Будда дінінің қалыптасуы


Жоспар:
- Үнді-будда мәдениеті
- Ведалар
- Упанишадтар - үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуында басты қадам
- "Санкхья" ағымы
- "Вайше Шика"
- Будда дінінің қалыптасуы
Жер шарындага қасиетті де құдіретгі мәдениеттердің бірі - Үнді мемлекетіңде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үңді елінің ғасырлар бойғы медени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз - діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезіңде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтыты.
Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тогор ведалық гимндерді Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері" деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасып ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды".
Шамамен, б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуында басты қадам болып саналады, Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындықка апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы - упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман - абсолютті шындық, абсолютті руханилышық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен филрсофияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: Үнді мәдениеті - жоғары дамыған сан-салалы құдіретгі мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын меселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар - діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады " (Гегель. Соч. Л., 1972. Т. 9. С. 116) .
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының, алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, "миманса" діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және Діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу адамның құдай алдыңдағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз "карманың" құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. "Карма" бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы карма - адамның тіршілікгегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен "миман-саны" атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп, дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.
"Веданта" брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тогор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан шашырады.
"Санкхья" материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайыңда өмір сүреді, бірақ ешнәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танығады. Ендеше, материя мен рухты, яғни "соқыр " мен " ақсақтың " бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бұл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіретгер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық материалдықтан бөлінуі шарт. Бұл - өмірге келу мен өлемдер тізбегінің торынан шығын, нағаз бостандық пен әділетгілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) жөне қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл-күйде болу және т. б. жатады, Үңді поэзиясының тамаша туындысы "Махабхараттада" санкхья ілімі мен иог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқтату әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттері мен құдіреттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.
"Ньяя" логика заңдарына сүйенеді, оны ұғынып-білу - адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі - вайшешикаға жақын болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz