Ыбырайдың негізгі қазақ этнографиясы жөніндегі зерттеу очерктері


Ыбырай - этнограф
І. Ыбырайдың этнографиялық зерттеулері - өмірлік мақсатына жетуінің бір саласы.
ІІ. Ыбырайдың негізгі қазақ этнографиясы жөніндегі зерттеу очерктері. Қарастырылған әлеуметтік проблемалар.
ІІІ. Ыбырай этнографиялық еңбектерінің өз заманындағы және қазіргі құндылық маңызы.
Әдебиеттер:
- Алтынсарин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, т-1 1976ж.
- Балғымбаевтың Ғ. естеліктері. Қазақ ССР Ғылым академиясының кітапханасы. Қолжазбалар қоры, №357.
- Васильев А. В. Исторический очерк русского образования в Торгайской области и современное его состояние. Оренбург, 1896г.
- Дербісалин Ә. Ы. Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
- Ильминский Н. И. Воспоминание об Алтынсарине. Казань, 1891г.
- Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1991ж.
- Эфиров А. Ф. Ы. Алтынсарин. Алматы, 1949ж.
- Жүсіпов Ә. Ыбырай (Ибраһим) Алтынасриннің нағашы жұрты (Алтынасрин оқулары, Арқалық, 1991ж. ) .
1860 жылдың жазында туған өңірінде-Торғай бойына ағартушылық мақсатпен біржола оралған Ыбырай ел ішінде оқу-ағату ісін жолға қою, қалың жұртты өнер-білімге тартумен шұғылданады, халықтың тұрмыс-жағдайын, мұң-мұқтажын, аса ділгір боп отырған мәселелерін тереңдей зерттеп білуге бүкіл күш-жігерін, ықылас-ниетін жұмсайды. Мұнсыз халықтыда, оның арғы-бергі өмірінде, қажеттілігін де жеткілкті танып-білу, әсіресе, сол тарапта күресу мен белгілі іс тындырудың мүмкін еместігін жете аңғарады.
Туған елін жанындай жақсы көріп, оған қызмет етуді өмірінің ең қасиетті парызы санаған Ыбырай халқының ауызша сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келген өзгеше бай сөз өнерін де соншалықты терең сүйеді. Бұл орайда екі түрлі жайды атап айту қажет. Ыбырай қазақтың ауыз әдебиетін таза көркемдік дүниесі тұрғысынан ғана бағалап, қадірлеп, қастерлеп қойған жоқ, оны халық өмірінің шындық шежіресі ретінде де өзгеше құрметтеп, одан халық жүріп өткен ұзақ өмір жолының ақиқат іздерін, тарих тереңінен өзімен бірге әкеле жатқан мұңы мен зарын, алдағы күнге деген арман-тілектерін көруге тырысты. Ағартушының асыл мұраты халық өмірі мен тілегін жеткілікті түсініп, соған тиісті жауап іздеу мен табудан көрінсе, қазақ фольклорын, этнографиясын жинау, зерттеу, жариялау саласындағы еңбекткрі сол өмірлік істерінің жарқын куәсі іспетті.
Ыбырай халықтың әні мен күйін, жыры мен аңыз-әңгімесін сүйіп тыңдаумен қатар, әнші, күйші, жыршы, әңгімеші құйма құлақ ақсақалдарды зор құрмет тұтады. Оладың бірсыпырасын ел аралаған тұстарда қасына ертіп жүрсе, біразын өзі іздеп барып тыңдайды, аса қажет деп тапқан жыр, өлең үлгілерін хатқа түсіріп алады. Ыбырайдың қасында жүріп ән салып, өлең шығарған, жыр айтқан белгілі адамдардың өзі бірнеше. Олар Нұржан, Орынбай, Сейтахмет т. б. Сондай-ақ Ыбырай 1860 жылдан бастап Т. Сейдалинмен танысып, одан көп нәрсе үйренеді. Бір жағынан халықтың бай көркемдік мұрасы ауыз әдебиетін өз бетімен, өзі үшін, өзіне қажеттіліктен үнемі үйреніп, өмірлік, өнерлік тағылым алса, екінші жағынан, Орынбор, Қазандағы достарына, олардың шығыс филологиясы саласындағы еңбектеріне материал жинап, жіберуге айрықша көңіл бөледі, зерттеушілік, жинаушылық мақсатта назар аударады. Н. И. Ильминскийге 1862 жылдың январында жазған хатында:»мен қазақтың ескі өмірінен ол-пұл жинап алдым және әлі жинап жатырмын, оларды кезінде өзіңізге жіберемін. »Орақ-Мамай» әңгімесінен сіз қызығарлық ешнәрсе табылмас. Сондықтан мен ондайларды қойып, қазір қазақтың әр түрлі әдет-ғұрыптары жөніндегі мәселелермен шұғылданып жүрмін. Енді реті келсе, олрды да жазып, сізге жібермекшімін», -деп жазды. Бұл-Ыбырайдың 1860-1861жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиеті мен тұрмыс-салтын зерттеу, олар жайында материал жинау ісімен шындап, ғылыми тұрғыдан айналысқандығын көрсетеді.
Ыбырайдың фольклор мен этнография тарапындағы талап-ниеттерінің ғылыми бағыт-бағдар алып, лайықты нәтижелерге жетуіне көп септігін, көмегін тигізген шаралардың бірі-географиялық қоғамның Орынбор бөлімшесінің ашылуы болды. Бөлімшені ашу туралы ұлықсатқа 1867 жылдың 16 май куні қол қойылса да, оның бірінші ұйымдастырылу жиналысы 1868 жылдың январында ашылды. Ыбырай 1847жылы осы георафиялық қоғамның қызметкер -мүшесі (член сотрудник) боп сайланды. Бұл жас ағартушының осы кезге дейін өлкетану жұмысы саласында тындырған үлкен еңбегін тану мен бағалаудың белгісі, нәтижесі еді.
Орынбор бөлімшесі алғаш жұмысқа кіріскенде, оған түскен бастапқы еңбектердің бірі-Ыбырайдың қазақ этнографиясы жөніндегі зерттеу очерктері. Ағартушының 1862 жылғы хатында халықтың әдет-ғұрпын зерттеп жүрмін деуі тегін емес еді. Ол кейінгі 4-5 жылдың ішінде осы ізденістерін тиянақтап, екі еңбек жазды. Олар:»Орынбор ведомоствасы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», »Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі». Орынбор бөлімшесі өз жұмысын осы жұмыстарды қарау мен талқылаудан, жариялау туралы шешім қабылдаудан бастады. Бөлімшенің 23 марттағы (1868) мәжіліс хатында былай деп жазылды:» . . . мәжіліс соңында Орынбор бекінісінің тілмашы Алтынсарин мырзаның «Қазақтың қыз ұзату тойы»мақаласы оқылды . . . Көшпелі қазақ өміріндегі некенің жай-жағдайы толық қамтылып, өмір шындығына сәйкес әсерлі әңгімеленуі, сондай-ақ, тілінің әдеби көркемдігі, жалпы жиналыстың пікірінше, Алтынсарин мырзаның мақаласын тұрмыс-жайы күні бүгінге дейін аз зерттеліп келген қазақ этнографиясы саласында бағалы еңбек етіп көрсетеді. Алтынсарин мырза очеркінің осы бағалы жағын ескеріп, жалпы жиналыс оның мақаласын мезгілді баспасөзде басып шығару үшін географиялық қоғамға жолдау туралы шешім қабылдады». Бөлімшенің 28 сентябрьіндегі (1868) мәжілісінде Алтынсариннің аталған мақаласы жөнінде В. Н. Плотниковтың рецензиясы оқылды. «Алтынсарин мырзаның мақаласы, -делінеді мұнда, -қазақ өмірінің тұрмыс ерекшелігін сипаттауда ірілі-ұсақты деректерге толы, осы халықтың этнографиясы жайында бай материалды қамтиды, сондықтан да тартымды еңбек. Еңбекте байқалған жеке кемшіліктерді авторға кінә ретінде қоймаймын».
Осындай жан-жақты талқылаудан, мамандардың ұйғармынан кейін Ыбырайдың екі очеркі 1870 жылы бөлімше «Запискаларының» 1-санында жарық көрдіБұл қазақ өмірінің тұрмыс ерекшеліктерін терең біліп, зерттеп жазған және қазақ авторының қолымен жазылған алғашқы этнографиялық еңбек болды.
Ыбырайдың этнографиялық еңбектерінің бағалылығы аталған мәселелер бойынша халықтың көне заманнан келе жатқан әдет-ғұрптарын бүге-шігесіне дейін қамтып, кеңінен талдауына ғана емес, сонымен бірге кейбір құбылыстардың шығу төркіні мен әлеуметтік негіздерін де ашып көрсетуінде еді. Мұны, әсіресе, оның екінші очеркі туралы айтуға болады. Құда болудың, құданы таңдаудың себебін Ыбырай былайша түсіндіреді. «Қазақтардың, -дейді ол, -өзара қоғамдық қатынастары тек ғана ескілікті әдет-ғұрыптар бойынша реттеліп отырған кезде өздерінің достығын жекжат боп нығайтқысы келген адамдар бірінің әйелі ұл, екіншісінің әйелі қыз тапса, оларды некелеп, бір-біріне қосатын болып уәделесе береді». Демек құда болу арғы замандардан бастап-ак жастардың бір-бірін біліп, жарасуының негізінде емес, ата-ананың, әсіресе, әкенің өзіне өзі теңдес дос іздеуінен немесе ескі досымен достығын «сүйек» жаңғырту арқылы нығайта түсу тілегінен, кеңірек алсақ, патриархалдық семьялардың туыстық одағы мен бірлігін қамтамасыз ету мақсатынан туып отырған. Ыбырайдың мақаласы осындай үлкен әлеуметтік түйін түюге мүмкіндік береді. Ұлы ағартушы құдалықтың көп ретте жеке семьялар бірлігінен биіктеп, рулар, тайпалар одағын нығайту мақсатынан туғанын да, сол арқылы жалпы халықтың бейбіт, тыныш өміріне септігін тигізу мүддесін көздегеніне де орынды назар аударады және оның түбі қайдан, қалай, қашан шыққанына жауап беруге тырысады. Шынындада дүрбелеңі көп, тыныштықсыз, қанкешті, жаугершілік замандарда мұның өзіндік маңызы да жоқ емес еді. Мұндай ынтымақ пен қарым-қатынасты бейбітшілікті аңсаған халық өмірінің мұң-мұқтажы, арман-тілегі туғызған. Сондықтан да Ыбырай бұл достықтың тарихына ерекше мән береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz