Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері


Мазмұны
КІРІСПЕ .
1. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРІП, ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
1. 1 Қазіргі ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы экологиялық мәселелер .
1. 2 Экологиялық білім беріп, тәрбиелеудің мәні . .
1. 3 Химияны салауатты өмір салтын қалыптастыра оқытудың теориялық негіздері
1. 4 Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері .
1. 5 Экологиялық білім мен тәрбиенің философиялық мәселелері.
1. 6 Экожүйелердің тұрақтылығы және табиғи өнімділігі.
2. ХИМИЯ САБАҚТАРЫН ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС КЕЗДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Химия пәнін оқытуды экологияландыру мақсатында жүргізілген шығармашылық ізденіс жұмыстар .
2. 2 «Қоршаған орта ластануының антропогенді факторы" тақырыбында өткізілген сыныптан тыс тәрбие сабағын өткізу.
2. 3 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі экологиялық мазмұнды сандық есептердің рөлі.
2. 4 Экологияны оқыту әдістері негізінен химия пәндерімен
сабақтастығы . .
2. 5 Химия және экология тақырыбында конференция сабағының
ұсыну. ……. .
2. 6 Экология - табиғаттағы сабақтар . ……. .
Қорытынды . ……. .
Пайдаланылған әдебиеттер. ……. . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Қазіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге жетті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында» «Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған және қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру үрдісі», - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық, экологиялық бағыты» туралы 3-бабы қазіргі заман талабына сәйкес экологиялық білімнің қоғам өміріндегі маңызы мен рөлінің артып отырғанын дәлелдейді.
Көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеті, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні қарастырылады. Жоғары оқу орындарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады.
Экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен бірқатар зерттеулер жүргізіліп, экологиялық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды. Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін - Г. Т. Хайруллин; жеке пәндерді оқыту процесінде экологиялық тәрбие беруді - У. Ә. Есназарова, А. Д. Болтаев; білім беру мәселелерін - Д. Жангельдина, С. А. Орынбеков; биосфераны Ж. Ж. Жатқанбаев, Е. Ә. Мәмбетказиев зерттеді.
Елімізде орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін теориялық негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік жағынан талдау жасаған педагог-ғалымдар И. Н. Нұғыманов, У. Маканов, Ж. Ә. Шоқыбаев, С. Ж. Жайлау, Н. С. Сарыбеков, Ә. С. Бейсенова, Қ. А. Аймағамбетова, А. Г. Сармурзина, М. Н. Сарыбеков, Г. К. Длимбетова, Қ. О. Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Химия оқыту үрдісінде экологиялық білім беру арқылы оқушылардың химия пәніне деген ынталарын арттырып, осы пәнге деген қызығушылығын туғызу. Химия пәнін экология пәнімен кіріктіре оқыту жас жеткіншектердің теория жүзінде алға білімін іс жүзінде қолдана білуін қалыптастыру. Экологиялық сауаттылыққа, өркениетті мәдениетке тәрбиелу.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу;
- оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- химия оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
- тәжірибеден өткен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін мектептердің іс - тәжірибесіне ендіру.
Зерттеудің болжамы: химия оқыту үрдісінде экологиялық білім беру негізінде салауатты өмір салты мәселелері туралы білім мен тәрбие беру нәтижелі болады, егерде:
салауаттану, биология, экология пәндеріндегі салауаттылық туралы берілетін ұғымдар жүйеленіп, оны химия пәні мазмұнымен кіріктіруге көңіл бөлінсе;
орта мектеп химия курсындағы салауаттылық туралы материалдар теориялық және әдістемелік жағынан негізделсе;
күнделікті ақпараттардан салауаттылық туралы бұқаралық ғылыми материалдар іріктеліп және ол деректер сабақ барысында тиімді пайдаланылса;
оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту сабақта, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерінде жүйелі жүргізілсе.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әдіснамалық негізі: Философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы жөніндегі теориялары; биологиялық ғылымдарды оқытудағы дамыту үрдісі; химия ғылымы мен оны оқыту әдістемесінің жаңа концепциялары, салауатты өмір салты мәселелерін қарастыратын ғылыми қағидалардың жиынтығы.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми - жаратылыстық, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
- химия, биология және салауаттанудан салауаттылық туралы білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, бағдарлама, оқулықтарды, оқу - құралдарын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастыру;
- оқушылардың салауатты өмір салты бойынша білімі мен білігін анықтайтын сауалнамалар алу және олардың нәтижесін талдау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін сапалық және сандық тұрғынан саралау;
Зерттеудің теориялық мәнділігі: ғылыми - зерттеу нәтижесінде жасалған ұсыныстар және жарияланған материалдар мұғалімнің әдістемелік әзірлігін арттырып, жаратылыстану пәндерін оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
1. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРІП, ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
1. 1 Қазіргі ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы экологиялық мәселелер
Бүгінгі күннің талабына сай, егеменді республикамыздың орта білім беретін барлық мектептерінде пәндерді экологияландыру жаппай қолға алынды. Оның негізгі мақсаты «Халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие » мәселесін шешуді ойдағыдай жүзеге асыру. Әрине, бұл өте күрделі мәселе. Өйткені қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның экологиялық жағдайы қоғамымыздың ең маңызды мәселелері болып отыр. Сондықтан орта мектеп мұғалімдерінің экологиялық даярлықтан өтуі әбден қажет. Жасөспірімдерге, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы концепцияның негізгі мақсаттарының бірі де мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру болып табылады.
Дүние жүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. (1999 ж. ) Оның негізгі мақсаты - көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім мен тәрбие беру;
- жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әртүрлі саласы бойынша) ;
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге
қарағанда оның әртүрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
Көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарында экологпиялық мәселелердің жеке бөлігі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Бір пәнді үлгі. Мұның ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс жүзінде асырылады. (біз осыны қолдаймыз)
Аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-сынып оқушыларыүшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлік пәндерді қарастырылады. Содан соң ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнай ы сабақ өткізіледі.
Қазіргі уақытқа дейін мектептік химиялық білім үшін экологиялық білім беру мазмұнының мәнісі толық шешілген жоқ. Біз оқушылардың экологиялық дайындығына химия курсының мүмкіндігін айқындау барысында экологиялық білім тұжырымдамаларына, сондай-ақ мектепте білім берудің мүмкіндігіне төмендегілер саяды:
- табиғаттың біртұтастығын, адам қызметінің қоршгаған ортаға әсерін ашу және табиғатқа ұқыпты қатынастың қажеттілігін қалыптастыру;
- химиялық үрдістер, айналулар барысында қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау;
- өнеркәсіптің қоршаған ортаға қатысты ролін көрсету;
- қоршаған орта тұрғысынан ғылыми-техникалық прогрестің ролін айқындау;
- қоршаған ортаны қорғау шараларына қолдарынан келгенше қатыса алатындай оқушыларды тәжірибелік білікпен, дағдылармен қаруландыру;
Химияны оқыту барысында экологиялық білімнің жалпы жетекші
бағыттары мен оқу пәні ретіндегі химияға тән жалпылама ұғымдармен жетекші бағыттарды ашып көрсету негізінде экологиялық білім мен мазмұнының мәнін шешуге болады деп есептейміз. Оларға мыналар жатады:
- Тіршілік ету ортасындағы табиғаттың біртұтастығы мен дамуы.
- Қоғамның дамуы мен табиғаты.
- Еңбек ету үрдісіндегі табиғаттың өзгеруі.
- Қоршаған орта және адам денсаулығы.
5. Табиғат және жеке тұлғаның құқықтық және эстетикалық дамуы.
6. «Табиғат - адам - қоғам» жүйесіндегі өзара ықпалдастық.
Химияны оқыту кезінде жалпы жетекші тдеялар мектептік химия курсына тән жетекші идеяларымен нақтылануы керек.
- Қазіргі өндіріс мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау.
- Ғылыми-техникалық прогресс, табиғи қоршаған орта.
Қазіргі өндірістің табиғатқа қатысты оң және теріс әсерлері, сондай-ақ
осы мәселеледе орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарын айқындауды экологиялық білімнің қолданбалы қайшылықтарды шешудегі химиялық аспектілерді меңгеруі оларда жағдайды бағалай білу қабілеттіліктерінің қалыптасуына, табиғатта өзін ұстай білуіне, дұрыс шешім нәтижесінде табиғатта туындайтын өзгерістерді болжай білуге мүмкіндік туғызады. [1]
Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсерін
қарастырудың ұстанымдық мәні бар. Экологиялық мәселелерге ғылыми-техникалық прогресс қайшылықты әсер етеді: бір жағынан оларды шиеленістіреді. (қоршаған ортанң ластануы және тағы басқалары), екінші жағынан табиғи қорларды үнемдеуге мүмкіндік беретін және қоршаған ортаны ластамайтын баламалы технологиялар құру жолымен шешуге мүмкіндік береді. Осы ой-табиғаттың өзара әсерін тиімді етудегі жетістіктерді айқындайтын қажетті білім элементтері анықталды. Олар мыналар.
Табиғи қорларды ұтымды пайдалану.
Қоршаған ортаға өндіріс шығаратын лас қалдықтарды болдырмауға мүмкіндік туғызатын, яғни экологиялық заңдылықтармен жүзеге асырылатын қалдықсыз технологиялық үрдістерді құру.
Табиғи ортаны ластанудан қорғайтын негізгі әдістер мен технологиялық құрылғылар.
Қоғам мен табиғаттың өзара әсер етуін теориялық талдау оқушылардың
экологиялық білідерін әрі қарай жетілдірудегі химия курсының мүмкіндігін ашып көрсетуге алғы шарт болады. Ал ол үшін мыналар қажет:
- экологиялық білімнің жетекші идеяларының нақтылануы, оқу пәні ретінде химияға тән жеке идеялардың бөлініп көрсетілуі;
- экологиялық білімнің қажетті бөлшектері ретінде оның негізгі элементерінің химияны оқыту барысында қалыптастыру;
- қоғамдық материал игілігінің көзі ретінде табиғат құндылығының жан-жақты ашып көрсетілуі.
Сонымен бірге жасөспірімдерге экологиялық білім және тәрбие беру мына ұстанымдарға негізделеді:
- экологиялық білімді пәнаралық байланыста жүзеге асыру;
- экологиялық білім қалыптастыруда жүйелік және үздіксіздікті қамтамасыз ету;
- оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту мақсатындағы ақыл-ой, сезім-ерік және іс-әрекеттің бірлігін, үйлесімділігін тудыру.
- табиғатты сақтау мен қорғау мәселелерін әлемдік, ұлшттық және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу;
Осы жалпы ұстанымдар тұрғысынан химиялық орта білімді экологияландырудың мынадай негізгі бағыттары анықталды:
- химиялық негізге сүйене отырып тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігін және өзара әсерін ашып көрсету;
- жаратылыстану ғылымдарының зертеу нысандары, олардың экологиялық аспектілері арқылы жаратылыстану экологиялық ұғымдарын қалыптастыру;
- жаратылыстану-экологиялық ұғымдарын элеуметтік және техникалық ұғымдармен ұштастыру;
- осы үшеуінің негізінде химия-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және дамыту;
- химиялық экспериментті экологияландыру қоршаған ортаны зерттеудің пәрменді құралы ретінде қаралып, оның қолданылу аясында кеңейту және әдістемелік жағынан негіздеу;
- экологияның әр саласы ұғымдарын қалытастыру үшін жергілікті экологиялық материалды кеңінен пайдалану. [2]
Осы бағыттар ішіндегі химиялық экспериментті экологияландыру арқылы экологиялық білім беру бағытын тереңірек дамытуға болады. Зерттеу нысанын жалпы білім беретін мектептегі химия сабағының тақырыптарына сәйкестендіріліп, яғни экологиялық түсініктерді толықтай аша алатындай тақырыптармен таңдап алу керек. Ал қосымша сабақтан тыс сабақтарда бағдарламадан тыс тақырыптарды қамти отырып, химия-экологиялық ұғымдарды жеткізу мақсаты жүзеге асырылады.
Ауыл мектептеріндегі оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі - экологиялық мазмұнды химиялық есептер мен танымдық ойындарды қолдану. Оларды оқу үрдісінде пайдалану теориялық химиялық материалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есепті шешу кезінде оқушы жауап іздей отырып, химиядан алған білімін өзінің тұратын жерінің проблемалық жағдайын шешуге қолданып, табиғатты қорғауға қатысады. Осыдан (есеп мазмұны өмірге жақын болса) оқушылардың жұмысқа қызығушылығы, іс-әрекетке белсенділігі артады.
Сонымен қатар экологиялық мазмұнды есептерді қолдану тиімділігі оқушыларды бірнеше жыл қатарынан кешенді далалық зерттеулер жүргізе отырыпоқытылатын жаздық ғылыми - геологиялық лагерьлерде байқалады. Мұндай іс-әерекеттерді ұйымдастыру алғашқы жылдары оқушылар ғылыми лагерьдің аумағына геоботаникалық зерттеулер жүргізіп, фаунаны, орта (су, топырақ, тағы басқа) факторларының химиялық құрамын анықтау керек.
Қоршаған ортаның барлық мәселлерін шешуге қоғамның жетекші рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан маңызды мәселелерді шешіп, ғаламдық даму модельдерін жасағанда жалпы әлеуметтік теорияларға сүйеніп, түрлі елдерде қоғамдық дамудың өзгеретін факторын ескеру қажет. Ғаламдық даму моделін жасағанда көрсетілген теорияны қолдану адамдардың материалдық жағынан дамуының кешенді процесі ретінде алынатынын көрсетеді. Алайда «қоғам - табиғат» жүйесіндегі дамудың өзара қатынас моделін жасауда қоршаған ортаны тиімді қолдану қиындық туғызады, сондықтан бұл жерде жүйелі талдау әдісін қолдану қажет.
ХІХ ғасырдың аяғында биологияда жүйелік идеялардың пайда болуының басты себебі организмнің орамен байланысы тағы басқа экологиядағы құбылыстарды түсіндіру таза эволюциялық теорияның негізі болған даму физиология зерттеулерінде ол ерекше орвн алды. Сонда ол экологияға да кең тараған.
Қоғам мен табиғаттың көп сапалығы дәлелдемені қажет етпейді. Осы өзара көптеген ғылымда түұрліше бағыт тұрғысынан көрсетеді. Объектінің толық көрінісімен «қоғам-адам-техника-табиғи орта» жүйесіндегі өзара әрекет ету заңының танымын білу үшін жіктелген білімді интеграциялау, жүйелеу қажет. Мұны терең деңгейдегі өзара мәнді байланыс негізіндегі бір пән зерттейді. Сол жаңа ғылымның тамаша үлгісі әлеуметтік экология болып табылады.
Әлеуметтік экологиядағы теория мен өзара қатынасы мәселесін талдағанда маңызды философиялық - методологиялық мәселеде В. Д. Камароы сияқты ғалым, Ю. Г. Марковтың бағытымен келіспейтінін атап өтеді. Ю. Г. Марков пікірінше қоршаған орта жөніндегі білім әлеуметтік экологияда осы ортаны басқару үшін қажет. Әлеуметтік экология түрі процестегі пәнаралық зерттеулерден шығады. Оларды біріңғай байланыстыру функционалдық тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен зерттеу құбылыстың ішкі, мазмұнды жақтарынан олардың арасындағы затай және ақпараттық тоғыстарды зерттеуге, ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның бағытына талдау жасайтын методологиялық әдебиеттерде білімді синтездеудің түрлі әдістері ерекшеленуде, ал олардың әрқайсысында жүйелік әдістің ролі біркелкі емес. Әрине, білімді синтездеудің барлық процестердегі өзара әрекетпен бірлікте болады. Алдыңғы орынға синтездің қандайда да бір түрін швғару түрлі мәселелерді шешудегі сұраныстарға байланысты. Жинақты синтезге бірыңғайлвқ пен кешенді әрекеттердің мәселелері тән.
Пәндік жүйелік бағыты тұрғысынан зерттеу практикалық қызметті арнайы ұйымдастыруды қалады. Жүйелік паринципі бойынша ұйымдастырғанда кешендік тәсіл ерекшеленеді. Кешенді тәсіл ғылыми білімді синтездеу саласындағы жүйелік тәсілдердің бір түрі. Осы жерде «жүйе» және «кешен» ұғымдарына түсінік берелік: «жүйе» ұғымы методологиялық әдебиеттерде талқыланған.
Кешен - адамға қатынасының тұтастығын құрайтын заттардың құбылыстарын немесе қасиеттердің жиынтығы. Жүйе бірдей объектілер болады, олардың қызметі, қасиеті түрліше келеді.
«Қоғам-адам- техника-табиғи орта» сияқты әлеуметтік экологияның орталықтағы қатынасының материалдық жүйелілігі мәселелсін қарастырсақ, жүйелік қатынаста, біріншіден, не материалдық не идеалдық элемент болады. Екіншіден, жүйенің басты белгілері элементтер арасындағы байланыс.
Әлеуметтік экологияға методжологиялық талдау жасағанда ғңана кешенді тәсілді қолдануға болады. Кешендік тәсілді ғылыми зерттеулердің жаңа әдісі ретінде қолданғанда бірқатар объективті алғышарттарға сүйенеді, оның бірі зертттелетін құбылыстардың барлық жақтарының органикалық өзара байланысы.
Бір зертттеудің шеңберінде түрлі ғылым қолданып, пәнаралық байланыс болады. Мысалы, қазіргі кездегі көкейтесті экологиялық мәселеге барлық ғылымның қатынасы бар. Сондықтан біз қазіргі экологиялық білімнің құбылысына енетін кешенді ғылыми пәндерді атап кетелік. Олар: топырақтану, табиғатты қорғау ілімі, қазіргі гигиеналық ғылым.
ХХ ғасырдың 60-70жылдардан бастап шектеулі табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану қажеттігі туралы ұғым қалыптасады, экологиялық ойлау адаммен және оның жаратылыстану жүйесіне тәуелділігімен айналысты, Кең мағынада «экология», «адам-қоршаған орта» қатынасы туралы ілімнің баламасы.
Жалпы экология пәнінің промлемаларымен көптеген мамандар бұл пәннің мәні табиғи ортадағы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің қызметін басқару мен байланысты мәселені қарастыру деп есептейді. Осы мағынада жалпы экология тірі организм мен ол өмір сүретін ортаның өзара қатынасы мәселелерін биологиялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Алайда ХХ ғасырдың басында жалпы экология пәніне адаммен байланысты процестерді қосу арқылы кеңейту қажеттігі туды. Бұл бағыт батыстық мектептерде өз көрінісін тапты. Мысалы, француз мектебінде «адам географиясы», Чикагоның әлеуметтік мектебінде «адам экологиясы» немесе «әлеуметтік экология». Осы мектептер шеңберінде жиырмасыншы жылдардың аяғында бұл зерттеудің негізгі нәтижелері алынды. Елуінші жылдарда алғашқы халықаралық конференциялардың бірінде қоршаған ортаны өзгертудегі адам рөлі көрсетіліп, адам экологиясы пәні деп, «тұрғвн халық пен қоршаған орта арасындағы өзара байланысқа» талдау жасау деп түсіндірілді.
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың кешенді тұратын жаңа ғылыми пән ретінде әлеуметтік экология кең түрде баяндалады. Ол өзінің өмір сүру ортасын қалыптастырудағы адамның рөлі қандай деген мәселемен тікелей айналысты. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік экология жөніндегі мәселелер шиеленісе түсті.
Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара қатынасты талдау методологиялық тәсілді талап ететінін айтады, олардың өзара қатынас тарихы, негізгі тенденциялары, заңдылықтары динамикалық құрылысы айтылады. Қоғам мен табиғат өзара қатынас бірінші кезектегі күрмеуі көп болғандықтан зерттеуші экологиялық қиындықтардың «дәмін татып қателесумен» немесе концептуалды шешімдермен шектелгісі келмейтіні даусыз.
«Қоғам мен табиғат» жүйесіндегі мәселелерге талдау жасайтын ғылыми пәнді түрліше айту ұсынылған: тарихи қалыптасқан ұғыммен атау - әлеуметтік экология немесе адам экологиясы, сонымен бірге «ғаламдық экология», «ноология» тағы басқа терминдермен атау. Терминологиялық бірлік жоқ, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы жөніндегі ғылымның ерекшелігі жөнінде де нақты түсінік жоқ деуге де болады. Кейбір химиялық мәндегі десе, екіншілері интегралды мәнде дейді, ал үшіншілері экологиялық мәселелердің тиімділігіне көңіл бөледі. Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара негізінде арнайы кешендік әлеуметтік-жаратылыстану пәнін жасауда талап етеді деген шешімге келді.
Әлеуметтік экологияның бірінші негізгі дерегі қазіргі химиялық революция және биосфера ілімінің дамуы. Биосфера ілімінде химиялық қана емес, физикалық, антропологиялық, космологиялық білімдер синтезделеді.
А. Дубровтың зерттеуінде геомагниттік өрістегі өзгерістердің адамға, хайуанаттарға, өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсері жөніндегі мәліметтерді келтіреді. Ол геомагнитохимия деген жаңа ғылыми терминді бекемдейді.
Ал, В. И. Вернадский тірі организмді ұйымдастырудың төрт негізгі көрсеткен: орган өзгергіштігі, жалпы түрі, биоценотикалық, биосфералық. Алғашқы екеуі ХҮІІ-ХІХ ғ. ғ. биологияның дамуына негіз болды. М. Г. Чепиков көрсеткендей қазіргі революция «биология-химиялық атомастикадан» баталады да жаңа синтетикалық ғылымның молекулярлық биологияның қалыптасуына әкелді. Биолоогияның осы молекулярлық деңгейдегі зерттеуге шығуы - қазіргі революцияның бір себебі.
Қазіргі кезде тіршілік жөніндегі білімді синтездеуге сұраныстың болғандығынан биологияның ерекше саласы биотиканыңжеке шығуы керек деген ойлар айтылған. Организмнің ортамен белсенді түрде өзара әрекет етуі қазір мойындалуда. Осы ішкі сыртқы диалектикалық бірлікте биологиялық жүйенің белсенділігі ішкі факторлардың жетекші ролін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz