Ыбырай шығармаларын тәрбие мақсаттарына пайдалану


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Тарау 1. Ы. Алтынсарин ағартушы - педагог
1. 1 Ы Алтынсариннің өмір жолы
1. 2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі
Тарау 2. Ыбырай мұраларын тәрбие үрдісінде қолдану
2. 1 Ыбырай шығармаларын тәрбие мақсаттарына пайдалану
2. 2 Ы. Алтынсарин және мектептегі білім және тәрбие
2. 3 Қазақ ұлттық мәдениетіндегі Ыбырай туындыларының алатын орны
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезенінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін . . . білім беруге көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауында.
Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халкымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.
Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т. б. тарихи-педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды елжандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сияқты ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.
Тақырыптың мақсаты: Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын - жазушы Ыбырай Алтынсариннің туындаларының қазіргі таңда бала тәрбиесінде алатын орнын анықтау.
Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.
Тарихнамасы:
Қазақ халқының дарынды перзенті Ы. алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі:
Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қоскан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған окулық ең алдымен, орыстың қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік -танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына косты. Сөйтіп, ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағьпта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауылшаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп-интернаты деп аталды.
Тарау 1. Ы. Алтынсарин ағартушы - педагог
1. 1 Ы Алтынсариннің өмір жолы
Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин 1941 жылы қараша айының екінші жұлдызында, қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.
Осыдан былай Алтынсариннің ағартушылық-мұғалімдік қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды.
Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдар арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар басқа да қызметтер атқарды: 1868-1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-1879 жылдары Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметіне кіріскен кезден бастап, Алтынсарин мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен облыс, уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты. Олардың бәріне де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. 1888 жылы 10 сәуірде Омскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз училищелерін жақсы бітірген жастар алынды.
Алтынсарин қазақ жастары арасынан экономика салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін берілді де, Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.
Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады.
Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.
Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техниканы меңгеруге шақырды. Оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады. Оқу білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан.
Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирикалық өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің «Жаз», «Өзен» атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Күн мен Жердің мейірім-шапағатын ата-ана кейпінде, ал қызыл, жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады.
Алтынсариннің әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» т. б. әңгімелері - әсерлі де көркем шығармалар. А. Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімелеп, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.
Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін, әсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.
Ы. Алтынсарин И. Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И. И. Дмитриевтен «Екі шыбын» орыс хрестоматиясынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан - аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да қысқа, мазмұнды, көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар. Баланы тәрбиелеу аса маңызды, қажетті әрі жауапты мәселе екенін айта келіп, балалар кітабы тәрбиелеу үшін жасалады, тәрбие жұмысы ұлы мәселе, ол адам қатысуымен ғана шешіледі дейді Белинский. Кітап қорқақтық, жасқаншақтық, өзімшіл, такаппаршыл болудан, өтірік-өсек айтудан балаларды жиренетін жаман қылықтарға қарсы күрес жүргізетін дәрежеде жазылсын деген талаптар қойды.
Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар берді. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қояды.
«Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін», - дейді.
Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері.
«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!» -
деп ұран салды. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды. Оқыған, мәдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді. «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті болуға шақырады.
«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды», -
деп радио, телефон, телеграфты айтса,
«Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны
Күн жарымда барғызды», -
деп поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетті.
Ғылым, өнер, техника жайларын сөз еткенде, Ыбырай балалардың ұғымындағы түсініктерден алыс кетпейтінін, өздерінің күнделікті естіп, біліп, айтып жүрген сөздері арқылы беруге ұмтылды.
Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың роліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған.
«Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегін,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан».
Бала тәрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадырлы екенін сонда ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірлемеу, сыйламау болмас та еді.
Ата-анасын сыйламайтын бала ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет ете алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, анаға опасыздық етуден ауыр қылмыс жоқ. «Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел - ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе . . . » деп совет әдебиетінің негізін салған М. Горький ана қадірін данышпандықпен таныта білген.
Ал «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей мұнан да күшті, мұнан да әсерлірек жазылған.
«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын, төрт бөліп кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре тұғын!
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең.
Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» -
деп ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді.
Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен қалғысыздай етіп жадында сақтауды міндеттейді.
«Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенше адам болып,
Еш арманым болмас еді өле-өлгенше!».
Әдебиет адам тану құралы дейміз ғой. Ыбырай Алтынсарин ана құдіретін, ана бейнесін жас өспірімдерге әдебиет арқылы танытып отыр. Бұл жолдар баланы ананың жан дүниесіне үңілтеді. Мұнда аналық мейірімнен туған аналық қасиеттің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай білген бала, оның қадір-қасиетін түсінген бала басқаның да қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын боп өседі. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары да тәрбие жұмысына бағытталған.
Ы. Алтынсарин шығармашылығының басты мәселесі - балаларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, әдептілікке үйрету. Осы идеяның бәрі де баланы оқыту, үйрету, тәрбиелеу процесі арқылы іске асатынын Ыбырай дұрыс түсінген, дұрыс шешкен . . .
Ыбырай ата шығармаларының барлығы да көркем, тілі шебер жазылған. Оны қарапайым, халықтық тілімен бейнелеген. Сол тақырыптарға орай мазмұны ықшам, оқиғасы қысқа, әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанаға дәл тиетін ойларды тұжырып айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер жоқ.
Қорыта айтқанда, балаларға арналған көркем әдебиет - Ыбырай Алтынсарин жазғандай жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, сарқылмас алтын қазынасы.
Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педагогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Алтынсарин мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың т. б. бар.
1. 2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар, оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін, әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге, бойға сіңіруге шақырды.
"Кел, балалар, оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас . . .
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас . . .
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында", - деп атап көрсетеді. ғалым Ә:дербісалин "Ы. Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру, білмсіз, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz