ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы
Тақырыбы:
ЫБЫРАЙТАНУДЫҢ КЕШЕГІСІ МЕН БҮГІНГІСІ
Орындаған: И-11 тобының студенті Баймаков Елжас
Тексерген: Бижанова Ғ. Қ.
Арқалық, 2010
Жоспар:
Кіріспе
І. ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық жолын таныстырудағы іс-шаралар
1. 2. Республикамыздағы ұлы есімге деген құрмет
ІІІ ЫБЫРАЙТАНУДЫҢ КЕШЕГІСІ МЕН БҮГІНГІСІ
2. 1. Қазіргі таңдағы Ыбырай шығармаларынның зерттелу деңгейі
2. 2. Ы. Алтынсаринның өмірі мен педагогикалық мұрасын оқып үйрену, зерттеу үшін ұсыныстар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ыбырай шығармаларының бағаланып, жариялануы әралуан оқулықтардан басталды. Бұл орайда Д. Әбілов, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Балғынбаев, М. Сармузина, Ш. Ахметов, М. Дулатовтардың кітаптарын ең алдымен атаған жөн.
Рас, бұл аталған оқулықтарда кейбір жаңсақтық қателіктер де бой көрсетті, дегенмен бұлар жалпы Ыбырай творчествосын қалың жұртшылыққа таныстырудағы алғашқы адамдар еді. Осы топтағы жинақтардан 1935 ж. С. Сейфуллин бастырған Ыбырайдың «Өлеңдер» жинағын, Қ. Жармағанбетов құрастырған 1948 ж. балаларға арналған кітапшаны, 1955 ж. Б. Сүлейменов жариялаған «Таңдамалы шығармаларын» (сол жинақ 1957 ж. орыс тілінде басылды), сондай-ақ Б. Сүлейменовтың көлемді алғы сөзімен басылған 3 томдық орысша жинақты (1975-1977 ж) бөліп атауға болар еді. Соңғы академиялық жинақтарға Ыбырай шығармаларының бұрын баспа бетін көрмей келген нұсқалары да қамтылып енгізілді. [1. 25 б]
Ыбырай мұраларының революциядан кейінгі мәселесіне келсек, ең алдымен белгілі ғалым А. Самойлович ойға оралады. Ол кісі 1919 ж өзінде-ақ «Түрік халықтарының әдебиеті» еңбегінде: «А. Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин жас қырғыз -қазақ әдебиетінің негізін салушылар ретінде құрыметпен аталады. Екеуі де ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында өмір сүрді. Алғашқысы орыс әдебиетімен жер ауып келуші саяси тұтқындардың көмегі арқасында танысты. А. Құнанбаев аударған «Татьянаның хаты» қырғыз-қазақ жыршылары арқылы бүкіл қазақ даласына жайылды. Ы. А. орысша білім алып, оқытушы болып істеді, ғажайып өлеңдер жазып, Крылов мысалдарын аударды » [11; 47], -деп жазады. Ал, украйн зерттеушісі А. Е. Крымский де Абай мен Ыбырайдың қазақ әдебиетінің басы екенін айта келіп, Ыбырай құрастырған хрестоматияның орыс оқулықтарының негізінде туғанын, оның сол тұста қазақ халқының ұлттық рухының оянуына күшті әсер еткенін баса айтады[12]
Бұдан кейінгі бір топ оқулық зерттеулерде Ыбырай еңбектері дұрыс ашылып, бағаланса да, ол үстем таптың мүддесін қорғаушы, орыстың миссионерлік қоғамынығ ықпалында болған адам деп есептеледі.
Алайда 40-жылдардан бастап, Ыбырай мұрасының прогрестік сипатын танып, оны ірі қоғам қайраткері деп, дұрыс бағалау орын тебе бастады. Бұған
Қазақ ССР тарихы мен С. Мұқанов, С. Жұмалиев, Е. Смайлов оқулықтарындағы материалдар мұрындық болды. Осы бағытта орыс профессоры А. Ф. Ефировтың «Ыбырай Алтынсарин»атты 1949 ж. жарық көрген кітапшасы, Ә. С. Сыдықовтың «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары», Ә. Дербісалиннің «Ыбырай Алтынсарин-ұлы педагог, ағартушы, жазушы»деген монографиялық еңбектерін Ыбырайтануға қосылған елеулі үлес еді деп айта аламыз. Сондай-ақ, С, Ж. Асфандияров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Е. Смайлов, Б. Сүлейменов, Ш. Ахметов, Қ. Жармағанбетов, М. Жұмағұлов, Ә. Ламашев, С. Талжанов, Ғ. Қайырбеков, Т. Шойынбаев, Р. Фетисов, т. б. еңбектерін де бөліп атаған жөн. [2. 20 б]
Ы. Алтынсариннің педагогикалық жолын таныстыру, оның еңбектерінің тәрбиелік жағын насихаттау мақсатында Қазақстан, басқа да республикамыздың педагогика институттары арқылы жұмыс жасау, оларға Алтынсарин мұраларының көрмелерін табыс ету, таныстыру, т. б. да Ыбырай Алтынсариннің еңбегін кеңейтудің тиімді жолы.
Білім қоғамы арқылы Ыбырай Алтынсарин және оның әріптестері туралы дайындалған лекцияларды көбейтіп, елді мекендерге, оқу орындарына жеткізу. Оған мұғалімдер күші көбірек пайдаланылды.
Олар жергілікті халықты арнайы лекторийлер ашып, лекторлар арқылы ғұлама-оқытушының еңбектерімен, педагогикалық қызыметімен,
шығармаларындағы тәрбиелік тағылымымен таныстырып, оқытты. Оған мұғалімдер күшін пайдаланылды. Мына тақырыптарда лекциялар дайындалып, көбейтілді. «Ыбырай тағылымы», “Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен творчествосы”, “Алтынсарин және халықтар достығы”, “Ұлы педагог мұралары халыққа”, “Олар Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептерде оқыған”, “Ыбырай Алтынсаринның Арқалықтағы мемориалды педагогикалық музейі . ”және т. б.
Біздің еліміз бойынша Республикамызда Алтынсаринның атына берілген жүз елуден астам елді мекендер, мектептер, жоғары, арнаулы орта білім беретін оқу орындары, көшелер бар екен.
Олар туралы мағлұматтарды ұлы педагог музейінде жинап, көрермендерге таныстыру, барлық материалдарды педагогикалық насихат жұмысына кеңірек пайдалану керек.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Торғай қазақ орта мектебіне, сол секілді ұлы педагог атындағы Қостанай мектеп - интернаты, Түркістан педагогикалық училещесі т. б. оқу орындардың өміріне арналған ондаған витриналар мен студенттер жұмыс жасауда. [3. 40 б]
Ыбырай Алтынсаринге арналған музейлер мен бөлмелер, бұрыштар ашуға көмек жәрдем беру қолға алынып отыр.
Орал, Қостанай, Шымкент, Шығыс және Солтүстік Қазақстан обылыстарындағы бір - бір ұлы педагогқа арналған музейлер ашылды. Алтынсарин оқулары 1976 жылдан бері жыл сайын өтеді.
Оқулар ұлы педагогтың дүниеге келген күні қазақ айында ұйымдастырылады. 1988 жылы - Қостанайда, 1989 жылы - осы облыстың Жанкелдин ауданының орталығы Торғайда, 1990 жылы - Арқалық педагогика институты жанында жұмыс істейтін Ыбырай Алтынсарин музейінің базасында өтті.
Үлкен қолға алынып жүрген жұмыс Алтынсаринның портрет-мүсінін сомдау жұмысы. Қазір біздің институт музейінде оннан астам әр қаланың шеберлері орындаған мүсіндері мен портреттері бар.
Олардың ішінде радио, теледидар мүмкіндіктерін пайдалану, жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерді пайдалану, әсіресе сырттай оқитындарды музейлерге материалдар жинауға, насихат жұмысына кеңінен араластыру т. б. бар. Бұл іс біздің институтта қалыптасты деуге болады, биылғы жылдан бастап, 1-2 курс студенттеріне арнаулы «Ыбырайтану»-арнайы курсы оқу бағдарламасына енгізіліп, жүргізілуде, енді оны кеңіте, дамыта берсе екен демекпіз.
Қазақ халқының ортасынан шыққан ұлы педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин мұраларын жинау, оларды көрсетіп, дамыту, таныстыру, насхаттау үшін жасалған жұмыстар :
-Институт жанынан Ыбырай Алтынсаринның мемориалды - педагогикалық музейі 1976 ж. ашылды.
Онда ұлы педагогтық өмірі мен творчествосына, өскен ортасына, білім - тәрбие алған оқу орындарына байланысты материалдар жинақталған.
Алтынсарин мұраларымен молырақ, тереңірек таныстыру үшін, республикамыздағы ресми баспалар мен газет журналдар беттерін, “Қазақфильм” студиясын пайдаланады. Мысалы: 1986 жылы “Мектеп”баспасы “Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеудегі педагогикалық өлкетанудың орны”деп аталатын жинақ, “Қазақфильм”студиясы 1987 жылы “Ыбырай Алтынсарин ізімен”деп аталатын диафильм, 1988 жылы “Ыбырай Алтынсаринның орыс достары мен ізбасарлары” деп аталатын тарихи очерктер шығарды. [4. 71 б]
Жалпы Алтынсарин тақырыбына жыл сайын, Торғай өңірінің ғалымдары мен оқытушылары газет - журналдар беттерінде жүзден астам ғылыми, әрі оқу орындарының қызметкерлері үшін үлкен мәні бар мақалалар жариялайды.
Оның ішінде Москвадан шығатын “Педагогика”, “Известия” газеттері, Педагогика ғылымдары Академиясының жинақтары республикамыздағы, облыстардағы аудандардағы газет - журналдар бар, демек, Ыбырай мұраларын оқушы қауымның тегіс білуіне ең мықты жол осы деп білеміз:
--жылжымалы музей залдарындағы негізгі материалдарының аса кішірейтілген макеттерін, басқадай алып жүруге жеңіл экспонаттарын ықшамдап бір сандыққа сиғызып алып жүру, көрермендерді таныстыру;
-Ыбырайтануға байланысты ғылыми -конференциялар өткізу;
-бар материалдар негізінде Ы. Алтынсарин мұралары туралы лекциялар, баяндамалар оқу.
Қазіргі таңда музейлер Қостанай облысының Аманкелді, Жанкелді аудандары мен Ақмола обласының «Жаңадала», «Есіл» аудандарында Алтынсариның еңбектерін насихаттау барысында орасан зор қызмет атқарып жүр.
Ыбырайтану курсының мақсаты, оның оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны: Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің даму тарихымен танысу, оның құндылықтарын болашақ ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық негіздегі білім беру парадигмасын құруда тиімді пайдалану.
Ыбырайтану курсының сәйкесінше міндеттері:
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің дамуының тарихи-экономикалық жағдайын анықтау;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің дамуындағы әлеуметтік, мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің құрылымыдық компоненттерін талдоау;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің даму тарихындағы озық идеялармен танысу, оның құндылықтарын болашақ ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық негіздегі білім беру парадигмасын құруда тиімді пайдалану.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет, сол тәуелсіздігіміздің тірегі көп дейміз, негізгілері - білім, қасиетті тіліміз, заңдарымыз, тарихымыз болып табылады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының бір туар педагогі Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызметтерінің жүйесін зерттей келіп біз төмендегідей қорытындыға келеміз.
ЫбырайАлтынсаринның тарихи еңбегіне берілген зор баға еді және ол күні бүгінге шейін маңызын жойған жоқ. Ыбырайдың педагогтік, ағартушылық, жазушылық көзқарастары қазақ даласының қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрлері, шығыс елдерінің философиялық-педагогикалық ой-пікірлері және Ресейге демократ ағартушыларының озық идеяларынмен қарулана отырып өз халқының, қазақ балаларының білім, ғылым алып білімі, өнері бар елдер қатарына қосуды армандап қана қойған жоқ, іс жүзінде жүзеге асырып, келер ұрпаққа сарқылмас өнеге тастап кетті.
Ы. Алтынсарин Қазақтанда ағартушылық пен мәдениет дамуына, патша үкіметінің реакциялық курсті көріп ағартушылықты дамыту мен қазақ, орыс халықтарына арналған жаңа мектептерді ашуға бағытталған көптеген қоғамдық шаралардың инициаторы болды. Бастапқы білім берудің дамуына ықпал жасайтын әртүрлі қоғамдастықтарды құру, кітапханаларды, орыс-қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарын шығару т. б.
Қазақтарға және басқа орыс емес халықтарына білім беруге қатысты патша үкіметінің реакциялық саясатына, қазақтандық жерінде патша үкіметінің және шіркеудің миссоинерлік пен русификаторлық іс-әрекетіне қарамастан Ресейдің қоғамдық педагогикалық қозғалысы, алдыңғы қатарлы
ресейлік демократиялық мәдениет пен оның атақты қатысушылары ағартушылықтың, мектептер мен Қазақстанда педагогткалық ойдың дамуына ілгері ықпал жасады.
Ыбырай қазақ қоғамының мешеулік күйін терең танып, оны өз замандастарының алды болып прогреске жетеледі. Оның бүкіл өмірі, ағартушылық еңбегі осыған арналды. Ескішіл қараңғылықтың ортасында жалғыз жүрген Ыбырай өз ісіне бөгет болған кертартпалықтың бәріне карсы күресе білді. Осы негізде оның демократтық көзқарасы тереңдеді.
Қазақтың оқу-ағарту жүйесіңдегі тұңғьш кайраткері бола отырып, Ыбырай озық ойлы ағартушылардың көзқарасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеуге ұмтылған жаңа ғылымның іргетасын қалады. Оқулықтар көлемінде болса да, қазақтың жазба көркем әдебиетін дамытты.
Ыбырайдың әдебиет саласындағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Ол өз шығармаларын да, аудармаларын да қазақтың ауыз әдебиетінен алған үлгілерін де баталардың ой-санасына, ұғымына лайықтап жазды. Ыбырай көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күресті. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті. Оның казақ тілін былғап татар, парсы сөздерімен араластырып жүрген діни адамдармен күресі мұны анық дәлелдейді. Сөйтіп, Ыбырай шын мағынасыңда, оның орыс достары дәл көрсеткендей, «қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер» болды, өз еліне «Еуропа мәдениетінің жарық сәулесін таратты» Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және оны озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіруші есебінде де ол ірі қайраткер болып саналады.
Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас-жеткіншектердің білімін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы білім беру саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстағандардың бірі Ы. Алтынсарин. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, халқына, халық мұрасына: ауызекі шығармашылыққа, әдет-ғүрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігінің артуына, әстетикалық талғамы мен сезімінің дамуына өскен ортасы (табиғат, отбасы, туыс-достар, өнер адамдары т. б. ) әсер етті. Әсіресе, казақтын мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл - парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды.
Ыбырай қазақтың қолөнерін өте жоғары бағалаған, әсіресе сол өнерге балаларды жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашқан.
Балалар мен жеткіншектерге білім беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол әстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген әстеткалық кезқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті. Ғылыми педагогикада оқыту мен тәрбие ерекше орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz