Әлем халықтарының этнологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Еуропа-жер шарының шағын бір бөлігі.Оның жалпы көлемі 10 миллион шаршы
шақырым.Табиғаттың географиялық жағдайының және кейінгі кездерде тарихи
кезеңдерінің қолайлы болуының нәтижесінде адамдардың тұрмысын,мәдениетін
жедел дамытуға қолайлы жағдай тигізді.Әсіресе,Батыцс Еуропа тұрғындарының
ілгерілеуі кейінгі 4-5 ғасыр ішінде алға күрт өрлеп кетті.
Шетелдік Еуропада үлкенді-кішілі 58 ұлт тұрады.
Еуропа-алғашқы адам тұқымының өрбіген жерлерінің бірі.Олардың
қалдықтары Оңтүстік және Орталық Еуропаның көптеген жерлерінен
табылды.Гейдельберг адамдарының қалдықтары Батыс
Германиядан,неандертальдардың қалдықтары Гибралтар бұғазынан
бастап,Чехославакияға дейінгі жерлерден табылған.Еуропа жерлерінде палеолит
дәуірінің басқы кезеңінде аңшылар тайпасы мекендеген.Мезолит пен неолит
кезеңдерінде жергілікті тұрғындар Еуропаның солтүстігіне қарай
жылжып,Скандинавия және Британия аралдарына барып қоныстанған.Бұл кездерде
еуропалықтардың негізгі кәсібі аңшылық,балықшылық және егіншілік болған.Сол
кездерден бастап Еуропаның түрлі аймақтарына лайықты шаруашылық түрлері
келіп шыққан.Оның оңтүстігінде егін еккен отырықшылар өмір
сүрсе,солтүстікте аңшылар,орманды жерлерде мал өсірушілер мекендеген.
Шетел еуропалықтарының этникалық шығу тегі әлі күнге дейін нақты
анықталған жоқ.Неолит кезеңінің біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы
жылдарда бұл құрлықта үндіеуропалық диалектіде сөйлейтін тайпалар пайда
болып,олардың алғашқы шоғырланған жері Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі
жерлерді мекендеді деген пікірді беделді оқымыстылар тобы айтса,екіншілері
үндіеуропалықтардың алғашқы қоныстары Дунай жағалауындағы далалықтан Қара
теңіздің солтүстік жағалауына дейінгі жерлерді мекендеген деп жазған.Жалпы
алғанда,біздің дәуірімізге дейінгі 2-1 мыңыншы жылдар үндіеуропалықтар
Еуропа жеріне түгелдей тараған.
Сол біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңыншы жылдарда Жерорта теңізінің
орта сағасында шығыс елдердің мәдениеті зор алғашқы халықтары
қалыптасқан.Олар алғашқы адамзат мәдениетінің эгейлік,яғни крит-микендік,3-
2 мж,онан кейінгі эллиндік яғни,гректік 1 мж,римдік-б.з.д. 3 ғасырда
негізін салған.Бұл мәдениетті жасаушылар Жерорта теңізінің жағасында пайда
болып,тарихта белгілі құлшылық мемлекеттер орнатқан,сәулетті қалалар
тұрғызып,жазу-сызуды,көркемөнерді,ғ ылыццмды жетілдірді.Ежелгі Рим
империясының мәдени жетістігі туралы Ерте дүние тарихында кең тоқталған.4-5
ғасырларда герман және славян тайпалары оңтүстікке қарай жылжи
түсті.Өйткені ол ьайпалардың арасында әлеуметтік біраз өзгерістер болған
еді.Соның нәтижесінде олардың арсында алғашқы рулық қоғам ыдырап,оның
орнына феодалдық қоғам пайда болды.Рим империясының ерте дүние уақыттарымен
салыстырғанда,бұлардың тұрмыстық және рухани мәдениеттерінің даму дәрежесі
анағұрлым төмен болған.Үш ғасыр бойғы арабтардың жойқын жорықтарының
нәтижесінде Солтүстік Африканың және Пиреней түбегінің тұрғындарының
этникалық құрамына әжептәуір өзгерістер енген.9-140 ғасырларда нормандар
келіп Еуропаның теңіз жағалауын,Францияның солтүстік-батысынан Жерорта
теңізінің аралдарына дейінгі жерлерді түгелімен өздеріне қаратқан.9 ғасырда
Оңтүстік Орал бойынан Дунайдың орта ағысына дейінгі жерлерді венгрлер
жайлап алып,Венгрия мемлекетінің негізін салған.
Шетелдік Еуропа халықтарын тілі және антропологиялық жағынан
төмендегіше жіктеуге болады-поляктар,чехтар,сербтар,болг арлар,македондар
немістер,австриялықтар,голландықтар ,фриздер,шведтер-49 миллион,каталон,
испан,португалдар,румындар болып төртке бөлінеді.Кельттер ирландықтар,
гелдер,уэльстер және бретондықтар болып бөлінеді.
Шетелдік Еуропа халықтарын антропологиялық жағынан еуропоидтық
нәсілге бірінші рет 1684 жылы Ф.Бренье жатқызған болатын.Бұл нәсілдің
негізгі белгілері солтүстіктегі нәсіл түрлері ақшыл,ал оңтүстікте қоңырлау
болып келеді.Еуропоидтық нәсіл әрбір аймақтың ерекшелігіне байланысты
Жерорта теңізі динарлық,балтықтық деп кіші бөліктерге бөлінеді.
Еуропа құрлығы табиғи-географиялық жағынан адамдардың мекендеуіне
қолайлы,ауа райы қоңыржай болып келеді.Сондықтан бұл құрлықтың ежелгі
тұрғындары неолит пен қола дәуірлерінле егіншілікпен айналысқан.Әр жердің
жағдай ерекшелігіне байланысты егіннің түрлері де әр түрлі болып
келген.Мысалы,солтүстікте арпа,қарабидай,картоп егілсе,Орталық Еуропада
бидай,қант қызылшасы,оңтүстікте жүгері,күріш және Еуропаның көп жерлерінде
бау-бақша,жүзім мол өсірілді.
Польшада Ұлы Отан соғысының соңына дейін,оның жалпы тұрғындарының 60
пайызы ауылдық жерлерде тұрып,диқаншылықпен айналысқан.Өндіріс орындары
баяу өскен.1944 жылдан бастап,Польша индустриясы өскен елге айналып
отыр.Онда бірнеше миллиондаған жұмысшы қызмет етеді.Егерде 1944 жылы ауыл
тұрғындарының жерсіз,жартылай жерсіздердің саны көп болып келсе,Польша
республикасы орнағаннан кейін помещиктердің жерлері диқандарға
берілді.Польшаның өндіріс орындары алға ілгерілеген сайын,ауыл
шаруашылығындағы ауыр жұмыстар механикаландырылып,көпшілік жұмыстар
машинамен атқарылады.Егілетін егістердің түрлері де,олардан алынатын өнім
де жылдан-жылға көбеюде.Ертеректе поляктар тары,бидай,арпа,бұршақ сияқты
дәнді дақылдарды өсірсе,кейін жүгері,кендір және тағы басқа мәдени
өсімдіктерді кең көлемде өсіруде.Польшадағы 30 жылдан астам уақыттың
ішіндегі болып отырған саяси,мәдени,экономикалық және әлеуметтік өзгерістер
Чехославакия,Болгария,Румыния,Венгр ия елдерінің бәріне ортақ өзгерістер.
Мал щаруашылығы да Еуропада ертеден дамыған.Аборигендер сауын және
еттік бағыттағы малдарды көбірек өсірген.Оңтүстікте күш көлік ретінде ірі
қара малдарды көбірек пайдаланса,солтүстік аудандарда жылқы малын
шаруашылықта кеңінен пайдаланды.Қой мен ешкіні жүні мен еті үшін
өсірді.Егістік дамыған жерлерде мал саны азырақ болса,керісінше
Альпі,Карпат,Балқан үстіртіндегі биік жерлерде мал шаруашылығы жақсы
дамыды.Балықшылық кәсібі Еуропаның теңіз жағалауында, Скандинавия, Англия
елдеріне ежелден тән.Бұл жерлердің тұрғындарының өмірі,тіршілігі теңізбен
тығыз байланысты.
Болгарияның мал шаруашылығына келетін болсақ,болгарлардың тұрмысында
мал өсіру ісі,әсіресе,түріктердің қол астында болған кезеңде
дамыған.Болгария патшалығының кезінде де мал шаруашылығы айтарлықтай қолға
алынбаған.Бұл шаруашылықтың интенсивтік жолмен өсуіне тек Болгария
Республикасы құрылғаннан бастап жағдай жасалды.Малдардың тұқымын
асылдандыруға,тұрақты жемшөппен қамтамасыз етуге және ауыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Алдыңғы Азия тарихы
Папуасия халықтары
Африка халқы
Африка континенті
«Этнология» пәнінен дәрістер
Ертеде осы жерлерде
Қазақстанның ұлтаралық келісімі мен достығын нығайту
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Дін этнологиясы
Пәндер