Допты тебу


Футбол жер бетінде ең кең тараған және ең сүйікті спорт ойындарының бірі деп бекерден-бекер айтылмаган. Споршылар мен жанкүйерлерді футболдың карапайымдығы мен тартымдылыгы, ойыншылардың шеберлігі мен қиыннан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады.
Қазіргі футболдың тарихы ерте замандардан басталады. Футболға ұқсас ойындарды ежелгі дүние мен ертедегі шы-гыс елдерінде біздің жыл санауымызга дейін де ойнағаны белгілі болған. Ойынның атауы агылшынның «фут» - «аяқ» және «бол» - «доп» деген сөздерінен шыққан. Қазіргі футболда қолда* нылып жүрген ережелер осыдан 100 жылдай бұрын шық-ты және ешқандай өзгеріске ұшырамады десе де болады. {
Футбол ойыны жылдамдықты, икемділікті, шыдамды*; лықты, қимыл-қозгалыстың үйлесімділігін дамытады.
Ойынның негізгі ережелері. Футболды әрқайсысыщщ 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын үзындығі^ 100-110 м, ені 60-75 м болатын тік төртбүрышты тегіс көгалдарда өткізіледі.
Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысын-да өздерінің таңдап алган шабуылдау және қорганыс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техника-лық-тактикалық тәсілдер мен қимылдарды пайдалана оты-
рып, қарсыластарының кақпасына көбірек доп согуды, со-нымең бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
Ойыншыларга алаңда қолын допқа тигізуге тыйьш са-лынады. Допты колмен ұстауга немесе кагуга тек кақпа-шының гана айып алаңның шегінде еркі бар.
Ойынның үзақтыгы - әрқайсысы 45 минут болатын 2 ке-зеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзактығы, ойын-шылардың саны, жасы және дайындыгына байланысты өр түрлі болады.
Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы. Доппен айла-тәсілдер жасау - футболдың негізгі мәні. Футболшы-лар ойнай жүріп допты алып жүруден, токтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.
Футболшының алаңда алга қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанга қарай ауыса білуі, жақсы секіруі, өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алуы қажет.
Допты тебу. Допты тебу - футболдагы негізгі ойын тө-сілі. Аяқпен тебу бір орындагы және қозғалыстагы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, аяқтың орта, сыртқы, ішкі үстімен, ұшымен, өкшемен, санмен согу аркылы жүзеге асырылады. Допты согу арқылы қарсыластардың қакпасына доп енгізіледі, се-рігіне беріледі.
Футболшылар допты аяқпен және баспен согады.
Допты табанның ішкі жагымен согу - барлық согулар-дың ішіндегі нысанага дәл тигізу үшін ең қолайлысы.
Орнында тұрып сокканда денені доптың үстіне қарай еңкейтіп, тебетін аяқты артқа қарай сілтеу қажет. Мүндай соққыны екпін алып орындауға да болады. Допты тепкегі де негізгі күш доптың төменгі шетіне түсетін болса, ол жо ғары қарай шыр айналып ұшады. !
Егер аяқтың алқымымен соғу ыңгайлырақ болса, онді допты аяқ басының ортасымен, ішкі, сыртқы алкымымеЦ' согуға болады.
Алқымның ортасымен согу доптың ұшу шапшаңдығыі на әсер етеді. Ол екпін алганнан кейін орындалады. Сал* мақ түсетін аяқ доптың жанына қойылады. Тебетін аяктыв([ ұшы жазылады. Согу кезінде тебетін аяк жерге тимес үшін* ойыншы салмақ түсетін аягының үшына көтеріледі.
Алқымның сырткы бөлігімен еогу үшін сілтеу кезіндё тебетін аяқтың үшын ішке қарай бұру керек.
Алқымның ішкі бөлігімен соғу - ең көп тараган әдіс. Ол алқымның орта бөлігімен тепкендегідей болады. Бірақ согу-дың дәл алдындагы кезеңде аяктың үшын допқа бағыттайдьі. 1
Допты тебудің барлық күші сілтеу күшіне және тебетій! аяқтың кимылының шапшаңдыгына байланысты болады*
Допты тоқтату. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне жөне допты беру, алып жүру, қақпага соғу се- кілді алдагы ойын іс-әрекеттерін жалгастыруына мүмкін-^І дік береді.
Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының аягынан кері серпіліп кетпеуі.
Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жагымен тоқтатқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқта-татын аяқ шамалы гана ілгері шыгарылады да, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доп-тың инерциялық күші азайып, тоқтатылады.
Домалап келе жатқан допты табанмен тоқтатқанда доп-ты қабылдайтын тізе буынынан бүгілген аяқ допқа қарай шыгарылады. Аяқтың үшы көтеріңкі, өкше жерден 5-10 см биіктікке көтерілген қалыпта болады. Доппен түйіскенде қабылдаушы аяк артқа карай шегеріледі, сөйтіп доптың инер-циялык күші азайтылады.
Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты табанмен де, табан-ның ішкі жагымен де тоқтатуға болады.
Допты алып жүру. Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық багыт-та алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
Допты тартып алу - ете күрделі тәсіл. Қарсыластан доп-ты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап ба-суды, тез жетуді және басқа да тәсіл-дерді қолдануға болады.
Қақпашының ойыны. Қақпашы -командадагы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдагы ойыншылар-дың негізгі тәсілдері мен допты қагып алу, кагып жіберу, ойынга косу тәсілдерін жақсы білуі керек.
Жогарыдан ұшып келе жатқан допты секіріп барып ұстарда кақпашы секіру-мен бір мезгілде саусақтарын кең жазып, қолын жоғары созады. Доп қолдың сау-сақтарына тиген мезетте ойыншы оны қыса ұстап, кеудесіне қарай тартады.
Кеуде тұсында ұшып келе жатқан
допты ұстаганда аяқтың ұшына көте-
рілуі керек немесе ол белдің деңгейіне
келу үшін аздап секіру қажет. Ал ұс-
таганнан кейін оны өзіне қарай қыса тартады.
Егер доп төмен ұшса, онда отырып, ішке тиген кезде оны қолмен қүінақтап алу қажет. Бұл жагдайда доп аяк арасы-нан өтіп кетпейтіндей етіп біріктіріп ұсталады.
Егер доп жермен домалап келе жатса, онда аяқты бүгіп ең-кейіп барып оны алга қарай ашылган қос қолмен ұстау керек.
Егер доп қақпашыны жанап домалайтындай болса, онда допқа қарсы қадам жасап, екінші аяқты қатты бүгіп, бірінші аяқтың табанының жаньша тізерлеп отыра кету керек.
Егер доп қақпашыдан қашықтау үлкен жылдамдықпен үшып бара жатса, онда қақпашы доп багытына қарай ұмты-ла секіріп барып кұлау арқылы ұстайды. Жерге әуелі бал-тыр, сан, кейін кеуде бүйірі, иық және доп ұстаган қол тиеді.
Допты ұстауга үмтылганда қате жіберіп қоятындай қауіп болса, онда жұдырықпен үрып қайыру тиімді болмақ. Екі қолмен қайырган дүрыс, бірақ бүл ыңгайсыз болса, бір қолмен қайыруга да болады.
Допты ойынға қосу. Допты ойынга қақпашы әр түрлі тәсілмен қоса алады. Соның бірі - ілгері қарай екі-үш адым жүгіріп шыгып, допты сәл алға қарай лақтырып, оны аяқ-тың алкымымен тебеді.
Ойынға допты қолмен жогары, жанга және төмен лақ-тырып қосуга да болады. Егер қақпашы допты ойынга қол» мен қосса, ол өз ойыншысына дәл тиіп, қарсы жаққа жыл-дам шабуылдауға мүмкіндік береді.
Допты ирелеңдетіп алып жүруді бастапқыда 6-10 м қашықтық аралыгында үйренген жөн. Ол үшін бір аяқтың ішкі жанымен немесе екі аяқты кезек алмастырып жай екпінде тура алып жүруден бастау керек. Кейіннен мұны күрделендіре берген жөн. Допты солға қарай алып жүрген-де сол аяқтың сыртқы жанымен, оңға қарай алып жүрген-де оң аяқтың сыртқы жанымен теуіп алып жүріп үйренуге болады. Жогарыда айтылган тәсілдердің меңгерілу сапа-сына қарай шапшаңдық пен багытты өзгерте отырып, түрлі тәсілдермен алып жүруге дагдыланган дүрыс.
Ойыншылардың қозгалысы мен әдіс-тәсілдері
Алаңдагы ойыншылар көптеген ойын әдістерін жөне әр түрлі қозғалыс тәсілдерін пайдаланады. Оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жүру, алып өту, допты тартып алу - негізгі әдіс-тәсілдер. Сонымен қатар допқа ие болу тәсілдерінің бір түрі - допты қолмен ойынға қосу (ойын тәртібі бойынша доп бір бүйірден алаңның сыртына шық-са) . Футболшы алаңда орындайтын міндетіне байланыс-ты ойын тәсілдерінің әр түрін пайдаланады. Бұл төсілдер ойын барысында аяқпен және баспен әр түрлі жардайда орындалады.
Допты тебу - футбол ойынының негізгі тәсілі.
Үру және тебу тәсілдерінің негізгі міндеті - доп ұшкан кездегі ұшу багыты мен ұшу жылдамдыгын сактау. Үшу жылдамдығы (ең жогары жылдамдық) тебу күшіне байланысты.
Допты аяқпен тебудің түрлері: табанның ішкі жагымен, сыртқы жагымен, ортасымен және табанның сыртқы қыры-мен, табанның ұшымен, өкшемен тебу. Қозшлыссыз жатқан допты, домалап келе жатқан немесе ұшып келе жаткан допты әр түрлі багытта, бір орында, қозгалыс үстінде, секіріп, айна-лып және құлап бара жатып тебуге болады.
Үру және тебу тәсілдері көп болғанымен, оларды жан-жақты іріктеп қараганда, олар бірнеше негізгі қозгалу кезеңдерінен тұратынын байкауга болады.
Дайындалу кезеңі - тебетін аякты сілтеу және жерге тірейтін аяққа салмақ салу. Жүгірудің ақырғы адымында кейінгі аяқпен серпілген кезде ең маңызды соңгы кезең -тебетін аякты сілтеу кимылы орындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz