Физиканы оқыту әдістерінің классификациясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
КВАНТТЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
ОӘК кафедраның отырысында талқыланды: «Бекітемін»
«25 қыркүйек. 2007 ж. Хаттама №1. ФМф деканы, доцент
Каф. Меңгерушісі М. Ж. Бекпатшаев
ОӘК ФМФ -нің оқу-әдістемелік «» 2007ж.
Кеңесінде мақұлданды:
« » 2007ж.
Оқу-әдістемелі Кеңес төрайымы:
« Физиканы оқыту әдістемесі мен технологиясы » пәні бойынша
050110 - физика мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Алматы, 2007
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне арналған 010110 - ФИЗИКА мамандығы бойынша “ Физиканы оқыту әдістемесі мен технологиясы ” пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Құрастырған: Акитай Балқия Естібайқызы педагогика ғылымының кандидаты
ОӘК түйіндемесі:
Физика пәндерін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарынада болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті физиканы оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды. «Физиканы оқыту технологиялары мен әдістемелері» пәнінің негізгі міндеттеріне;
- студенттердің орта және жоғарғы оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология - педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;
- физиканы оқытудың принциптері мен әдістері;
- пән бойынша оқу жоспарын жасау, кәсіптік оқу орнының түріне қарай материалдарды таңдап, әдістемелік тәсілдерді қолдану жатады. Жоғары оқу орынындағы физика әдістемесінің міндеті- студенттерді оқу процесінің қазіргі заманғы құралдарымен және жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.
Ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше оқып, керекті тәжірбиелер мен түрлі көрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп көрген соң семинарлық сабақтарда студентер өз тобының алдында берілген тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік ойын сабақтарын өткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде тақтадағы салынған суреттердің сапасына, демонстрациялық тәжірбиелердің техникасы мен әдістемесіне оптикалық проекцияны қоя білуіне есептерді таңдай біліп және оларды шығарылу сапасына, техникадан қажетті мысалдарды пайдалана білуіне көңіл бөлу керек.
Пән Силлабусы
1. Пән туралы ақпарат
3-курс
5-семестр
2. Курстың қысқаша сипаттамасы.
Физика пәндерін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарынада болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті физиканы оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды. «Физиканы оқыту технологиялары мен әдістемелері» пәнінің негізгі міндеттеріне;
- студенттердің орта және жоғарғы оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология - педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;
- физиканы оқытудың принциптері мен әдістері;
- пән бойынша оқу жоспарын жасау, кәсіптік оқу орнының түріне қарай материалдарды таңдап, әдістемелік тәсілдерді қолдану жатады. Жоғары оқу орынындағы физика әдістемесінің міндеті- студенттерді оқу процесінің қазіргі заманғы құралдарымен және жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.
Ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше оқып, керекті тәжірбиелер мен түрлі көрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп көрген соң семинарлық сабақтарда студентер өз тобының алдында берілген тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік ойын сабақтарын өткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде тақтадағы салынған суреттердің сапасына, демонстрациялық тәжірбиелердің техникасы мен әдістемесіне оптикалық проекцияны қоя білуіне есептерді таңдай біліп және оларды шығарылу сапасына, техникадан қажетті мысалдарды пайдалана білуіне көңіл бөлу керек.
3. Пән пререквизиттері.
Студенттер «Фиизиканы оқыту технологиялары мен әдістемелері» пәнін оқып үйрегенде жалпы және теориялық физика курсына, пелагогика және психология, математикалық модельдеу және программалау пәндеріне сүйенеді.
4. Пән постреквизиттері.
Педагогикалық практика
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
Ап
т
а
Аудиториялық
сабақтар
Барлығы (сағ. )
6. Оқытуға арналған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- А. И. Бугаев. Методика преподавания физики в средней школе. - М, 1981
- С. Е. Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Общие и частные вопросы. - М. : Академия, 2001.
- Мастропас З. П., Синдеев Ю. Г. Методика и практика преподавания. - Ростов н/д. : Феникс, 2002.
- Құдайқұлов М. А., Жанабергенов К. Ж. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. - А. : Рауан, 1998.
- Акитай Б. Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. А. Қазақ университеті. 2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Школьные учебники. Физика для 7, 8, 9, 10 классов.
2. В. Н. Мощанский. Формирование мировозрения учащихся при изучении физики. - М. : Просвящение, 1989.
3. Л. И. Ерунова. Урок физики и его структура при комплексном решений задач обучения. - М. : Просвящение, 1989.
4. Школьникам о современной физике. - М, 1990. Составитель В. Н. Руденко.
5. Педагогический поиск. 1987 г. С. Н. Лесенкова, В. Ф. Шаталов, Ш. А. Амонашвили и др.
6. Физика и научно- технический прогресс. / Ред. А. Г. Глазунова и др. М, 1988г.
7. Бағалау саясаты
Баға
(ең үлкен ұпай)
8. Оқытушы саясаты ( студенттің этикасы ) .
Бекітілген ережелер бойынша студенттің үш қана сабаққа қатыспауына болады. Егер студент үштен артық сабаққа қатыспаса (себепсіз), оқытушы оған оқу пәніне одан ары қатыспайтынын ескертеді.
Сабаққа кешігіп келу немесе сабақтан ерте кетіп қалу бір сабаққа қатыспаған болып есептеледі. Ұялы телефондардың барлығы өшірілген болуы тиіс. Студенттердің өзіндік жұмысы 1-3 аптада, 8-9 аптада беріледі. СӨЖ қабылдау 8 және 15 аптадан кешіктірілмеуі керек. Одан кейін жұмыс қабылданбайды.
1-ДӘРІС.
Тақырыбы: ФИЗИКА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПӘНІ.
Мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі шешетін мәселелері: неге оқытады, не үшін оқытады, қалай оқытады? Физиканы орта мектеп курсында оқытудың негізгі міндеттері мен мақсатын түсіндіру.
Жоспары: І. Физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері: берік білім беру; қабілеттілік пен дағдыларды меңгеру; политехникалық білім беру мен іскерлікке баулу; сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру; ойлау мен таным қабілеттілігін арттыру; патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеу.
2. Физика курсын құру жүйесінің мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
3. Қазіргі кездегі мектеп курсындағы физиканы оқыту бағдарламасы.
- Физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Мектепте білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқынына шешуші ықпалын тигізетін және азамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде анықталады.
Физиканың табиғатты танып білуде, философияда, қазіргі кездегі техниканы танып білуде, сонымен бірге химия, биология, география астрономияда алатын орны ерекше. Сондықтан да физика мектепте политехникалық білім беретін пән болып табылады.
Бірнеше ғасырлар бойы физика математиканы тек өзінің есептерін шешу үшін пайдаланып келсе, енді физиканы пайдаланып математиканың сан алуан есептерін шешетін информатика-электрондық техника өсіп жетілуде. Басқа ғылымдармен тығыз байланысына қарай ғылымның жаңа салалары - астрофизика, биофизика, геофизика, космонавтика т. б. ғылымдар дамып келеді. Мектеп физикасы айналамыздағы дүниені танып білумен қатар дамытушылық және тәрбие беру қызметін атқарады. Сонымен физика пәнінің орта мектеп курсында алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Физика және астрономия» пәнінде физика курсының барлық бөлімдері қамтылған, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп аяқталған курс болып табылады. Мұнда оқушылардың болашақ мамандығына байланыссыз, физика ғылымының негіздері және оның қолданылуы берілген іргелі білім жүйесін қамтамасыз ететін базалық (негізгі) курс болып табылады.
Ал, 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша оқытылады. Бұл жаратылыстану, физика-математикалық, техникалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсы болуы мүмкін.
Мектепке арналған физика курсының мазмұнына орай бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты: оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғамдағы және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның әлемге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға болатын ебдейліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Осы мақсаттар жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқылатын 7-9 сыныптарға арналған бағдарламалардағы келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
- материяның біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың қолдану шегін көрсету;
- физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялардың элементтері, тәжірибеден алынған деректер, физика мен астрономияның зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру;
- оқушылардың айналасындағы әлемді тануын дамыту, дүниенің физикалық бейнесін және ондағы адамның алатын орны жайындағы көзқарасты қалыптастыру;
- оларда ғылымда ашылған мәліметтерді түсіне білуге, білімдерді өз бетінше меңгере және алған білімдерін қолдана білуге үйрету, өз бетінше әр түрлі физикалық құбылыстарды бақылап, зерттеулер жүргізуді қалыптастыру;
- қоршаған ортаға бейімделетін жеке тұлғалық қарым - қатынасты меңгерген, қазіргі кездегі технологиялық дамыған ортада жеке басы үшін маңызды мәселелерді шеше алатын, этикалық және құқықтық нормаларды игеруді қалыптастыру;
- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу;
- ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының негізі мен өндірістің ғылыми негіздері жайлы білімдерді қалыптастыру болып табылады.
Бұл міндеттер мектепте физика және астрономия курсы мазмұнының құрамы мен құрылымын жаңадан қарауда шешіледі. Ал бұл жалпы қажетті білімнің базалық деңгейінде беріледі.
Орта мектеп курсындағы физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері мынаған саяды:
1. оқушыларға берік, толық білім беру - физикалық құбылыстар, негізгі заңдар, физикалық теориялар, басты тәжірибелер мен фактілер, заңдар мен құбылыстардың шығу тарихын, физиканы зерттеу әдістері және олардың өмірде қолданылуы;
2. қабілеттілік пен дағдыларды меңгеру - физиканы оқытуда оқушылардың өз беттерімен шығармашылық түрде ойлауын дамыту, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру (мысалы: зертханалық жұмыстар) ;
3. политехникалық білім беру мен іскерлікке дағдыландыру - оларды қоғамда пайдалы еңбекке баулу, физикадан алған білімдерін өмірде іске асыруын, мамандық таңдауға көмектесу;
4. сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру - басқа пәндермен байланысын пайдалана отырып (мысалы: химия, астрономия, география, биология т. б. ) физика пәніне оқушылардың ынтасын арттыру;
5. ойлау мен таным қабілеттілігін дамыту - яғни, диалектика-материалистік танымын қалыптастыру, физикалық құбылыстардың материялдығын (мысалы: магнит, электр өрістерінің) құбылыстар мен заңдардың байланысының объективтілігін (шындығын), табиғатты тануда заңдылықтарды оқып-біліп, оны қолдана білу, қандай да болсын жаратылыстан басқа күштің жоқтығын, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптастыру;
6. патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеу, біздің қоғамдағы физика пәнінен алған білімдерін тек адамзаттың бақытты өмір сүруіне жұмсауын, халықтар арасындағы достыққа, эстетикалық тәрбие мен еңбекке баулу.
Осы айтылған мақсат пен міндеттерді негізгі пән физика және оны оқыту әдістемесі, педагогика, психологияны бір-бірімен байланыстыра отырып қана шешуге болады.
- Физика курсын құру жүйесінің мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
Орта мектеп пен кәсіптік-техникалық оқу орындарында физиканың негізгі бөлімдері оқытылады. Ол қазіргі талапқа сай және қарапайым болуы керек. Қазіргі кезде техника мен ғылымның күрт дамып алға басуына байланысты, мектепте алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай, сонымен қатар ол көпшілікке түсінікті қарапайым, меңгеруге оңай болуы қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, физикадан орта мектеп курсының білім жүйесі мына талаптарға сай болуы тиіс: 1) қазіргі ғылыми түсініктерді, ұғымдарды қалыптастыру; 2) негізгі физикалық заңдар мен теорияларды танып-білу; 3) физикалық әдістерді түсіну; 4) кәсіптік-техникалық бағдар беру; 5) оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; 6) диалектика-материалистік көзқарасын қалыптастыру.
Физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын бірден-бір іс қағазы - бағдарлама. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, ал оқытушылардың оқушыларға қандай білім беру керектігін анықтайтын іс қағазы. Ал, физика кітабын жазатын авторлар да осы бағдарламаға сәйкестендіріп жазады. Бағдарлама мемлекеттік іс қағаз болып табылады. Оны орындау міндетті және де бұл барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына байланысты, оның техника мен өндірісте қолдануына қарай бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Қазақстанның егемендік алуына байланысты 2000 жылы Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы «Физика және астрономия» бағдарламасын жасады. Міне осы өзгерістерге байланысты физика курсын құру мүмкіншіліктеріне көңіл қойған жөн. Физикадан оқу материалдарын таңдап алған кезде мына жағдайлар:
- оқушылардың жас ерекшеліктері мен ғылыми түрде түсіндіру сәйкестігі және жүйелілігі;
- мазмұнның қазіргі кездегі ғылымға қайшы келмеуі және оның әдіснамалық бағыттылығы;
- қазіргі кездегі ғылымға сәйкестігі - теория мен практиканың арасында алшақтық болмау;
- физиканың басқа пәндермен байланыстылығы ескеріледі.
Физиканы оқыту әдістемесінің тарихында, біздің елімізде төрт түрлі өзгеріс болды: сызықты, шеңберлі, сатылы, күрделі шеңберлі.
Физика курсының сызықты түрдегі құрылымы - мұнда әрбір физика бөліміндегі материалдар толық оқытылып, онан кейін қайталанбайды. Сырт қарағанда мұндай құрылым дұрыс болғанымен, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, психологиясы ескерілмейді және дидактика талаптарын қанағаттандырмайды.
Өткізілген педагогикалық экспериментке қарағанда кейбір қиын физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды түсіну үшін бақылап және тәжірибе жасап көріп, сонан кейін ғана қиын заңдылықтар қалыптасатыны дәлелденді. Мысалы: төменгі сынып оқушылары алдымен механика бөлімін, ондағы кинематика мен динамикадағы қиын заңдылықтарды оқып үйреніп, одан кейін жоғарғы сыныптарда оңай сұрақтарды жылу құбылыстарын, электрлік құбылыстарды оқуына тура келген болар еді. Оның үстіне сызықты түрдегі құрылымды оқыту кезінде математикадан да арнайы дайындықты керек етеді .
Физика курсының шеңберлі құрылымы - мұнда керісінше физиканың барлық бөлімдері 2 реттен қайталанып оқытылды. Бірінші шеңберде физиканың барлық бөлімінің ең қарапайым ұғымдары, ал екінші шеңберде физиканың барлық бөлімі, соның ішінде бірінші шеңбердің материалдары да бар. Екінші шеңбердің материалдарында, біріншімен салыстырғанда физикалық теориялар кең қамтылған, математикалық есептеулер қолданылып және жалпылау, абстракциялау кең қолданылады.
Бұл құрылымның жақсы жағы барлық материалдар ең алдымен қарапайым болып бірте-бірте қиындауында, ал кемшілігі бір оқытылған материал қайталанған кезде оған деген оқушылардың қызығушылығы кемитіні.
Физика курсының сатылы құрылымы - осы екі құрылымның жақсы жақтары, сызықты құрылымнан материалдың жүйелі түрде берілуі, шеңберлі құрылымнан оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілуі алынып жасалынған. Бірінші сатыда 7-8 сыныптарда физиканың қарапайым элементтері оқытылды. Бір рет оқытылған материал қайталанбайды. Мысалы: гидростатика элементтерімен 7-сыныпта, ал гидродинамика және тізбек бөлігі үшін Ом заңы 8- сыныпта, ал толық тізбекке арналған Ом заңы 9-сыныпта ғана оқытылады.
Екінші сатысында 9-11 сыныптарда механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, атомдық және кванттық физика бөлімдері оқытылған.
Қазіргі кездегі талаптарға сай жағдай түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша оқытылады. Осы жағдайларға байланысты жаңа бағдарламалар дайындалды.
Физика курсының күрделі щеңберлі құрылымы - жаңа бағдарламаға байланысты 7, 8 және 9 сыныптарда физиканың барлық бөлімдері толық қамтылып оқытылады. Бұл бүгінгі күн талабына сай базалық білім мазмұнын береді, ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға негізделген. Мұнда физика мен астрономия пәндері интеграцияланған болып табылады. Бірінші шеңбер 7-9 сыныптар негізгі мектеп, екінші шеңбер бағдарлы мектепте оқытылады.
«Физика және астрономия 7-9» курсының бағдарламасы әр сыныпқа сәйкес 2+2+2 апталық сағат санына есептелген. Курстың негізгі мазмұнын қоршаған әлемнің жалпы сипаттамасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әртүрлі құбылыстары, негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтерді құрайды. Оқушылар әлемдегі физикалық заңдардың байқалуын және оларды адамның практикалық әрекеттерінде қолданылуын түсінуі тиіс.
Оқушылардың жас ерекшелігі физика мен астрономияның базалық курсының құрылымымен адамды Әлемнің бір бөлшегі, әрі оның зерттеушісі ретінде, жалпы танып-білуден атом, ядро, қарапайым элементар бөлшектерге дейін танып-білуге мүмкіндік береді.
Екінші шеңберде 10, 11 сыныптарда бағдарлы мектепте түрлі бағдарламаға сәйкес физиканың негізгі бөлімдері қайтадан оқытылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz