Славяндар қазіргі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі және тайпалар тобы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1.Этногенез және этникалық тарихы.
2.Шаруашылығы мен заттай мәдениеті.
3.Отбастарының тұрмысы мен рухани мәдениеті.
1.Орыс, Украин және Белорус халықтары шығыс славян халықтарын
құрайды. Бұлар көне заманнан Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еуропаны
мекендеген тайпалардың ұрпақтары. Осы үш бөліктің шығысын орыстар,
украиндар және белорустар мекендеген. Олардың тілдері, мәдениеті,
шаруашылығы, әлеуметтік тұрмыстары бір-біріне жақын болғандықтан, өздерін
туысқан ретінде сезінеді. Өрбіген аймағы да біртұтас болып, Шығыс Еуропалық
тегістіктегі Орталық Орыс және Волдайлық қыраттардың төңіректерінде, Днепр,
Қара теңіз ойпаттарын ертеден жайлаған. Ресейдің солтүстік бөлігі мәңгі
мұзды тегістік пен көлдер болып келеді. Шығыс Еуропаның климаты адамдардың
қоныстануына өте қолайлы. Бұл аймақта үлкен өзендер, көлдер, теңіздер
баршылық. Олардың аймақтары ормандарға бөленген. Жерінің асты да , үсті де
табиғи байлыққа толы болып келеді.
Шығыс Еуропаның жері адам баласының өмір сүруіне қолайлы болғандықтан,
бұл аймақта халықтар жиі-жиі орналасқан. ХҮІ ғасырда осы үш халықтардың
қазіргі еуропалық жеріндегі саны 14 миллион болса, ХІХ ғасырда саны 35
миллионнан асқан.
Шығыс славяндар антропологиялық жағынан үлкен еуропоидтық нәсілге
жатады. Бас сүйегі салмақты, абсолюттік және салыстырмалықпен қарағанда
ұзынбасты, бет алды жалпақ, жіңішке мұрынды болып келеді. Мұндай нәсілдік
ерекшеліктер шығыс славяндарда төменгі тас дәуірінде пайда болған.
Жалпы, шығыс славяндардың нәсілдік ерекшеліктерінің біркелкі еместігі
байқалады. Олардың этникалық құрамдары да, тарихи, табиғи-географиялық
орталықтарда әр алуан болған.Осындай ерекшеліктер олардың антропологиялық
құрылымдарына да әсер еткен.
Шығыс славяндардың тілдері үндіеуропалық топтың славян тармағына
жатады. Орыс, украин және белорус халықтарының тілдері бір-біріне жақын.
Себебі, олардың ертеден жайлаған табиғи-географиялық орталықтары, тарихи
шығу тектері, шаруашылық тұрмыстары бірлікте дамыған. Олардың тілдері
ертедегі Киевтік Русь төңірегінде қалыптасқан.
Орыс тілін екі үстеуге бөледі: солтүстік және оңтүстік. Біріншісіне –
Архангельск, Вологодтық, Пермдік, Ярославтық, Костромдық, Нижегородтыфқ
облыстарының Карелия және Коми Республикаларының тұрғындарының сөйлеу
мәнері жатса, екіншісіне – Курскийдің, Орловтың, Воронеждің, Белгородтың,
Пензаның және тағы басқа облыстардың тілдік ерекшеліктері кіреді. Бірақ,
орыс тілін зерттеушілер бұл халықтың тілінде айтарлықтай диалактік тіл
ерекшеліктерінің бар екенін айтпайды. Соған қарағанда, орыстар қай аймақта
мекендемесін, бәрі бірін-бірі толық түсініп кете береді. Украин мен белорус
тілдерінде диалектикалық бөлінушіліктің бар екені байқалады. Украин тілінде
үш негізгі диалектік топтар орын алған: солтүстік, оңтүстік-батыс және
оңтүстік-шығыс. Белорус тілінде мұндай бөлінушілік болмаған, тілінде де
диалектикалық ерекшеліктер бар.
Тарих және тіл ғылымдарында шығыс славяндардың алғашқы жазуы ІХ-Х
ғасырларда болғаны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Повести временных лет
атты шығармада шығыс славян тайпалары туралы мағұлматтар берілген және олар
басқа да деректермен толықтырылған. Бұл жылнамада шығыс славян тайпаларының
атамалары мен олардың географиялық жайлаған мекендері көрсетілген. Сол
кезде пайда болған шығыс славяндардың жазуы мен әдебиеті орыс, украин және
белорус этностарының қалыптасуымен бірге дамып, өздерінің ұлттық жазуын
және әдебиетін жасап, оларды жоғары деңгейге көтерген. Бұл үш ұлттардың
қазіргі әдеби тілдері шамамен ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасқанын ғалымдар
дәлелдейді. Этникалық бұл топтар бір-бірінің тілдерімен сөйлесе береді.
Славяндар қазіргі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еуропа халықтарының
арғы тегі және тайпалар тобы. Олардың шығу тегі, қалыптасуы туралы тарихи-
археологиялық қазба ескерткіштер мен Греция, Рим, Византия
ғалымдарының(Тацит, Үлкен Плиний, Птолемей) және араб авторларының орта
ғасырдағы жазбаларына сүйеніп жазылған. Славяндар туралы ежелгі тарихи
дерек б.з. І-ІІ ғасырларына жатады. Б.з. І мың жылдығының аяғында Шығыс
Еуропада көне орыс халқы қалыптасып, олар топтық қоғамда өмір сүрген.
ІХ-Х ғасырларда бұл халықтың құрамына Шығыс Еуропаны мекендеген
біртектес әр түрлі тайпалар қосылған. Олар: батыстағы ақ хорват, шығыстағы
вятичей, оңтүстіктегі уличей, солтүстіктегі тиверцевтер. Шығыс Еуропаның
кең өлкесін мекендеген тайпалар алғашқы орыс халқын құрап, кейін олар өз
алдына енші алып орыс, украин және белорус халықтары атын иеленген.
Орыстардың этникалық аймағы Владимиро-Суздальдық, Новгородтық, Смоляндық
және Рязандық жері болып, осы жерді ертеден мекендеген вятичей, кривичи
және славяне тайпаларының негізінде орыс халқы қалыптасқан. Өзінің негізгі
отанында туып, Москва княздығының төңірегіне шоғырланып, бір орталыққа
бағынған көп ұлтты мемлекет құрған. Украиндықтардың этникалық отаны шамамен
Переяславскийлық, Черниговскийлық, Киевтік және Голицко-Волынскийлық
жерлері жатқан. Бұл аймақтарда ерте заманнан мекендеген северяне, поляне,
древляне, бужане және ақ хорваттар-деген тайпалардың негізінде украин халқы
ұйымдасқан. Ал белорустардың халық болған этникалық аймақтары: Полоцкой,
Турово-Пинской және Смоленской жерлері. Бұл өлкелерде ертеден радимичтер,
дреговичтер, полочандар, кревичтер, древляндар-деген атпен аталған тайпалар
өмір сүрген. Солардың негізінде белорус халқы қалыптасқан.
Орыс, украин және белорус халықтарының этникалық атамаларының өзіндік
шығу тарихы бар. Олардың ертедегісі орыстар. Бұл атауды ертедегі россов
атты славян тайпасының атауымен байланыстырады, себебі бұл тайпаның мекенін
Русь жері деп атаған. Бірақ, русь терминінің де шығу тарихы бар. Осы
терминмен Киев және Чернигов жерлері ғана аталған,. Кейіннен ХҮІ ғасырда
осы атау Смольный, Новгород, Голичан, Рязан жерлерін де қамтыған. ХҮ
ғасырда Москва жылнамаларында, Ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VII-XI ғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ежелгі орыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. Крест жорықтары. Қалалардың дамуы. Крестшілердің мемлекеті
Ресейдің феодалдық мемлекетке айналуы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Заттай мәдениеті
Ертеде осы жерлерде
Құрғақ Ұлы Дала - көшпелілер мәдениетінің аймағы
Қазақ атауының шығу тегі
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
«Түрік» этносы және этнонимі
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Пәндер