Ыбырай мен Мұқағали ұқсастығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ыбырай мен Мұқағали ұқсастығы

Мұқағалидың шығармаларын өзі айтқандай « . . . басынан-аяғына» дейін оқыған оқырман қауым оның балаларды оқу-білімге, адамгершілікке, еңбекке шақырған алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсаринмен қатар қоя қарастыратын бірнеше ұқсастығын байқауына болады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы туып, небәрі 48 жасында қайтыс болса, Мұқағали Мақатаев 1931 жылы туып, 1976 жылы 45 жасында қайтыс болған. Ыбырайдың оқып, білім алуына атасы Балқожа себепші болса, Мұқағалидың білім алуына анасы Нағиман қамқоршы болған.

Ыбырай Орынбор өлкесінің басқару орны Торғай бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш класта оқытушы болып (мектеп басқарушы) тағайындалды. Ал, Мұқағали осы жасында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылындағы Маркс атындағы жеті жылдық мектепте орыс тілінен мұғалім болып, ұстаздық іспен айналысады.

Мұқағали мұғалім болып жүргенде оның балаға деген жүрегінің жылуын оның жары Лашын Әзімжанова былай еске алады.

- Мұғалім болғанда жай мұғалім емес, оқушының психологиясын, көңіл-күйін жақсы білетін, оларды өзіне магниттей тарта білетін, әр түрлі әдістерді жетік пайдалана білетін білікті, жалынды мұғалім болды. Жалпы Мұқаң қай жерде жұмыс істесе де, өзіне сөз келтірмей беріле істейтін, сенімді ақтай білетін адам еді («Естеліктер» кітабынан) .

Ыбырай мектеп ашып мұғалім болған кезінде Қазан қаласында тұратын Н. И. Ильминскийден пошта арқылы оқулық кітаптар алдырады, олардың ішінде Николай Ивановичтің «Самоучитель русского языка для киргизов» деп аталатын оқулығы да бар болатын. Мұқағали Пушкиннің, Лермонтовтың, Достоевскийдің, Ушинскийдің, Макаренконың кітаптарын поштамен хат жазу арқылы алдырған. Орыс тілін жетік білу үшін «Орысша-қазақша» сөздік жаттаған. Ыбырай орыстың ұлы демократ-педагогі К. Д. Ушинскийдің «Детский мир» деген еңбегімен танысады, оны жоғары бағалайды. Мұқағали да К. Д. Ушинскийдің еңбектерін жинап, оны түгелдей оқып, оқыту мен тәрбие жұмысына пайдаланған. өмірлерінің соңында екеуі де ауруды ойламай бірі мектеп ашу, білім беру, екіншісі білімді болу, шыншыл болу, әділдікке ғана бас июге шақырған.

Ыбырай ауырып жүрген кезінде 1889 жылдың 15 шілдесінде В. В. Катаринскийге «Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейін мен тағы да ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қатты ауырдым, жұрт мені жаны қалса тәуір болар еді деп қауіптенеді, Әлі де ауырамын, ұйқым жоқ десем де болады, тамақ ішпеймін. Жүрегімнің соғуы күшті, ентіге беремін» деп жазған. Оның ауыруы күн өткен сайын асқынып 1889 жылы шілде айының 17-сі күні 48 жасына үш ай қалғанда қайтыс болған. («Ыбырай және оның орыс достары» кітабынан) .

«Естеліктер» кітабында Нұрғиса Тілендиевтің мынадай сөздері бар.

- «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпетімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы, «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз» депті.

Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» екен. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.

Міне, аяулы Мұқағалиымды бүгін де есіме алып отырмын».

Мұқағали 1976 жылы 27 наурыз күні 45 жасында қайтыс болды.

Мұқағали да Ыбырай сияқты ойлаған ойына, алдына қойған мақсатына жетпей, жете алмай кетті. Оның бар арманын, ойын халқы түсінді. Халқы сүйді. Жүзден астам өлеңіне ән шығарды. Әрбір ойын-сауық, той-думан, шығармашылық кеш Мұқағалидың өлеңінсіз өтпейтін болды. Ол міне тағы бір қырынан, ұстаздық қырынан да таныла бастады.

Сөз соңын халқы өзі түсінер деп «Өмірімді» деген өлеңімен аяқтайық.

Өмірімді несіне жек көремін, Тағдырыма несіне өкпелеймін,

Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.

Өмір қашып барады құсқа мініп, О, өмір ұстатпаған уың бар ма?

Мен артынан жетем бе деп келемін. Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!!!

Рас, өмірдің уын ішіп өтсе де артында улы емес, нұрлы, мәңгі өшпейтін із қалды. Сол ізбен оның өмірі жарқырай көрінері анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мұқағали Мақатаев өмірбаяны, шығармалары
Кітап оқушылар конференциясы
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Қазақ зиялылары
Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Қашпаңдар қара бояудан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz