Алтынсарин дер едік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ы.Алтынсарин – Қазақстанда педагогикалық ой – пікірдің негізін салушы
2.2. Ы.Алтынсариннің еңбекке тәрбиелеудегі ой – пікірінің маңызы
2.3. Еңбектің маңызын және тәрбиелік бағасын айқын көрсететін әңгімелер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында, бүкіл қоғамдық-рухани өмірінде
әлеуметтік мәні бар ерекше орын алатын кесек тұлғалы, өрелі азаматтар аз
болмағанын ойға алсақ, солардың бел ортасында көзге түсетіні — Ыбырай
Алтынсарин дер едік. Ол — шын мәніндегі тұңғыш ағартушы ұстаз, тамаша
тарихшы, фольклоршы-этнограф ғалым, тіл білімпазы, осы күнгі әліпбиімізде
жазылған ең алғашқы оқулықтың туындыгері, халық ағарту ісінің шебер
ұйымдастырушысы. Демек, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі. Егер мұның
бәрін жинақтап айтар болсақ, Ыбырай — өз халқының жарқын болашағы мен кемел
келешегі жолында ақтық демі таусылғанша қалтқысыз қызмет еткен үлкен ақыл-
ойдың, биік саналы сезімнің адамы.
Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дейді халық даналығы. Бұл
сөздің растығын Ыбырайдың өмір-өнегесінен де байқағандаймыз. Өйткені оның
өскен ортасы — халықтың сол кезеңдегі озық ойлы зиялы қауымы, тәрбие алған
мектебі — алды сонау атақты шешен Жиренше, Абыз, Әнет баба. Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтеке би, Байдалы, Досбол шешендердің мектебі, Асан
қайғыдан бастап Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді,
Үмбетей, Дулат секілді дала даналарының мектебі.
Бұлар — болашақ ұлы ұстаздың нәр алған алғашқы қайнар бастаулары
десек, Балғожа бидің үміт еткен көзінің нұры — бала Ыбырай атасының
замандас достары — Досбол шешен, Наурызбай, Мұғал би секілді дүйім жұрттың
назарын өзіне қаратқан от ауызды, орақ тілді үлкен ақыл-парасат иелерінің
үлгі-өнегесін көріп өсті, одан, әрине, ғибрат алды. Балғожа би Орынборда
оқуда жүрген шәкірт Ыбырайдың ел арасындағы дау-жанжалдарға төрелік айтуға,
билік шешім қабылдауға баулып отырған. Соның біршамасы ел аузында
Ыбырайдың айтқаны, Ыбырайдың шешімі, Ыбырайдың тоқтамы деген тұрғыда
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тарап келеді. Мұны халық ауыз әдебиетіндегі
шешендік өнерді, нәрлі сөз мұраларын өмір бойы зерттеп өткен фольклоршы-
ғалым Б. Адамбаев өз еңбектерінде орынды келтіреді. Бірде Балғожа би
туыстарына өкпелеп басқа жаққа қоныс аударып көшпек болған ағайындарына
тоқтау айтуға Орынборда оқып жүрген жас шәкірт Ыбырайды жібереді. Сонда,
ата көрген — оқ жонар демекші, Ыбырай ағайындарына мынадай тоқтам
айтыпты:
Уа, байеке, тыңдасаң,
Біздің сөзді ұғарсың.
Итің менен құсыңды
Сонарда алып шығарсың.
Аңыңда алған байласаң —
Балғожа биге ұнарсың.
Жекіріп айтса бір сөзді
Құлағынды мықтап тығарсың.
Ызалы елдің ұрпағы ең,
Оған қалай шығарсың?
Қой, аға-еке көшуді,
Дұшпаның күйіп ішінен,
Достарың есіп қуансын!
Ыбырайдың осы сөзінен соң ағайындары елге қайтып оралыпты деседі.
Ыбырай кезеңі — бір ауқып дәуір. Бұл тұстар ұлы ағартушы атына байланысты
әлі зерттелмеген біршама соны деректерге, мазмұнды мағлұматтарға толы.
Ыбырайдың шәкірттіктен бастап, әрі қарай ұстаздықтың ұзақ та ұлы жолына аяқ
басуында үлкен атасы Балғожа бидің орны ерекше екенін көреміз. Әрине,
мұндай атаның тәрбие-тәлімі, өнеге-үлгісі, ой-арманы, қиялы шәкірт-
немеренің — болашақ ұлы ұстаздың рухани қалыптасуына, қайраткерлік дәрежеге
көтерілуіне, сөз жоқ, зор ықпал етті.
Бүгінде еліміз егемендік алып, жеке дербестікке қол жеткізді. Оны
әлемнің барлық мемлекеттері мойындап, халықаралық ұйымдарға мүшелікке
қабылдады.
Қазіргі ұлттық ояну, өзін-өзі тану, үйрену, халқымыздың мәдени-әдеби
мұралары мен әдет-ғұрпы, дәстүр-салттарының қайта оралуы — бәрі де жан-
жағымызға бағамдай қарауға, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындауға
мүмкіндік жасап отыр. Осы орайда елдің дербестігі мен оның өркендеп
дамуының негізгі шарты — оқу-білім екені дау туғызбаса керек. Ілім-білім
қай ғаламда да игілікті шаруа, қасиетті дүние болып есептелетіні белгілі.

2.1. Ы.Алтынсарин – Қазақстанда педагогикалық ой – пікірдің негізін салушы

Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды
публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының
мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың
демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп
өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өз халқымен бірге жассып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп,
оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып
табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын
іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында
толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге
жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада
бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан
қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей,
мән-маңызы мен қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай
Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол
өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ
халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан
босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Ыбырайдың өмір сүрген заманында қазақ қоғамында ағартушының да, жалпы
қоғам қайраткерінің де екі түрі болды. Оның бірінші түрі яғни басым
көпшілігі өздерінің бүкіл күш-жігері патша өкіметінің отаршылық саясатын
дала өмірінде барынша кең жүргізу мәселесіне арнады. Бұл топтың адамдары —
елдегі билеушілер, орысша сауаттанған болыс-билер, Н. И. Ильминский сияқты
жекелеген адамдар оларға керісінше, айқын демократиялық бағытта, халыққа
барынша қызмет ету талабында еңбек етті, қазақ халқын мәдениетті елдердің
қатарына қосуды көздеді. Мұндай игі ниетті Ыбырайдың жоғарыда айтылып өткен
ағартушылық қызметі мен қоғамдық еңбегінен көрсек, әдеби мұрасынан да
сондай айқын көруге болады.
Ыбырайдың әдеби мұрасы бізге негізінен Қазақ хрестоматиясының
төңірегінде жетті. Сондықтан бұл хрестоматияның жазылу тарихы мен пайда
болуын дайындаған жағдайларға соқпай өтуге болмайды. Өйткені хрестоматияның
жазылу тарихы мен оның тууын дайындаған әлеуметтік жағдайлар, екінші
жағынан, Ыбырайдың жалпы әдебиет саласындағы еңбектерінің тарихы мен өмірге
келуін дайындаған қоғамдық құбылыстар болып табылады.
Қазақ хрестоматиясының пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен
тығыз байланысты. Хрестоматияның жаңа ашылған мектептер үшін арналып
жазылуының өзі осыны дәлелдейді. Ыбырай бұл еңбегінде көркем шығармалары
арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсете және
насихаттай алды.
Алтынсарин балаларға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білетін.
Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін.
Барлық күш – жігерімді олардың мінез – құлқына да ықпал етуге жұмсаймын,
кейін парақор біреу болып шықпауы үшін - деп жазады ол.
Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісін заңды түрде алғаш
бастаушы, Қазақстанда педагогикалық ой – пікірдің негізін салушы болып
табылады.
Алтынсарин хрестоматиясындағы кейбір әңгімелер бала тәрбиелеу
мәселесіне негізделген. Бұл жөнінде оның Жеміс ағаштары деген әңгімесі
ерекше көңіл аударарлық.
Жаздың бір әдемі күнінде таңертең, бір бақшашы баласымен бақшаға
барып, жеміс ағаштарын көріп жүрді. Баласы әкесінен:
— Әке, мынау неге түп-түзу, ал мынау неге қисық?— деп сұрапты. Әкесі:
— Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кесіп
тастап, ертелі-кеш тәрбиелеген. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы
өскен. Ал мынау ағашты — күтуші болмаған, өз бетімен өскен, тәрбиеленбеген,
сондықтан ол қисық болып өскен,— депті.
—Олай болса бағу, тәрбиелеуде де көп мағына бар екен ғой, әке,—депті
баласы.
— Бағу, тәрбиелеуде көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан көп ғибрат
алуға керек. Сен шыбық сияқтысың, саған да тәрбие керек. Мен сенің қата
істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтсам, сен менің айтқанымды ұғып, орнына
келтірсең — жақсы болып есерсің. Ал, айтқан ақылды құлағыңа алмасаң,
бетіңмен кетсең, тәрбиеге көнбесең, мынау ағаш сияқты қисық болып өсерсің —
депті әкесі.
Әлемнің әмірішісі – еңбек деген қағидаға сүйенсек, еңбекті
қадірлеу, оған жас кезінен бастап көңіл бөліп, бүгінгі кішкентай балдырған
ертеңгі елдің үміт күткен азаматы екенін айқын сезінген Ыбырай Алтынсарин
Еңбекпен тапқан дәм тәтті дей келіп, өмір өзегі, тіршілік тірегі еңбек
мәселесіне, тәрбие мәселесіне көңіл бөледі. Бағып – қағуда үлкен мән бар,
бала тәрбиесі жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен парапар. Дүниедегі
жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарып,
сіңеді, - деген тұжырым жасайды. Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі ең бір
шоқтығы биік шығармасы - Бай баласы мен жарлы баласы. Қазақ қоғамындағы
өмір шындығын, тап жігін аша отырып, ауыр тұрмыстың ыстық қазанында пісіп
шығып, тағдыр тауқыметін көрген кедей баласының еңбекқорлығын баяндайды.
Лұқпан әкім туралы әңгімесінде де ол педагогикалық маңызы бар
мәселені айтады.
Лұқпан әкімге сопысымақ біреу бір жиылыста айтыпты: Сіздің ауруға ем
етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза, пәлесіне себеп табамын деу — құдайға
қарсылық болып табылады.— депті.
Адамда әр түрлі мүше бар,— дейді Лұқпан әкім.— Қол — жұмыс қылмақ
үшін, көз — көрмек үшін, құлақ — естуге, ақыл — ойланып, жаман-жақсыны
айыруға. Сол берген денелерді тиісті орнына жұмсамасаң, міне өзің айтан
күнә сонда болады.
Алтынариннің хрестоматиялық материалдарында еңбекке тәрбиелеу
мәселелері елеулі орын алады, мұнда еңбектің психологиялық, тәрбиелік
маңызы атап көрсетілген.

Еңбек туралы және еңбек сүйгіштік туралы Алтынсариннің әңгімелерін
қарағанымызда К. Д. Ушинскийдің Еңбектің психологиялық және тәрбиелік
маңызы деген атақты мақаласындағы терең мағыналы пікірлер барынша кең
айтылып, ерекше көзге түседі.
...Еңбек,— деп жазады Ушинский,— адамнан шығып табиғатқа, қайтадан
адамға бір ғана оның мұқтаждығын қанағаттандырумен және олардың өрісін
кеңейтумен әсер етіп қоймай, өзі жеткізетін заттық бағалы нәрселерге
қарамастан, бір өзіне тән, меншікті, ішкі күшімен әсер етеді. Еңбектің
заттық жемістері — адамның игілігі, бірақ, еңбектің тек ішкі, рухани күші
ғана адам қасиеттерінің, сонымен бірге адамгершілік пен бақыттың қайнар
көзі болады. Еңбек еткен адамға өз еңбегінің ғана осындай жанды әсері
болады. Еңбектің заттық жемістерін тартып алуға, мұра етіп қалдыруға,
сатып алуға болады, бірақ еңбектің ішкі рухани, жанды күшін тартып алуға
да, Калифорнияның барлық алтынына сатып алуға да болмауы; бұл күш еңбек
еткен адамның өзінде қалады.
Адам өмірі үшін еңбектің маңыздылығы соншалық, мұнсыз адам өмірі
барлық құнынан және барлық қасиетінен айрылады... Адам өзі еңбек етпейінше
алға баса алмайды; бір орында қалып та қоя қалмайды, одан кері кетуге тиіс.
Ы.Алтынсариннің бейнесінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын,
қазақтың ұлт болып бірігуін көксеген данамызды көреміз.
Еңбек тақырыбы қазақ жазба әдебиетінде XIX ғасырдың аяғында
Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы келді. Дене мен еңбек тәрбиесін ол
адамгершілік тәрбиесінің аса күрделі мәселелері ретінде таныды.
Ы.Алтынсарин жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде орыс ағартушыларының
еңбектерін өте жоғары бағалады.
Орыс әдебиеті классиктерінің еңбектерімен танысу, Л.Толстой,
К.Ушинский сияқты белгілі ағартушылардан үйренуі Алтынсаринның өмірге
көзқарасын тереңдете түсті, қазақ қоғамының негізгі мәселелерін дұрыс
танып, оларга нақтылы пікірлер айтуына жәрдемін тигізді. Жастарды еңбекке
баулу – қай кезде де азаматтық тәрбиенің елеулі шарттарының бірі. XIX
ғасырда еңбек мәселесі орыс әдебиетінде де айрықша көтеріліп, халық
өкілдерінің негізгі ерекшеліктері мен биік қасиеттері еңбекке байланысты
көрсетілгені белгілі. Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытып, оған белгілі
көлемде білім беріп қана қоймайды. Ең бастысы, Алтынсарин орыс жазушылары
мен ағартушыларының еңбек мәселесін шешудегі зор жетістіктерінен үйреніп
және оларды өзінің әдеби, сондай-ақ педагогикалық жұмыстарында ұтымды
пайдаланды. Бұл жағдай оның әңгімелерінің жалпы мазмұнынан байқалып
отырады.
Ы.Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясын" орыстың ұлы педагогі К.Ушинский
мен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгісінде құрастырды.
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен
әңгімелерінде автор еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге
және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Автор хрестоматиясын оқушыларды
еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі
болатындығына сендіре отырып, еңбек ету үшін "тұрақтылық пен табандылық"
қажет екендігін уағыздайды. Оған дәлел оның хрестоматиясындағы көптеген
еңбекке байланысты мақалдар мен мәтелдер. Мысалы, "Бейнетсіз рахат жоқ",
"Жалқау текке жатар, оның ырысы қашар", "Жігіттің ерінгені, көрінің
көрінгені", т.б. дәлел болады.
Хрестоматияның бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жұмысына тигізетін әсері
үлкен. Оны көптеген ғалымдарымыз Т.Тәжібаев, Б.Сүлейменов, А.Қасымжанов,
Е.Бекмаханов, Ә.Сыдықов, т.б. берген бағалары дәлелдейді. Т.Тәжібаев
"Ы.Алтынсаринның хрестоматиясының негізі және оның мазмұны бүкіл халықты
еңбек етуге және еңбекті сүюге шақырады" деп көрсетеді.
Еңбектің адам өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін және ол
өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің
балаларға арналған әңгімелері арқылы дөлелдейді. Енді солардың
кейбіреулерін мысалға келтірейік. "Бай баласы мен жарлы баласы" әңгімесінде
Алтынсарин бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік
тенденциясын айқын ашып береді. Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының
еңбек сүйгіштігін, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Асан
бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек еңбек
сүйгіштіктен басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан
бейнесін сомдай түседі.
"Қыпшақ Сейтқұл" әңгімесінде Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың
толысқан өкілін бейнелейді, оның жақсы істерін көрсетеді. Сөйтіп, жазушы
бұл әңгімелерінде қазақ шаруаларының екі ұрпағын суреттейді, сол арқылы
жалпы халықтың тіршілік ету, өмір тану, табиғатты меңгеру әрекеттерін
баяндады. "Бай мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейтқұл" әңгімелерінің бір-біріне
байланысты шығармалар ретінде қаралуы осы себепті. Мысалы, "Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш" деген әңгімесінде бұл үшеуі әрқайсысы өздеріне тамақ
іздеп, еңбек етеді, күн көру үшін күреседі. Бұл әңгімеде әкесі жас
баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін әкесі құс,
жәндіктердің еңбектену арқасында өздеріне қорек тауып жүргенін айтып, "Сен
де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытыңды босқа жіберме, еңбек етуге
әдеттен, еңбек етсең – емерсің" дейді.
Ұлы педагогтің бұл әңгімесі ой туғызады. Адамда рухани
және табиғи қажеттіліктің болатындығын, ал қажеттіліктің орындалуы тек
еңбек әрекеті арқылы ғана іске асатындығын өзінің әңгімесі арқылы дәлелдеп
берген.
Ы.Алтынсарин еңбекке тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен
тәржімаларды, халық аңыздарын көп пайдаланды. Солардың бірі -"Атымтай
жомарт" аңызы. "Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұтқа нан сатып
жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен табылған тамақтың
тәттілігі болады екен" деген жолдары "Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті
болады" деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. "Байлық неде?" деген
тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді. "Қанағат
ете білсең, еңбек қылсаң – байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат
ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай
адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық – қанағат пен адал еңбекте".
Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте мәнді нәрсе.
Ы.Алтынсаринның "Сәтемір хан" әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ
құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне
шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: "Өзі ақсақ құмырсқа
еңбектене отырып өзінің мақсатына жетеді, ал мен болсам түк бітірмей өмір
сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен" деп, ақырында өз
елінің ақылы толған патшасы болыпты".
Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп қуаныштар әкелетінін, ол
қуаныш қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді.
Ы.Алтынсаринның еңбек арқылы дүниетаным туралы көзқарасы қазіргі
кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт,
қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық
қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің
мәні және мағынасы еңбекте екендігін дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек
әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді.

2.3. Еңбектің маңызын және тәрбиелік бағасын айқын көрсететін әңгімелер

...Тәрбие адамның ақыл-ойын күшейтіп, оған белгілі дәрежеде мәлімет
беріп қана қоймай, сонымен қатар оны елеулі еңбекке құштар етуге тиіс,
мұнсыз оның өмірі лайықты да, бақытты да бола алмақ емес (К.Д.Ушинский.
Таңдамалы педагогикалық шығармалар, оқу педагогика баспасы, 1945 ж, 90,
91, 101-беттер).
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен
әңгімелерінде Алтынсарин еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті
қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Алтынсарин қазақ балаларын туғаннан дарынды, зерек деп сипаттайды.
Еңбекші отбасындағы қазақ балаларының сұрапыл өмірінің жағдайы балалардың
ақыл-ойына әсерін қалдырып, оларды тапқыр етеді, әр нәрсені білуге құмар
етеді. Егер әңгімелерде айтарлықтай қызықты оқиғалар болса, неғұрлым өткір
және әсерлі болса, күлкі, сықақ ширақтық, тағы басқа айқын қасиеттері
болса, қазақ балалары осындай әңгімелерді жақсы көреді. Мұндай
әңгімелердегі кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жайдарылық, айқындық, қуаныш
пен күйініш мақсатқа жету жолындағы зеректігімен, қажырлылығымен үйлесіп
жатады.
Оның әңгімелерінде бейнеленген еңбекшіден шыққан қазақ балалары ақыл-
ой өрісі, қабілеті, мінезі мен жүріс-тұрысындағы адамгершілігі жөнінен
әрқашан бай балаларынан басым келеді. Еңбекшілердің балаларындағы жақсы
жақтар өмірлік күрес пен еңбектің нәтижесінде пайда болады, ал жатып
ішерлердің балалары өз өмірінің жағдайы нәтижесінде адамның көптеген
қасиеттерінен айрылып, еңбекке икемсіз болады, өспейді, кездескен
қиыншылықтарды көтере алмайды.
Алтынсариннің Асан, Үсен туралы тамаша әңгімесі және барлық игіліктің
қайнар көзі—еңбек сүйгіштік туралы, еңбек туралы жазған басқа бірқатар
әңгімелерінің-идеялық мазмұны осындай.
Бұл әңгімелердің кейбіреулерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
18-19 ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Бірінші кітаршам үшін Паульсонның кітап құрастыру әдісін қырғыз балаларына бейімдей отырып қолданбақпын
Татар тілі
А. Байтұрсыновтың ғылыми-әдістемелік мұралары
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Мектеп оқушыларының ептілік және іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
Қазақ философиясында
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Пәндер