Оқушылардың тәрбиесіне отбасылық дәстүрлердің әсері
Жоспар
Кіріспе
І Тарау. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Халықтық педагогиканың негіздері.
1.2 Халық ауыз әдебиеті-тәрбие бастауы
ІІ Тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ
2.1 Оқушылардың тәрбиесіне отбасылық дәстүрлердің әсері
2.2 Халықтық педагогика-сабақ мазмұнында.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға
лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі
мектеп апдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш
оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық
тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында
еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі
күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Жолдауында: "Оқушыларды
қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптастыруымыз керек,"-делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған
қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата-баба дәстүрін ұрпағының құлағына
кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған жас
нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан басталып, тұсау кесу, қыз ұзату,
үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан-қилы
ырымдар мен кәделерге толы салт-дәстүрлерінің маңызы ерекше. Ұрпақты ата-
салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда.
Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем-білсем деген алып-ұшпа құмарлық
сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен
ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас
ұрпақты халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасымен сусындату ел ертеңін
ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден-бір кепілі.
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік,
сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның
негізінде патриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша
белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
Мақсат-міндеттері. Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі
сақтайды" деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу
үрдісін шартты түрде мынадай іс-шараларға бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
- ата-бабалар өсиетін орындау;
- жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері - бабаларымыздың бізге қалдырған бай
мұрасы. Ана тілі мен Отан деген ұғымдар - бір-бірінен ажыратуға келмейтін
түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз
Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе"- дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің
халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның
айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп,
өнеге тұтуы тиіс.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға
сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін
алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру
мақсатында елтану материалдарын, белгілі қоғам қайраткерлерінің өмір
деректерін көптеп қолдану елжандық сезімдерін тереңдететіні сөзсіз.
Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы
жастардың тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан
мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті - ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе жүзінде
терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлт мектебінің мақсаты, оның міндеттері мен қызметінің өзгеруіне
байланысты оқытудың мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Жаңа оқу мазмұнының қай
бағытта, қандай деңгейде қалыптастырылатыны, оның құрамы мен құрылымы,
тұжырымдамада айтылғандай, ең алдымен, теориялық деңгейде анықталып,
нәтижесі базистік оқу жоспарына түсірілді.
Осы деңгейде бұрынғымен салыстырғанда қазақ мектебіне тән мынадай
ерекшеліктер ескерілді, олар:
- жалпы адамзаттың мәдени мұрасын әрбір ұлттың, халықтың тарихи, мәдени
байлығымен ұштастырудағы сабақтастық;
- республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының факторларын ескертудің
іс жүзіндегі маңыздылығы;
- ұлттық мемлекеттік және ұлтаралық тілдерге үйретудің қажеттілігі.
Бүгінгі талапқа сай халықтық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, ұлттық қадір-
қасиетті қайта жаңғырту үшін оқу мазмұнына ұлттық педагогиканы енгізу басты
мақсаттың бірі ретінде ұсынылып отыр. Оқу мазмұны ғылым негіздері мен жеке
тұлға қызметтері құрылымының бейнесі ретінде қарастырылып, оларға сәйкес
келетін білім компонеттері анықталады.
Білім мазмұнын қалыптастырудың бірінші кезеңінде, яғни оның теориялық
деңгейінде ұлттық тәрбиені, қазақтың ұлттық педагогикасын іске асыру, ұлт
мектебінің ерекшеліктерін әрқашанда есепке алудың қажеттігі, жалпы білім
беретін мектептің негізгі мақсатына сәйкес білім мазмұнын анықтаудың
принциптері, қағидалары, заңдылықтары ретінде қарастырылатыны айқындалды.
Білім мазмұнын қалыптастырудың пәндік деңгейінде ұлттық тәрбиенің,
мәдениеттің негіздері ескеріліп, нақты нұсқаулар беріледі. Бұл деңгейде оқу
мазмұны базистік оқу жоспарына кірген әрбір пәннің бағдарламасында
айқындалады. Сондықтан әр пәннің мазмұнына ұлттық ерекшеліктерді енгізу
қажет.
І Тарау. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Халықтық педагогиканың негіздері.
Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген,
адамгершілік жағынан жағымды, мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл,
үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Бұл мәселені жүзеге
асыруда халықтың ғасырлар бойы бай қазынасы мен аңыздары, мақал-мәтелдері
мен жұмбақтары ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы бодды.
Бізге дейінгі ата тегімізден сыр шертетін Орхон жазулары сол кездің
өзінде (V—VIII ғ.) тәрбиенің қоғамдық рөл атқарғанын танытумен қатар,
жоғарыда айтылған пікірлеріміздің растығын дәлелдейді.
Осы іспеттес құлпы тастардағы өнегелі сөздер жас ұрпақты елін, халқын
сүюге, бірлікке шақыру, үлкенді сыйлау, т.б. өсиеттері әлі күнге дейін
тәлім-тәрбиелік мәнін жойған жоқ.
Ғұлама философ әл-Фараби "Философиялық трактаттар" атты шығармасында
адамзатты бақытқа, игілікке, шаттыққа жету жолындағы ең негізгі нәрсе деп
отбасы мен тәрбиені атаған. Бұған дәлел адамның өз халқына деген таза
махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы. Егер бұл шарт
орындалмаса, адам өмірге бейімсіз болады, ешнәрсені үйрене де алмайды деп
қорытынды жасайды
Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол
халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-
өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Демек, бірде-бір адамзат
қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін
пайдаланбай өмір сүрген емес.
Көрнекті ақын, данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі
қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн өзінің "Құтты білік" дастанында түркі
халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклор жанры, әсіресе салт-дәстүр жырлары
басым. Сондай-ақ, ол адамға білім мен ғылымның не үшін керек екендігін
айтса, енді бір тарауларда бақытқа жетудің жолдарын көрсетеді. Ал дастанның
52-тарауында отбасында ұл мен қыз баланы қалай тәрбиелеу керек, оларды
оқытудың жолдары, бала тәрбиелеудегі ата-ананың орны арқау болады.
Ахмет Жүйнеки "Ақиқат сыйы" атты дидактикалық өсиетнама дастанында
білімнің адамға өмірлік таусылмас азық болатынын және оның ізгілік пен
қайырымдылықтың бұлағы екенін атап көрсетсе, Махмұд Қашқари өзінің "Диуани
лұғат ат түрік" атты сөздігінде жас ұрпақты тіршілік пен еңбекті сүюге,
білімге құштар болуға, өз бақыты үшін күресе білуге шақырды. Бұл
ғұламалардың еңбектері балаларды білімге, әдептілікке, адамгершілікке,
еңбекке, үлкен парасаттылыққа шақырған өсиет сөздері күні бүгінге дейін
тәрбиелік мәнін жойған жоқ.
Ұлттық тәрбие ісі ақын-жыраулар поэзиясынан кең орын алған. ХV-XVIII
ғғ. қазақ поэзиясының негізін салушы ақын-жыраулар (Шалкиіз жырау
Тіленшіұлы, Ақтамберді жырау Сарыұлы, Бұхар жырау, Мұрат Мөңкеұлы,
Шортанбай Қанайұлы) халқымыздың тыныс-тіршілігін, болмысын, ел-мүддесін
жырлаған. Ақындардың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы, ойлары, қазақ
халқының қоғамдық сана-сезімінің қалыптасуына, қоғамдық ойдың дамуына,
кейінгі ұрпақты гумандық, патриоттық ұлтжанды рухта тәрбиелеуге үлкен әсері
болды.
Қазақтың ғұлама ағартушы демократтары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев), қазақ зиялылары (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, т.б) ұрпақ тәрбиесін көңіл көзінен таса қалдырмай, еңбектері
мен шығармаларын балаларға, оның болашағына арнағаны баршаға аян.
Келешек жас ұрпақ елін, жерін сүйетін, азаматтық, адамгершілік қасиеті
мол, білімді де парасатты, ата-баба әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына
сіңірген, шымыр да шыныққан азаматты тәрбиелеудің алтын діңгегі — халық
ауыз әдебиеті десек, оның ішінде белгілі акын-жазушыларымыздың балаларға
арнап жазған тандаулы шығармалары бар.
Балалар әдебиеті — балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп,
тіл байлығын жетілдіреді. Көркем сөз өрнегін бала құлағына құйып,
көкірегіне сәуле түсіреді, сөйтіп халық қазынасының әуендік үнінен нәр
алады. Көркем әдебиет арқылы кішіге қамқорлық, үлкенге көмек, еңбекті
құрметтеу, достық пен инабаттылық, адамгершілік үлгі-өнеге, өмірмен
танысады.
Қазақ халқының ұлы педагогы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы,
қазақ даласына ғылым мен білімнің қоңырауын соққан Ы.Алтынсарин болды. Ол
қазақ балаларына арнап оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп,
ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолын ашты. Осы орайда оның 1876 жылы
И.Ильминскийге жазған хаттарының бірінде: "...мен балаларға қызықты етіп,
табиғат күштері, құбылыстары тарихи-жағырапиялық тартымды әңгіме құрамын.
Менің бұған шеберлігім мен білімім жететінін, жетпейтінін білмеймін, бірақ
қалайда істеп көремін", - деп ағынан жарылып, ақтарылып айтқан сөзінен
азаматтық-әлеуметтік қызметіне қаншалықты зор мән бергенін көреміз. 1879
жылы Ыбырай "Қазақ хрестоматиясы" атты кітап шығарып, "қазақ балалар жазба
әдебиетінің атасы" атанды. Ол қазақ балаларының табиғи, ұлттық
ерекшеліктеріне байланысты, өлең-жырлар, әңгімелер жазып, олардың жан
дүниесіне әсер етіп, ұлттық көзқарасын қалыптастыру жолын ашып берді.
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы — еңбек. Айталық, "Бір уыс мақта",
"Әке мен бала", "Мақта қыз бен мысық", "Асыл шөп", "Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаш" т.б. шығармалары жас ұрпақты еңбек етуге, шыдамдылыққа,
сабырлыққа, төзімділікке баулыса, "Екі жолдас", "Бай баласы мен жарлы
баласы" т.б. әңгімелерінде адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа,
зеректікке тәрбиелейді. Сондай-ақ, дүниедегі өзгермейтін де ескірмейтін де
өмірлік байлық, дәулет - өнер-білім деп, ол "Кел, балалар, оқылық" деп жар
салады.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы бүгінгі
жас ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай тәрбие баланың
дүниеге келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-
бір жауапты - ата-ана екендігін көрсетті. Ақынның "Әсемпаз болма, әрнеге"
(1894 ж.) деген өлеңінде адамгершілік туралы ойларын қайрат, ақыл, әділет,
шапқат секілді адам бойындағы асыл қасиеттер негізінде ашады. Сондай-ақ,
"Ғылым таппай мақтанба" (1886 ж.) өлеңінде жастарды өнімді еңбек етіп,
ғылым мен білімге ұмтылуға, алға қойған мақсатқа жету үшін табандылыққа,
төзімділікке шақырады. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" (1885 ж.)
өлеңінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды, жасында
ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрұм
қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретінде өкінішті сыр етіп шертеді.
Қазақ халқының классигі А.Құнанбаев әдебиеттің халықтығын туын көтерді,
поэзия алдымен халық өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі
шындықтар суреттелуін талап еггі.
Ұлт мұраты, ұрпақ қамы хақында қазақ зиялылары, Алаш арыстары ерен
еңбек етті. Айталық, М.Жұмабаев "Педагогика"атты еңбегінде тәрбиенің төрт
түріне тоқталған. Атап айтсақ, дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Тәрбие мәселесіне назар аудара отырып, Мағжан
Жұмабаев: "Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның
тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сияқты
тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік, денелі болса,
түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақылды болса, сұлу сөз,
сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса,
жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса,
міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам
болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс
орындасын",- деп келешек бала болашағының жарқын болуы бүгінгі берілетін
тәрбиеден басталатынын айтып кеткен. Ал, тәрбие құралы — көркем шығарма
екеніні айдан анық.
Қазақ топырағында жас ұрпақты тәрбиелеуде сүбелі ғылыми еңбектер жазған
- Жүсіпбек Аймауытов. Оның " Әліпби ", "Тіл құралы" атты еңбектері қазақ
балаларының ана тілінде сауатын ашудан бастап, оның оқытылуына ат салысты.
"Әліпби" оқу құралының басты ерекшелігі: балалардың жас ерекшелігіне
сәйкес, оларға лайықты тілмен жазылуында, тәрбиелік мәні бар жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді шағын мәтіндерді жүйелеп, саралап берілуінде.
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру
мәселесіне ден қойған педагог - публицист Нәзипа Құлжанова болды. Оның
"Мектептен бұрынғы тәрбие", " Ана мен бала тәрбиесі" атты еңбекгері баланың
мектепке дейінгі тәрбие туралы екенін атап өтуге болады.
Қазақстанда балалар әдебиетінің білімділік, тәрбиелік мәнін, қалыптасу,
даму тарихын терең зерттеп, ауыз әдебиетінен бастап қарастырған Ш.Ахметов,
М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев т.б. атауға болады.
1.2. Халық ауыз әдебиеті-тәрбие бастауы
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі
талаптардың біріне саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы
дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған
ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын,
ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті
барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық
шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды
арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп,
жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"
-делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде "жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы интеллектіні байыту" - деп корсеткен.
Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн
бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан,
тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім-тәрбиесі мен
үлгі-өнегесінен нәр алары анық.
Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып
келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің
педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.
Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын, барынша
түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы балалар айнала қоршаған ортаны
барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік,
әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып
туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті
көркемдік, ізгілік (қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының
құндылығын қуаттайды.
Ауыз әдебиетінің қай жанрын алсақ та, оның педагогикалық тұрғыдан
тәрбиелік-білімдік мүмкіндіктерінің сан алуандығы көрінеді.
Сөздерді мағынасына қарай дұрыс ажыратып, айтуға баулитын:
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
Қай тайлақ лақтай
Қай лақ тайлақтай, - дейтін жаңылтпаштарды жай ғана айта салмай, дауыс
интонациясымен дұрыс, мәнерлеп айтуды қажет етеді.
Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін
түзетсді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім ?
Шүрегей сүңгіш пе,
Сүңгуір сүңгіш пе? - дейтін баланы ойлантатын да жаңылтпаштар
кездеседі.
Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында айтылатын жаңылтпаштар
да бар. Мысалы:
Атам томағаламаған бүркітті
Мен томағаламағанда,
Кім томағалайды?
Шомеленбеген шөпті
Мен шөмелемей,
Кім шөмелейді? - деген жаңылтпаштар іс-әрекеттің жөн-жосығын білуге
(бүркітті томағалау, шөпті шөмелеу) үйретеді. Сөздік қорын байытады.
Елгезектікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге
үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын қызықты
жанр.
Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы
халық поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат береді. Баланың
ойлау қабілетін дамытып, ой-өрісін, танымдарын кеңейтеді. Мысалы:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күннің көзі)
Алты қаз, жеті үйрек, бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz