Отбасында баланың мерейі әке



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
а) Бала тәрбиесі
ә) Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
б) Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі
в) Халық педагогикасындағы сұлулық, сымбат тәрбиесі
г) Қазақ халқының салт – дәстүрінің маңызы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлім.
Халықтық педагогика туралы ұғым
Халық жазу сызуды білмеген, ғылыми мәдениетте мешел дәуірдің өзінде
де адамды еңбекке тәрбиелеу, отбасы тайпа беретін қоғам мүшелерінің бірлесе
атқаратын ортақ ісі болыпа келген. Осыдан келе әлде неше қоғам өмірінде
қалыптасқан халықтың тәрбюие жиынтығы халықтық педагогика туады. Халықтық
педагогика қазақ халқының сан ғасырдан бері, ата - бабадан қалған,
ұрпақтан – ұрпаққа өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі баланы
азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Теркең маңынада ол
адамды зерттеу, танып білу жөніндегі ғылым. Халық педагогикасы бір
ұрпақтан бір ұрпаққа беріліп, дамып, жетіліп отырады және бай тәжірибелер
мен тәрбие жөнінде жинақталады. Халық педагогикасының негізгі көзедері
мақсаты, өздерін бұрын өмір сүрген, аға буынның, тәрбие жөніндегі,
тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге білім алуды
үнемдеуге өзінің елін, отбасын, отанды сүюге қорғауға, адамгершілік
қасиеттерге баулуға тәрбиелеген. Адам баласы өмірге келгеннен бастап,
үздіксіз тәрбие құшағында болады. Халық педагогикасы ғасырлар бойы
қалыптасып, дамып озық үлгілері келешек ұрпаққа жеткен педагогиканың түрі.

Қазақтың халықтық педагогикасындағы тәрбиенің басты қағидалары
адамгершілік, бауырмалдық туыстық қайрымдылық болып саналған. Этнос грек
тілінен тайпа, халық деген сөзден шыққан. Ғылымда халық терминнің
орнына этнос термині қолданыла бастады. Бұл термин этностың бұрынғы тарихи
түрі, тайпа, ұлт ұғымын қамтиды. Әлемдегі аз және көп халықтардың өз этносы
бар. Себебі: әр халықтың ана тілі, салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптары, халық
ауыз әдебиетнің түрлері, ұлттық ойындары бар. Кейбір халықтардың жергілікті
географиялану жағдайлары да өмір сүруіне байланысты этностары ұқсас болып
келеді. Мысалы: қазақ пен өзбек, қырғыз бен қазақ т.б. Халық педагогикасы
мен ұзақ жылдар бойы айналысып келе үлес қосқан Г. Е. Волков ол алғаш рет
этнопедагогиканы енгізді. Этнопедагогика халықтың жасұрпақ тәрбиелеу
тәжірибесі туралы олардың педагогикалық көзқарастары туралы ұғым. Этникалық
педагогика тарихи жағдайларда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді
зерттейді. Қазақ отбасындағы тәрбиелісін ғалым Ахмет зерттей отырып,
негізінен сегіз түрлі мәселені қамтыған.
1.Баланы әдептілікке үйрету. 2. Баланы қайрымды, иманды, мейірімді болуға
тәрбиелеу. 3. Тіл алғыш елгезек болуға тәрбиелеу. 4. Адал шыншыл болуға
тәрбиелеу. 5. Ақпа құлақ болмай, құйма құлақ болуға үйреткен. 6. Үлкенді
ата – ананы сыйлап құрметтеу. 7. Кісінің айыбын бетіне баспау, орынсыз
сөйлемеуге үйреткен. 8. Ел қорғаған батыр бол, халқыңа қызмет ет деп қазақ
халқының арасында баланы тәрбиелеуге аса мән берілген. Бала тәрбиесін, оның
жас кезінде бастаудың дұрыстығын табиғатпен қоян - қолтық өмір сүрген
аталарымыздың баланы жастан тәрбиеле деп қалдырған ұлағатты нақылы бар.
Бұл атаның келешек ұрпағы, әділ отбасы үшін бала тірбиесіндегі тіректі
белгі болып саналған. Тәрбие беруде отбасы, әжесі әке – шешесі, інісі,
ағасы, жеңгесі, т.б. ақтысқан. Бала жарық дүниеге келгеннен кейін тәрбие
жолы күрделене түседі. Жас нәрестені қырық күндік тәрбие процессіне алу, ат
қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кезу, тіл дамыту процессі, атқа
мінгізу т.б. рәсімдерді халық әрқайсысын өз дәрежесінде дәстүрлі жолмен
атқарып отырған. Бұл дәстүрлердің барлық кезеңдерінде кәсіби еңбек түрлері
белсене қызмет көрсетіп отырған. Мысалы: тұсау кесуде жіп, қайшы, бала
киімдері, түрлі тағамдар түрлері. Тағы бесікке салудағы барлық заттар мен
бесіктің құрамдары кәсіби еңбектің жемісі, халық дәстүріне толық ажар
беріп, көркемдеп отырады. Халықтық педагогиканың үздіксіздігін айқындай
түсу үшін халық өміріндегі күнедікті кездесіп жүрген құбылысты затты кәсіби
еңбек туындыларын және кәсіби еңбектің балалар үшін басталу кезеңін жас
баланың тіл дамыту және сан есебін үйрену, ойлау қабілетін дамыту
поцессінің арналған интегралды әдістемеге арнап шығарған. Жұмбақ -
тақпақты мысалға келтіріп кетейік:

Бір дегенім- белек.
Екі дегенім – елек,
Үш дегенім үсік
Төрт дегенім – төсек
Бес дегенім – бесік
Алты дегенім – асық
Жеті дегенім – желке
Сегіз дегенім – серке
Тоғыз дегенім – тоқа
Он дегенім – оймақ
Онбір қара жұмбақ.
деп, халық бір мен он санының аралығына, баланың он жасқа келгенше оған
өмірде кездесетін кезеңдер мен тәрбиелік әдістемелерді сыйғызған. Осындай
тәрбиелік мәні мол жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, тақпақтарды, аңыз-
әңгімелерді, ертегілерді айтып бала құлағына, сезіміне құя берген,
жаттатқан.
Онбір қаралық жұмбақта халықтың баланы үш жасында атқа мінгізіп, он жаста
ата-анасымен қатар отырып, саусағына оймақ киіп, шеберлер қата-рында кәсіби
еңбекке араласуы айқын келтірілген. Баланың қалған ұзақ өмі-рінде оларды
халық үздіксіз тәрбиелік жұйеге, ата-ана кәсіптеріне, салт-дәс-түрлерге,
әдет-ғұрыптарға, кәсіби еңбек шеберлігіне толық араластыра отырып, үздіксіз
тәрбие жүйесіне алып отырған. Сонда да болса халық жастардың келешегін
кеңге салып Жігітке жетпіс өнер де аз, Еңбек ер атандырады деп, олар
ақсақалды сары тісті болғанша өнер мен еңбекке бағыттап, келешегін болжап
беріп үздіксіз тәрбиелік жүйеге баулыған.
Ата – ана отбасындағы жетекші тұлға. Әр отбасының қалыптасқан салт –
дәстүрі болады. Қазақ отбасында бала тәрбиесі мен барлық отбасы
шұғылданған. Ата - ананың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Отбасы – отанымыздың ошағы
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Жанұя
Пәндер