Үнді - будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде


Үнді - будда мәдениеті.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі -Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді - будда мәдениет.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардын бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз- діни сарындағы дұғалардың құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Шамамен б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді -арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Себебі, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән- мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни- философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы - упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман - абсалютті шындық, абсалютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау.
Үнді - будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті - жоғарғы дамыған сан -саналы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар - діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады». Үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, « миманса» - діни салт- жораларда түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу жақтайды. Құрбандық шалу - адамның құдай алдындағы өз парызын өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы карма- адамның тіршіліктегі жасаған іс- әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері.
Б. з. б VІ ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты - Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Патша Майя бүкіл жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз- өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырады. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатігездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау.
Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арналған сөзінде былай деді: « Сендер бұл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Олар кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін барлық әлем ықыласпен қабылдады.
Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі - махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екіншісі тармағы - хинаяна Цейлонда қалыптасты.
Қытайда будда дінінің идеялары б. з. б. І-ші ғасырда тарай бастайды. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды.
Қоғамдық өмірді тұрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, Үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына яғни өркениетті ел болу жолына түсуі - тарихи қажеттілік болды. Заман ағымында бұл асқарлы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады да, асырыла бермек те.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz