине, білімді синтездеудің барлық
процестердегі өзара әрекетпен бірлікте болады. Алдыңғы орынға синтездің
қандайда да бір түрін швғару түрлі мәселелерді шешудегі сұраныстарға
байланысты. Жинақты синтезге бірыңғайлвқ пен кешенді әрекеттердің
мәселелері тән.
Пәндік жүйелік бағыты тұрғысынан зерттеу практикалық қызметті арнайы
ұйымдастыруды қалады. Жүйелік паринципі бойынша ұйымдастырғанда кешендік
тәсіл ерекшеленеді. Кешенді тәсіл ғылыми білімді синтездеу саласындағы
жүйелік тәсілдердің бір түрі. Осы жерде жүйе және кешен ұғымдарына
түсінік берелік: жүйе ұғымы методологиялық әдебиеттерде талқыланған.
Кешен – адамға қатынасының тұтастығын құрайтын заттардың құбылыстарын
немесе қасиеттердің жиынтығы. Жүйе бірдей объектілер болады, олардың
қызметі, қасиеті түрліше келеді.
Қоғам-адам- техника-табиғи орта сияқты әлеуметтік экологияның
орталықтағы қатынасының материалдық жүйелілігі мәселелсін қарастырсақ,
жүйелік қатынаста, біріншіден, не материалдық не идеалдық элемент болады.
Екіншіден, жүйенің басты белгілері элементтер арасындағы байланыс.
Әлеуметтік экологияға методжологиялық талдау жасағанда ғңана кешенді
тәсілді қолдануға болады. Кешендік тәсілді ғылыми зерттеулердің жаңа әдісі
ретінде қолданғанда бірқатар объективті алғышарттарға сүйенеді, оның бірі
зертттелетін құбылыстардың барлық жақтарының органикалық өзара байланысы.
Бір зертттеудің шеңберінде түрлі ғылым қолданып, пәнаралық байланыс
болады. Мысалы, қазіргі кездегі көкейтесті экологиялық мәселеге барлық
ғылымның қатынасы бар. Сондықтан біз қазіргі экологиялық білімнің
құбылысына енетін кешенді ғылыми пәндерді атап кетелік. Олар: топырақтану,
табиғатты қорғау ілімі, қазіргі гигиеналық ғылым.
ХХ ғасырдың 60-*жылдардан бастап шектеулі табиғи ресурстарды үнемдеп
пайдалану қажеттігі туралы ұғым қалыптасады, экологиялық ойлау адаммен және
оның жаратылыстану жүйесіне тәуелділігімен айналысты, Кең мағынада
экология, адам-қоршаған орта қатынасы туралы ілімнің баламасы.
Жалпы экология пәнінің промлемаларымен көптеген мамандар бұл пәннің
мәні табиғи ортадағы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің қызметін басқару
мен байланысты мәселені қарастыру деп есептейді. Осы мағынада жалпы
экология тірі организм мен ол өмір сүретін ортаның өзара қатынасы
мәселелерін биологиялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Алайда ХХ ғасырдың
басында жалпы экология пәніне адаммен байланысты процестерді қосу арқылы
кеңейту қажеттігі туды. Бұл бағыт батыстық мектептерде өз көрінісін тапты.
Мысалы, француз мектебінде адам географиясы, Чикагоның әлеуметтік
мектебінде адам экологиясы немесе әлеуметтік экология. Осы мектептер
шеңберінде жиырмасыншы жылдардың аяғында бұл зерттеудің негізгі нәтижелері
алынды. Елуінші жылдарда алғашқы халықаралық конференциялардың бірінде
қоршаған ортаны өзгертудегі адам рөлі көрсетіліп, адам экологиясы пәні деп,
тұрғвн халық пен қоршаған орта арасындағы өзара байланысқа талдау жасау
деп түсіндірілді.
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың кешенді тұратын жаңа ғылыми
пән ретінде әлеуметтік экология кең түрде баяндалады. Ол өзінің өмір сүру
ортасын қалыптастырудағы адамның рөлі қандай деген мәселемен тікелей
айналысты. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік экология жөніндегі
мәселелер шиеленісе түсті.
Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара қатынасты
талдау методологиялық тәсілді талап ететінін айтады, олардың өзара қатынас
тарихы, негізгі тенденциялары, заңдылықтары динамикалық құрылысы айтылады.
Қоғам мен табиғат өзара қатынас бірінші кезектегі күрмеуі көп болғандықтан
зерттеуші экологиялық қиындықтардың дәмін татып қателесумен немесе
концептуалды шешімдермен шектелгісі келмейтіні даусыз.
Қоғам мен табиғат жүйесіндегі мәселелерге талдау жасайтын ғылыми
пәнді түрліше айту ұсынылған: тарихи қалыптасқан ұғыммен атау - әлеуметтік
экология немесе адам экологиясы, сонымен бірге ғаламдық экология,
ноология тағы басқа терминдермен атау. Терминологиялық бірлік жоқ, қоғам
мен табиғаттың өзара қатынасы жөніндегі ғылымның ерекшелігі жөнінде де
нақты түсінік жоқ деуге де болады. Кейбір химиялық мәндегі десе, екіншілері
интегралды мәнде дейді, ал үшіншілері экологиялық мәселелердің тиімділігіне
көңіл бөледі. Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара
негізінде арнайы кешендік әлеуметтік-жаратылыстану пәнін жасауда талап
етеді деген шешімге келді.
Әлеуметтік экологияныі бірінші негізгі дерегі қазіргі химиялық
революция және биосфера ілімінің дамуы. Биосфера ілімінде химиялық қана
емес, физикалық, антропологиялық, космологиялық білімдер синтезделеді.
А.Дубровтың зерттеуінде геомагниттік өрістегі өзгерістердің адамға,
хайуанаттарға, өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсері жөніндегі
мәліметтерді келтіреді. Ол геомагнитохимия деген жаңа ғылыми терминді
бекемдейді.
Ал, В.И.Вернадский тірі организмді ұйымдастырудың төрт негізгі
көрсеткен: орган өзгергіштігі, жалпы түрі, биоценотикалық, биосфералық.
Алғашқы екеуі ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ. биологияның дамуына негіз болды. М.Г. Чепиков
көрсеткендей қазіргі революция биология-химиялық атомастикадан
баталады да жаңа синтетикалық ғылымның молекулярлық биологияның
қалыптасуына әкелді. Биолоогияның осы молекулярлық деңгейдегі зерттеуге
шығуы – қазіргі революцияның бір себебі.
Қазіргі кезде тіршілік жөніндегі білімді синтездеуге сұраныстың
болғандығынан биологияның ерекше саласы биотиканыңжеке шығуы керек деген
ойлар айтылған. Организмнің ортамен белсенді түрде өзара әрекет етуі қазір
мойындалуда. Осы ішкі сыртқы диалектикалық бірлікте биологиялық жүйенің
белсенділігі ішкі факторлардың жетекші ролін анықтайды.
Биосфера жөніндегі ілімнің дамуының қозғаушы күші оның химиялық
ластануымен күресінің етек алуы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеулер
өндірісті қайта құрумен адамның табиғаипен қатынасын оптимизациялвуды
қажет еткенде әлеуметтік экологияға деген сұраныс күшейді. Мұндағы оның
негізгі дерегі биосфера туралы ілім. Егер биотехносфераның пайда болу
тарихи жағынан сөзсіз болса, онда биосфераның бұзылуының алдын алуға
болады. Осыған байланысты биосфера жөніндегі ғылымды жаратылыстану,
техникалық, қоғамды ғылымдар көмегімен экологиялық жүйеге талдау жасап
толықтыруға болады. Кез-келген ғылым жеке өзі биосфераны сипаттай және
әрекеті мәселесін кешенді түрде көңіл бөле отырып, И.Б.Новик сәйкес келетін
ілімдерді синтездеудің қажеттігін және ондағы философияның маңызын
көрсетті. Экологиялық мәселені шешу тек гигиеналық әдіспен жүзеге
аспайды. Оның жаратылыс-ғылыми және техникалық жақтары философиямен қабысып
жатады. Биосфера туралы ілімфизика мен химияның жетістігін ғана емес,
биологияның да жетістігін интеграциялау ретінде қаралу керек. Материяны
биологиялық ұйымдастыру төменгі деңгейдің қозғалысын басқарады.
Антропогендік фактор биосфераның бағыттылығына, ұйымдасуына әсер етеді.
Сонымен бірге материяны қозғалысының жоғары формасын әкелуші ретінде
көрінеді. Бұл жерде, әсіресе, әлеуметтік экологияның, эволюциялық
экологияның, экологиялық цитофизиологияның және тағы басқа кешенді білімнің
салаларының қалыптасуының маңызы зор. Сонымен әлеуметтік экологияның
бірінші дерегі биосфера туралы қазіргі ілім және эволюцияның
синтетикалықтеориясы.
Әлеуметтік экологияның екінші дерегі қазіргі техникалық білім.
Техника ғылымдары техникамен, экономикамен, социологиямен, философиямен
бірігіп жалпы интеллект саласын құрады. Біз техниканы ғана түсінбейміз,
өзінің сұранысмен адамзат танымын эксперименталды техниканы да ескереміз.
Сондықтан бірге еңбектің және ғылымның прогресті негізінде пайда болған
материалдық жүйенің жиынтығы ретінде техниканың жалпы қызметін де айтамыз.
Қоғамның рухани қызметі өндірістік, қоғамдық-саяси тиімді саласындағы
ерекшелігі адам мақсатында қол жеткізудің материалдық құралы ретіндегі
тиімділігінде. Оның бұл ерекшелігінің мәдени құралдармен салыстырсақ,
техникада объективті шынайы білімдер ғана жүзеге асады. әсіресе, техниканың
маштналық кезеңінде нақты жүзеге асады.
Қазіргі қоғамдық ғылымдардың нәтижелері әлеуметтік экологияның
негізгі емес деректері де бар, оның бірі пәнаралық зерттеулер. Кейбіреулері
әлеуметтік экологияны арнайы ғылым емес, ол – экологиялық мәселелерді пән
аралық негізінде қарастыру деп түсінеді. Мұндай пікірлермен келісуге
болмайды, себебі пәнаралық зертеулердің басты мақсаты кейбір проблемаларды
ғана шешу, одан кейін пәннің уақытша творчествалық жинақтауы жойылады.
Әрине, кез келген пәнаралық экологиялық эерттеулердің нәтижелері мен
әдістері әлеуметтік экология үшін пайдалы екенін жоққа шығаруға болмайды.
ХІХ-ХХ ғ.ғ физика, химия, биология ғылымдарының дамуымен географияға
осы ғылымдардың зерттеулері енді. Оның нәтижесі геофизиканың,
биогеографияның тағы басқаларының қалыптасуына алып келді. Осындай кешендеу
барысында географияда жеке теорияның қалыптасуына алып келді. Осындай
кешендей барысында географияда жеке теорияның көптеген жақтары іс-жүзінде
немесе потенциалды түрде басқа ғылымда жасалған тұжырымдармен байланысты.
Қазіргі физикалық география әлеуметтік экономикалық география пәндерінен
жинақталан ғылыми білімдердің күрделі кешені. Ғылымда кешенді зерттеулердің
дамуымен, жаңа объектілердің пайда болуымен географияда экономикалық
географияға жаңа мазмұн беріп, тығырықтан шығуға болады де, экономикалық
географияны, әлеуметтік-экономикалық деп атады. М.Н.Межевичтің
пікірінше, әлеуметтік-экономикалық географияның маңызды объектісі – жасанды
орта. Экономикалық, әлеуметтікжәне физикалық географияны салыстырып, оларды
жалпы география шеңберінде біріктіру мәселесі қойылды. Осыны анықтағаннан
кейін қазіргі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде географияның рөлін
көрсетуге мүмкіндік бар деген орынды. География ғылымы әлеуметтік-
экономикалық білімнің құрылысында өзінің лайықты орны алады. Егер табиғи
ортаны қорғау, сақтау жөнінде болса, біздің назарымызда болатын негізгі
объект – табиғат.
Әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасу ерекшеліктеріне талдау
жасаған Ю.Г. Марков оның методологиялық проблемаларын шешуге де өз үлесін
қосты. Оның пікірінше әлеуметтік экологияның мәселелерін стихиялы
зерттеуден зерттеу жүйесіне көшудің пісіп жетілгенін айта отырып, мынаның
қажет екенін көрсетті: біріншіден, экология мәселелерінің пәнаралық мәнін
мойындау, екіншіден, міндетті түрде компьютерлік моделдеуді қалыптасатыру
методологияда бағдарламалық – мақсаттық тәсілді қолданудың маңызды шарты.
Әлеуметтік – психологиялық және әкімшілік – құқықтық тәсілдегі
қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік – психологиялық және
әкімшілік-құқықтық тәсілдегі қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік дасайды.
Әлеуметтік экологияның дамуы қолданбалы зерттеулерді жүргізудің
бағдарламалық формаларын таратудың дәрежесіне байланысты.
Ю. Марков өз кітабында кибернетикалық тәсілді қолдана отырып,
әлеуметтік экология адам мен табиғат арасындағы қатынас мәселелерін жан-
жақты есептеуге көңіл бөлгенін, әлеуметтік табиғи қатынастың можелін жасап,
осы негізде дайындап, басқару шешімдерін қабылдайтынын айтқан. Өз мақсатын
білген зерттеуші оған қол жеткізудің жақсы әдісін іздейді. Мақсатты
анықтаудың өзі күрделі нәрсе. Оны жүйелік анализ деген ғылыми пән, арқылы
жасауға болдаы. Жүйелік анализ операцияны зерттеу мақсаты мен осы зерттеуді
дамытуға себін тигізеді.
Сонымен, әлеуметтік-экологиялық зерттеу кешендік тәсілдің белгісі
болып табылатын пәнаралық байланысты жүзеге асыруды талап етеді. Әлеуметтік
– экологиялық білімді интеграциялағанда кешендік тәсілдің рөлі зор. Егер
жүйелік әдіс объектінің тұтастығын белгілесе кешенді тәсілдің бір функциясы
зерттеу қызметінде тұтастықты әкеледі. Кешенді тәсіл әдісі өзінің ғылыми-
практикалық бағытында әдеуметтік – экологиялық зерттеулерде әрі ілгері, әрі
қолданбалы деңгейлермен байланысты.
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті процестерін зерттегенде тиімді
әдістің бірі – модельдеу әдісі. Әлеуметтік экология шеңберінде модельдеу
әдісі мерзімдік болжамдар құру құралы және әлеуметтік-экологиялық
нәтижелердің шындығын текмеру әдісі. Әлеуметтік экологияның әдістерінің
бірлігінің объективті қажеттігі олардың әрқайсысы өздерінің танымдық
мүмкіндіктерінің шегі болғандығымен анықталады. Әлеуметтік экологиядағы әр
әдіс ғылыми танымды біртіндеп тереңдетудің қажетті формасы ретінде
қолданылады.
Жоғарыда қарастырылған әдістер танымның жалпы ғылымдық әдістері.
Сонда әлеуметтік экология әдістерінің ерекшелігі неде десек, бұл
ғылымныңинтегративтікмәнімен баланысты. Жүйелік, кешенді және модельдеу
әдістері әлеуметтік экология шеңберінде әдістер жүйесін құрайды, сөйтіп бұл
әдістерөзара бақылау бірлігінде болады. Ал, ол адамзаттың өмір сүруінің
ортасының бірлігімен байланысты. Сонымен, әлеуметтік экологияның зерттеу
әдістерін терең талдау бүгінгі күннің экологиялық проблемаларын шешуде өте
маңызды.
2. Жаратылыстану, гуманитарлық пәндерде экологиялық білім мен
тәрбие беру.
Қазіргі кезеңде мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдерге
сыныптар деңгейінде берілетін барлық пәндер негізінде экологиялық білім мен
тәрбие беру, яғни бір сөзбен айтқанда пәндерді экологияландыру деп те
атайды. Яғни, дәстүрлі пәндерді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген
тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық мәліметтер баяндалады.
Олар мазмұнына қарай: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері
болып табылады.
Гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар – қоғам – табиғат арасындағы
қатынастардың жалпы заңдылықтарымен таныса отырып олардың біртұтастылығы
туралы экологиялық көзқарас қалыптасады.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп
тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта
дәстүрге айналуда.
Биология пәндерінің әрбір тақырыбьның мазмұны экологиялық
проблемаларды көтеріп онымен астарласып жатуы тиіс. Әсіресе, химия,
география, биология, физика тағы басқа пәндердің негізгі идеясы мен мазмұны
үздіксіз экологиялық білім берудіңі біртұтас жүйесі негізінде қалыптасады.
Олар: табиғи орта, табиғи қорлар, ауа,су, жер ресурстары, биотоп,
биоценоз, экожүйе, популяция, зат және энергия айналымдары, физикалық
факторлар, ортаның физикалық жағдайлары, радиоэкологиялвқ жағлар,
радиация, химиялық улыпрепараттар, биогенді элементтеің айналымы, қышқыл
жауындар, озон тесігі, жылу эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары,
экологиялық таза өнім, жаңа технология, биосфера тұрақтылығы, ноосфера, дам
экологиясы тағы басқа көптеген экологиялық ұғымдардың жиынтығы негізінде
оқушылардың дүниетанымдық көзқарасының экологиялық тұрғыда қалыптасуына
жүйелі түрде берілуі қажет.
Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, біз химия, биология, физика және
география оқу бағдарламаларына анализ жасадық. Химия пәнінің оқу
программасын зерттеу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін
оқушылар химия курсында игеруге тиіс екендігі анықталды.
Химия: Ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның хмиялық іс-
әрекетінің нәтижесінен өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін
экологияландыру: қалдықтарды тазалау және зиянсыздандыру, металдарды
тотығудан сақтау. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.
Биология: Адамның сенсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера –
тіршілік бар шекарадағы жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі,
биологиялық жүйеге табтғт антропогендік факторлардың әсер етуі Басқарылымы
эволюция мәселелері. Табиғи ортаның байлығы адам денсаулығының кепілі:
практикалық: эстетикалық, танымдық, адамгершілік қоршаған ортаның
құндылығы.
Физика. Адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері – олардың физикалық
антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау, шудың деңгейінің
жоғарылылығын радияция, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және
тағы басқа. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.
Қоршаған ортаны ластанудан қорғанудың физикалық әдісі : экологиялық таза
энергия көздерін игеру, экология жағынан таза өндірістерді ұйымдастыру
принципі, қорғау құрылысының жұмыс істеу принципі.
География. Географиялық қабықтар - өмір сүретін орта және аданың қызметі.
Өндірістік территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара
әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін
бағалау. Адам қоғамының дамуыныңтабиғат жағдайларына ықпалы . Мемлекет
табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күш пен өндірістік қатынастың даму
деңгейі.
Физиологиялық пәндер саласында көркем әдебиет шығармашылық, поззия,
жыр мен өлеңдер тағы басқа творчествалық туындылар оқуышаларға экологиялық
тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Бұл тұрғыда Ыбырай, Абай, Мұхтар,
Олжас, Мұқағали, Қадыр, Мұқтар Шахановтағы басқа педагог ақын жазушылардың
еңбектерін талда, ондағы экологиялықидеяны аша отырып, оқушылардың
экологиялық сана сезіміне туғпн өлкесінің сұслулығын ұялату арқылы тәрбие
беру өте ұтымды болр еді.
Көркемсурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие мөлдір бұлағы.
Себебі, шебер салған сұлу табиғат көрініс, көгілдір аспан, аққудың пәк
мүсіні, гүлдің құбылған түр түсі оқушының жан сезімін тербете отырып, оған
деген аяушылық сезімін оятары сөзсіз. Ал, Арал апатының тағдыры бейнеленген
құлазыған шөл, батпандаған кемелер тағы басқа көріністері жөсөспірімнің
жан-жүйкесін тітіркендіріп табиғат тағдырын тәлкек еткен адамдардың
әреткетіне жиіркенішті сезімін оятары анық. Сондықтан пәндерді
экологияландыру әрбір пән мұғалімінің экологиялық білім деңгеіне,
парасттылығына ұстаздық шеберлігіне байланысты екені белгілі.
1. Экологиялвқ білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық
негіздері.
Қазақстан республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық
кіндігінде орналасқан. Елімізідің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды-
далалы, шөл-шөлейтті жерлер алып жатыр. Ал, олардың табиғи-тарихи
жағдайлары және табиғатты пайдаланудағы қалыптасып отырған күйлері
жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық шикізаттық жүйесін
өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындар ала берсем деген ниет, халық
шаруашылығы кешеніндегі өнеркәсіп аумақтарындағы қоршаған ортаға немқұрайлы
қараушылық әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы тағы басқа
табиғат жүйелеріне және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік
салмағы төтенше ауыр болып отыр. Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны
соншалық ауа, су және жер ресурстары ластанып, бұрын-соңды болмаған
күйзеліс кешуде. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне
бастаған экологиялық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің
ушығуына итермелеп отыр. Ал, хылықтың экологиялық және әлеуметтік
промлемаларын шешуде экологиялық қиындықтар толып отыр.
Демек, экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын
тигізумен қатар, элеуметтік қиындықтар туғызып халық шаруашылығы тұрақты
дамуыныңбірсыпыра маңызы бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған орай Қазақстан Республикасының азаматтары Концтитуциясының 38-
бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және
табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті – делінген.
Ата Заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыруға жоғары, орта
және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен
тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми-техникалық үрдісі әлдеқашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын
алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты. Соңғы кезде,
экологияны химия ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылым
тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді
жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды да, бірақ олардың
әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, химия пәні
айналадағы қоршаған орта құрамында химиялық қалдық заттардың зияндылығын
оқытса, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы,
биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология қоршаған ортаның экологиялық
дағдарысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты
тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геогжүйе, табиғи кешенге
адамдардың шаруашылық қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Қазіргі уақытта экология деген ұғым, үлкен теориялық және
практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне
айналды. Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық
негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз
міндетін атқара алады. Бұл тарихи тұрхыдан алғанда, адамның табиғаттағы
және әлеуметтік ортадағы болмысында кездескен алғашқы прблемалары еді.
Сондықтан, әлеуметтік-экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдауларымыз
ежелгі замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және
олардың байлығын молайта түсуге байланысты әр адамның іс-әрекеттерінен
көрінбек. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбте беру, болашақ
ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар
дайындау – жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы шарттары.
Оқушыларға, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру
проблемаларын ХҮІ-ХҮІІІ ғ.ғ ұлы педагогтар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
Г.Песталадци, Ф.Дистервег, А.Гумбольд тағы басқа прогресшіл ой-пікірлері
классикалық педагогика баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру,
тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастырузаңылықтарын негіздеді. Лар баланың
бойына имангерлікті дарытушы табиғат сенімін тәрбиелеу туралы айта
отырып, оның адамгершілік-эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты.
Прогресті педагогика жеке тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор екенін
жоғары бағалай келіп: ... адамның бүіл рухани тіршілігі табиғатпен берік
байланыста болған деген басы ашық пікірді тұжырымдай түседі.
Алысқа бармай-ақ, өзіміздің елімізді алайық. Республикамыздың
табиғаты бұрын соңды болмаған өзгерістерге ұшырап отыр.
Нарық пен жаңарудың лебі өскен сайын бүгінгі таңда үкіметіміздің
экологиялық проблемаларға баса назар аударып отыр. Соңғы шыққан қаулыларда
көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруді іске асыру кейінге
қалдырмайтын мәселе екені ашық айтылып жүр.
Осыған орай елімізде көптеген педагог-ғалымдардың еңбектері жарық
көріп, өз нәтижелерін беруде.
Теориялық және ғылыми-әдістемелік жағынан экологиялық білім беру мен
тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің эколог-педагогтары
Н.С.Сарыбеков пен Ә.С.Бейсенованың зерттеу жұмыстарының нәтижелері аумақты.
Мәселен, Ә.С.Бейсенова жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта мектептерде
экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасап, іс жүзінде
енгізу шаралары жасалуда.
Бұл тұжырымдама 1997 жылғы Табиғат қорғау заңында еліміздің
экологиялық жағдайын жақсартудың біраз шараларын айта отырып, бұл заңда
экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге баса аназар аударылғанын көрсетеді.
Қазіргі кезде іс жүзінде әр түрлі ғылым салалырнда экологиялық пікірлер,
концепциялар көп айтылып жүр. Экологияландыру адам мен қоршаған орта
арасындағы қатынасқа орай химия, география, биология және тарихпен қатар
қазіргі кезде көптеген ғылым салаларын қамтиды. Жалпы халыққа экологиялық
білім беру, әсіресе шаруашылық басшыларын дайындау және оларға жоғарғы оқу
орындарында экологиялық білім беру аса қажет мәселе. - дейді автор. Яғни,
жоғарғы білімді эколог-мамандарды даярлау, қазіргі кезде еліміздегі табиғи
ортаның шиеленісіп отырған өмір талабы екенін көрсетеді. Сондай-ақ,
экологиялық білім берудегі қиыншылықтарды: шетелдік экологиялық
мәліметтердің жетіспеуі, газет-журналдармен таны бомауы, әр түрлі
экологиялық мекемелерімен байланыстың болмауы тағы басқаларын көрсетеді де,
Экологиялық тәрбие беруге жан-жақты қарау керек - деп, көп аспектілі
процесс екенін айтады.
Ол үшін:
1. табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстың мәнін ашуға білімнің
ғылыми негізін қалыптастыру қажет.
2. Гуманистік дүние таным рухында тәрбиелеу. Концепцияның мақсаты
табиғатты қорғау жұмысында практикалық дағдылар мен дүниеге
экологиялық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде көптеген ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі Н.Сарыбеков. Ол жастарды
табиғатты қорғауға тәрбиелеуде халықтық табиғат қорғау дәстүрлерін, мақал-
мәтелдерді, аңыз әңгіме, нақыл сөздерді пайдаланудың маңызын көрсетеді.
Халықтық табиғат қорғау дәстүрін компоненттеріне қатысты бөліп қарстырады.
А.А.Сотников (1998) болашақ мұғалімдерді экологиялық білім беруде
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге дайындайды, ал А.Д,Балтаев (1994)
пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық тәрьие беруде
жауапкершілік қатынастарын қалыптастыру, Д.І.Жангельдина (1995) табиғаттану
курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын, Ө.Т. Танабаев
(1992) сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларын экологиялық
тәрбие беру, ал, С.О.Сабденалиева (1999) оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары туралы зерттеулерін тұжырымдайды.
Э.А.Т.ұрдықұлов жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру
мақсаттарында табиғи қоршаған ортаны қорғайтын ғылым негіздерін игеріп,
соның барысында сенімдерін қалыптастырып табиғи байлықтарды үнемдеу,
молайту әдет-дағдыларын тәрбиелеу жайлы дәлелдейді. Сабақтан тыс жұмыстарда
К.Ж.Бұзаубақова (1997) тағы басқа экологиялық білім берудің ғылыми-
әдістемелік жолдарын, мазмұндарын мүмкіндіктерін зерделеген.
Соңғы жылдары елімізде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім
мен тәрбие беретін бағыттағы авторлық бағдарламалар орталық баспа
орындарында жарық көре бастады. Мәселен, Ұ.Ә.есназарованың Географиядан
экологиялық негіздегі бағдарлама (1994) экологиялық білім мен тәрбие
беруде өзіндік орын алады.
Ғалым, профессор ә.С.бейсенованың басшылығымен Ж.Б.Шілдебаев,
М.С.Бекбаева ұсынып отырған экология бағдарламасы бірнеше жылдар бойы
мектепте тәжірибеде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, жоғары және арнаулы
орта білім беретін оқу орындарының кейбір факультеттерінде экологиялық
курстар оқытылып жатыр.
Ал, келешек ұрпақты экологиялық апаттан экологиялық апаттан сақтап,
қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатты қорғау
жұмысына белсене араласып ұрпақ тәрбиелеуде профессор Н.С.Сарыбековтың
жетекшілік етуімен Табиғатты қорғау орталығы құрылып, онда М.Н.Сарыбеков,
Қ.Ж.Бұзаубақова тағы басқа әр түрлі зертеушілер көлемді жұмыстар атқарып
жатыр. Н.С.Сарыбеков алты кезеңнен тұратын отбасы, балабақша балаларынан
экологиялық сауат ашып, тәрбие берудің мүмкіндіктерін, мазмұндарын ұсынады.
Мәселен, әр сәбиді табиғатты қорғауға тәрбиелеу әр тбасында бастау алуы
тиіс, балабақша бағдарламарында балалрдың табиғатты түсініп, табиғатты
аялау идеясын ендіру.
Сонымен қатар, ол негізгі және профильді мектептердің 9-10
сыныптарында Экология және табиғатты қорғау курсын оқытуды ұсынады.
М.Н.Сарыбеков болашақ мұғалім-студентерді бастауыш сынып оқушыларына
экологиялық білм беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге баярлау туралы
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әдіс-тәсілдерін саралады.
Профессор Ә.С.Бейсенова жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен
тәрбие беру тұжырымдамасына экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше
аспектілері ажыратылады:
• адамның әлеуметтік қатынас жүйесіндегі экологиялық қарм-қатынастың
көкейтестілігі. Табиғатты пайдаланудың құқықтық және моральдік
принциптерімен байланысты адамның табиғатқа деген жауапкершілік
рөлінің өсуі;
• табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас – экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсаты мен нәтижелері;
• экологиялық білім беруге жалпы мекмлекеттік міндет статусының берілуі;
• табиғат байлығының шексіздігі және биосфераның өзін-өзі тазарту және
қалпына келуі шексіз деген түсініктегі халыққа экологиялық білім мен
тәрбие беру жүйесін құру және дамыту;
• жалпы орта білім беретін мектетегі экологиялық білім және тәрбие беру
жүйесі және оның жүйе топтамалары: жекелеген оқыту пәндері барысындағы
экологиялық білім беру; пәнаралық оқыту түрі арқылы экологиялық
білім; тереңдетілегн және дифференциалды оқыту барысында экологиялық
білім беру.
Сондай-ақ, бұл тұжырымдмаларда экологиялық білім мен тәрбие берудің
принцинтері талданды.
Қорыта келгенде, еліміздің экологиялық білім мен тәрбие беру ісі,
республикамыздағы эколог-ғалым педагогтардың басшылығымен жақсы жақтарынан
алға жылжуда. Қазіргі кезде көптеген облыс орталықтарындағы жоғарғы оқу
орындарында эколог мамандар даярлайтын факультеттердің жылдан жылға ашылып
жатыр. Сондай-ақ, барлық факультеттердің оқу бағдарламасына экологиялық
курсты оқыту енгізілген және де жалпы орта білім, арнаулы орта білім
беретін мектептерде экологиялық білім пәндер арқылы немесе экологияны жеке
пән ретінде оқыту енгізілген. Болмаса факультативтік сабақтар түрінде
жүргізіледі.
Экологиялық жағынан сауатты ұрпақтар даярлау, ертеңгі еліміздің
болашағын, табиғатын тағдырын ойлау болып табылады.
ІІ Химиялық – экологиялық білім берудің қазіргі негізгі аспектілері.
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығңының алдында тұрған келелі
проблемалардың бірі – адамзаттың тіршіліс ортасының нашарлауы. Бұл пролема
барлық елдерді толғандыруда. Мұны шешудің бірден бір жолы экологиялық
білімді жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде
атап өткен. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО-ның жіктеуі бойынша формальды
(мектептегі білім), бейформальды (мектеп қабырғасынан тыс тұрмыстағы қарым-
қатынас т.б.) компоненттерінен тұратын оқу жүйесінде жүзеге асады деп
қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі ұстанымы –
үзіліссіздікте.
1967-68 ж.ж. ЮНЕСКО үзіліссіз білім беру терминін қабылдап, осы
салада кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шешім шығарды.
Үзіліссіз білім беруді зерттеген ғалымдар көптеп саналады. Олардың
қатарында ТМД елдерінен В.М. Назаренко, А.М.Новиков, ал, Қазақстанда Ә.Е.
Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Н.Сарыбеков, В.И.Фурсов, С.Қ. Сартаев, М.Н.
Сарыбеков, Қ.С.мусин, А.Г.Ғалымов, У.Мұқанова тағы басқа ғалымдар да бар.
Олар білім берудің үзіліссіздік ұстанымын – жеке тұлғаның ұзақ уақыт
(мектепте және өз бетімен өмір бойы) оқып білім алуы және білім беру
мекемесіндегі үзіліссіз оқыту үрдісін қарауға болатынын айтты. Р.Г.Дэйв
Үзіліссіз біліи беру – жеке адамның да, қоғамның да өмір бойы орындайтын
ісі деп анықтама берген. Сонымен қоса оның пікірі бойынша үзіліссіз білім
берудің вертикалды өлшемінде сабақтастық пен бөлшектенушілік және
қарапайымнан күрделіге қарай оқыту болса, горизанталды өлшемінде адам
өмірінің әр сатысында тереңдейтін интеграция болуы керек. Үзіліссіз білім
берудің мазмұны, құрамы мен әдістемесі, оқыту уақыты көп түрлі және икемді
болуы керек.
Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және үзіліссіздік
ұстанымын тірек етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру жүйесінде мектепке
дейінгі тәрбие беру оның бастапқы сатысы болып табылады. Бұл кезде
балаларды, табиғатпен қарым қатынасын біршама барынша келтіретін заттарды
сезініп өсуі тиіс. Балалар ересектерге еліктегіш болғандықтан үйдегі отбасы
мүшелері мен арнайы тәрбтешілердің өздері өнеге көрсетуге міндетті.
Сондықтан қазақ халқының ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейтін
даналық қағидасы қалыптасқан. Бастауыш сыныптарда оқушы экологиялық
мәдениеттің негізі қалыптаса бастағаннан азаматқа айналады. Оның санасында
табиғаттың тұтастығы туралы түсінік, табиғи ортаға ғылыми қатынасы
қалыптаса бастайды. Ол табиғи ортада өзін өзі ұстаудың нормаларын және
эколоогиялық біліммен қоса әрекеттер элементінің дағдысын игерді. Бастауыш
сыныптарды балалар экологпиялық проблемаларды өсімдіктермен, жануарлармен
және табиғи объектілермен танысу кезінде кездестіреді.
Оқушылардың мектепетің 5-7 сыныптарында жаратылыстану пәндері арқылы
алған негізгі білімі ғылымның әр саласын тереңірек игеруге мүмкіндік
береді.
8-9 сыныптарды табиғатта жүретін, күнделікті тұрмыста кездесетін
химиялық құбылыстармен танысады. 10-11 сыныптарда оқушылардың білімі
тереңделеді. Адам өмірінде химия кең көлемде пайдаланылатынына олардың
көздері жетеді. Осыдан барып химиялық заттарды дұрыс пайдалана алу
қажеттілігі туындайды.
Адамның оқып, білім алуы бүкіл өмір бойы үзіліссіз болуы тәрізді
химиялық-экологиялық білім алу да үзіліссіздікпен жүзеге асуы тиіс.
Ресейлік белгілі әдіскер-ғалым Г.М.Чернобельская үзіліссіз білім беруде
күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі күн өткен сайын пәрменді бола беруі
керек екенін айтқан.
Үзіліссіз химиялық-экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта,
тіршілікте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz