Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
XXI ғасыр Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтан салмақты орынды иелену және
республикада салауатты өмір салтын қалыптастыру ғасыры.
Бүгінгі ұрпақтың мүмкіндіктері зор, де-генмен, өзіне қойылатын
талаптардың, өзінен бүрынғы үрпақтарға қойылған талаптардан ешқандай кем
еместігін де үмытпауы тиіс.
2007 жылдан бастап еліміздегі мектептер Лиссабон конвенциясына сәйкес
халықаралық білім беру стандартына негізделген 12 жылдық оқуға көшеді.
Қалай болған күнде де Қазақстандағы мектептердің қай-қайсысы да тілдік
ерекшелігіне қарамастан, Қазақстанның білім беру саясатын жүргізуі керек
және ол ұлттық саясат болуы керек. Мектептер балаларды қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеуі қажет. Адамгершілік, ынтымақтастық, бірлікке
тәрбиелеу баланың жас кезінен басталуы тиіс, өйткені, ертеңгі күні
Отанымызға адал қызмет ететін азамат — бүгінгі мектеп қабырғасында білім
алып жатқан оқушы. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, үлттық рухтың оянып
қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан
зор.
Тәрбие жүмысының ең негізгісі - ұжымда жеке адамды тәрбиелеу,
сондықтан да оқушыларды ұжымда тәрбиелеу педагогтердің алға қойған
міндеттерінің бірі болып табылады.
Ұжымдық өмірдің тәжірибесі - бүл ұжымдық қозғалыстың мақсатшыл, өте
күрделі тәжірибесі, оның ішінде ұйғарым жасау, талқылау, көпшілікке бағыну,
жауапкершілік пен үйлесімділік қағидалары ең көрнекті орынға ие болады (А.
Макаренко).
Баламен жұмыс істеу жолдары мен тәсілдерін қалыптастыру, оқушылар
белсенділігін арттыру, қоғам алдындағы парыз бен жауапкершілікті,
ұжымшылдық пен жолдастықты, мейірбандық пен қайырымдылықты, қарапайымдылық
пен сыпайылықты бойына сіңірген өзін-өзі қадірлейтін, талап қоя білетін,
алдына қойған мақсатқа жету үшін еңбекқор бола алатын жеке тұлғаны
тәрбиелеу мәселелері қазіргі таңда өкіметті де (1991 ж. ҚР Этномәдени білім
беру тұжырымдамасы), жоғары білім беру саласындағы көптеген ғалымдарды да
ойландыруда. К.Қожахметова, С.Ұзақбаева, С.Қалиев этнопедагогика
саласын зерттеу жұмыстары бойынша орталықтар ашып, этнопедагогика
элементтерін білім беру саласында дұрыс, тиімді қолдану жолдарын
қарастыруда. Педагогика ғылымының докторы, профессор К.Қожахметова
этнопедагогикалық еңбектерінің бірінде тәрбие жөнінде ойларын ашып
көрсеткен: Этнопедагогика дегеніміз - отбасының рухына сіңген арнайы
тәрбие. Мектеп, әсіресе бастауыш буъш, мәдени тұлғаның тәрбиесін іске
асыруы қажет. Адамзаттың даму жолы, сонымен қатар мектеп пен педагогикалық
ойлардың көрсетуі бойынша, адам өмірге жалпы ғана дайындалмайды, ол белгілі
әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмірлік іс-әрекетке дайындалады. Қоғамдық
өмірде этнотәрбиені іске асыру өзіндік ізін қалдыр са да, мектеп
тәрбиесінде жүйелі түрде этнопедагогика қолға алынса, қойылған мақ сатқа
қол жеткізуге мүмкіндікгің көп екендігі
дәлелденген
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында оқушылардың адамдармен және этносаралық қарым-
қатынастағы жоғары мәдениеттілігін қалыптастыру - негізгі мектеп
қызметінің басым бағыттарының бірі делінген (1). Әрине, мектеп саяси,
экономикалық, ұлттық және басқа да тартыстар мен мәселелерді шеше алмайды,
бірақ ол оқушыларды ұлтаралық қарым-қатынастың қарапайым талаптары мен
әдеттерін білуге, әр түрлі ұлт өкілдерімен, өздерінің құрдастарымен тату
өмір сүруге тәрбиелеуге қомақты үлес қоса алады. Мектеп ғаламдық сананы
қалыптастыруға жол ашып, оқушы өзін Адамзаттың бөлігі ретінде
сезінеді; ол көптүрліліктің құндылығын түсінеді және дүниенің әр түрлі
сипаттарына құрметпен әрі қызыға қарап, қатынас жасайды. Өзінің және
басқа елдің тарихына қызығу, өз мәдениетін біле түрып басқа мәдениеттерді
де сыйлау, олардың дамуына ілтипаттылық, дүниеде болып жатқанның бәрінен
әсерлену ғаламдық сананы қалыптастырғанда ғана жүзеге асады.
Негізгі мектеп, яғни саты — 5— 10 сыныптар. Оқу ұзақтығы - 6 жыл. Бүл
сатыға 11- 16 жастағы жеткіншектік шақ сәйкес келеді. Еліміздің барлық
оқушыларын негізгі мектепте оқытып шығару көзделіп отыр. II саты
аяқталғаннан кейін орта білім берудің III сатысында оқудың одан арғы
бағытын таңдау үшін, II сатыдағы оқушылардың қабілеттері,
бейімділіктері және өткен материалдарды игеру деңгейі орталықтандырылған
тестілеу түріндегі аралық бақылаумен анықталады.
Осы кезеңде оқушылар ғылым жүйесінің негіздерін игеруі тиіс, әрбір
пәннің мазмүны негізгі базалық білім беру көлеміне қисынды түрде енеді. Оқу
пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік бөлігі
кеңейтіледі, алдын ала даярлық жүргізіледі.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде оқушыларға берілетін
білім жүйесінің үлкен мәні бар. Осы орайда мектепте ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетіне тәрбиелеуге байланысты көп жыл бүрын айтылса да, осы
күнге дейін мәнін жоймаған академик Ю.В. Бромлейдің пікірін еске
алуымыз қажет: "Егер де жеткіншектің санасында ұлттық және
интернационалдық үғымның ара-қатынасы үйлесімсіз бекісе, онда әрі қарай
интернационалдық тәрбиемен емес, қайта тәрбиелеумен айналысуға тура
келеді. Сондықтан, мектеп тек қана қарапайым географиялық білім беріп
қоймай, этнографиялық білім беруі тиіс" (2).
Оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынасқа байланысты ұғымдарды жете
білмейтіндігі, этникалық жаңсақ пікірлердің, нанымдардың бар екені зерттеу
нәтижесінен көрініп отыр.
12 жылдық жалпы орта білім беруді жүзеге асырғанда білім беру
мазмұнында ұлттық және жалпы адамзаттық деген ұғымдардың өзара байланысын
қамтамасыз ету керек сияқты.
Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы орны ерекше екенін оның
өтпелі, бетбұрыс, "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларынан да
байқаймыз. Жастар өмірдің бір кезеңінен екіншісіне өтуіне байланысты,
дамудың күрделілігі мен маңыздылығы артады. Бұл кезенде адамның жеке
басының моралдық және әлеуметтік негіздері қаланып, тұлғаның қалыптасуының
жалпы бағыты белгіленеді.
Қоғамда болып жатқан жан-жақты өзгерістер баланың өзін-өзі түсінуі мен
баға-лауының бүрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасауда.
Жеткіншектер алдына елеулі міндеттерді қоюға әлеуметтік негіздер пайда
болып отыр.
• Жеткіншектік жаста қарым-қатынастардың жаңа типтері қалыптаса
бастайды. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де, өзінің құқықтарын
ұлғайтады, өзінің тұлғасы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді,
өзіне сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни, ересектермен айқын тең
құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындатуға тырысады.
Ересектермен қарым-қатынастың жаңа талаптары — жеткіншектің қалыптасып
келе жатқан этикалық дүниетанымының өзегі. Ал бұл дербестікті қажетті әрі
міндетті түрде арттыруға, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтуға байланысты.
Жеткіншек жаста әлеуметтік мәнді әрекет жетекші рөл атқарады.Оларды
жүзеге асырудың құралдары мыналар: оқу, қарым-қатынас, қоғамдық пайдалы
еңбек. Қазіргі кезде олардың мазмұнын байыту және жан-жақты ету міндет
болып түр. Жеткіншектерді ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің
жүйе құраушы факторы — әр түрлі ұлт оқушыларының ізгілікке бағытталған
қоғамдық-мәнді бірлескен іс-әрекеті. Оны ұйымдастыруда педагогтердің
белсенділігінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың көмегі өте зор. Осыған
байланысты, балалар және жастар ұйымдарының, жаңа құрылып жатқан қоғамдық
бірлестіктердің көршілес елдердің оқу орындарымен, қоғамдық ұйымдарымен
байланысын, Қазақстан халық Ассамблеясының, ұлттық-мәдени бірлестіктердің
мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс.
Әр түрлі ұлт оқушыларының қоғамдық-мәнді іс-әрекеті ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің мынадай үш деңгейіне әсер етуі тиіс:
1) танымдық (ұлтаралық қарым-қатынасқа қажетті рухани ұлттық –
мәдени элементтерді, адамгершілік-этикалық ұғымдарды меңгеру);
2) сезімдік (ұлт-аралық қарым-қатынасқа оң көзқарасты қамтамасыз етеді);
3) мінез-құлықтық (ұлтаралық қарым-қатынаста адамгершілік қағидалар мен
ережелердің жүзеге асырылуы).
Елімізде жүзден астам ұлт пен үлыстың екілдері өмір сүріп жатқандықтан,
ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мектептің маңызды міндеті
болып қала береді.
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылшылдық элементі — сынып. Мұнда
танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырылады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-
қатынас қалыптасады.
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, оларға тәрбиелік
ықпал етуді үйлестіруші - сынып жетекшісі. Ол оқушылармен және олардың
ата-аналарымен жұмыс істейді. Сынып жетекшісі — өзіне тапсырылған сыныптағы
оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы мұғалім.
Қазіргі уақытта гимназия, лицей сияқты мекемелерінің жаңа типі пайда
болды. Жалпы орта білім беретін мектептердің қызметі өзгерді. Соған сәйкес
сынып жетекшісінің институты да өзгерді. Қазір сынып жстекшілерінің мынадай
типтері бар:
- сынып жетекшісі функциясын да атқаратын пән мүғалімі;
- тек қана тәрбие жұмыстарымен айналысатын сынып жетекшісі (оны сынып
тәрбиешісі деп те атайды);
- кейбір оқу орындарында сынып тәрбиешісі қызметі енгізілген, сондай-ақ
сынып кураторы (латыншадан аударғанда қандай да болсын бір жұмысқа
бағыт жасау міндеттелген қамқоршы адам) немесе тьютора (латыншадан
аударғанда қорғауыш, қамқоршы, сүйеуші), мұнда оқушылар педагогтің
ұйымдастырушылық қызметін аз мойындарына алады. Олар оқу
жүктемесінің ең аз мөлшерін алуы мүмкін.
Сынып жетекшісінің тәрбие беру міндетіне оның жұмысының мазмұны мен түрі
біркелкі болуы мүмкін емес. Олар балалардың және олардың ата-аналарының
сұранымдарына, қызығуына, қажеттіліктеріне, мектеп, әлеумет жағдайына және
педагогтің жеке мүмкіншіліктеріне қарай анықталады.
Педагогтің рөлі балалардың жасына қарай, олардың ұжымдық және өзін-өзі
басқару іс-әрекеттері бойынша жинақтаған тәжірибесіне қарай жұмысты тікелей
ұйымдастырушыдан кеңесшіге және ақылшыға дейін өзгеріп отырады.
Ауыл мектебінің сынып жетекшісі қызметінің өзіндік маңызды
ерекшеліктері бар. Жеке ерекшеліктердің, өмірдегі түрмыстық жағдайдың,
отбасындағы қарым-қатынастың мәні әрбір балаға және оның отбасына жеке
түрғыда қарауға мүмкіндік береді.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жүмысы ауыл мектептеріндегі балалардың
мәдени деңгейін көтеруге, нарық қатынасы жағдайында оларды өмірге
дайындауға, ауыл балаларындағы қарым-қатынас жасау жетімсіздігін жоюға,
оларды өз жерінің қожайыны ретінде тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Шағын ауыл мектептерінде аз ғана бала оқитын сыныптар бойынша тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру тиімсіз. Мұндай мектептерде әр түрлі жастағы
балаларды қамтитын бірлестіктер (8-15 адамнан тұратын) құрылып, олардың
сынып жетекшілері тәрбиешілермен ауыстырылғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Сынып жетекшісі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Пәндер