Дене жаттығуларының мәні


КІРІСПЕ
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай
әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты
міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар
қауымы дене тәрбиесі негіздерінің бірі - ұлттық ойындарымызды
пайдалануы қажет. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы
болып табылады. Ол - сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге
әзірлеу, қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұлар туралы
көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «ойын баланың алдынан өмір есігін
ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады» дей келіп, былай деп
жазды. «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы
мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналасындағы
дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құштарлық
пен еліктеудің маздап жанар оты». Бұл пікірге қарсы дау айту қиын.
Халық педагогикасындағы ұлттық ойындар тек денені ғана емес,
ойдың жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің
қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы
жастайынан сіңіре білуді көздеген.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес,
жан-жақты дамымақ емес, мамандандырылған педагогтардың жетекшілігі
өте қажет.
Тақырыптың өзектілігі: Егеменді Қазақстанның ұлттық
мектептерінде тәлім-тәрбие жұмыстарын жаңаша құру, оның ішінде дене
тәрбиесі мәселесіне халықтық ойындарды кеңінен пайдалану қазіргі күннің
талабына айналып отыр. Бұл «1996ж. «Тәрбие тұжырымдамасында»
« . . . дені сау, ар-ожданы биік . . . ұрпақ тәрбиелеу міндетін» алдымызға қойды.
«Білім заңында»( 2007. ) бұл істің өркендеуі қарастырылған. Сондықтан
дене тәрбиесінде халықтық ойындарды пайдаланып, насихаттау ісі бүгінгі
күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналды. Осыдан дипломдық
жұмысымыздың тақырыбының өзектілігі туындайды.
Тақырыптың болжамы: Қазір ұлттық мектептерде оқу-тәрбие
мәселесін халықтық педагогиканың негізінде құру міндеті қойылып отыр.
Осыған байланысты дене тәрбиесі үшін халық ойындары мол материал
болуға тиісті және осы дене тәрбиесінде әсерлі, қызғылықты өткізуге
кең жол ашуға тиісті. Оқушылардың дене тәрбиесін халықтық ойындар
арқылы дамыту, қалыптастыру жолдары зерттелінсе, белгіленсе, ол бүгінгі
күннің баға жетпес маңыздылығына ие болу сөзсіз.
Зерттеу объектісі: дене тәрбиесіне байланысты жүргізілетін
ұлттық ойындардың түрлері.
Зерттеу пәні: мектептердегі дене тәрбиесінің әдістемесі
Міндеттері: 1) Дене тәрбиесі туралы зерттеушілердің мақсатын,
еңбектерін жинап, қорыту. 2) Халық ойындарын жинақтау. 3) Жинақталған
ұлттық ойындарды мектептегі бала жасына, жынысына сәйкес анықтап,
саралау. 4) Дене тәрбиесі сабағында ойындарды жүргізу тәсілдерін, түрлерін
айқындау.
5) Халық ойындарын тәрбие жұмыстарында пайдалану жолдарын нақтылау.
Мақсаттары: Оқушылардың денесін тәрбиелеу ісіне ұлттық
ойындарды пайдаланудағы көптүрлілікті айқындау, оларды талдап, саралау.
Осы көрсетілген міндеттерді шешу барысында мынадай ғылыми
әдістерді пайдаландым: анализ, синтез, абстракция.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: осы жұмыс болашақ мектеп
мұғалімдері үшін де қажетті әдістемелік нұсқау бола алатындығында.
Зерттеу материалдары институттағы педагогикалық практиканың
қорытындысында есеп беру арқылы апробациядан өтті. Диплом жұмысына
жұмысына негіз болған Е. Сағындықовтың, Р. Қоянбаевтың, Е. Уаңбаевтың
еңбектері мен ғылыми журналдардың материалдары.
Диплом жұмысының негізгі құрылымы: кіріспеден, негізгі және
практикалық бөлімдермен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, дене тәрбиесінде ретті қолдана
білсек, онда ол баланың ақыл-ой, санасының жан-жақты дамуының бір
көрінісі деп атап көрсетуге болады.
Жалпы, ойын - адамзаттың бүкіл тарихи дамуымен ілесіп,
өзгеріп отырады. Ұлттық ойынның мән-мағынасын, мәдениет мұраларын
зерттеуші тарихшылар, этнографтар, психологтар зерттеген. Жалпы ойынның
шығуы сыйқыршылық-табынушылық әдетімен немесе организмнің
тұрмысынан болатын биологиялық қажетсінумен байланысты еңбек
процесінен туады.
Голланд зоопсихологы Ф. Бейтемдейк ойынның негізінде
инстинктің емес, оның әр жағында болатын бастапқы, жалпы енгізу жатады
дейді. Австрия дәрігері З. Фридтің психоаналитикалық концепциясында
ойынды өмірден ығыстырылған тілек деп қарайды. Совет психологиясы
ойынды әлеуметтік-тарихи құбылыс деп қарайды.
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан
өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай
деп жазады: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы
мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналасындағы
дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын технологиясы ретінде
қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойыны да мәнді тұлғаның
мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың
ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің
жақсы да жаман да істерін ұтымды қолдануға машықтанады. »
Ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасап жатқан қазіргі кезеңде
әр іс- әрекетімізді ортаазиялық, тіпті дүниежүзілік деңгейге лайық етуіміз
керек. Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген сан
ғасырлық тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының
ерекшелігін, маңызын ұрпаққа жеткізу - әрбір азаматтың борышы. «Жерде
жатқан жұмыртқа, аспанда ұшқан құс болар» дегендей, келешек ұрпаққа
ұлтымызда, салт санамызда, дәстүрімізде, спорттық ойындарымызда ерекше
тәрбиелік, парасаттылық аспектілер мол екенін дәлелдеуіміз керек.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары негізінде дамыған алуан түрлі
ұлттық ойындары көшпелі өмірге, дала табиғатына сай дами берді.
Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
маңызды орын алды. Мал өсіруді кәсіп еткен халықтың тарихи даму
ерекшеліктері, той-думан, қуанышы да, реніші де осы малмен байланысты
болды. Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті
қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, мәдениет пен өнердің, соның
ішінде ұлт ойындарының дамуына да негіз болды. Келе-келе негізгі бас
кейіпкерлері осы төрт түлік болған ұлт ойындары дүниеге келді.
Хайуанаттар жайындағы ұлттық ойындар балаларға тәрбиелік әсер
етіп, олардың көңілін сергек етіп өсіреді. Қиын қыстау жерлерде жол тауып,
тапқырлықпен, ептілікпен өз есесін қайтаруға үйретеді.
Қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын баланың жеке басын
тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін:адалдығын, шыншылдығын,
ұстамдылығын, тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы
ретінде пайдалана аламыз.
Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларының ішінде ойынның
артықшылығы оның ерекше тартымдылығынан, балалардың күшін
жұмылдыратын, қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейтін әсерлілігінен, ірі
бұлшық еттердің ( жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына
көмектесетін қозғағыштық қызметінен, қимылдың қарқыны мен күш-қуатын
балалардың өздерінің реттей білу мүмкіндігінен, жеке бастаманың және
батылдық, тәртіп, тапқырлық, т. б. психологиялық қасиеттерді дамытуынан
деуге болады. [ 11]
Қимыл-қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппаратын дамыту және
жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ұлттық ойындар
балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіпке, әрекетті жинақтауға және
жоспарлауға үйретеді. Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-
ойын, қиялын, есте сақтағыштығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі.
Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен
көлемі жағынан эстетикалық әрекетке жатады. Балалардың жалпы жігерлілігі
ойын қимылын көріктендіріп, қимылдарды неғұрлым жоғары сапалы
орындаудан көрінеді және олардың қимылының өзінен рахаттану сезімін
туғызады. Сан алуан шеңберге, қатар сапқа, тізбек сапқа тұру, қозғалу
қимыл дәлдігін, сұлу дене бітімін, жинақтылықты талап етеді және
балалардың эстетикалық сезімін дамытады.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінді
Байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен ұштаса
береді. Сондықтан да, ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында
қолданса, келешек ұрпақтармен сабақтастыру керек. Ұлттық спорт ойындарын
жастар арасында насихаттау мақсатында мына мәселелерді жүзеге
асыруымыз қажет:
- «Қазақстан - 2030» стратегиясының басты бағыты - «салауатты өмір
салтын» насихаттауды пәрменді жүргізу ;
- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемелекеттік бағдарламасының әлі де шешім таппай тұрған тұстарын
жүзеге асыру;
- Ұлтымыздың спорттық ойындарын халқымызға, болашақ ұрпаққа
кеңінен тарату;
- Ұлтымызға жат қылықтардан жастарды аулақ салу;
- Жастардың ана тіліне деген сүйісеншілігін ояту;
- Жастардың дене, рухани, ақыл-ой деңгейлерін жетілдіріп,
қалыптастыратын шаралардың ауқымын кеңейту.
І. Дене тәрбиесі жайлы
1. 1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесінің пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесі халықтың
тұрмысы мен санасына байланысты белгілі бір мақсатты шешуге бағытталды
Ол мінез-құлық, өндіріс деңгейі, адам санасы сияқты факторларға негізделді.
Қоғамдық жағдайлардың өзгеріп отыруы дене тәрбиесі жүйесіне де
өзгерістер әкеледі. Ал дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі
денені шынықтыруға арналған жаттығу түрлерін көбейтеді. Күнделікті
тұрмыс-тіршілікке керекті қимыл-қозғалыстарға, әскери дайындыққа
қажетті және спорт түріне айналған күрделі жаттығулар келіп қосылады.
Сөйтіп, уақыт өткен сайын адам өз денесін жетілдірудің мол мүмкіндіктерін
біліп, дене жаттығуларымен арнайы шұғылдану жүйесі қалыптасты.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бірден бір тармағы. Оқу -жаттығу жұмыстары арқылы шәкірттің
ерекше қабілетін ескере отырып, соған қажетті табиғи қасиеттерді дамытуға
мүмкіндік жасауға дене шынықтыру сабағы бағыттайды. Президенттік,
ұлттық сынамалар арқылы қортынды жасай отырып дене қабілеті мен
орташа деңгейін белгілейді. Жекелеген оқушылардың табиғи мүмкіндігін
ашатындай жаттығуларды жоспарлайды. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
дене тәрбиесінің негізі мектепте қаланады. Бұл жүйе дене тәрбиесі сабағы,
сыныптан, мектептен тыс жаттығулар мен жалпыға ортақ көпшіліктік
сауықтыру шаралары арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Оқушының
дене тәрбиесіне қатысты аса қажетті әдет-дағдысын қалыптастырып,
ынтасын оятады. Сондықтан спорт сүйетін оқушының шеберін шыңдауды
бастауыш сыныптан жаттықтыру арқылы олардың қызығушылығын
арттыруға болады.
Қазір мектепте оқушының жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, таза
ауада болатын уақыты өте аз. Сол себепті балалардың қозғалыс белсенділігі
50 пайызға дейін кемиді де, бұл организмнің дұрыс өсіп-жетілуіне кері
әсерін тигізеді. Яғни бұл - қозғалыс белсенділігін азайтуға болмайды деген сөз.
Мектепте ұйымдастырылатын дене шынықтыру-сауықтыру
жұмыстарының ең алғашқысы - күнделікті өткізілетін сабаққа дейінгі бой
жазу жаттығулары. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде организм
алдағы іске дайындалады: жұмыс қабілеті артады, партада шаршамай дұрыс
отыруға қол жеткізеді. Ал сергіту сәттерінің жаттығулары, саяхат-жорықтар,
басқа да көпшілік шаралар дене тәрбиесінің міндеттерін өтейді.
Дене тәрбиесі жүйесінде денсаулықты нығайтуға және спортпен
шұғылданып, болашақта жоғары нәтижелерге жету үшін табиғи орта қажет
болады.
Жақсы оқу үшін, басқа да ой-әрекеттері нәтижелі болу үшін сабақтан
тыс кездері де дене шынықтырумен шұғылдану қажет. Міндетті түрде
орындалатын күн сайынғы таңертеңгі бой жазу жаттығуларына қоса
арнаулы дене жаттығуларын орындаған жөн. Қимыл-қозғалыс
жаттығуларымен жүйелі түрде айналысу және спорттың жекелеген
түрлерімен шұғылдану адамның қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп,
денсаулығын нығайтып, ақыл-ойының өсуіне көмектеседі.
Дене тәрбиесінде шешілуге тиісті барлық міндеттер үш бағытта
жүргізіледі: 1) сауықтыру, 2) тәрбиелеу, 3) білім беру.
Сауықтыру міндеті денсаулықты арттыруға, денені жетілдіруге, адам
организмін бір қалыпты дамытуға бағытталады. Бұл міндеттің негізгі
көрсеткіші - адамның денсаулығын жақсартып, қалыптастыру және денені
дамыту.
Дененің дамуы дегеніміз - өмірде адам организмінің қызметі мен
формаларының өзгеріп, жетіліп отыруы.
Жас ұрпақтың дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек
етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде
мынадай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.
- Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әртүрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету.
- Жігер-күш, дене қуаты қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
- Қимыл сапаларын жетілдіру, дене құрлысын дұрыс қалыптастыру.
- Өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету.
- Жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы дене тәрбиесі
жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу
күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі
гимнастика, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары,
сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар
кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әржақты және мектептің басқа оқу
тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой
толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін
дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен
жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың
денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру
арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды тұрақты,
жүйелі дене жаттығуларымен шұғылдануға үйретеді. . [ 16 ]
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағдарлау, ұйымдастыру, орындау
үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс
ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты
жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене
тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының
жоспары деп екіге бөлінеді.
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы
жылдық жоспары
Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін
құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынадай бөлімдерге бөлінеді:
- Ұйымдастыру жұмыстары.
- Оқу жұмыстары.
- Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары.
- Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары.
- Үгіт-насихат жұмыстары.
- Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер.
- Шаруашылық жұмыстары. Дене жаттығуларының мәні
Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан
әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің
кейбір жекелеген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді.
Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да мүмкін. Бір бағыттағы
артық қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап, немесе
деформацияға, яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп
соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын бір бағытта ғана
жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене
тәрбиесінің құралы деуге болмайды.
Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз
байланысты. Демек денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты
қалыптастыру адамның ой санасының жетілуі мен шығармашылық
күштерінің дамуының негізі.
Ағза шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған
жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.
Саналы түрде орындалатын жаттығулар денсаулыққа, мінез-
құлықтың, белгілі бір мүсіннің қалыптасуына қалай әсер етеді деген
сұраққа жауап берместен бұрын ең алдымен аз да болса адам ағзасының
жұмыс істеуі жүйесімен құрлысы жайында бірер сөз айта кеткеніміз жөн.
Жалпы білім беретін мектеп бітіретін жасөспірімдер мектеп
бағдарламасына сай адам дене құрылысымен танысады. Адамның барлық
ағзасының іш құрылысының әрекеті өзара байланысты. Демек, қандай
да болсын жеке мүшелеріне түскен ауыртпашылық бүкіл денеге әсерін
тигізеді.
Адамның қимыл-әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады.
Алғашқы тіршіліктің бастамасы таңертеңгілік бой жазу жаттығулары.
Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да өзінің жас ерекшелігі мен
ағзаның құрлысы, құбылысынан хабары болуы керек. Осы негізде нақтылы
спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере
отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған
жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен
шұғылдануды жасырақ кезден бастаған абзал.
- жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен сана-сезімінде әлі
де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен
шұғылданудағы әрекетін өз санасының қажетті деп, белгілі бір жүйеде
бақылап та отырмайды. Жасөспірімдер спорттың қандай түріне қабілеті
бар екенін жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап, ақылдасып
барып, содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі
ұлдарға қарағанда қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез
болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да
балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып,
шеберліктерін шындағаны дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың қай
түрінен бейім екендігі мектеп бағдарламасының талабын орындағанда
ғана байқалады.
«Таңертеңгілік бой жазу жатығуларын қанша уақыт аралығында
орындауға болатынын дәл кесіп айту қиын. Себебі, әркім уақытын
өзінше пайдаланады. Бір оқушы жиырма минут кетірсе, екіншісі 30-40
минут жасайды». [ 28] Сондықтан таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын
өткізу - әркімнің өз қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20
минуттан кем болмағаны жөн.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізген дұрыс. Бұл
жылдың жылы маусымында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы
тиіс. Жаттығу керіп- созылудан басталуы тиіс, олардың түрлері үй
жағдайында басқаша да, далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалап
бақылап отырулары керек.
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын жерге жеткенше
алғашқы кезде тез жүріп, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. 5-10
минут уақыт жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай, керіліп созылу
жаттығулары басталады. Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді
қозғайтын жаттығулар орындайды да, содан әрі қарай күрделендіре
береді.
«Республикамыздағы 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың
бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды
алсақ, баскетбол, волейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс
құрылса ғана нәтиже береді. » . [37] Ол шұғылданушыны әр уақытта
қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал, керісінше болса ол
шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап
кетуге мәжбүр болады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама
шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы
спортшы шығара алады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы
көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта да қажет. Оларға жататындар
өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулелері. Бұндай табиғи ортаны
жүйелі пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Ең әуелі ауаның адам ағзасына тиетін әсерін алайық. Жүгірген
секірген кезде адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының
жұмыс істеу алғашқы қалыптан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу
процесі де тездетіледі, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған
қалыптан 15-20 есе артық көлемде қажет етеді. Осылайша үнемі үзбей
өткізілетін жаттығулардың арқасында жаттыққан спортшы алқынуды
сезбестен ұзақ уақыт жүгіре де, жүзе де, күресе де алады. Ал
жаттықпағандар алғашқы кезден-ақ алқынып, өзінің дегеніне жете алмай
қалады. Мұның аты - тез шаршау. Демалу жүйесінде қиындық болған
адамның ағзасы жаттығуларын мүмкіндік болғанша далада, таза ауада
өткізген жөн. Бұдан шығатын қорытынды - ағзаны жаттықтыру ең әуелі
ауамен дем алудан басталады.
Ал суға шомылу денсаулық пен дене шынықтыру үшін маңызды.
Көпшілікке арналған су қоймаларында шомылуға болады. Суға түсетін
жердің жағасын құмайттау, жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін жер
болған жөн.
Күнге қыздырыну да адам ағзасы үшін баға жетпейтін өте қажетті
табиғи құрал. Күн ваннасын алудың жөні осы деп, шомылып шығып тырп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz