Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. “Ғылыми -зерттеу әдісі “ ұғымы.
  2. Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері
  3. Зерттеудің эксперименталды -эмпирикалық әдістері.
  4. Теориялық деңгей әдістері

ІІІ Қортынды

І Кіріспе

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты - ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдісмананың философиялық және нақты - ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материлистік диалектика ғана анықтай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми - зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивтік мақсатын сынға алады.

Қазіргі ғылыми - педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылымы білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зертттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады.

1 Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы.

Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік - техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени - ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс - еңбек педагогикасы т. б. пайда болды.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені, адамды жан - жанты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология, жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т. б.

Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.

Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.

Педагогика ол организмнің материалды - энергиялық түрлілігіш ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И. П. Павлов, П. К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтану процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблеммаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т. б. таралады.

2 Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістері.

Ғылыми-зертеу әдісі ұғымы.

“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары, педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді.

  • тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
  • ғылымдағы тақырырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі) ;
  • зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестіре біледі.
  • Мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ) нысана зерттеу пәнін анықтай алады.
  1. Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты - ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдісмананың философиялық және нақты - ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материлистік диалектика ғана анықтай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми - зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивтік мақсатын сынға алады.

Қазіргі ғылыми - педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылымы білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зертттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады.

Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез - келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.

Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше коипоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғаашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдрі бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.

  1. Зерттеудің эксперименталды -эмпирикалық әдістері.

Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды -эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empieria - тәжірибе) .

1. Бақылап - зерттеу - заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап - зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап - зерттеу шарттары, сондай- ақ бақылап - зертттеу құралдары - видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал - саймандары.

Зерттеу барысында бақылап - зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:

- тікелей бақылап - зерттеу, мұғалім зерттеуші оқу - тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелейкуәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілерретінде кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирекалық фактілерді жинақтудың техникасы мен әдісі таңдалоып алынады;

- жанама бақылап - зерттеу, ол тікелеу бақылап - зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

- жасырын немесе елеусіз бақылап зерттеу тұйық теледидар және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.

Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кездегі мінез - құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған мінез - құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;

- үздіксіз бақылап - зерттеу оқыту процесін, екі - үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс - оқу - тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез - құлқын зерттеу үшін қолданылады;

- дискретті бақылап - зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап - зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін - жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап - зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

- монографиялық бақылап - зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;

- бір затты бақылап - зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап - зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде, қолданылады;

- бақылап - зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.

2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделіәкті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.

Педагогиканы зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

3. Сұрақ - жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект - субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.

Сұрақ - жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а) әңгіме сұхбат

ә) сұхбат - әңгіме

б) анкета

4. Мұғалімдердің, жаңашыл - педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз - педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық - педагогикалық іс - әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик - мұғалімнің тәжірибелілігі.

5. Эмпирикалық әдіс әдіс ретіндегі дәрігерлік - педагогикалық тексеру медикалық - педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқуышылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.

6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды - даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.

7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағытарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

5 Теориялық деңгей әдістері

Ғылыми танымның екінші деңгейі - теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер ароасындағы себеп - салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық зхаңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Педагогика ѓылымының дамуы мен міндеттері.

ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогикалыќ ѓылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдіснамасы және т. б. жатады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.

Кәсіби -техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы -пәндері (дисциплины) , олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б. т

Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра, дамуын зерттейді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы - бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

6 Педагогикалық процестің кезеңдері, қозғаушы күштері

Педагогтың мектепте мамандық дәрежесін көрсететін бір көрсеткіш алынатын өлшем (оның өзі басқарып сабақ беретін) , ұжымды басқаруда дұрыс әдіс-тәсіл қолдана білу. Ұжымның тұрақты, қалыпты өміршеңдігін көрсету-сол әдіс -тәсілге де байсанысты. Дұрыс ұйымдастырылған балалар ұжымы олардың әржақты, толық қанды әрекетіне жол ашып, оқушылардың ынтымақтасуына мүмкіншілік туғыза отырып, оларға қанағаттанғандықтан сезім, қуаныш әкеледі. Мүндай ұжымда педагог пен тәрбиеленушілердің арасында түсіністік орнайды. Көрнекті педагог А. С. Макаренко былай деп жазған болатын: “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек”.

Біртұтас тәрбие процесін адамдар арасындағы қайырымдылық, өзара түсіністіктен бөле қарауға да болмайды. Сондықтан бүгінгі тәрбиенің де алдындағы мақсаты балаға білім бере отырып, сол білімді өзінің мақсатына сай пайдалана білу, басқалардан рақым күтіп отыру емес, өз басын әр түрлі жағдайлардан жол тауып шыға білетін, өзінің де өзгені де бақытты болу үшін күрсе білетін адамдарды тәрбилеп шығару- бүгінгі біртұтас педагогикалық процестің алдына қойған негізгі принцпі болуға тиіс. Бүгінде егеменді елге, өз алдына мемлекетке айналып отырған Қазақстанның болашаққа қызмет ететін өркендерін жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеу барысында әрекет ететін біртұтас педагогикалық процесс өзінің басқару іс-әрекетінде жаға қабылданған Конституцияның 1-ші бабының 2-ші тармағына сүйенеді:”Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірін маңызды мәселерінің демократия әдістермен, оның ішінде республикалық реферумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу”-деп көрсеткен. Бүгінгі демократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған талаптар қойу арқылы өзінің де, өзгенің де бақыты үшін күресе алатын адамды тәрбиелеу біртұтас педогогикалық процесстің алдындағы аса абыройлы міндет болып саналса керек. Бұл жерде педогогтің жеке басы мен балалар ұжымына ара қатынасы, жеке оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынас, мұғалім шеберлігі, оқушылардың басқарудағы өзіндік ерекшеліктірі ескеруі тиіс.

Тәрбие өте күрделі процесс сондықтан педагог өте іскерлікпен алдын -ала ойласырған күрделі ғылыми жоспар арқылы ұзақ жұмыс істеуге тура келеді . Оқыту, білім беруден тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оқытудың нәтижесі оқушының білімінде болса оны күнбе күнгі педагогикалық іс-әрекет арқылы тексеріп білуге болады. Ал тәрбиені алатын болсақ, ол - өте күрделі процесс. Ол бірден көзге көрініп өзін-өзі анық айқын көрсете бермейді.

Оқыту мен тәрбие процесі туралы сөз болғанда, оларды бір-бірімен ажыратуға болмайды десекте, бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайдың ықпалы жоғары, атап айтқанда: отбасының, түрлі адамдардың ерекше әсері бар. Сондықтан жоғарыда айтқанымыздай тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижелерін анықтау өте қиын. Мысалы, мінез-құлықты адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан бастап, бүкіл өмір бойы қалыптасады . Тәрбие процесі әр уақытта динамикалық қозғалмалы жылжымалы болады. Сондықтан педагогикалық ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе, екіншісіне әсер етпейді. Педагогикалық ықпал ету үшін баланың қөңіл-күйін, психикалық жағдайын, орнын еске алған жөн. Сондықтан ертеде қазақ халкы “Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады” деген. “Біреу тыңдар сөзді ұққанынша, біреу тыңдар үйден шыққанша”-деп Абай тегін айтпаған. Әрине баланың тәрбиені қабылдауына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін-мұғалім оқу-тәрбие процесінде бұл факторларды есінен шығаруға болмайды. Оқыту процесі-тәрбиеге қарағанда анағұрлым жеңіл басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, бір сабақтың үстіне бақылау, жаттығу, сұрақ, жауап секілді оқушылардың білімін тексеру әрекетін іске асырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, қортынды шығаруға болады. Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады. Олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие процесі-балаға білім берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі процесс-баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады.

Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М. А. Данилов, М. Н. Алексеев, . Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, В. И. Загвязинский) . Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л. И. Новикова) тәрбие процесінің (И. С. Марьенко, Г. И. Щукина, В. С. Ильин, Б. Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г. И. Батурина) зерттелді. М. А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю. К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлік нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді. Зерттеу нәтіжесінде мыналар анықталады:-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестің жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың теориялық мәселелері
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Оқыту әдістемесінің тарихы
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Педагогика ғылымы жайлы
Педагогика ғылымының салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz