Мервте оңтүстік және солтүстік жолдар қосылып, одан әрі батыстағы


Ұлы Жібек жолы - сауда, керуен жолдырының жалпы атауы, б. з. б. 2 ғасырдан 16 ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды. «Ұлы Жібек Жолы» Сианьнан Ланьчжоу арқұылы Дуньхуанға апарады, бұл жерден жол екі торапқа бөлінеді: солтүстік жол Тұрфан, Қашғар, Самарқан, Мервті, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай - ақ Таяу Шығысқа апарады. Мервте оңтүстік және солтүстік жолдар қосылып, одан әрі батыстағы «Ұлы Жібек Жолы» Ниса, Гекатомпил, Экбатана, Бағдад арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антиохияға дейін созылып жатыр. Экспорт үшін арнаулы дайындалған және Батыста жоғары бағаланатын қытай жібегі негізгі сауда товары болды. «Ұлы Жібек Жолы» арқылы сауда - дипломатиялық байланыс әсіресе 1-2 ғасырлар аралығында мейлінше дамыды. Қытаймен негізінен ортаазиялық делдал саудагерлер сауда жүргізді. 97 жылы қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал македониялық Май Тициан 100 жылы Ланьчжоуға дейін жеткенімен жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік бермеді. 3-6 ғасырларда «Ұлы Жібек Жолы» көбінесе «қажылар жолы» ретінде пайдаланылды, бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. 7-10 ғасырларда «Ұлы Жібек Жолының» халықаралық маңызы арта түсті - Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. 15 ғасырдан теңіз байланысының дамуына байланысты «Ұлы Жібек Жолы» маңызын жоя бастады. Алдыңғы Азия мен Орта Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда «Ұлы Жібек Жолының» ролі зор болды.
Ұлы Жібек Жолы - адамзат өркениеті жасаған ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғани көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап екі бағыт кең өрістеген: Сырдария және Тянь - Шань керуен бағыттары. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан (Қашқар) арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан (кейде Хорезм арқылы Маңғыстауға, Жайықтың төменгі ағысына, кейде Еділ мен Дон жағалауларына, Кавказға, кейде Қара теңіз жағалауы арқылы Таяу Шығыс мен Византияға) әрі қарай өткен. Бұл бағыттағы Батыс пен Шығысты жалғастырған өзен Сырдария болған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сауда қалаклары - Суяб, Навакент, Құлан, Тараз, Испиджаб, Арсубанкент, Отырар, Шардар, Янкигент. Екінші жолы Шығыс Түркістаннан (Қашқардан) басталып, Жетісу (Шу, Іле алқаптары) арқылы Жоңғар, Іле, Қырғыз, Талас тауларын жағалап, Шашқа (Ташкентке) өткен. Одан Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы Кіші Азиямен, Византиямен жалғасқан. Бұл жолдағы қалалар - Суяб, Баласағұн, Тальхир, Құлан, Тараз, Испиджаб, Газгирд (Қазығұрт) . Бұл қалалар көне орта ғасырларда Жапонияда, Корея мен Қытайдан Орталық Азияға, содан Ресей мен Византияға сапар шеккен саудагерлер жолының орталықтары болған.
Бұл жолмен әртүрлі тауарлар - жібектер, бағалы тастар мен күмістер, дәрілер мен бояулар тасмалданған. Құл саудасы да өркендеген. Жібек Жолы бойында өнер (би, музыка, сурет, сәулет өнерлері) мен дін (манихей, будда, христиан, ислам) дамыған. XIV - XV ғасырларда Түркістанда түркі халықтары табынатын атақты сопы, ғұлама ақын Қожа Ахмет Иассауиге үлкен кесене-кешен орнатылған.
Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруде тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат жабдықтау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдар соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік қорғанынан табылған Алтын адам ескерткіші.
Қазір әлемдік ғылым Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеуді қолға алып отыр. 1987-жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 24-иясында осы Ұлы Жібек жолып зерттеудің халықаралық жобасы қабылданды. Оған Грекия, Индонезин, Египет, Италия, ҚХР, МХР, Оман, Португалия, Шри-Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы к, атысқан. "Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз ресурстары", "Мәдениет және болашақ" атты екі бағдарлама бекітілген болатын. Осы бағдарламаны одан әрі іске асыруға қатысты 1991-жылы Қазақстанда "Жібек жолы" атты ұлттық комитет құрылды.
Ұлы Жібек жолы картасы қазіргі заманғы картографиялық негізде орындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz