Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ыбырай Алтынсарин білім мәдениетнамасының негізін салушы.

Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес букіл қазақты көшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Ыбырайдың инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады.

Ыбырай шығармашлығына арналған зерттеулергежүгінер болсақ, ол өзінің қолға алған барлық істерінде тұңғыш негізін қалаушы, көшбасшы ретінде көрінеді. Бугінгі кун тургысынан айтқанда Ыбырайдң шғармашылығы мен өмірі инноациялық идеялар мен іс- әрекеттерден турады. Мысалы Ыбырай қазатың әдебиет тарихында алғашқы балалар жазушысы болды.

Ыбырай - ақынның өсиет өлеңдерінің тілі көркем, оы мейлінше терең, табиғат асемдігін, пендешілік пен кісілікті, адамгершілік пен азғындықты, білімділік пен надандықты, жастық пен кәрілікті, шындқ пен әділетсіздікті көркемдік пен шебрлікпен сипаттай келіп, философиялық ой түйіндейді

Ыбырай- қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипттайды. Жастарды еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, тапқырлық пен әрекетшілдікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді.

Ыбырайдың иннфациялық ой- әрекетін танытатын этнографиялық еңбегі «Мұсылманшылық тұтқасы» мұсылмандыққа ден қоя бастаған қазіргі қоғамымызда ерекше сұранысқа ие болып отыр.

Ыбырайдың әуелде «Шариат ислам» деген атпен жарық көрген осы кітабы туралы Қазан университетінің профессоры, миссионер Ыбырайдың ұстазы Н. И. Ильминский Торғай уезінің бастығы Я. П. Яковлевке 1980 жылғы маусымның 15 жұлдызында жазған хатындабылай депті: « Мұсылман діни оқумен байланысты қазақ мектептерінде мұсылман сауаты ашылуы тиіс . Мұсылмандық сауат ашуы славяндық-шіркеулік сауат ашумен қоса қабат қойылуы тиіс.

Алтынсариннің « Шариат ислам» кіапшасы арап әріптерімен басылып шыққан, жөғарыда айтылған пайымдауларға сәйкес оның араб алфавитін араб тексінде қалдырып, ал қазақ тіліндегі түсіндірулерді орысша- қазақша әріптермен басып, қайта шығару керек болар еді» (Н. И. илминский)

Бұл жолдардан мұсылмандықтың ерекшліктерін мойындау, әрі Ыбырай құрастырған кітапқа берілген жөғары баға көрініс береді.

70 жыл бойы кеңестік дәуірдің ықпалында болып келген қазіргі қазақ мектептері діннен өзінің іргесін аулақ салып келген болса, Ыбырай сол кездің өзінде-ақ мектепті діннен бөлген жоқ. Мектепте дін сабағының дұрыс та сауатты жүргізілуне қамқорлықпен қарады. Құдай парызын оқытуға арнап « Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабын дін оқытушыларына әдістемелік көмек ретінде ұсынды. Біз болсақ мектепке арналған дінтану пәннің бағдарламасы мен оқулығының жарыққа шығуын кешеуілдтіп келеміз.

Ы. Алтынсариннің иннофациялық шығармашылығын танытатын тың деректердің бірі соңғы жылдары архив қазынасынан табылған (Б. Әбілқасымов) « Қазақ газетінің» улгісі. Ыбырай жасаған ол үлгі уақытында жарық көре алмаса да, XIX ғасырдың екінші жартсындағы баспасөз тарихынан елеулі орын алады, ұлттық әдеби тіліміздің сол кездегі деңгейінен хабардар етеді.

Алтынсариннің « Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» атты кітабы өзінің көзі тірісінде жарық көріп пайдаланылған оқу құралының бірінші бөлімі. Ал осы оқулықтың екінші бөлімінің қолжазбасы автордың өзі дуние салғанннан кейін 10 жылдан соң жарық көрген. Шығарма Алтынсариннің шәкірті А. Балғымбаевтың «Алтынсарин жайлы естеліктер» бойынша іздестіріліп, Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясының сирек кездесетін қолжаэбалар бөлімінің қорынан табылған. Оны А. Васильев 1890 жылдан бастап өзі сақтап, 1936 жылы Орталық кітапханаға өткізген екен. Қолжазбаның жалпы көлемі 23 бет, 17x22 см өлшемінде, орыс әріптерімен қазақша жазылған. Бұл жөнінде мерзімді баспасөзде арнайы мақалалар жарияланды.

Отырықшылық тұрмыс-салтына көшуді, сауат ашуды, жастарды кәсіптендіруді, орыс және батыс мәдениетінің озық үлгілерінен үйренуді Ыбырай қазақтарды мәдениеттендіру тетіктері деп білді.

Бар күшін әрекетке жұмсаған Ыбырай мұғалімдік, әдіскерлік,

инспекторлық қызмет түрлерін ғылыми негізде ұйымдастырып,

сабақтастыра білді. Қазақ-орыс балалары үшін уездік және болыстық мектептер ашып, қазақ қоғамында сауатты адам идеалының қалыптасуына ықпал етті. Ыбырай баларды сауаттандыру мен шектелген жоқ, тап бүгінгідей оқу-тәрбие ісін мәдениеттендіру, жастарды кәсіптендіру мәселесін қоса көтерді. Бүкіл қазақ қауымын өзіне қаратып, балаларды жаппай мектепке тартқан жас Ыбырайдың жаңартпашылдығы өзіне көп кедергі келтірді.

Дегенмен, Ыбырайдың қадірін біліп, қолдау көрсетіп отырған замандастары да көп болған. Олардың қатарында Ыбырайдың ерекше қабілетін жас уағынан аңғарып, оның рухани қалыптасуына зор ықпал еткен Н. И. Ильминский, В. Григорьев сынды ғалым ұстаздары, Ыбыраймен қызметтес, сыйлас болған В. В. Катаринский, Я. П. Яковлев сияқты орыс чиновниктері, мектеп ашу ісіне қаржылай және моральдық тұрғыда демеушілік көрсетіп отырған қазақ сұлтандары, қазақтың өнерлі, саналы ұлтжанды азаматтары болды. Өзінің мәдени-ағартушылық еңбектерімен Ыбырайдың даңқы сол кездің өзінде-ақ чуваш халқының атақты ағартушысы И. Я. Яковлевке жеткен. Яковлев Алтынсаринды сырттай біліп, қысылтаяң кездерінде «Мені орта Азиядан ағартушы Алтынсарин қолдайды», - деп мақтаныш тұтып, жанына жалау еткен. Ыбырай да өз тарапынан К. Д. Ушинский, Н. А. Корф, И. Я. Яковлев, грузин халқының ағартушысы С. Я. Гогебашвили, орыстың ағартушысы әрі жазусышы Л. Н. Толстойдың пікірлерімен танысып, қолдап, білім беру ісінде басшылыққа алып отырған.

Ізденіс барысында осындай телегей теңіз біліммен қаруланған Ыбырай өзі іргетасын қалаған мектептерінде білім мен мәдениеттің арасын жуықтастырып, олардың өзара байланыстылығын дұрыс пайдалана білді.

Ыбырайдың қазақ-орыс тілді бастауыш мектептері жалпы Орта Азиялықтарға, қазақ халқына тән менталитет пен еуропалық озық үлгілердің синтезі негізінде құрылды. Ол мектептер балалар ғана емес, сауаттылықтан үміт күткен қазақ қауымы үшін мәдени орта қалыптастырды. Ыбырай мектептеріндегі мәдени ортаның оң ықпалы озық нәтижелерге жеткізді. Сондығынан да білім мен тәрбиенің мазмұны Орта Азия медресселерінен анағұрлым жоғары деңгейде жүзеге асты. Тарихи деректерді сөйлетсек, XIX ғасырдың екінші жартысындағы бұратаналықтарға арналған мектеп ұйымдастыру мәселесіне орыстың озық ойлы қайраткерлері назар аударған. К. Д. Ушинский, Н. А. Корф сияқты ғалым-педагогтар әр халықтың ұлттық тілі мен мәдениетінің ерекшелігіне нұқсан келтіруге қарсы шықты. Туған халқының тілі мен діліне, дініне берік Ыбырай да қазақ балаларының ұлттық рухта тәрбиеленіп, мәдениеттенуіне, жаңа заман талабына сай орыс тілін де игеруіне қамқорлық жасап отырады.

Бодан халықтың өкілдері болғандықтан, Саяси-әлеуметтік Соғыстар мен қақтығыстардың бел ортасында жүрген Ыбырайға мектеп ашу ісі аса ауыр соқты, сәтсіздіктері мен өкініштері де болды. Білім сапасы үшін күрескен Ыбырайдың «100 адамдық мектеп ашып, олардан қандай нәтиже шығатынына көз жетпей, босқа шығынданғанша, 10 адамға арнап білім беретін сенімді мектеп ашқан анағұрлым пайдалы. Өйткені мұндай аз балаға білім беретін 100 балаға қарағанда сапалы болады, олар сауатты болып шығады. Қазақтар арасында мұндай шараны жүзеге асыру оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсартып, беделін арттырар еді», -деген пікірінде көрегенділік бар ма деп қаласың. Қазіргі алды 1000-нан, соңы 2000-нан астам бала оқытатын алып мектептерді, завод- мектептерді басқару мен бақылаудың ондағы үздіксіз оқу-тәрбие процесін игерудің қиындай түсетіндігінен, алған білімдерінде сапаның болар-болмасы екіталай иа деп күмәнданбасқа шара жоқ. Сондай-ақ Ыбырайдың: «Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс», немесе «педогогикалық жұмыстағы шешеуші нәрсе ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде», немесе « оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай, ғылыми білім беру жүйесі сақталуы керек» деген тұжырымдарды сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығуларды көбірек пайдалануды талап етуі, баланы шоқындыруға қарсы, тіл тазалығы үшін күресі, т, б. Жаңа ғасыр оқырмандарын өміршеңдігімен таңдандырады. Ыбырай баларға бастауыш білім берумен шектеліп қойған жоқ. Ол кәсіптік училищелер, алғаш рет қыздарға арналған мектеп интернаттарын да ашты. Сөздің реті келгенде айта кету керек, бастауыш кәсіптік білім саласынның қайсыбір зерттеуші мамандары қазақ жеріндегі кәсіптік мектептердің негізі Ы. Алтынсариннен басталады деген жаңсақ пікірде жүр. Тарихи деректерге сүйеніп айтар болсақ, қазақ кәсіптік мектептерінің негізі Алтынсарин өмір сүрген дәуірден бірнеше ғасыр бұрын қаланған . Өкінішке орай кәсіптік педагогиканың тарихында да оның Ы Алтынсаринге дейінгі дәуірі айтылмаған. Әрине, қазақ халқының арғы- бергі тарихи тамырын біле бермейтін, 70 жыл бойына әбден орыстанып алған, кәсіптік мектептердің құлағын ұстап, нанын жеп келгендердің деңгейін түсінуге болады.

Алайда бұл « Кеңес дәуіріне шейін қазақ халқының 1 % -і ғана сауатты болған», « көшпенді қазақ халқында мәдениет болмаған» деп кемсіткен пікірмен келісу қиын. Қазақ қоғамы жастарға кәсіп игеретін кәсіптік мектептерден жұрдай болмаған. Л. Н. Гумилев айтқандай, темір өндіру ісімен даңқы шыққан, түркілер дәуірінен бастау алған, көшпелі түркі тілдес тайпалар іргетасынқалап берген халық кәсіпшілігі бүкіл Орта Азия халықтарының, қазақ қоғамының мәдени - эканомикалық тұрғыда ілгерлеп отыруына үлес қосты.

Ол адам мен еңбек ресурстарын дайындайтын алғашқы басқыш болды. Мал бағы мен егіншілік, темір өңдеу және әскери іс, ағаш ұқсату, қолданбалы қолөнер, сәулетшілік пен құрылыс салу, бапкерлік, құсбегілік, бақсылық, балгерлік, есепшілік, жыраулық, сазгерлік, саудагерлік, хатшылық, тілмаштық, аспаздық, киіз басу, кілем тоқу және т. б. әрі кәсіп, әрі өнерге негізделген қазақ кәсіптік мектебі қазақ отбасындағы еңбек тәрбиесінен бастау алып, өз шеңберін біртіндеп кеңейткен. Отбасындағы кәсіби еңбек, жеке шеберхана, халық шеберлерінің жеке мектебі дәрежесі деңгейіне көтеріліп, қоғамдық сипат алды. Қазақ кәсіптік мектебіндегі білім мазмұны халық кәсіпшілігінің тәжірибесіне, ұлттық дүниетаным мен еңбек дәстүрлерінен туындаған мәдениет үлгілеріне сүйенеді. Қазақ кәсіби мектебі тәрбиеленуші жастардың кәсіби білігі мен дағдыларын, іскерлігі мен ісмерлігін,

Шеберлігін үздіксіз дамыта білді. Шебер ұстаздардың шәкірттерге кәсіп үйрету тәжірибесі дидактикалық ұстанымдарға негізделді, уйренушінің эканомикалық, кәсіби деңгейі өсіп отырды.

Қазақ кәсіптік мектебі ұлан- ғайыр даламызда туған мәдениет бесігі еді. Көпғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі XIX ғасырдың екінші жартсында Ы. Алтынсарин ашқан арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды. Ыбырай ол мектептерді Ресей кәсіптік- техникалық мектептерінің үлгілері бойынша жаңа, техникалық кәсіптермен толықтырып, дамыта түсті. Ресми мектептерде қазақ балалары жалпы білім алумен қатар бұрыннан қазақтарға белгілі былғары мен теріні илеуге, ат әбзелдерін жасауға, ағаш өңдеу және темір ұсталығына, сабын қайнатып, етік тігу үйретілді. Сонымен қатар орыс жұртынан көрген байқап басу, түбіт орамал тоқу: майшам жасау, кітап түптеу сияқты заман талабына сай өнерлер мен техникасына да бет бұра.

Қалай десек те Ыбырай ашқан мектептер балаларды мәдениеттендіру орталығы, қазіргі таңда біздер аңсап отырған ұлттық мектептің алғашқы моделі еді.

Екі тілділік пен жан-жақты білімнің арқасында үстемдік етіп отырған саясатпен іштей арпалыса жүріп, өз идеяларын басымдық ретінде дәлелдеп, өткізе білу, жоғарыдағыларды өзінің айтқанына ұйыта білу арқылы халықтың мәдени - әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру тек Ыбырайға тән көрегендік пен ұлттық намыстан, біліктілік пен жігерлілікпен, өткірлікпен дипломатиялық қабілеттен бастау алса керек.

Ыбырай мұрасына құрметпен қарайтын бүгінгі мектеп басшылары мен испекторлар үшін де үйренетін істер баршылық. Оқыту ісінің сметасын жасаудан бастап мектеп басқарудын айла - тәсілдері, кіммен қалай қарым-қатынас жасап, қандай талап қою керек, іс қағаздарының, ресми хаттардың түрлі үлгілері - осының барлығы Ыбырай мұраларында мөлшерленіп, қолмен қойғандай реттеулі.

Ыбырайдың қызмет бабындағы, өмір жолындағы замандастарымен, әріптестерімен, әсіресе орыс ғылымы Н. И. Ильминский мен жазысқан хаттары сирек кездесетін эпистолярлық жанрдың қолма-қол үлгісі болып табылады.

Егер Сіз Ыбырай өмір сүрген дәуірдің ағымын басты басымдықтары мен құндылықтарын білгіңіз келсе, Ыбырайдың хаттарын мұқият оқыңыз. Егер XIXғасырдың екінші жартсында Ресей империясының қазақ жеріне жүргізілген саяси- әлеуметтік реформалары туралы тарихи мәліметтер алғыңыз келсе Ыбырайдың хаттарын оқығаныңыз жөн болады. Хаттарды патша Үкіметі үстемдік етуімен орыс шаруаларының кедейлерінің патшаның жаңа Ережесіне наразылығы, ержүрек те намысқой торғайлықтардың көтерілісі, қазақ жерінде болыс, ауылнай сайлаудың жаңа тәртібіне, жер мен жесір дауынан, әділетсіздік пен бодандықтан күйзелген халықтың халі, орыс және қазақ менталитеттерінің кереғарлығынан, алғашқы тілдік түсініспеушіліктерден туған қақтығыстар, Торғай өңіріндегі келген ашаршылық, сүзек, оба сияқты індеттер жайлы егжей- тегжей баяндалған. Осы кезкңде Ыбырайдың патша үкіметінің тапсырумен атқарған скдялық қызметінің ащы сабақтары да қатардан көрініс тапқан. Былайша айтқанда Ыбырай хаттары тұнып тұрған тарихтың өзі. Мұнда тарих оқулықтарына таппайтын деректер де жүр.

Рас, баяндау стиліне қарап хаттарды жеке адамның күнделігіне ұқсатуыңыз да мүмкін. Терең психологизмге, нәзік сезім иірімдеріне құрылған хаттардың танымдық, тәрбиелік маңызы зор.

Хаттар өресі биік, рухани өрісі шексіз ғұламаның менталдық сапаларының сипаттамасын береді. Хронологиялық тәртіппен орналасқан 19 хат Ыбырайдың ақ жүрегін, адал пейілін, азаматтық үнін, саналы зердесін, даналық қасиеттерін, бүкіл жан сарайын алдыңызға жайып салады. Ыбырайдың мөлтек сыры да, тартқан азабы мен көрген ғажабы да, бағы да, соры да сол сорғыш тартқан хаттар арқылы танылады. « Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, қашан үңілсеңіз де өткеннен сыр шертіп, келешекпен үндестік тауып, сара жол сілтеп, оқырмандармен сырласуға дайын тұрған хаттар Ыбырайдың есімін мәңгілік етері хақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы туралы түсінік беру
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ыбырай шығармаларын тәрбие мақсаттарына пайдалану
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz