Физикадан есептер шығару


Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Физика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Зерттеу жұмысының өзектілігі Физика пәнінің табиғатта алатын орны ерекше. Есепті шығару белсенді танымдық процесс. Есепті дұрыс шығарудың басты шарты оқушылардың физика заңдылықтары мен шамалары туралы білімі, сондай - ақ өлшем бірліктері жайлы жеткілікті түсініктердің болуы. Оқушылардың математикалық дайындықтары да маңызды болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
-оқушылардың қызығушылығын арттыруда шығармашылық есептердің мүмкіндігі анықталып, олардың классификациялануы іске асырылды;
-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер жасалды;
-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалды;
-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы бұл дипломық жобада ұсынылған қозғалыс теориясы, оған есептер шығару туралы ақпарат алатын мұғалімге көмекші құрал есебінде пайдалануға болады және «Физика пәнін оқыту әдістемесі» курсында студенттерге пайдалы, әдіснамалық қосымша құрал есебінде пайдалануға болады.
Дипломдық жобаның мақсаты қазіргі таңда физиканы оқытуда физикалық заңдарды есептерді шығаруда қолдану және есеп шығара отырып оқушылардың пәнге деген қызуғушылығын арттыру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті Механика және молекулалық физика тарауларына есептер шығару жолдарын түсіндіру.
Зерттеу объектісі - егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.
Теориялық негізі физикадан есептер шығару жолдарының теориясын оқып үйрену және оны қолдану.
Әдістемелік негізі физикадан есептер шығару әдістеріне тоқталу, оларды физикадағы әр түрлі есептерді шығару барысында қолдану.
Практикалық база Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Институттың ақпараттық кітапханалық кешені, қалалық кітапхана.
1. Физикадан есептер шығару
- Эксперементтік есептер шығару әдістемесі
Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперементтің маңызы зор.
Физика сабақтарында оқушылардың эксперементтік жұмыс дағдысын, шығармашалақ қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады.
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашалық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге мектепте сабақтаға белсенді бірде-бір тұлға - оқу материалын түсіндіруші мұғалім, ал оқушының рөлі тыңдаумен, оқумен және оны білімді тексеру кезінде қайта айтып берумен шектеледі. Шығармашылық үрдістегі басты мәселе - есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік арқылы жеңу. Толғандыратын мәселе (есеп, зертханалық жұмыс, эксперементтік тапсырма, т. б. ) оны толық билеп, күші мен назары соған ауады. Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да, оның сана түкпірінде осы мәселенің шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы шығармашылық қызметтің тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта немесе одан да көп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы маңызды. Шығарамшылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады. Шығармашылық қабілеттерін тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Эксперементті жүргізудің дидактикалық құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер [1] .
Мұғалімнің үйге эксперементтік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреде (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.
Үй тапсырмасына эксперементтік тапсырмалар беру оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады.
Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау) .
Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру) .
Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау) .
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т. б. ) [1] .
Физикалық эксперементтік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін эксперементтік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
- Тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
-Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
- Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіі (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр - дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау) ;
- Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының - үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру) ;
- Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру керек) .
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорины игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердідің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперементті қою және өлшеу лер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Мысалы көрсетейік.
Есептің қойылуы Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка, таразы, масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың вертикаль қалыпта суда жүзуі үшін ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін анықтау керек.
Берілген есептің шартын сурет салып, астына сұрағын қою арқылы жазса да болады. Сосын анализ жасайды, есепті шешу үшін қандай өлшеулер жүргізі керектігін анықтайды.
Талдау Банкаға әсер ететін ауырлық күші және астынан әсер ететін кері итеруші күш теңескенше банка суға бата береді. Бұл жағдайда Fa=P. Бірақ Архимед күші денемен итерілген сұйқтық салмағына тең болғандықтан, Fa=9, 8Н/кг*p*V, мұндағы V- Банканың батқан бөлігінің көлемі, p - судың тығыздығы. Батқан бөлігінің көлемі табан ауданы мен бату тереңдігінің көбейтіндісіне тең. Fa=9, 8Н/кг*p*h*S. Осыдан h=F/9, 8Н/кг*p*h*S (1. ) (1) формуладағы құмы бар банканың салмағын білу керек. Судың тығыздығы мен банканың табаның ауданы білу керек.
Өлшеулер Динамометрмен салмағын, ұзындығы мен енін сызғышпен өлшейміз. Ауданын анықтаймыз. S=I*a. рсу=1 r/см3.
Есептеулер. Тығыздықтың салмақтың және ауданның мәндерін формулаға қойып, бату тереңдігінің биіктігін (һ) анықтайды.
Тәжірибелік тексеру. Банканың вертикаль қабырғасына түсті сызықпен бату тереңдігін белгілейді. Тәжірибе көрсеткедей, табылған мәнімен есептелген биіктіктің мәні сәйкес келеді.
Эксперементтік есептерде тәжірибені қажет болғанда ғана қояды, кейбір есептерді фронтальды тәжірибе қойылуы мүмкін.
Мысалы:
Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.
Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.
Тақырыбы және орындалу тәртібі фронтальдық зертханалық жұмыстарға (пара-пар) сәйкес келетін, басқаша айтқанда, мақсаты және қойылуы бірдей, орындау реті және эксперементте алынған нәтижені сараптау тәсілі ұқсас, эксперементтік тапсырмаларға мысалдар келтірейік.
1. 2 Физика есептерінің түрлері және
оларды шығарудың маңызы
Есепті шығару белсенді танымдық процесс. Есепті дұрыс шығарудың басты шарты оқушылардың физика заңдылықтары мен шамалары туралы білімі, сондай - ақ өлшем бірліктері жайлы жеткілікті түсініктердің болуы. Оқушылардың математикалық дайындықтары да маңызды болып табылады.
Есеп жалпы құрылысына, қойылған сұрақтарға, шеу тәсілдеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Ауызша сұрақ және сапалық есептер - құрылысы қарапайым ауызша жауап беретіндей етіп құрастырылады. Бұл есептерді шешу үшін қарапайым құбылыстардың заңдылықтарын білу керек. Ауызша есептер көп жағдайда, графиктердің физикалық мағынасын анықтау, не сұлбалардың бөліктерін талдау түрінде беріледі.
Мәселе есептер - бір не бірнеше оқиғаларды қамтитын, математикалық түрде шешілетін проблемалық түрінде беріледі. Демек, есепті толық шешу үшін математикалық түрлендірулер, есептеулер жүргізу керек. Мәселе, есептер, әдетте, бірнеше заңдылықтарға бағынатын оқиғаларды қарастырады. Оны шығару үшін келтірілген құбылыстарды талдап, бір - бірімен байланысын анықтап, заңдарын жазып, проблемаға сай теңдеулер қорытып шығарып, ақырында математикалық есептеулер орындау керек.
Эксперементтік есептер - құрылысы жағынан, шығару тәсілдері бойынша, мәселе есептерге ұқсас, бірақ қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынады. Оқушылар мұндай есептерді шығару үшін қойылған проблемаға байланысты қажетті заңдылықтарды анықтап, өз күшімен тәжірибелер жүргізеді, өлшеулер жасайды. Қажетті шамалар алынғаннан кейін, эксперименттік есеп мәселе есепке айналады. Физиканы оқып үйренуде, оның мағынасын терең түсінуде, эксперименттік есептер орындаудың мәні ерекше. Оқушылар құрал - жабдықтармен танысып, өлшеулер жасау техникасын үйренеді, жаттығулар орындайды да, физикалық құбылыстарды қолдан жасап, көзімен көреді. Тіпті қарапайым тәжірибенің өзін оқушылар қызығып жасайтын болады. Тәжірибені қорытындылауда заңдылықты табу, оны қайта ашумен бірдей. Мұндай жағдай оқушыны қуантып қана қоймай, оның физика ғылымына деген ынтасын арттырады.
Қызықты есептер - табиғатта, өмірде кездесетін таң қаларлық оқиғалардың табиғатын анықтауға негізделген. Бұл есептер талқыланып ауызша шығарылады, тек кейде мәселе есепке айналады [22] .
Физика есептерін шығару тәртібі
Есептің түріне, мазмұнына қарай ізделініп отырған мәселеге байланысты, қойылған сұрауларға қарай оны шығарудың жолдары әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен, әдістемелік тұрғыдан, физика есептерін шығарудың белгілі бір ортақ тәсілдері бар.
- Есептің шартымен танысу. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу керек. Себебі сыныптың саналы, нәтижелі жұмыс істеуі, осы мәселеге байланысты. Есептің шартын тәптіштеп оқып әрбір мәселені айқындап, қойған сұрақтарды анықтап шығу керек.
- Есептің мазмұнын талқылау. Есептің шарты бойынша келтірілген құбылыстардың, шамалардың физикалық мағынасын, заңдарын, бір - бірімен байланыстылығын анықтау. Мұнда қосымша суреттер, графиктер сызу керек. Кейбір елемей кетуге болатын жағдайларды анықтау - есептің шартын жеңілдетеді.
- Есепті шығару. Есептің сұрауына жауап берудің жолдарын іздестіру. Былайша айтқанда, есептің сұрауына жауап беретін физикалық құбылыстардың тізбегін анықтау. Мұны сұраққа жауап беретін қарапайым формуладан бастап, әрі қарай оның құрамындағы шамаларды есептің шартымен байланыстыру, сөйтіп қорытынды формуланы алу. Мүмкіндігі болса, бұл формуланы алгебралық түрде тауып, тек содан кейін есептің сан мәндерін қойған жөн.
- Есептеу. Есептегі шамаларды формулаға қоюдан бұрын бір жүйеге келтіріп алған жөн, бірақ кейбір жағдайда қорытынды формулаға есептің мәндерін әр түрлі жүйеде қойып шығаруға болады. Мысалы, бөлшектің алымындағы және бөліміндегі ұқсас шамаларды кез - келген жүйеде жаза беруге болады.
- Есептің жауабын тексеру. Біріншіден, есептің жауабы шындыққа сәйкес болу керек. Тек содан кейін оны жауабымен салыстыруға, тексеруге болады. Есептің шартын оқудан бұрын оқушыларға есепті қай тақырыпқа шығаратынымызды айтуымыз керек. Содан оқушылар есепке қажетті формуланы оңай таба алады. Есепті талқылауда оқушылар құбылыстарды көз алдына елестете алатындай жағдай туғызу керек. Бұл үшін түрлі көрнекті құралдарды, қарапайым тәжірибелерді пайдалануға болады. Осы оқиғалардың динамикасын беретін схемалық суреттер пайдаланған дұрыс. Есепті шығаруда міндетті түрде қорытынды формула табу қажет емес. Кейде бөлшектеп шығару қолайлы болады [1] .
Жалпы есептерде берілетін шамаларды жазғанда, негізінен ХЖ - де өрнектеген жөн. Мұнда ғалымдардың атымен аталатын өлшемдер бас әріптермен жазылады.
Есептеуге ыңғайлы болу үшін өте үлкен, не кіші сандарды дәреже арқылы жазған жөн.
1. 3 Шығармашылық есептер шығару әдістемесі
Физика пәнінің мазмұны мен әдістемелік жүйесінің қоғам дамуының жаңа кезеңдерінде құрылымы жағынан да, мазмұндық жағынан да үнемі жетілдіріліп отырылуын отандық ғалымдардың да (С. Е. Ерматов, Қ. Жаңабергенов, Т. К. Кенжебаев, А. Б. Мәженова, Д. М. Қазақбаева, У. Қ. Тоқбергенова, А. Қ. Қаймолдина және т. б. ), шетелдік ғалымдардың да (В. Г. Разумовский, Ю. И. Дик, О. Ю. Овчинников, А. В. Усова, т. б. ) бірқатар зерттеу еңбектерінен аңғарамыз.
А. Е. Әбілқасымова, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Л. Н. Занков, А. Н. Леонтьев, Э. М. Мамбетакунов, М. И. Махмутов, С. Л. Рубинштейн және т. б. ғалымдар өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлғаны іс-әрекет үстінде қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын зерттеген.
Физика есептерінің мазмұны мен әдістемесі туралы (Р. И. Малафеев, В. Г. Разумовский, ) алғашқы еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, әдістемесі жасалды. Соңғы жылдары мәселенің мән-жайы шығармашылық іс-әрекетті өндіріс орындарындағы техникалық қондырғыларды мектептегі физика-техникалық үйірмелерде модельдеп көрсету арқылы (В. П. Басаргин, В. Н. Косов, А. П. Смыслов), физика сабағында олимпиадалық есептер шығарту және физикалық есептерді өз бетінше көбірек орындату арқылы (Н. М. Евсеева, Л. М. Чечин О. Ю. Овчинников, ), оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін (Б. Е. Акитай, Н. М. Зверева, М. С. Слепцова), компьютерлік техника негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру (Н. В. Разумовская Н. Керімбаев, М. Б. Шабад) жолдары қарастырылған.
Біздің ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдауымыз физиканы оқыту әдістемесінің үнемі жетілдіріліп отыратынын көрсетті. Алайда, қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әдістемесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды. Физикалық шығармашылық есептерінің оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін шығармашылық есептер арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы «Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі» атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.
Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т. б. ) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.
Психологиялық-педагогикалық теорияларда қызығушылықты жіктеудің бірнеше түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайлы), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т. б.
Психолог ғалымдардың (В. В. Давыдов, Б. М. Теплов, П. М. Якобсон және басқалары) еңбектерін салыстыра жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырдық. Төменде оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны көрсетілген (сурет 1) .
Сурет1.
Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны
Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.
Қазіргі кезде мектепте физиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту теориясы ерекше орын алады. Дамыта оқыту үдерісінде міндетті түрде «жаңа өнім» - «жаңа нәрсе» алыну қажеттігі туралы ой жетекші болып табылады. Мұндағы «өнім» − білім, білік, материалды объект немесе олардың біреуі болуы мүмкін. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды. Мұнда алынған «өнімнің» қасиеттерін іс-әрекеттің мақсатында көрсетілген қасиеттерімен салыстырып, қасиеттер арасында өзгешеліктер болған жағдайда, оның себептері айқындалады. Құбылыстың күнделікті өмірде, тұрмыста, өндірісте және т. б. жерлерде қолдануын жан-жақты қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz