Процессор - компьютердің орталық құрылғысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Компьютерлер-информацияны өңдеу, тарату жинақтауға арналған әмбебап электронды есептегіш машинаҚазіргі уақытта кеңінен таралған компьютерлер жеке жұмыс істеуге арналған дербес компьютерлер. Дербес компьютерлер-кез-келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші габаритті есептегіш машиналар. Ең танымал дербес компьютерге IBM және MACINTOSH жатады. ЭЕМ-нің архитектурасы дегеніміз ЭЕМ-нің жұмыс істеу принципі мен командалар жүйесін түсіндіруге арналған. Эем-ніңнегізгі құрылымдары:процессор, ішкі зерде, сыртқы зерде, енгізу және шығару құрылғылары жатады. Қазіргі дербес компьютер архитектурасының барлық үлгісі магистральды принципке негізделген.

Есептегіш машина деген сөздер тіркесіхх-ғ. 40-жылдары пайда болды. Ол информацияларды сақтауды және өңдеуді автоматтандыру үшін жасалынатын физикалық құрылғыны білдіреді. Информация-есептегіш машинадағы көп процестерді анықтайды. Мысалы:есептегіш машинамен есеп шығарудың жалпы түрі мынадай этаптардан тұрады:

-информацияны енгізу немесе алғашқы деректерді орнату.

-енгізілген информацияны өңдеу және түрлендіру

-нәтижені анықтау және өңделген информацияны шығару. Сонымен, эем информацияны алады, сақтайды, берілген алгоритм бойынша өңдейдй және одан шыққан нәтижені пайдаланушыға не басқа компьютерге береді. Информация өзінің хабары мен мазмұны арқылы сипатталатындығы және хабар берушіге материальдық-энергетикалық түрінде берілетіні белгілі. Хабарды қабылдау қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай да бір шаманың уақытқа байланысты өзгерісімен тікелей байланысты. Демек информациялық процесс жүретін физикалық ортаның материалды энергетикалық параметрлерін уақытқа байланысты өзгерісімен де тікелей байланысты. Сондықтан эем информациялық хабардың түріне байланысты аналогты есептегіш машина, дискретті есептегіш машина болып екіге бөлінеді. Бұл автомашиналардың қолданатын жанармайдың түріне байланысты дизелді немесе карбюроторлы деп бөлінгеніне ұксас. АЕМкейбір физикалық шамаларды бейнелейтін үздіксіз шамаларды өңдейді. Мұнда физикалық айнымалылар ретінде электр желісіндегі токтың кұші, дене қозғалысының үдеуі, иіннің айналу бұрышы сияқтылар алынады. Әдетте АЕМ арқылы тек арнаулы есептерді ғана шешуге болады, сондықтан бұлар көп тарамаған. Ең алғаш ДЕМ тек сандық информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-техникалық, соның ішінде көбінесе математикалық есептерді шешу үшін ғана қолданылған. Сондықтан оның атындағы дискреттілік деген сөздің орнына цифрлық деген анықтауышты пайдаланып цифрлық есептегіш машина деп аталып кетті. Қазіргі кезде ЦЕМ арқылы информациялардың кез-келген типін өңдеуге, яғни әр түрлі есептерді шешуге болады. Оның себебі бұларда информацияларды сақтау және өңдеу үшін екі тұрақты жағдайлары бар физикалық құрылғылар қолданылады. Компьютерді құрастырып шығаруға болатындығын алғаш американ ғалымы Фон Нейман дәлелдеді. Ол компьютер құрамына мынадай құрылғыларды енгізді:

-информацияларды және оларды өңдеуге қажетті бұйрықтарды еске сақтайтын құрылғы,

-бұйрықтарда көрсетілген амалдарды орындайтын құрылғы.

-информацияларды сақтау және өңдеуге байланысты туатын барлық жұмыстарды басқаратын құрылғы.

Дербес эем-га қосылған алфавитті басу құрылғысы принтер деп аталады. Принтер текстік немесе графиктік информацияны қағазға шығаруға арналған құрылғы. Қазіргі уақытта принтердің бірнеше типтері пайдаланылады. Матрицалық принтер мұндай принтерлердің жұмыс принципі металл инелерден тұратын басу головкасы басылатын жолдың бойымен қозғалуға негізделген. Инелер қажетті мезетте лента арқылы қағазды соғу нәтижесінде бейне алады. Әрбір бейне катушкаға оралған немесе арнайы қорапқа салынған болуы мүмкін. Матрицалық принтерлер арзаңдау, басу сапасы өте жоғары емес. Матрицалық принтерлер түрлі-тусті емес, тек ақ және қара түсті болады.

Ағындық принтер мундай принтерлерде бояудың тамшылары қағазға үрлену арқылы басылады. Ағындық принтерлердің басу сапасы өте жоғары, басу жылдамдығы 1бет 1минут шамасында басылады. Ақ қара және түрлі-түстісі болады.

Лазерлік принтер-принтердің бұл түріне бояудың бөлшектері арнайы бояғыш барабаннан электр өрісі арқылы қағазға беріледі. Басу жылдамдығы 1минутта 4 беттен 15 бетке дейін басып шығара алады. Ақ қара және түрлі түстісі болады.

Перифериялық құрылғылар деп-олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ сыртқы немесе мәліметтерді енгізу -шығару құрылғылары деп атайды. Клавиатура текстік информацияны енгізуге арналған құрылғы. Оның ішінде нақты клавиштен түскен сигналды сәйкес белгінің екілік кодына ауыстырылатын шифратордың микросхемасы бар. Дербес эем экранға шығатын мәліметтерді символ не график түрінде бейнелеуге мүмкіндік береді. Символды бейнелеудің екі түрі бар.

Процессор-компьютердің орталық құрылғысы. Микропроцессор дегеніміз бүл дербес компьютер процессорының қызметін атқаратын аса жоғары интегралды схема. Микропроцессор күрделі микроэлектроника технолнгиясын қолдану жолымен жартылай өткізгіштік кристалдарла құрылады.

Процессордың құрамына төмендегідей құрылғылар кіреді:басқару құрылғысы, арифметикалық-логикалық кұрылғы, процессорлық зерденің регисторлары. Басқару құрылғысы берілген программа бойынша компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады. Арифметикалық-логикалық құрылғы-процессордың есептеу құрылғысы, бұл құрылғы программаның командалары бойынша арифметикалық-логикалық программаларды орындайды. Регисторлар-бұл процессордың ішкі зердесі. Әрбір регисторлар черновик секілді пайдаланып, процессордың орындаған есептеу жұмыстары мен аралық шамалардың нәтижелері сақталады. Әрбір регистордың анықталған қызметі бар. Команда есептегіш регисторінде атқарылып жатқан команда орындалады. Алғашқы мәліметтер мен команданың атқарылу нәтижесі сақталатын регистрлер бар. Алынған нәтиже регистрде оперативті есте сақтау зердесінің ұяшығына жазылуы мүмкін. Компьютердің құрылымдары арасындағы информациялық байланыс информациялық магистраль арқылы жүзеге асады.

Магистраль дегеніміз- өткізгіштер жиынтығынан тұратын кабель. Өткізгіштердің әрбір тобына өңделетін информация беріліп ол басқа бір тобына зерделер адресі немесе сыртқы құрылғылар жалғасады. Магистральдың үшінші бір бөлігі бар-ол басқару шинасы. Ол арқылы басқарылатын сигналдар беріледі. Шина бойынша бір мезгілде берілетін биттің мөлшері-шиннің разрядтылығы деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
Процессордың негізгі сипаттамалары
Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу
Дербес компьютердің негізгі бөліктері
Негізгі жады - ақпараттарды сақтау құрылғысы
Микропроцессор. Дербес компьютер
ЭЕМ буындары
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Дербес компьютерлердің пайда болуы
Орталық процессордың құрылымы мен ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz