ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ РЕФОРМАЦИЯ
ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ РЕФОРМАЦИЯ.
XVI ғасырда Швейцария одағының территориясы тағы да үш кантонның —
Базель, Шаффгаузон (1501) және Аппенцелляның (1513), сондай-ақ Бернаның
Савонямен жүргізген күресінің барысында қосылған кейбір жеке жерлердің
(Ваадт және басқалары) есебінен ұлғайды. Одаққа енді он үш толық праволы
кантондар еніп, елдің халқы 1500 жылға қарай шамамен 850 мың адамға жетті.
Швейцария одағының саяси құрылысы бұрынғысынша — орталық өкіметтің тұрақты
органдарынсыз және біріккен қарулы күштерінсіз — конфедерация болып қала
берді. Жалпы мәселелерді одақтық сеймдерде — тагзатцунгтарда каптондардың
толық праволы уәкілдік депутаттары шешті. Кантондар сонымен бірге өздерінің
одақтық жерлерін билеп отырды. Ал жеке кантондардың немесе тұтас алғанда,
конфедерацияның жаулап алған фогтстволарын тиісінше конференцияның немесе
кантон өкіметтерінің тағайындап қойған фогттары басқарды. Бұл жерлердің
ешқандай саяси праволары болмады және олар кантондардың билеуші
олигархиясының жасайтын озбырлықтары мен қанауларының объектілері болып
табылды.
Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге
жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік-
экономикалық жағынан баяу даму, патриархтық дәстүрлерді бүркемеленген бір
топ дәулетті жер иелеріиің саяси үстемдігі, мазасыз элементті басқа
елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап
қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың
саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі
тартушылар: католиктік Франция корольдарына, австриялық және испандық
Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды. Тек билеуші топтардың өзара
күресі орманды кантондардың саяси өміріндегі керенаулыққа сәл де болса
серпін беріп отырды. Кантондардың қол астындағы фогтсволықтарда езілген
шаруалар оқтын-оқтын көтерілістер жасап тұрды, бірақ олар мейірімсіздікпен
жазаланып, тойтарыс тауып отырды. Орманды кантондар негізінен сол бұрынғы
күйінше Реформацияға және онымен қоса жүргізілген таптық шайқастарға
қатыспастан шеткері қала берді.
Қалалық, кантондар мен даму дәрежесі жағынан соларға жақын тұрған
одақтық жерлердегі жағдай басқаша болды. Мұнда капиталистік қатынас бой
көрсете бастады. Қалалардың билеуші цехтық және патрициандық
олигархияларына қарсы оппозицияда болған бюргерліктің алдыңғы қатарлы
топтары жұмысқа жарамды жұрттың бәрінің де әскерге жалдана беруіне тыйым
салуды барған сайын батылырақ талап етті. Әскерге жалданудың өзі жалдамалы
отрядтарда офицерлік қызмет атқарып жүрген және қалаларға дұшпан
дворяндардың топталушылығын күшейте түсті. Бұл мәселенің оңай болмағанын,
1519 жылдың қарсаңында Цюрих халқының 25 процент кеміп кеткендігінен де
айқын керуге болады.
Мүдделері жекелеген кантондардың тар шеңберлерінен асып кеткен
бюргерліктің прогресшіл топтарының арасында Швейцарияны орталық өкіметі бар
федерацияға айналдыру ниеттері пайда болды. Олардың ойынша басшылық, етуші
жетекші орынды қалалық кантондар өз қолдарына алуға, шіркеудің жерлерін
конфискелеп мемлекет қарауына беруге тиісті болды. Қалалық плебс билеуші
топтың озбырлығы мен шіркеудің ашқарақ тойымсыздығынан азап шекті де, аз
қалалық кантондар мен фогтстволықтарға тәуелді шаруалар феодалдық езгінің
бұрауын сыпырып тастаудың сылтауын ғана күтіп отырды.
Жұртқа қиянат етушілік пен жезөкшелік жасаудың және клириктердің топас
надандығының салдарынан католиктік дін иелерінің беделі түсіп кетті. Ал
шіркеудің идеология саласындағы монополиялық жағдайын дүнияуи білім беру
жүйесі мен гуманизмнің табыстары мейлінше әлсіретті. Бұлардың мықты тірегі
1460 жылы негізі қаланған Базель университеті болды. XVI ғасырдың алғашқы
отыз үш жылында көрнекті гуманистер Иоганн Рейхлиннің, Эразм
Роттердамскийдің, Себастьян Бранттың, Беатус Ренанустың және басқаларының
есімдері осы университетпен байланысты болды. Гуманистік үйірмеге қосылған
баспа иелері Фробэн және Амербах гуманистердің еңбектерін жарыққа шығарып
отырды. Гуманистердің бәрі дерлік католицизмге адал беріліп, Базельде
реформация жүргізілгеннен кейін оны тастап кетті. Олардың қызметі
католицизмнің догматтарын сынауға, поптар мен монахтардың надандықтарын
әшкерелеуге көмектесті.
Кантондарда түбінде таптық шайқастарға соқтыратын әлеуметтік-саяси
қайшылықтардың
өрістеуі жағдайында Улърих Цвинглидің (1481 —1531) Цюрихтогі реформациялық
және саяси қызметі кеңінен қанат жайды. Деревня старостасының баласы ол
Вена университетін бітіргеннен соң, Базелъде латын тілінеи сабақ берді және
гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атақ, алып,
Гларусте священник болып істеді. Ал 1515 жылы полктың священигі ретінде
Мариньян түбіндегі швейцарлар үшін қайғылы қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның
әскерге жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген
реформациялық қағидаларды өзіне қатты әсер еткен Лютер шыққанға дейін-ақ,
1516 жылдан бастап айтып жүрді. 1518 жылы Цюрихқа қайтып келгеннен кейін,
Цвингли католиктік шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның
догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді.
Цвинглидің діни догматикасының лютерандықпен ортақ ұқсастығы көп
болды. Лютер сияқты, Цвингли де өзінің ілімін, папаның кейінгі қаулылары
мен схоластикалық теологтардың еңбектеріне емес, қасиетті кітаптың,
таураттың қағидаларына сүйеніп негіздеді. Ол индульгенцияны, дін иелерінің
некесіздігін, әулиелерге табынып, бас июшілікті, шіркеу клирінің
иерархиясын, монахтықты, құдайға құлшылық етудің католиктік сән-салтанатын
теріске шыға-рып, Лютерге қарағанда, арзан қолды шіркеудің
идеясын анағұрлым дәйекті түрде жүргізді. Бірқатар жағдайларда
мистикалықтан қол үзе отырып, Цвингли догматтар мен қиялылықтарды тәптіштеп
талдап, түсіндіруге тырысты. Атап айтқанда, ол христиандық діннің ең басты
сиқырлы құпиялырынан, яғни причащениеден құдайдың рахымын емес, тек
құпия кеш туралы естелікті ғана көрді. Бұл кеште інжілдік аңызға сәйкес,
Христос адамзаттың кінәларын жуып-арылтуда өз басын қандай азапқа байлап
отырғаны жайында шәкірттеріне әңгімелеп, айтып беріпті-міс. Бірақ
лютерандыққа қарағанда, цвинглидің шіркеуді ұйымдастырудың негізіне
республикалық принцип алынды. Бұл принципті уағыздаушылар дүнияуи
адамдар болды. Қауымның басшыларын шіркеуге келуші діншілдердің өздері
сайлап қойды. Тұтас алғанда шіркеу сайланып қойылған өкіметтерге — Цюрих
қаласының магистратына барыпты. Осы және басқа да жағдайлар кейіннен
Цвинглидің бюргерлік-республикалық реформациясының князьдыққа айналған
Лютердің реформациясынан алшақтап кетуіне себепші болды.
Цвинглиандық, көзқарастардың экономикалық, әлеуметтік және саяси
жүйесі де лютерандықтан едәуір басқаша болды. Цвинглиандықта Цюрихтың
бюргерлік оппозициясының арман еткен мүдделерінің ішкі қайшылықтары
бейнелейді. Цвингли монастырьлардың жер иеленушілігін және шіркеудің
алымқорлығын, өсімқорлық процент пен крепостниктік тәртіптерді мойындамай
қатты сынады. Бірақ ұсақ меншікті қорғап, нағыз республикашыл болды. Ол
князьдар мен монахтарды тирандар деп санады. Ал әскерге жалдану мен бөтен
елдердің билеушілерінің беретін пенсияларын және басқа да қайыр-садақаларын
сатылғыштықтың, әр түрлі моральдық азғындаушылықтың қайнар көзі деп білді.
Цвингли мінез-құлық пен әдет-ғұрыптың тазалығына, бұрынғы замандағы
өміірдің қарапайымдылығына (бұл шақыру оның өмір сүрген кезіндегі
буржуазиялық ұқыптылықтың идеалымен үйлестірілді) және цюрихтық қауымның
өзімен-өзі болушылығына қайтып оралуға шақырды. Бірақ оның осы соңғы талабы
Цвинглидің нақ өзінің күшті швейцариялық федерацияны (Германияның
протестанттық князьдарымен одақтаса отырып) құруға бағытталған жоспарларына
мүлде қайшы келді.
Цвинглидің ілімі бюргерлік пен қалалық плебстің, сондай-ақ
шаруалардың, әсіресе фогтстволықтардағы шаруалар арасынан қызу қолдау
тапты. Осы қағиданы жақтаушылардың қысымымен 1522 жылы магистрат
оразаны, дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлық беріп, Цюрихты
епископ Констанцскийдің діни өкіметінен тәуелсіз деп жариялады. 1523 жылы
январьда Цвингли, Лютерге еліктой отырып, өзінің 67 тезисін жариялап,
оларда өз ілімінің негіздерін баяндады. Реформаның ісін магистраттың қолына
тапсыра отырып, Цвингли өзінің тезистерінде, шіркеудің дүнияуи өкіметті өзі
иемдену жөніндегі талаптарының қандайы болса да негізсіз деп мәлімдеді.
Қорытынды тезисінде, Цвингли алым-салықтар мен десятинаны, балаларды
шоқындыру мен причащениенің дәлелділігі жөнінде мәселе көтеруші адамдардың
қай-қайсымен болса да емін-еркін иікір алысуға дайынмын деп жариялады.
Мұның өзі оның шаруалардың феодалдық, міндеткерліктерді жою туралы қойған
талаптарына, сондай-ақ Цюрихте бой көрсете бастаған анабаптистердің аса
радикалды программасына көнуге даяр екендігін көрсетті.
Бірақ магистрат және онда мәжіліс құрушы адамдардың өздері де қаланың
кедейлері мен фогтстволардың шаруаларын қанаушылар еді. Сондықтан олар аса
сақтық, жасап, Цвинглидің ұсынған программасын ішінара және бірте-бірте
жүзеге асырып отырды. 1523 жылы бұл іс кантонға қарасты шіркеулер мен
монастырьлардың мүліктерін алып, монастырьларды қайта құрумен және оларды
бірте-бірте жабумен аяқталды. Бұрынғы монастырьлық шаруалардың ат-қарын
келген міндеткерліктері өзгерілмей қалпында қалды. Бірақ енді олар қаланың
қайырым жасауға арналған қажеттеріне жұмсалды. Ал мұның өзі шаруалар мен
қалалық плебстің арасына жік салуға әкеліп соқтырды.
1524 жылы дін туралы екі рет айтыс өткізілді. Онда Цвингли жеңіп
шықты. Сөйтіп, 1524—1525 жылдары Цюрихте жүргізілген реформация негізінен
аяқталды: католиктік ғибадаттар тоқтатылды, икондар мен католиктік
табынушылықтың басқа да бұйымдары шіркеуден аласталды, ал жай адамдар екі
бейненің алдында тұрып та діни жораларды жасайтын болды.
Сонымен қатар цвииглиандықтың кейбір әлеуметтік-саяси принциптері де
жүзеге асырылды: өсімқорлық пен басқа елдердің әскерлеріне жалдануға және
сол елдердің билеушілерінеи пенсия алуға тыйым салды. Патрициат пен
дворяндар түгел дерлік біршама демократияландырылған магистраттан
ығыстырылды. Цвинглиандық партияның ұйтқысы болған бюргерліктің прогресшіл
топтарының өкілдері мен цехтары, магистраттың негізгі көпшілігін құрады.
Цвинглиандық енді партияның барлық тұрғындары үшін міндетті болып
жарияланды. Ал реформациялық шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын
бақылау жұмысы жаңадан құрылған шіркеу ұйымы бағынатын магистратқа
жүктелді. Шіркеу және мемлекет-қала, соңғысының басшылығымен бір арнаға
тоғысып бас қосты.
Цюрихтегі цвинглиандықтың табыстары және оның басқа кантондар мен
одақтық жерлерде де кең таралуы конфедерацияның ішіндегі жағдайды
шиеленістірді. Католиктік державалармен байланысты болған ормандық
кантондар реформациялық қозғалыстың әрбір көрінісін өз ішінде аяусыз басып
тастап отырды және осылай істеуді қалалық кантондардан да талап етті.
Фогтстволықтардағы жағдай әсіресе қатты шиеленісті, олардың бір бөлігін
қалалық және ормандық кантондар бірлесіп немесе кезектесіп басқарып
отырғанды. Фогтстволықтар антифеодалдық және реформациялық қозғалыстың
орталықтарына айналды. Қалалық кантондар өздеріне қарсы ормандық
кантондардың жүргізген жазалауларына қарамастан, фогтстволарды қолдап
отырды. Бірақ, шаруалардың жасаған антифеодалдық қимылдары бұлардың
екеуінің де берекесін кетірді. Бұл 1523 жылдың өзінде-ақ айқын аңғарылды.
Сол кездо фогтстволықтардары бірқатар селолық қауымдар, Цюрихтегі,
Базелъдегі, Шаффгаузендегі, Золотурндегі кантондарда және одақтық жер Сен-
Галленде жұрт алым-салықтар мен шіркеулік десятинаны төлеуден бас тартты.
Оның үстіне бұларды анабаптистер және соларға жақындау тұрған радикалдық
сипаттағы цвинглиандық уағызшылар өршелендіріп араздастыра берді. 1524 жылы
жазда Тюргау фогтствосында кетеріліске шыққан шаруалар Иттинген монастырын
талқандап тастады.
Германиядағы Ұлы Шаруалар соғысы Швейцарияның шекаралық аудандарынан
да қызу қолдау тапты. 1525 жылдың көктемінде барлық фогтстволықтар мен
кантондардың көптегеи қауымдары — Цюрих, Базель, Шаффгаузен, Золотурн және
Сен-Галлендегі одақтық жерлердің қауымдары шаруалар қозғалысының алаңына
айналды. Ол Цюрих кантонында Грюнингенді, Гаузенді, Штейнді, Кибургті яғни
басқа жсрлерді түгел қамтыды. Кейбір отрядтарда бірнеше мың адам болды.
Шаруалар немістердің 12 статьясының мазмұнына жақындау,— крепостникті,
кіші десятинаны жою, алым-салықтарды азайту, сот ісін жүргізуді және
келтіру, шаруаларға аң және балық аулау правосын беру, деревня пасторын
сайлап қою сияқты баяу талаптар қойды. Талаптардың мұндай болу себебі
қозғалыстың басында ауқатты адамдар тұрғанды. 1525 жылғы май — июньде
қалалық өкіметтердің сұратуы бойынша осы талаптарды тапсырғаннан соң, Цюрих
кантонының шаруалары үйді-үйіне тарап, мәселенің шешілуін күтті.
Базель кантонының фогтстволықтарында да шаруалар қозғалысы кең
өрістеді. Шаруалар цюрихшілердің программасына тым жақын талаптар қойды.
Олар әскерге жалданушылыққа қарсы қатты наразылық білдірді. Бұл үшін
біреулер ақша алса, ал екінші біреулері тек семсердің соққыларына
ұшырайды,— деп мәлімдеді. Сен-Галлеіннің және Золотурн фогтстволарындағы
бірқатар қауымдардың шаруалары да қобалжып, қарулы отрядтарға қосылуға
жинала бастады. Шаффгаузен кантонындағы қозғалыстың орталығы — Галлау
округы болды. Мұндағы шаруалар анабаптистік уағызшылардың, ықпалында бола
тұрып, тек крепостниктікті ғана емес, сонымен қатар басқа да
міндеткерліктердің бәрін жоюды талап етті. Бұларға монастырлық жүзім
егістерін жарма-жарлық ареидаға алған қала маңындағы жүзімшілер цехы да
қосылды.
Барлық жерде де шаруалардың қимылдарын қалалық плебс қызу қолдап
отырды. Цюрихтегі плебейлік оппозицияны басқарған анабаптистер, мүліктерді
бөліске салып, алым-салықтарды жоюды және өкімет біткеннің бәрін де таратып
жіберуді талап етті. Мұнда дін ілімі мен әлеуметтік-саяси жағынан айқын
тұжырымдалган платформасы бар анабаптистік қауым құрылды. Ол жалпыевропалық
анабаптистік қозғалыстың тарихында елеулі роль атқарды. Қудалаушылық
анабаптистерді қаладан қашып кетуге мәжбүр етті; олардың бір бөлігі
шаруалар отрядтарына қосылды. Анабаптистердің көбі отрядтардың
жетекшілеріне айналды. Цехтың көмекші шеберлер мен қалалық плебстің
арасында өріс алған күшті наразылық, 1525 жылғы көктемде, олардың жасырын
жиналатын жері Базельде байқалды. Сол жиналыстардың бірінде қимылдардың
мынадай программасы: фогтстволықтардың көтеріліске шыққан шаруаларымен
байланыс жасау, монастырьлар мен клириктердің үйлерін талқандауды
ұйымдастыру, қаланың магистратын күшпен құлату шаралары белгіленді. Алайда
заговор ашылып қалып, оған қатысушылар мен өзге бүлікшілер жазаға
тартылды. Тек шеберлердің корпорациясы болған цехтарга ғана кейбір
кеңшіліктер жасалды. Базель кантонының қала адамдары мен шаруаларының
көпшілігі Эльзас пен Оңтүстік Шварцвальде князъдарға қарсы соғысып жатқан
неміс шаруаларына қосылып кетті.
ПІвөйцария өкіметтері қозғалыстың кең өріс алуынан мазасыздана
бастады. Ормандық кантондар неміс және швейцар шаруаларының бірігуіне
кедергі жасау үшін асулар мен таулардағы жол өткелдерін қоршап алды. Ал
олардың көтеріліс жасаған неміс шаруалары мен князьдардың арасында
жүргізген екіжүзділік жарастырушылық әрекетінің мақсаты князьдардың уақыт
ұтып, шаруалар отрядтарын талқандауға қажет күш жинап алуына мүмкіндік беру
еді.
Қаланың Реформацияланған кантондары неғұрлым күрделі тактиканы
қолдануға мәжбүр болды. Бір жағынан, олар католиктік кантондар мен
фогтстволарда реформацияның тарауына көмек көрсетті, дворяндар мен
монастырьлардың позицияларын әлсіретуге тырысты және оларға тәуелді
шаруаларды біршама еркіне жіберуге тырысты. Екінші жағынан, тұтас алғанда
коллективті сеньорлар ретіндегі қалалардың өздері де және олардың жер
иелері болып табылатын, билеуші тобы да фогтстволықтар мен муниципалдық
жерлердің, сондай - ақ кантондар мен фогтстволықтардың барлық шаруаларын
қалалық баждар және өздерінің артықша жағдайда болулары және тағы басқалары
арқылы қанап отырды. Сондықтан, селолық басқару тағы топқа арқа сүйей
отырып, реформаланған қалалық кантондар шаруаларға ұсақ кеңшіліктер жасаған
болып уақытты соза берді, қозғалысқа іріткі салды, ақыры жағдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz