Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары


Мазмұны.
Кіріспе.
І-бөлім. Ұлтқа ұйтқы ұлы тұлға Шақшақ Жәнібек Тархан . . .
1. 1. Шақшақ Жәнібек батырдың өмір жолы мен ұрпақтары . . .
1. 2. Қазақтың қамал қорғаны Шақшақ Жәнібек . . .
1. 3. Шақшақ Жәнібек батырдың мәмілегерлік, шешендік рөлі . . .
ІІ-бөлім. Шақшақ Жәнібек жайында жазылған жыр шежірелер мен аңыз әңгімелердің тарихи деректік маңызы . . .
2. 1. Қазақ-Жоңғар шапқыншылығындағы Шақшақ Жәнібек батырдың алатын орны . . .
2. 2. XVIII ғасырдың басындағы Торғай өлкесінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Халқымыздың алдағы тарихына көз жіберсек ХVІІІ ғасыр тарихы Қазақ тарихында көптеген ірі-ірі оқиғаларды туындатқан. Дара тұлғалы данышпандарды Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ, Жәнібек сынды батырларды дүниеге келтірген күрделі де көп мазмұнды бір дәуір екендігі даусыз. ХVІІІ ғасыр тарихын қазақ мемлекетінің саяси хал ахуалын зерттеген ғалымдарда екі жақты пікір қалыптасқан.
Азиядағы түркі елдерінің тарихы мен мәдениетінің даму жөнінде көп еңбек жазған шығыстанушы ғалым академик В. В. Бартольд ХVІІ - ғасыр қазақ ордасы кезеңдерінің ішінде ауыр кезең құлдырауы деп баға берді. Не себеп?
Әз Тәуке хан (1680-1718) дүние салғаннан кейін елде хандардың арасында таққа таласу этикалық құрылым, яғни үш жүз өз алдарына бөлініп ыдырай бастады.
Оның ең бастысы бірліктің экономикалық негізінің әлсіреуіне байланысты еді. Ертеден қазақ қоғамының бір тұтастығы оның шаруашылығының сиректігіне байланысты болған. Яғни шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігін жалғастырып жатқан ата кәсібі мал шаруашылығы болса керек. ХVІІІ - ғасырдағы жоңғар мемлекетінің үзілмеген шапқыншылығы салдарынан көптеген қала қирап сауда-саттық тоқтаған.
Саяси және әлеуметтік экономикалық бет бейнесіне әсер еткен Ресей империясымен жақындасуы еді. Ұзын ырғасында ХVІІІ - ғасырдың бірінші ширегінде қазақ хандығы зор саяси және әлеуметтік экономикалық дағдарысқа ұшырады.
Ал екінші пікірді өзінің ат жалындай қысқа өмірінде, қазақтың шоқ жұлдызды атанған, артынан көп еңбек қалдырған әйгілі ғалым этнограф Шоқан Уәлиханов болды. Ол өзінің «Абылай» атты еңбегінде «в пердании Киргизов Абылай носит какой-то поэтический орел, век - Абылая у них является векам Киргизского рацарства» деп жазған.
Қазақ халқы осы бір жаугершілік заманда ұлы батырларды дүниеге әкеліп, ұлан-байтақ жерді жан-жақтан анталаған жаудан қорғады. «Ақтабан шұбырынды» заманында қайғы мен қасірет жайлады, халық көңілін мұң басты. Сол бір қысылтаяң уақытта қазақ халқы есін жиып бір жеңнен бас шығарып азаттық күреске шықты.
Шоқан Уәлиханов «Рыцарство» деген ұғымды ерлік, батырлық, азаматтық, ұлттық сана оянған дәуірге бағалаған еді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі халқымыз тәуелсіздікке қолы жетіп, өз тарихына өзі үңіле бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Дегенмен де осы бір сәтте Жоңғар шапқыншылығына қарсы, одан қалды Ресей, Цин империясына қарсы азаттық күрес тарихына ден қойып ғасырлар бойы ескерусіз қалған «Асқар тау» «Биік тұлға» болып көрінетін «Асыл арыстарға» жол ашып атын жаңғырту.
Оны болашаққа қалдыру, қазіргі көзқарас тұлғасынан алғанда бұл тақырыпта ана тілін де жазылған тарихи шығармалар өте сирек.
Тарих неден тұрады? Тарих. Тарих адамдар мен солар араласқан тарихи оқиғалардан, ұлт басынан өткен кезеңдерден тұрады.
Мақсаты мен міндеті. Шақшақ Жәнібек сол тарихты жасағандардың бірі, ол тарихтың кейіпкері, ол өз уақытының қозғаушы күші, қайсар қайраткері болған адам. Тұлғаның сан қырлы қабілет сырларын ашып, сөйлету. Сонымен қатар ХVІІІ - ғасырдағы қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымын, ішкі және сыртқы саясатын, көршілес елдермен қарым-қатынасын дипломдық жұмыс арқылы көрсету.
Ғылыми жаңалығы. Кешегі кеңес дәуірінде таптық тұрғыдан қарап батырларға, билерге әділетсіз баға беріп «Вся жизнь казахов проходила во взаймных грабежах в грубых насильях при почти полном господстве батыров» - деп шынжыр балық жалаң төс үстем тап өкілдерінің қолыңдағы қол шоқпары саналды. Міне ел қорғаған әділ баға беріп Шақшақ Жәнібек сынды батырлар бейнесін қайта жаңғырту. Немістің ұлы философы Гегельдің айтқанын еске аламыз. «Тарихи тұлғалардың ұлылығы оларды жалған емес, аса қажетті, әділ ұлы дүниені жүзге асыра білуінде».
Осындай тарихи тұлғалардың қатарына Шақшақ Жәнібек те жатады. Оның дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендегі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына Ресей империясымен, Қоқан хандықтарының алартуына қарсы күреске байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезінде көзге түсті.
Зерттелу деңгейі. Шақшақ Жәнібек сол қазақ халқының тағдыры талай кыл үстінде, қылыш-жүзінде тұрғанда билігін ұйымдастырып үш жүздің басын қосып анталаған жауға тойтарыс берген тарихи тұлғалардың ХVІІІ ғасырда Тархан Жәнібектің орнын зерттеу үшін басты деректер болып, саналатын құжаттар Ресей архивтерінде. Олар Ресей патшаларының грамоталары мен указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегия документтері, аталмыш органдардың хандарымен, сұлтандарымен жазысқан хаттары. Қазақ хандығында болып қайтқан Орыс елшілерінің жазбалары міне, осындай документтерден тұратын, Қазақ-Орыс қарым-қатынас деген жинақта жүзден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Жәнібек туралы, оны ішкі және сыртқы саясатынан көптеген мағұлматтар береді. Осы тақырыпта Цин империясының Орта Азиядағы саясатын мейлінше кеңірек зерттеген тарихшы Б. П. Гурявичтың еңбегінен көп мәліметтер аламыз. /1/ Р. Сүлейменовтың айтуынша Гуревич Орталық азияның екі ғасырлық бай тарихынан Қытай, Ресей архивтерінен пайдалана отырып өте құнды, кұжаттары жинақталған, ол қазақ жастарының Ойрат әскерінен жеңілу себептерін дұрыс зерттеген, яғни қазақ басшыларының алауыздығын, олардың Жоңғарға бар күшті соғыстың алғашқы кезеңінде дұрыс шоғырландыра алмағанын жақсы сипаттаған тұлғаны тануда ғылыми және әдеби еңбектер аз еместігіне тәубә.
Петербург және Орынбор мұрағаттарын былай қойғанда, әрі-берідегі тарихшылардың көпшілігі Жоңғар шапқыншылығы жайлы қалам тартқанда, Жәнібек батырдың істерін қалтарыс қалдырған жоқ.
Өткен ғасырда-ақ Шоқан Уәлиханов, В. Левшин, И. Крафт, В. Бартольд секілді жалпыға мәлім оқымыстылар Жәнібек танудың негізін қалап берді.
Қазақ тарихының ХVІІІ ғасыр кезеңіне байланысты негізгі түпнұсқа деректеріне Орта Азия және онымен көршілес елдер Парсы, Тәжік және Түрік тілдерінде жазылған үкіметі уақытында басылып шыққан «Қазақ хандықтарының ХV-ХVІІІ ғасырдағы тарихы жөніндегі мәліметтер атты еңбек. /2/.
Шақшақ Жәнібек және оның дәуірі жайлы мағұлмат беретін әдебиеттер баршылық. Олар қазақстанның тарихына арналған революциядан бұрын шыққан басылымдар. Оған ең алдымен В. В. Аристовтың, Ш. Уәлихановтың еңбек жазбалары жатады. П. И. Рычковтың жазған 11 кітабының ешбірінің әлі күнге қазақ тілінде жарық көрмеуі қынжылтады.
Мұрағаттарды былай қойғанда, Орынбор облыстық тарихы өлкетану мұражайында және орталық ғылыми көпшілік кітапханасына ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысын, Қазақстан Ресейге қосылуын бейнелейтін бірақтар кітаптар жақсы сақталыпты. Соның ішінде А. Левшиннің 1832 жылы Санкт-Петербургтен шыққан «Описание киргиз-казах или киргиз-кайсацк орд и степей», П. И. Рычковтың «История Оребуржья», Орынбор 1896 жыл, И. Крафтың «Сборник у законении киргизских степных областей Орынбор 1898 жыл атты кітаптарындағы Жәнібек тарханға байланысты деректер арнап талдауды талап етеді.
Сондай-ақ 1900 жылы Орынбордан шыққан «Тургайская область» атты тарихи очеркте ХVІІІ ғасырдағы қазақ өмірі жайлы тың деректер, біз тосын жайлар молынан баяндалады.
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстанның тарихынан зерттеген кеңес тарихшыларында Шақшақ Жәнібектің атын аттап өте алмады. Жәнібек батыр туралы біршама объективті мәліметтер 1935 жылы С. Д. Асфендияров жазды, «Қазақстан тарихы» атты еңбегінде» /3/, 1941 жыл М. П. Вяткин шығарған «Қазақ ССР тарихы очерктерінде бар» /4/. Бұл кітаптарда Шақшақ Жәнібектің өз халқының тағдырындағы орай қазақстан тарихындағы қиын-қыстау процесстермен ұштастырыла көрсетілген. Қалайда бұл авторларды тарихты бұрмалады деуге еш негіз жоқ.
ХVІІІ ғасыр тарихына байланысты академик Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Мойесевтің бірігіп жазған кітабының орны өте жоғары. Себебі оның маңызы орыс архивтеріндегі құжаттарды, Қытай авторларының еңбектерін кеңінен пайдалануында ғана емес, ең бастысы кітапта Қазақстанның тарихи даму процестерін айқын көрсете білген. Ірі тұлғаларды көрсете білген. Оларға мемлекет қайраткері деген баға беріп, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарын зерттеп суреттейді.
Қазақ халқының ұлы перзентінің бейнесін жасауға көптеген жазушы ақындар, халқымыздың асыл перзенттері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Көкбай ақынды қалам сілтеді. А. Байтұрсынов өзінің «әдебиет танытқыш» атты еңбектің Жәнібек батыр деген тарауында Жәнібектің шешендікке жас кезінен үйреніп, ел ағасы болып қалыптасқанын көрсеткен. Көкбай ақын «Абылай хан» дастаны деген ұзақ жырында хан көтерілген Абылайға Шақшақ Жәнібектің абыз санатында бата бергенін айтады. Аса көрнекті қаламгер, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев Жәнібек батыр бейнесін көркем әдебиетте сомдай алды /5/.
Дипломдық жұмыстың негізі тарих бетінен осы уақытқа дейін алынып, айтылмай келген ұлы тұлғаны көрсете білу.
І-бөлім. Ұлтқа ұйтқы ұлы тұлға. Шақшақ Жәнібек Тархан.
1. 1 Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары.
Қатпар-қатпар тағдыр кешкен халқымыздың жазба тарихы жұтаң десек те, ғасырлар қойнауынан жеткен аңыз-әңгімелер, жұрт аузында жатталып ұрпақтан ұрпаққа өткен жырлар-толғаулар қазақ елінің ел қорғаны асыл ерлерден ешқашан кенде болмағанын танытады. Тәуелсіз ел болып, оңымыз бен солымызды барынша байыппен үңіле бастаған соңғы жылдардың ішінде бұрын үстірт қана қарап келген хаттаулы деректермен құжаттардың өзі көп нәрсені аңғартады және жаңаша пайымдауға мүмкіндік беретіні байқалуда.
Жалпы біз баяндағалы отырған XVIII ғасырдың алғашқы жартысы. Бұл халқымыздың өміріндегі ең күрделі кезеңдерінің бірі, қазақ халқының тағдыры аса қиын тұсқа тірелген кезі. Елдің ертеңі не болары кәдікке айналып, ерлерінің толарсақтан қан кешкен тұсы. Сол тұста екі бүйірден Жоңғар және Еділ қалмақтары қысқанда, түстіктен Қоқан мен Хиуа хандықтары тынымсыз мазалағанда, қазақ жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, жасанған туы жығылмай өткен батыр бабаларымыздың үлкен легі көз алдымыздан өтеді. Сол ұлы керуеннің алғы шебінде Шақшақ Қошқар ұлы Жәнібек тарханның болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Батыр бабамыздың есімі мінекей үш ғасыр бойы халқымыздың есінен шықпай айтылып келген. Оның себептері де бар, біріншіден, батыр бабаға қатысты мекен атауларымен оқиға іздері, қазақ даласының қай түпкірінде де кездеседі. Жәнібек тарханның тұлпарының тұяғы қара Ертістің жағасынан, Еділ сыртынан, Орал тауының етегінен Қырғыз Алатауына дейін түгел жеткені анық. Екіншіден батыр бабаның кіндігінен тараған ұрпақтарының өзі бүгінде бір тайпалы ел болып отыр. Ал, батырдың шарапаты мен ықыласы тиген, қасиетті тұлға абыздың батасын алған тұстастарының ұрпақтарының өзі несан. Үшіншіден, ол кісіге арғы-бергі тарихшылармен жырауларды былай қойғанда, өз замандастарының арасында арнау қалдырмағандары сирек. Сол дәуірдің куәгері, дуалы ауыз Бұқар жыраудың бір сөзі былай делінеді:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаздауысты Қазыбек,
Шақшақ ұлы Жәнібек.
Ормандай көп орта жүз,
Содан шыққан төрт тірек.
Сол тұстағы ақындар мен жыраулардың, батырлар мен билердің, хандар мен сұлтандардың осындай арнау сөздерін хаттай беретін болсақ, өте көп біз содан қысқа ғана үзінді келтіріп отырмыз. Қай тұсқа көз жүгіртсек те, ұлы Жәнібектің (оны Ер Жәнібек, Шақшақ Жәнібек, Абыз Жәнібек, Тархан Жәнібек, Жәнібек би, Жәнібек батыр деп те атайды) сегіз қырлы, бір сырлы адам болғанын аңғаруға болады. Өткен дәуірдегі жат жерлік тарихшылар мен зерттеушілердің, атап айтқанда А. И. Левшин мен В. Бартольдтің, И. Крафт пен И. П. Рычковтың жазбаларында Жәнібектің өр тұлғасы жайлы мұрағаттар көп кездеседі.
XVIII ғасырда өмір сүрген тұлғалар арасында жазба дерек ең мол қалған кісі - Шақшақ Жәнібек тархан екен. Бұған дәлел Петербург, мен Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатындағы қолжазбалар мен архивтік құжаттар. /6/.
Жәнібек Қошқар ұлы Торғай жеріндегі Тосын құмы атырабында, қазіргі Шақшақ Жәнібек атындағы ауылда XVII ғасырдың аяғында дүниеге келген. Жәнібектің ұлы аталары бабасы Шақшақ Орта жүздің тоқал арғынынан (кейбір деректерде кіші арғын деп те атайды) тарайды. Шақшақтан; Көшей, Дүзей, Бақай, Томай, Есназар, Ақназар өз атасы Көшейден тарайтын ұрпақтар -Қарабас, Қошқар, Аю, Тінет, Еламан және Қалқаманның ата қоныстары осы Тосында. Жәнібек Қошқардың Тінібек пен Тұрлығұлдан кейінгі үшінші, яғни кенже баласы болған. Тарихи деректерде және ауыз екі әңгімелерде Қошқар ұлы Жәнібек деген тіркес сирек айтылады. Ол көпшілікке Шақшақ Жәнібек деген атпен мәлім. Жәнібек жеті атасынан батыр болған адам, түпкі аталары Бөлтірік пен Шағыр ерлікте жұбын жазбай өткен ерен тұлғалар болған Шағырдан туатын Аманжол, Сомжүрек те соңғы демдеріне дейін ел намысын бәрінен биік ұстап өткен жандар. Аманжолдың ортаншы ұлы Шақшақ әйгілі Есім ханның тұсындағы қазақтың бетекке ұстар батыры болған. Сондықтан Жәнібектің Шақшақ Жәнібек атануы да осыдан болса керек.
Иә Шақшақ Жәнібектің өмір баянына келсек, ол кісі дүниеге келген ХҮІІ ғасырдың соңы XVIII ғасырдың орта шені аралықта. Қазақ халқы жоғарыда айтылған өте күрделі кезеңдерді басынан өткерді. Әз-Тәукенің кезінде түзелген Бұқар жырау мен Төле биден бата алған, Әбілмәмбет пен Абылайды хан тағына өзі отырғызған, Әбілхайыр мен Сәмекеге, Қаздауысты Қазыбек пен Әйтеке билерге тұстас болған. Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет пен Бәсектин Малайсары мен жұбын жазбай өткен, Керей Жәнібекке, Уақ Бармақ пен Баянға Шапырашты Наурызбай мен Тарақты батырларға ақ батасын беріп, жауынгерлік томағаларын сыпырған Шақшақ Жәнібек Тарханның өмірінің өлшеусіз кезеңі елі мен жерін қорғай, халқының жағдайы мен болашақ ұрпақтың қамы үшін күресумен өткен тарихи тұлға.
Сөзіміз дәйекті болу үшін айтар болсақ, ол кісі қазақ жоңғар шапқыншылығына он алты, он жеті жасынан бастап қатыса бастаған және сол кездің өзінен бастап алғадайлыққа шығып өзінің жау жүрек ерлігімен көзге түсіп, қазақ батырларының алғы шебінен көріне білген. Мысалға, В. А. Майсеев « Джунгарское ханство и казахи ХҮІІ-ХҮШ в. в. » Алматы " Ғылым " баспасы, 1991 жылы шыққан кітабында 1710 жылы Қазақ жоңғарлар арасында ұрыс болғаны жазылады /7/. Қазақтар жағынан Бөгенбай батырдың бастағаны және сол жақтағы үлкен бір қолды Қабанбай батыр басқарып, осы қолда он жеті жасар Жәнібектің болғаны да айтылады. Осы жерде бір айта кететін жәйт, бұрын-соңы жаряланған еңбектерде, тіпті Қазақ Энциклопедиясының әуелгі және соңғы басылымдарында да Жәнібек батыр жайлы деректер болғанымен, оның туған жылы көрсетілмеген. Ал жаңағы ұрыс өткен жылды және батырдың он жеті жасында жорыққа қосылғаны жайлы ел - аузында айтылатын аңыз - әңгімелер мен тағы жаңа құжаттарды пайдаланып, ол кісі туралы жазушылар батырды 1693 жылы туылған деп пайымдайды. Қашаннан айтылып жүргендей, қазақ тарихында Жәнібек есімді кісілер бірнешеу. Біздіңше, оның алғашқысы тұңғыш қазақ хандығының басында болған Әз-Жәнібек. Ол ХV ғасырда өмір сүрген, шамамен хан тағына 1456 жылы отырған қазақ халқының ірге тасын қалауға көп еңбек еткен.
Әз-Жәнібектен кейінгі елеулісі біз әңгімелеп отырған Шақшақ Жәнібек. Бұдан басқа сұлтан Жәнібек, божбан Жәнібек, Керей Жәнібектер болған. Әз-Жәнібектен басқа аталған кісілердің бәрі бір заманда - XVIII ғасырдың бірінші және екінші жартысында өмір сүрген. Сұлтан Жәнібек кіші жүз ханы, Өске әулетінің ұрпағы -Әбілхайырдың туған күйеу баласы болған. Сұлтан Жәнібек қайын атасының тапсырмасы мен Петербургке бірнеше рет елшілікке барған адам. Сонымен қатар, Жоңғар әкімдерімен де хан атынан келіс-сөз жүргізген.
Ал божбан Жәнібек болса, Орта жүздің божбан руынан шыққан. Ол да өз дәуіріндегі мықты батырлардың біреуі. Бірақ кейін сөзге еріп, қазақ бірлігін бұзардай әрекеті үшін Абылай хан жазалап, оны ат құйрығына байлатып өлтірткен деген аңыз бар.
Жәнібек атаулыдағы енді бір кесен тұлға Керей Жәнібек болған. Ол биеди Жәнібектер мен замандас болғанымен бәрінен де кіші. Бұл кісі-Ертіс бойындағы Абақ керей Беру әулеттің баласы, айтулы батыр, абзал азамат, ел тұлғасы болған. /8/.
Жоғарыда Жақшақ Жәнібектің өмірінің өлемеусіз кезеңі елін қорғау үшін ат үстінде өтті деген болатынбыз. XVIII ғасырдың басында Жоңғар және Қалмақ билеушілерінің қазақ арасындағы алауыздықты кикілжіңді пайдаланып қазақ даласына сан рет басып кіргенін байқауға болады. Дегенмен тарихшыларымыз 1710 жылғы шабуылмен 1723 жылғы "Ақтабан шұбырынды" оқиғалары аралыққа онша мән бермей келді. Шындығына келсек, бұл кезең мүлде тынышсыз өткен еді. Оны тек И. Я. Златкиннің Мәскеудегі 1983 жылы шыққан "Жоңғар мемлекетінің тарихы" деген кітабынан ғана көруге болады. Сол кітаптағы деректерге қарағанда, Жоңғарлар қазақ жеріне 1711-1712, 1714 және 1717 жылдары тұтқиылдан басып кіріп, талай ойран салған. Әйтеуір, қазақ батырларының жанқиарлығының арқасында басқыншылардың қолы болмай келген. Жәнібек батырдың жауынгерлік және қолбасшылық қабілетінің де тұсы осы кез. Мысалы, ол 1717 жылы Аягөз маңындағы үлкен шайқаста қазақ қолының үлкен бір қолын басқарады. Осы ұрыста қазақтар қарсыластарға ойсырата соққы береді.
1717 жылғы Аягөз түбіндегі жеңістен кейін де қазақтар жағы қуана алған жоқ. 1723 жылы қапылыста шабуыл жасаған Жоңғар әскерлері Ұлы жүз жасақтарын бір тудың астына жиналып үлгіртпей-ақ шетінен түре тиіп ештеңеге үліртпей, ес жиғызбай тастады. Мұсылман атаулының қасиетті мекені Түркістанмен оның маңындағы Сайрам қалалары жау қолына көшті. Халық теріскейге Арқаға қарай басады. Мұндай көріністі қазақ жері бұрын-соңды көрмегендей еді. Атамекеннен ауған жұрт көкейіндегі шер "Елімайдай" зарға айналды.
Ата мекеннен, ең бастысы жауынгерлік рухынан айрылған халықтың ендігі қүрып кетпесіне кім кепіл ?. тіпті елдің бетке ұстар ерлерінің де енді еңсе көтере алмауы мүмкін еді. Жоқ, халық намысынан айрылмапты. Тізе бүгілген ерлер арасынан бірінші болып бойын түзеп алған Жәнібек екенін тарихи жазбалардың өзі ашып көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz