Мектептің жаны - мұғалім
Мазмұны
1. КІРІСПЕ
Халықтық педагогиканың мәні мен маңызы
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Ы.Алтынсарин ағартушы педогог.
2.2. Ы.Алтынсарин және ауыз әдебиеті
2. 3. ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.
3. ҚОРЫТЫНДЫ.
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің
мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне
ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар,
халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен тарихы, мәдениетінің
өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туғызып отырғаны белгілі.
Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі – білім беру мазмұнын
жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын
енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған
тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді.
Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық
іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен
жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты. Сондықтан да, заман
талабына сай жалпы білім беретін орта мектептерде ұлтымыздың мақтанышы,
тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін жаңа технологиялық әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып оқытудың тиімді жолдарын іздестіру-уақыт талабы
болмақ. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі осындай мәселелерден
туындайды.
Мақсат-міндеттері:
Бүгінгі қоғам мектепке болашақ ұрпақты өзгермелі өмір жағдайында
өздігінен шешім жасай алатын, бәсекелестік қоғамға лайық дара тұлға ретінде
даярлау талабын қойып отыр. Бұл, әрине, мектептің бүкіл оқу-тәрбие
үрдісінде түбегейлі өзгерістер жасау арқылы жүзеге асырылатыны анық. Еліміз
егемендігін алған күннен-ақ өркениетті елдер тәжірибесі мен өзіміздің
отандық педагогикадағы озық дәстүрлерді ұштастыруға бағытталған ізденістер
кең өріс алды. Соның нәтижесінде мемлекеттік білім стандарттары жасалып,
жаңа сипаттағы білім мазмұнын құруға қол жеткізілді. Көп жылғы тәжірибелер
мен тиянақты зерттеулер арқылы білімді оқушының мүддесімен орайластыруға
қажетті алғышарттар біршама айқындала бастады. Соның бірі нәтижеге
бағдарланған білім моделінің тиімділігін дәйектеу. Бұл орайда отандық
ғалымдарымыз мектеп пәндерінің жалпы білім жүйесіндегі орнын ғана емес, әр
пәннің дара тұлғаны дамытудағы рөлін саралауға ден қоя бастады.
Мектепте оқылатын кез келген пәннің өзіндік орны бар. Әйтсе де
халықтың рухани қазынасы, ұлттық діл қалыптастырудың бірден бір қайнар
бастауы саналатын ана тілі мен төл әдебиеттің, ата тарихтың мәні мен
маңызын дәлелдеп жатудың өзі артық.
Бүгінгі мектептің мақсаты – дара тұлғаның қабілетін дамытуға мүмкіндік
жасау болып белгіленіп отыр. Қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты
саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін
дүниежүзілік ғылым кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі
демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті
туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.
Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі
күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі
тиіс. Бұл турасында XX ғасырдың басында А. Байтұрсынов: Мектептің жаны –
мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім
білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен
балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім,-
деген екен. Міне, қазіргі білім беруді дамыту, оқыту процесін жетілдіріп,
оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А.
Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің
өзінде-ақ айтып кеткен.
Дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы т.б
оқыту жолдары – білім берудің, оқытудың жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін
жүргізілген жұмыстардың жаңа ізденістері мен жетістіктері. Бұлар педагог
ғалымдар, мұғалімдер тарапынан үлкен қолдау тапқан педагогикалық
технологиялар болып есептеледі.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРП МЕКТЕП.
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының патриохалдық-феодалдық артта қалушылығын
жоюды арман етті.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың, надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың,—
деп, Балқожа би немересін оқытудағы мақсатын өз тұғырынан, өз өрісінен
айқындаса, Ыбырай әке баласы емес, адамның баласы— халықтың баласы
болуды көздеді. Халқының келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа
тартып, белсене іске кірісті.
Ыбырай екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: Біріншісі —
жалпы халық ағарту ісі де, екіншісі — халықтың ой-санасын жаңалыққа
бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері,
Ы. Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді, бірақ орыс
тілі де оқу мазмұнының ең маңызды бөлімі болып саналды. Ушинскийдің
педагогикасын зор көрегендік пен меңгере отырып, орыс-қазақ мектептеріне
арнап жаңа оқулықтарының негізгі түрлерін, олардың өзара педагогикалық
ерекшеліктерін Ыбырай екшей білді. Ол асқан шеберлік пен негізгі үш бағытты
— ғылымилық, көркем әдеби және пайдалы техникалық — өз оқулығында ұштастыра
алды.
Ы. Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Ол орыс-
қазақ мектептеріндегі оқу үшін ана тілінің, өмірлік мәнді екендігіне сенді.
Орыс-қазақ мектептерінде оқу тілінің проблемасын шешуде ол бастауыш мектеп
пен екі класты училищелер қос тілді болуға тиіс, яғни орыс тілі де қазақ
тілмен бірге оқытылуы керек деп тапты. Ыбырай қос тілді оқытудың жүйесін
кұрды, оны сәтті түрде іске асырды.
Өз жүйесінде Ы. Алтынсарин орыс тіліне үйретудің аударма әдісі
дегенді қолданды. Бұл әдіс бойынша, шәкірт оқуда ана тілінде де, орыс
тілінде де еркін ойлау міндеттерін шешіп отырады. Ол орыс тілі сабақтарында
ана тілін жанама, қосалқы санауға қарсы болды, керісінше, ана тілінен
жүргізілетін жазбаша және ауызша жұмыстарды жеке, дербес оқу жұмысы деп
қарады. Сөз, сөйлем мағынасын екі тілде бірдей ұғыну, орысша да, қазақша
да ойлай, сөйлей, жаза білу, сөздік жасау, жаттау, көркем тексті оқыту
сияқты педагогикалық мәселені жемісті шешу үшін алдымен мұғалімнің өзі осы
екі тілде сауатты сөйлеуі керек.
Ыбырай әдеби оқу методикасын қазақ тәжірибесіне тұңғыш рет енгізе
отырып, төрт түрлі факторды бірге алып қарайды. Олар: біріншісі — материал,
екіншісі — соның берілу тәртібі мен методикасы, үшіншісі — оқушы,
төртіншісі — мұғалім. Қазіргі әдебиет сабағында қолданылатын түсіндірмелі
оқу әдісін алғаш рет өзінің еңбектерінде қолданған Алтынсарин еді.
Ыбырайдың әдеби оқу методикасына тән бір жаңалығы— өлең жаттау тәсілі.
Ыбырай елеңдері — балалардың жаттауына әрі ұғымды, әрі білімділік-
тәрбиелік мәні зор, логикасы жақсы тоқылған, тілге өзі оралып жатар жолдар.
Ыбырайдың педагогикалық жүйесі мен оқыту әдістерін зерттеу
барысында олардың ғылымилығы, актуальдылығы артпаса бәсеңдеді деуге ауыз
бармас.
Ы.Алтынсарин материалды ойластырылған сабақтар жүйеciнe кұрып,
мөлшерлеп, бірте-бірте беруді, берілген білімді баянды ете отырып қана жаңа
материалға кешу жолын ұсын ете отырып қана жаңа материалға көшу жолын
ұсынды.
Сабақтың жүйесіздігі, баланың пәнге қызықпауы, үлгірмеуі пәннің, емес,
мұғалімің кемшілігінен туады. Ыбырай әр бір мұғалім өз пәнінің жақсы, жетік
білуі тиіс деген. Пәнді білу дегеніміз — өз ісін де, баланы да терең сүюден
туатын үлкен мемлекеттік іс. Ұлы ұстаздың мұғалім туралы пікірі совет
педагогикасында айтылып жүрген. Мұғалім мектептегі негізгі тұлға деген
пікірмен үндесіп жатыр
2.2. Ы. АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТі
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ тарихы мен мәде ниетін, соның, ішінде
фольклорын жинау және жариялаү, зерттеу жөніндегі жұмыстарда елеулі алға
басушылық болды. Қазақ фольклористикасының нағыз басталуы да, сөз жоқ, осы
кезеңге тән деп тұжырымдауға болады. Бұл кезеңде Ш. Уәлиханов, Е. Е.
Радлов, F.И.Потаниннің қазақ ауыз әдебиетіне арналған аса маңызды
зерттеулері жарық көрді. Осы кезеңге қазақ әдебиеті және мәдениеті жөнінде
құнды із қалдырған В. В. Григорьев, А. В. Васильев, И.Н. Бере зин, Н.
Ильминский т. б. зерттеушілердің еңбектерімен қатар, қазақтың жазба
әдебиетінің, негізін салушы ұлы ағартушылар Абай Құнанбаев пен Ыбырай
Алтынсариннің қызметтері тұтас келді,
Ы.Алтынсариннің фольклор жөнінде жазған арнайы еңбегі болмаса да, оның,
Қазақ хрестоматиясы халық ауыз әдебиетшінің халық арасында жүріп ауыз
әдебиетіне жіті көңіл қойды. 1862 жылы И. Ильминскийге жазған бір хатында
ол: ...Мен қазақтың ескі өмірінен ол—пұл жинап алдым және әлі де жинап
жатырмын, оларды кезінде өзіңізге жіберемін. Орақ — Мамайдың әңгімесінен
сіз қызығарлық ештеңе таппассыз, сондықтан мен ондайларды қойып, қазір енді
қазақ-тың әр түрлі әдет-ғұрыптары жөніндегі мәселелермен шұғылданып жүрмін.
Егер реті келе қалса, оларды да жазып, сізге жібермекшімін,-— дейді. Бұдан
Ы.Алтынсарннің I860— 1861 жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиеті мен
тұрмыс-салтын зерттеу, олар жөніндегі материалдар жинақтау ісімен ғылыми
тұрғыдан айналыса бастағаның аңғарамыз. Бірақ ол ауыз әдебиетінің үлгілерін
жариялауға асықпады. Қазақ хрестоматиясы тек 1879 жылы ғана басылып
шықты...
Тамыры тереңге жайылып өскен терек қаншалықты өміршең болса, соншалықты
миуалы, саялы болатыны сияқты халықтың даналық бұлағынан сусындап, одан
кіршіксіз, тұнық адамгершлікті, зерделілікті, ізеттілік пен парасаттылықты
бойына сіңіре білген адам ғана нағыз ұлы, нағыз дара тұлға болмақ. Олай
болса, Ы. Алтынсаринның да аса көрнекті қoғaм және мәдениет қайраткері
дәрежесіне көтерілуіне халық творчествосының, бағзы заман ауыз әдебиетінің
мол әсері болды деуімізге әбден болады. Әрине, бұл жай теңей айтыла салған
сөз емес. Ыбырай Алтынсарин — шын мәнінде ауыз әдебиеті үлгілерін өз
творчествосының берік бір негізі еткен адам. Ұлы педагог -ағартушының
даналығы, біріншіден, құм арасынан жылтырап қана көрінген алтын тәрізді
ауыз әдебиеті үлгілеріне ден қойып, халықтың рухани байлығы саналатын
мұндай шығармаларды өз бетінше жинақтай білуінде, екіншіден, осындай халық
зердесінде тоқылған мол мәдени мұраларды өзінің педагогикалық, ағартушылық
идеяларымен үндестіре, үйлестіре қолданып, оған өзіңдік бір үн, өзіндік
бай мазмұн беруінде. Бұл үндестік Ы. Алтынсарин әңгімелерінің баяндалу
желісінен де, сөз қолданысынан да, ұтымды идеясынан да нәзік штрихтар
арқылы сезіліп отырады...
Революцияға дейінгі шығыс тану ғылымы қазақтарды әрі шешен, әрі ақын
халық деп бағалаған. Мейлі тау асып бара жатқан көштен естілген қыз әні
болсын, мейлі құс қанатына байлап жіберілген сәлем хаттың сөзі болсын —
бәрі-бәрі өлең мен айтылған. XIX ғасырдың алғашқы бөлігінде қазақ
фольклорының түрлі мәселелері жөнінде кұнды ой-пікірлер қалдырған поляк
революционері Адольф Янушкевич қазақ жерінен көрген-білгендерін ағайындары
мен достарына баяндаған бір естелігінде: ... бұдан бірнеше күн бұрын өз
ара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсы болған едім. Сонда
Демосфен мен Цицерон туралы ғүмыры естімеген шешендерге таң қалып, қол
соққанмын. Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдымда
өлеңдерін жайып салды. Олардың жыры жаныма жылы тиіп, жүрегімнің қылын
қозғады, сонысымен тәнті етті. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Бүкіл
болашақтан мақұрым қалған, маңдайына бақташы болудан басқа ештеңе
жазылмаған' халық осы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойынша
осынша қабілет дарытқан халық цивилизацияға жат болуы мүмкін емес, оның
рухани қазақ даласында аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле шашатын
болады..,— деген еді. Үкен құрметпен, аса көрегенділікпен айтылған сөз емес
пе?! Ал осы тұрғыда шығыс зерттеүшісі түрколог В.В.Радлов қазақтың өзге
туыстас халықтар тілінен ерекшелігі сөз шеберлігі мен шешендігі дегенді
айта келіп: Қазақ тілі майда, әрі әуенді, өздері зерделі және сөз
қағыстырғанда тапқыр, түйреп түседі. Кейде ерекше оралымды-ақ, тіпті еш
сауаты жоқ қазақ өз тілінің-қуатын таныту жөнінен біз Европада жолықтырып
журген француз және орыстардан кем түспейді. Егер олар әңгіме айта қалса,
сөздері тартымды, жанға жайлы болып келеді..,- дегенді айтады. (Орта
Зеревшан еңісі ғылыми очеркінен) Қазақ ауыз әдебиетінің қай жанрында да
жоғары да айтылып отырған әуезділік, әуенділік басым. Осы орайда, Ы.
Алтынсарин әңгімелерінде де ұқсас, ырғақпен айтылатын өлең жолдарының
көптеп кездесетінін айтқан жөн. Тілге тиек етерге Қара батыр ертегі
—әңгімесін алайық.
Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортушылары ұстап
алып, еліне апарған соң, қой соңына салып қояды. Елін сарғынып, ата-анасын
ойлап қамыққан, зорлық көріп зарыққан Қара батыр жылап отырып, әуелі
тұсынан ұшқан қарғаларға, сонан соң сауысқанға, тырнаға,. қазға, аққуға ата-
анасына хабар беруді өтініп көмек сұрайды. Олар баланың сөзіне құлақ аспай
кетеді. Соңынан ұшып келген қарлығаш қана Қара батырдың тұмарын ата-анасына
әкеліп беріп, олар ат жаратып, адам жиып түрікпен елінен баласын алып
қайтады. Бұл—әңгіменің қысқаша фабуласы. Ал баяндалу стиліне келсек,
басынан аяғна дейін ырғақты өлең ұйқасымен берілген. Мысалы,
Қарлығаш ұшты аспанмен,
Баланың айтқан жоспармен,
Айдын шалқар көлдермен,
Батпақ-лай шөлдермен,
Түрлі-тусті жерлермен.
Қос қанатын қамшылап,
Асланнан қатер көрінсе,
Таса жерді жамшылап,
Үстінен тері тамшылап,
Неше мерзім жерді өтті,
Неше мерзім елді өтті,
Нақ отыз кун болғанда,
Бір~ ауылға сол жетті,
Баланың айтқан ауылы
Осы ма деп, меңзепті.
(сол ертегіден)
Осы бір ғана шумақтан эпостық сарынның желі айқын-ақ есіп тұрған жоқ
па? Қара батыр ертегісінен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ал
Ізбасты әңгімесінде соғып алған түлкісін жасы улкендердің қанжығасына
байламадың дегенді айтып Ізбастының аңға бірге шыққан жолдастары ханға арыз
етіп келеді. Сол кездегІ Ізбастының ханға берген жауабын да жоғарыда
айтылған пікірге мысал етуге болады. Ізбасты ханға:
Ойдан қашты бір түлкі
Тауға қарап дем алмай.
Жабыла қудық көп кісі
Бәрі қалды ере алмай,
Сол түлкіні кім алар,
Жалғыз жеткен мен алмай.
Ағайыннан дұшпам жауым жоқ,
Алдына салып айдап жүр,
Алтайы түлкі көре алмаи.
Ұялып, тақсыр, жүрмеңіз
Мұның төресін оңдап бере алмай,— дейді
Халық қай кезде де байқағыштықты, даналықты, білгірлікті дәріптей
білген. Аңыз-ертегілерде оларды әділдіктің туы ретінде, жақсылық үшін күрес
құралы ретінде ерекше ұтымды пайдаланып отырған,
Өмір тәжірибесінен керектілерін көңіліне тоқи отырып, асқан даналық
тұғырына көтеріле білетін қарапайым да әділ халық өкілдерін ағартушы
Жиренше шешен әңгімесінде жақсы танытады. Бұл аңыз-әңгімеде Жиреншемен
қатар, Қарашаш сұлу да асқан даналығымен оқшауланады. Қалай да Жиреншеден
құтылып, өзіне үйленуді ойлап жүрген пасық ойлы ханды Қарашаш сұлу қонаққа
шақырып, оған сүт-қай-мақтан ас береді. Берген тағамға жегеннен-ақ тойып,
риза болған хан бұл тағамның не екенін сұрайды. Сонда Қарашаш: — ...
дүниеде тамақтың асылы — адамның сүті болса керек, не үшін десеңіз — бала
бес-алты жасқа келгенше жалғыз емшек сүтімен күн көреді. Соның үшін өз
сүтімді сауып, осы қаймақты істедім,— деп, ханның санын соқтырып, оны өз
райынан біржолата қайтарады.
Ал Үнді әңгімесінде еті ұрланған үнді байқағыштығының арқасында
ұрының қолында қысқалтақ мылтығы бар екенін, бойының аласа, өзі қарт,
соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар екендігін жазбай танып айтып берсе,
Данышпан казы әңгімесіндегі әділетті қазы асқан ақылдылықпен әйел мен
ақша, кейін ат дауын әділ шешіп береді. Осы тұста айтылатын тағы бір
қызықты жәйт бар. Ы. Алтынсарин тек қазақ халқының ғана емес, Таяу және
Орта Шығыс, сонымен қатар Орта Азия халықтарының елге кең жайылған аңыз,
әңгімелерін пайдаланып, өңдеп аударып отырған. Бұл ретте Үнді, Данышпан
қазы әңгімелеріне қоса, Лұқпан әкім, Атымтай жомарт аңыз-әңгімелерін
және қанқұйлы Ескендір туралы жазылған Өсиет өлендерін атауға боладьі.
Ы. Алтынсарин Лұқпан әкім аңыз-әңгімесінде Арабтың аты аңызға
айналған данышпаны, дәрігері 'Лұқпанды надандық пен қараңғылықтың
күрескері, адам денсаулығының жанашыры, қамқоршысы ретінде көрсетсе,
Атымтай жомарт әңгімесінде арабтың тай тайпасынан- шыққан Хатымтайды
(Атымтайды) жомарттықтың, еңбексүйгіштік пен адал еңбек иесінің идеалы
ретінде суреттейді. Ы. Алтынсарин Ескендір (Александр Македонский)
тақырыбына да қазақ ақындарының ішінде алғаш келді. Оның Өсиет
өлеңдерінде Ескендірдің соғысқұмар, қанқұйлы бейнесі тамаша бір өлең
жолдары мен баяндалады.
Яғни, халық мұрасын өз творчествосына арқау еткен-сурет кер фольклор
тақырыбына тікелей баруды еш артық деп сана маған, қайта, қайсыбір жағдайда
қажет деп тапқан. Сондықтан өз шығармаларында халық өміріне терең үңіліп,
халық тағдырына жақын деген Шығыстың аңыз-әңгімелерін, ертегілерін тақырып
егіп алып, данышпандықты, еңбексүйгіштікті, гуманизмді жоғары қойып,
жаугершілікті, әділетсіздікті әшкереледі.
Ы. Алтынсариннің мұндай әңгімелерді іріктеп хрестоматиясына енгізуінде
де үлкен бір мән жатыр, ол—бір жағынан, даналықты, әділеттікті дәріптеп,
балалардың адамгершілігін шыңдау болса, екінші жағыған, территориялық
шектеуліліктен әрі кетіп, балалардың түсінігін, дүние таным шеңберін
кеңейту болды,
Ертегілер көбіне жақсылық пен жамандықтық, қайырымдылық пен
қастандықтың, әділеттік пен зорлықтың, бітіспес, ымырасыз күресі желісінде
құрылады. Алайда, ертегі әділеттік пен жақсылықтың жеңісімен аяқталып,
шындықтың өмір шең екендігін дәлелдеп отырады. Осындай ертегілер қатарына
Қарлығаш, Тазша бала, Алтын айдар әңгіме-ертегілерін атауға болады.
Мұнда да сол баяғы жақсылықтың жаулары айбатты айдаһар, залым сиқыршы,
ұсқынсыз мыстан кейпінде барынша жамандық жасауға тырысып бағады. Олар
бүтінді бөлшектеймін, барды өшіремін деп алысады. Бірақ әр кез жақсылықтың,
күні жарқырай береді.
Ауыз әдебиетінің қай жанрында болмасын еңбек және еңбекке құштарлық өте
жиі көрінеді. Бұл тақырып -- Ы. Алтынсарин әңгімелерінің де жетекші
тақырыбы. Еңбектің нәтижесінде ғана қара — ханға, қараңғы — данышпанға
дейін өсіп жатады. Олар жер бетінде кұмырсқадан бастап, адамзатқа дейнгі
аралықтағы тіршілік үшін күрес заңдылығын әрдайым есте ұстайды. Осындай бір
әңгімесіне Сәтемір хан аңыз-әңгімесін келтіруге болады. Сәтемір жеті
жасында жетім қалып, ұнжығасы төмен түскен сәтте тіршілік үшін тырбынған
құмырсқаны көріп, ойға қалады. Ақыры бос ойынды қойып, қалаға оқуға барады.
Сәтемір оқу оқып, асқан данышпан, айдай әлемге патша болады...
Әңгіменің, көбінесе осылай аяқталуы да ауыз әдебиетімен үндестікті
байқатады.
Классикалық әдебиетке көз тіксек, суреткерлердің қай-қайсысы болмасын
фольклор қазынасына бір соқпай кете алмаған. Небір шынайы көркем шығармалар
тудырған ақын, жазушылар халықтың тіл байлығын молынан пайдаланып отырған.
Мәселен, Ы.Алтынсарин шығармаларында сөздің негізі, мәйегі болар мақал-
мәтелдер жиі қолданылады Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сараланып
қалыптасқан, көлемі шағын болғанмен, аз сөзбен үлкен мағлұмат, қомақты ой
қорытындысын білдіретін ауыз әдебнетінің үлгісі болғандықтан да, ұлы
педагог-ағартушы Ы.Ы.Алтынсарин мақал-мәтелдерді белгілі бір тақырыпқа
жүйелей қолданып балалар ұғымына caй, олардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып іріктей ал-ган. Мұның өзі, біріншіден, халық мұрасына деген үлкен
ілтипат, ана тілінде деген зор құрмет болса екіншіден, Ы.Алтынсаринның
балалар қабілеті мол мүмкіншлііктерін жете білген нағыз ұлы педагог
екендігін аңғартады.
Қорыта айтқанда, Ы. Алтынсарин халық ауыз әдебиетін көркедіктің үлкен
де сұлу мектебі санады. Қарапайым қазақ халқы сұлулықты, әдемілікті,
жақсылықты табиғаттан, өмірден, адамнан іздеген болса, Ыбырай да осындай
бай қазынаны игере отырып, оны байытып, өңдеп өз творчествосына белгілі
дәрежеде арқау етті,
2. 3. Ыбырай шығармаларының тәрбиелік мәні
Ы.Алтынсариннің аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері
дәрежесіне көтерілуіне халық шығармашылығының, көне замандардан келе жатқан
бай ауыз әдебиетінің тигізген көмегі, әсер-ықпалы зор.
Өмір есігін аттаған сәби шағынан бастап Ыбырай халықтың сөз өнерін
қадірлеп, сөздің күші мен құдіретін көре, сезіне өседі. Әкесі Алтынсарыдан
ерте айырылып, атасы Балғожаның қолында тәрбиеленіп, ер жетеді. Балқожа
қазақтың арғы-бергі сөз өнерін, мәдениетін терең біліп, асыл байлығын
көңіліне түйіп, көкірігіне жинаған және оны өзінің ұзақ жылғы би, билік
қызметінде, тәжірибесінде бірден бір құрал етіп тұтынған адам. Ол шешен де
тапқыр, ақылды, ойлы адам ретінде көптің құрметіне бөленетін. Балғожа
айтып, тындырыпты деген неше түрлі шешімдер, даулы үлкен істер түйіндері
орыс ғалымдарының еңбектерінен жиі кездеседі.
XIX ғасырда көрнекті шығыстанушы ғалымдардың бірі, В. В. Григорьев
Балғожаны, Н. И. Ильминскийдің айтуына қарағанда айрықша бағалаған. Бұл
баға Балғожаның қолында қолында үлкен билік тізгіні болғандықтан ғана емес,
оның жеке басындағы көптеген қасиеттеріне де байланысты болса керек.Шешен
де өткір, қазақтың өткен тарихы мен кейінгі өмірін, ауыз әдебиеті мен
этнографиясын жақсы білген, орыс-қазақ тілдерінде бірдей алғыр, ұтымды
сөйлеген Балғожа Григорьев үшін жай әңгімешіл қарт ғана емес, қазақ өмірі
мен өнерінің жанды шежіресіндей қымба та қадірлі болғанға ұқсайды.
Петербургтың көп ғалымдары Шоқанның әкесі Шыңғыстан қазақ тарихы мен
мәдениетіне, әдебиетіне байланысты көптеген деректер жинатып алдырса,
Григорьевте Балғожамен сыйлас, қадірлес жылдарында одан қазақ өміріне
байланысты аз мағлұмат жинаған. Ал, 1858 жылдан 1860 жылдың май айына дейін
Орынборда әр түрлі қызметтерде болған Ыбырай өзге бір ортаға кезігеді. Ол
Григорьев пен Ильминский сияқты сол заманның көрнекті шығыстанушыларының
ортасы еді.
Ыбырай Орынбордағы болған аз уақытында осы адамдармен қызметтес болып,
етене араласады, көп нәрсе үйреніп, ең маңыздысы: өзі алдағы уақытта еліне
еңбек етуді өмірлік мақса етіп қояды. Ыбырайдың саналы ғұмырының жарқын
сәттерінің бірі – мектеп ашу ісі болды. Қараңғы қазақ даласына сәуле шашқан
ұлы ағартушы мектептері мынадай сатылардан тұрады: болыстық мектеп;
училищелер; қолөнер мектебі; ауылдық мектеп;
Ыбырайдың көзі тірі кезінде болыстық, қолөнер мектептері және
училищелері ашылды. Мектеп ашу ісі-Торғай даласын кеңінен қамтыды. Тек,
бір өкініштісі ауылдық мектеп кемеңгер дүниеден өткесін ғана ашылды. Ыбырай
қазақ халқы үшін ғана емес, орыс достарының арасында да тұңғыш мектеп
ашушы педагог ретінде есте қалды.
Ерекше атап өтетін жайттардың бірі – Ыбырайдың ғылыми еңбектері. Олар:
этнографиялық еңбектері (Орынбор ведомоствасы қазақтарының қыз ұзату, келін
түсіру және Орынбор қазақтарының ас беру және Орынбор қазақтарының ас беру
және жерлеу жайында); ғылыми еңбектері (Шарият-Ул-Ислам яғни
Мұсылмандықтың тұтқасы және Қырғыз хрестоматиясы) болды. Ы.Алтынсарин
мұрасының басым көпшілігі әдеби-көркем шығармалары болып келеді, алайда сол
өлеңдер мен көркем әңгімелерін ол тек педагогикалық мұрат-мақсатқа сәйкес
жазып жаратады, бұл жайт оның жазушылығы мен педагогтығының бір арнадан
бастау алатынын аңғартады.
Алтынсариннің ұстаздық, тәрбиелік қызметінің өзі негізіне жастарды өнер-
білім техниканы игеруге шақыру, сол арқылы қазақ даласын жайлаған
қараңғылық пен надандыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылады. Осы орайда
ол көркем әдебиеттің, әсіресе поэзияның әсер-ықпалын тиімді пайдалануды
қарастырады. Бұдан тыс автордың сан алуан аудармалары да Алтынсарин
қаламынан кейін құлпыра өзгеріп, сала береді, мұнай сипат оның бір топ
өлеңдері мен әңгімелерге жасаған өңдеу өзгерістеріне де айқын байқалады.
Ыбырайдың әйгілі оқулық-хрестоматиясы жоғарыда аталған міндеттерге
сәйкес жас буынды оқуға, өнер-білімді игеруге шақырады. Сондағы:
Бір құдайдың атымен, Кел, балалар, оқылық! атты өлеңде ақын оқу-
білімнің пайдасы мен қараңғылық-надандықтың зиянын салыстыра отырып
сипаттады. Ең алдымен, оқудың өмірдегі орнының аса зор екенін баса көрсете
келіп: Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдынан
Іздемей-ақ табылар!-
дейді де, ғылым-білімнің басты жауы қараңғылықтың мән-жайын ашып беруге
талап етеді: Надандықтың белгісі
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай.
Ақ қараны танымас,
Білім деген қажымас
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас!
Өлеңнің негізгі түйіні білімнің мәңгі өшпейтін жарық қазына екенін
айтып, оған ыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz