Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БӨБЕК ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ,
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1-11 сыныптар

Алматы 2010

ББК

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі ұсынады

Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған Өзін-өзі тану пәнінің
оқу бағдарламалар жинағы. Алматы, Бөбек ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы
институты, 2010 ж. –

Бастауыш мектептерге арналған Өзін-өзі тану пәнінің
оқу бағдарламасы
Авторлары: М.Ж. Жадрина, А.С. Сейтақов, Ғ.З. Байжасарова, Р.О.
Ізғұттынова, Ұ.М. Әбдіғапбарова, Ж.Ж. Әкімбаева.

Негізге орта мектепке арналған Өзін-өзі тану пәнінің
оқу бағдарламасы
Авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З. Байжасарова, Б.А. Әрінова, Ж.Ж.
Әкімбаева, Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, А.С.
Сейтақов, Ұ.М. Әбдіғапбарова.

Мектептің жоғары сатысына арналған Өзін-өзі тану пәнінің
оқу бағдарламасы
Авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З.Байжасарова, Ж.Б. Қажығалиева, Б.А. Әрінова,
Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж. Әкімбаева, А.С. Сейтақов.

ISBN

Түсінік хат

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және
шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы
жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын
адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам
болмысы күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет
субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының
біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс
жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын
үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің
танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы
бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:
➢ адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-
әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
➢ оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
➢ қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
➢ өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
➢ түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешу;
➢ өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
➢ адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
➢ өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде
шынайы болу;
➢ жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
➢ өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын
болу және оған жауапты болу;
➢ қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Мектеп бітірушілердің негізгі біліктері білім беру үдерісіне
қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, қоғам) үшін бағыт-бағдар
береді және өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын анықтауға, сол сияқты рухани-
адамгершілік білім беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі
тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер, атап
айтқанда:
➢ оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген
сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
➢ өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің
өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен
сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
➢ өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
➢ адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен
тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі
ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу
қабілеттіліктерін арттыру;
➢ әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып,
сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
➢ белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу;
жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени
құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің
көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
➢ күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық
белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған
міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және
топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға
бағытталып, 1-11 сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге
сәйкес іріктелді:
➢ рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның
қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани,
әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға
бағытталған;
➢ өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында
зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік
мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
➢ күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің
жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне
сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен
бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8,
9,10, 11 сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі
оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды
көздейді.
Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін
нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
а) өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән
мен жан үндестігі;
ә) өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық,
диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
б) әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік,
сенім, үміт;
в) адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ
үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
а) өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,
дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
ә) өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік,
төзiмдiлiк, сыпайылық;
б) әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат,
қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
в) адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру,
болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.
1. Адамның өзін-өзі тануы
2. Адам және қоғам
3. Адам және қоршаған орта
4. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға
құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып
табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге
толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге
айтарлықтай мүмкіндік береді.
Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау
бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және
мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы
курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы
курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр
түрлі болуы мүмкін.
Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және
сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға
қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді
дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-
өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты
өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық
курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске
асыруға да негіз болады.
Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне
әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды
қарастырады. Мысалы Шаттық шеңбері және Жүректен жүрекке әдістері әрбір
сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының
сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды
қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп
және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың
құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін
кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын
қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
ашуға (Оқу, Сабақтың дәйексөзі, Әңгімелесу, Жағдаяттар кезінде
ойлану, Шығармашылық жұмыс және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді
пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін
ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін
релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын,
шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін
(Тыныштық сәті, Өзіммен өзім, Сергіту сәті) әдістемелік тәсілдердің
көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын
сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.

І. Мектептің бастауыш сатысы (1-4-сыныптар)

Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4 сыныптарда төрт негізгі бөлімді
қамтиды:
1. Өзін-өзі тану бақыты
2. Адами қарым-қатынасқа үйренейік
3. Адам болам десеңіз...
4. Әсемдік әлемінде.
Өзін-өзі тану бақыты атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану
пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған
сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады,
сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы
келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап
жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны
басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты
танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы
міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.
Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы – іс-әрекеттің
(оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың
барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының
өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны
тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын
әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға
түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас
элементтерін пайдалану қажет.
Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне
қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық,
тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп
ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни
есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау
сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.
Бағдарламаның Адами қарым-қатынасқа үйренейік атты екінші тарауында
коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау,
түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық
біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу
білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және
басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу
дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл
бөлінеді.
Адами қарым-қатынасқа үйренейік атты тарау сабақтары балалар ұжымында
ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды
қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни
айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен
өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға
бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын
бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты
тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз
мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін
қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік
көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.
Оқыту үдерісінде баланың адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы
ережелерін меңгеруі маңызды болып табылады. Бұл үшін оларды қарым-қатынас
білігін, ынтымақтастық пен ұжымшылдық рухын дамытуға, басқалардың сезімін
түсінуге, топпен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттестікке, басқа
балалармен достасуға, жетістіктері мен сәтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-
құлқын бақылап, оны саналы түрде басқаруға, түрлі өмірлік жағдаяттарда
батыл және өзіне сенімді болуға үйрету керек. Балаларды жаттығуларға,
ойындарға, шығармашылыққа, экспериментке, іс-әрекетке практикалық
кірістірудің түрлі формалары жас жеткіншекті тәрбиелеу нормаларына тартуға,
өзіне, айналасындағыларға, құрбыластарына және үлкен адамдарға қатынасында
эмоционалдық-мотивациялық нұсқаулар қалыптастыруға, коммуникативтік және
әлеуметтік дағдылар, біліктер және қарым-қатынас тәжірибелерін дамытуға,
қоғамдағы дұрыс мінез-құлық және жеке даралық дамыту үшін қажетті
мүмкіндіктер туғызу қажет.
Осы тарау сабақтарында алған өзара адами қарым-қатынастың сыпайы
тәсілдері, құралдары мен әдістері туралы білім балаларға қатынас жасау
өнері жөнінде түсінік береді. Олардың жақын адамдарына, сыныптастарына,
таныстарына мейірлі болып, шынайы сезімге тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады.
Бұл сабақтар балаларды әңгімелесушінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз
ойлары мен сезімдерін дұрыс жеткізе білуге, жақсы қатынасты бағалай білуге
және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қуанышқа бөлене алуына,
оларға қамқорлық көрсетуге және шамасына қарай көмек көрсетуге үйретеді.
Адам болам десеңіз... атты үшінші тарау баланың жас ерекшелігіне
қарай олардың психологиялық дамуын, яғни өспелі мінез-құлықты түйсінуін,
әсерленгіштікті, сезімнің қарқынды дамуын, жалпы эмоционалдық тонусын
(шаттық, сергектік), жігерлілік сапаларын ескере отырып жасалған. Тарауда
баланың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларын
дамытуға септігін тигізетін материалдар бар. Осы арқылы оқушылар
мейірімділік, борыш, адалдық, ұят, намыс, батылдық сияқты және т.б.
адамгершілік ұғымдармен танысады. Баланың қайырымдылық, достық,
ұстамдылық, мақсаткерлік, батылдық, өз-өзін құрметтеу, абырой, көңіл күйге
ортақтаса білу, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық
көрсетуін дамытуға ықпал ететін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға
айырықша көңіл бөлінеді. Бағдарлама мазмұнында өзінің және басқалардың
қылықтарын жинақтап қорыту, салыстыру, талдау, оның этикалық мәнін көре
білу және бағалау қарастырылған.
Оқытудың мазмұны мен әдістері балалардың сезімталдығын, елгезектігін,
өзін-өзі құрметтеуін, өз қадір-қасиетін сезінуін, эмпатиялық сезімін
көрсетуін тәрбиелеу үшін жағдай жасауға бағытталған. Білім үдерісі баланың
өз ұстанымына, оның өмірлік тәжірибесіне құрылуы қажет, сондықтан да
оқушыларға оқу мен тәрбие үдерісінде берілетін ақпарат баланың жай назар
аударуына ғана емес, оны эмоционалды түрде бастан кешіретіндей болуы тиіс.
Онда балаларды өмірлік жағдаяттарды адамгершілік амалдармен шешуге
үйрететін негіздегі тәжірибені қолдану қажет.
Тарауды оқытуда этикалық әңгімені жетекші әдіс ретінде қолдану мақсатқа
сәйкес болады. Адамгершілік көрініс беретін оқиғаларды талқылау үдерісінде
мұғалімнің балалар бойында жағымды эмоциялар оятуы, өз қадір-қасиетін
сезінуін дамытуы қажет. Этикалық әңгіме мазмұны балалар әр түрлі іс-
әрекеттерге байланысты туындайтын қоғамдық құбылыстарды бағдарлай
алатындай, өз мінез-құлықтарын сезінетіндей, өз қылықтарының адамгершілік
нәтижелерін алдын ала болжай алатындай болуы керек. Адамгершілік тәрбиенің
ұтымды тәсілі мен құралы арнайы құрылған танымдық міндеттер болып табылады.
Оларды шешу барысында кіші жастағы оқушылар қылықтарын қарастыруды,
жағдаяттарды талдауды, оларға өздерінің жеке қатынасын білдіруде өздеріне
таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Сабақта болашақ туралы ойлану,
армандау үшін уақыт бөлінуі қажет, бұл – тыныштық сәті, онда түрлі
мәселелер: өзің, жақындарың мен туыстарың туралы, жақсылық пен жамандық
туралы, адамдардың өмірін жақсарту жөнінде ойлану үдерістері орын алады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған
адамдардың тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлықтарының жетістік
және кемшілік тұстарын көруге; әділеттік танытуға, өз қалауын ортақ
мүдделерге бағындыруға; өз бетінше әрекет етуге және қойылған міндеттердің
шешімін өз бетінше табуға үйренеді. Адамдардың қылықтары мен әдеттері
туралы алынған мәліметтер кіші жастағы оқушыларға мінез-құлықтың әлеуметтік
мәні бар жағымды мотивтерін орнықтыруға, өз бойындағы жақсы үлгілерді
жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Білім мен тәрбиенің қаланған
негіздері баланың бойында өз қылықтары үшін жауапкершілік сезімін және
өзіне қатысты талап қоя білуді орнықтыруға көмектеседі, жеке тұлғаның басты
келбетін дамытуға көмектесетін өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Әсемдік әлемінде атты төртінші тараудың мазмұны кіші жастағы
оқушылардың бойында қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас тәжірибесін
қалыптастыруға бағытталады. Балалардың табиғатқа эстетикалық қатынасын
қалыптастыру және денсаулықтарын нығайту мақсатында экологиялық,
шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастырылады. Сабақтың эмоционалдық тартымды
болуы кіші жастағы оқушылар үшін іс-шаралардың: танымдық, сюжетті-рөлдік
ойындар, мерекелер, табиғи материалдармен практикалық жұмыстар, жобалық іс-
әрекеттер, топтық саяхаттар, осы жастағылар үшін шамасы келетін табиғатты
қорғау іс-әрекеттерін қолдану сияқты түрлері қамтамасыз етіледі.
Әсемдік әлемінде атты тараудың құрылымы этикалық, эстетикалық,
валеологиялық, құқықтық білімдер арасындағы байланысты орнықтыруға жағдай
жасайды. Тарау мазмұнына енгізілген осы білімдердің құрамдастары мағыналық
жағынан ізгіліктік адамгершілік құндылықтармен байланысады. Өмір және
салауаттылық құндылықтарын ашуға арналған сабақтарда оқушылар әрбір адамның
өмір сүруге, өз денсаулығын қорғауға, баланың тіршілік етуге құқығын және
өздерінің денсаулықтарына мемлекеттің ерекше қамқорлығын сезініп, басқа
адамның өмір сүру құқығын әркімнің сыйлауға міндетті екенін ұғынады,
экологиялық мәселелермен танысады.
Адамгершілік және экологиялық бағдарлы қалыптасқан тәжірибе арқылы кіші
жастағы оқушылардың өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге,
өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға, өзінің еңбек, демалыс, тамақтану
сияқты өмірлік іс-әрекеттері үшін экологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Кіші жастағы оқушылардың рухани-адамгершілік білімінің тиімділігі
көбінесе мұғалім мен отбасының ынтымақтастығына байланысты болады.
Мұғалімнің қандай адамгершілік ережелерді ұсынып отырғанын, балалардың
мінез-құлықтарына қандай талаптар қойылатынын, адамгершілік категориясы
бойынша олардың әрекеттері қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық
пікір қандай екенін ата-аналардың білуі шарт. Ата-аналар мен педагогтердің
тәрбиелік ықпалының бірлігі тәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін бір
бағытта түсінуінен, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оларды
жүзеге асыру білігінен көрінеді. Пәннің мақсат-міндеттері мен әдістерін
ашатын бірлескен үй жұмысы (балалар мен олардың ата-аналары үшін),
әдебиеттерді ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер өткізу тәжірибеге
кеңінен енгізіледі. Мұның өзі мектепте де, үйде де балаларды үздіксіз
тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төменде осы айтылған мазмұнға сәйкес құрастырылған Өзін-өзі тану пәні
бойынша бастауыш мектептің әрбір сыныбына арналған тақырыптық жоспар
ұсынылады.

1-сынып
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.)
І-ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
№ Сабақтың Сабақтың Сағат
тақырыбы мазмұны саны
1-2 Шаттыққа толыӨзін-өзі тану пәні нені 2
жүрекпен үйрететінін ұғыну Өзін-өзі
тану пәнін оқып-үйренуге
қызығушылық.
3-4 Арайлап атсынӘрбір атқан таңға, бейбіт 2
әр таңым күнге қуану, ризашылық
білдіру, айналасындағы
адамдардың бір-біріне
қуаныш сыйлауы.
5-6 Бәрін білгім Білім, еңбек құндылықтары, 2
келеді оқушы, оқу, білім, туралы
түсінік беру; ұстазбен
өзара сыйластық
қарым-қатынастарын дамыту,
оқушы мәртебесі, жақсы
оқушы болуға тәрбиелеу.
7-8 Достық қымбатДостары (балабақша, аула, 2
өмірде ауыл, сынып), достық
қарым-қатынастың өмірде
алатын орны, достыққа негіз
болатын адами қасиеттер
туралы жалпы түсінік беру.
ІІ-ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК
9-10Сәлем берем Үлкендермен амандасуға, 2
ізетпен бір-бірімен сәлемдесуге
үйрену, бір-біріне ізет,
сый-құрмет көрсете білу;
әдептілік, сыпайылық,
ізеттілік ұғымдарын түсіну,
әдеп талаптарын орындай
білу, ізетті, сыпайы,
тәртіпті болуға үйрену.
11-1Тіл табыса Бір-бірін түсіне білуге, 2
2 білейік тыңдауға үйрену, кешірімді
болу, өзара сыйластық,
өзара түсіністік пен
татулықты бағалай білуге
тәрбиелеу.
13-1Көмектесе Айналасындағы адамдарға 2
4 білейік көмек көрсету, өзара көмек
жасауға үйрену; өзіне
жақын, ниеттес адамға сенім
білдіру, өзара
жауапкершілікті түсіну,
қамқорлық жасай білу,
бір-біріне адал болуға
үйрену.
15-1Сыйласаң – Дос, жақын, туыс адамдармен2
6 сыйлы боласыңөзара сыйластық, адамдарға
ақ ниетпен құрмет көрсете
білуге тәрбиелеу.
ІІІ-ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17-1Жақсыдан Жақсы мен жаманды ажырата 2
8 үйрен, білу, жақсыны бойға сіңіру,
жаманнан жаманнан аулақ болу;
жирен жақсылық жасауға үйрену,
жақсылықты өнеге ету,
жақсылықты риясыз жасауға
үйрету.
19-2Қамқор болып Сүйіспеншілікті, 2
0 өсемін қайырымдылықты,
мейірімділікті сезіне білу,
айналасындағы адамдарға
деген ықыласы мен көмегі,
адамдарды жақсы көру,
қайырымды, мейірімді болу;
қамқорлық сезімдерін дамыту,
адамға, табиғатқа,
жан-жануарларға қамқорлық
жасай білуге баулу.
21-2Шыншылдық – Шындық пен өтірікті айыра 2
2 адамдықтың білу, шындықты айта білу,
белгісі өтірік айтпау, шыншыл,
турашыл болуға үйрену.
23-2ЖауапкершілікЖауапкершілік ұғымының
4 пен адамгершілік құндылығы
жауапсыздық ретіндегі маңыздылығын ашу;
жауапкершілік туралы
түсініктерін кеңейту,
балалардың жауапкершілігін
арттыру; өз сөзіне, ісіне
жауапкершілікті сезіндіру.
25-2Адам болу Адам құндылығының маңызы; 2
6 арманым адамгершілік қасиеттер
туралы білімдерін кеңейту;
әр адамның ерекшелігін
көрсететін табиғи дарыны,
қабілеттері туралы түсінік
беру; өзін-өзі танудың:
өмір, қарым-қатынас,
ата-ана, бауырмалдық және
т.б. негізгі ұғымдарын
меңгерту.
ІҮ-ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
27-2Табиғатқа Табиғаттың сұлулығы мен 2
8 құштарлық әсемдігін сезіне білу,
табиғаттан үйлесімділік,
жарасымдылық табу,
әсемдікке, сұлулықққа
талпыну; табиғатқа
қамқорлық жасау, аяушылық,
жанашырлық таныту,
күтіп-баптау, өсіп-өнуіне
көмектесуге баулу.
29-3Денсаулық Денсаулықтың маңызын 2
0 құпиялары түсіну, денсаулық
құпияларын білу,
денсаулықты күту, бағалау,
нығайтуға үйрену.
31-3Отанымды Отанды сүю, құрметтеу, 2
2 сүйемін мақтан тұту, қызмет етуге
үйрену. Туған өлкенің
табиғаты, байлығын
сақтауға, қамқор болуға
баулу.
33-3Өзін-өзі 1-сыныпта Өзін-өзі тану 2
4 тану пәнінен үйренгендерін
пәнінен жинақтап, қорыту
үйренгенім

Оқушылар 1-сыныптың соңында:
➢ адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық,
еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт,
сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы
түсініктерді біледі;
➢ балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді,
сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек
етуді үйренеді;
➢ қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық,
әдептілік, өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді;
➢ мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға
ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
➢ табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы
түсініктері қалыптасады;
➢ денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының
қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
➢ өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе
алады;
➢ Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен
ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
➢ шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді,
құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай
біледі;
➢ оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.

2-СЫНЫП
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.)
№ Сабақтың Сабақтың мазмұны Сағат
тақырыбы саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1-2 Біз осындай 1-сыныпта өзін-өзі тану 2
баламыз сабақтарынан
үйренгендерін еске
түсіру. Өзін және
айналасын тануға
қызығушылық. Оқуға,
білім алуға деген
құштарлық.
3-4 Көңіл күйіміздіЖағымды қарым-қатынас 2
басқара білейіктуралы түсінік.
Ұстамдылық іскерліктерін
дамыту. Әр түрлі
жағдайларда өзін ұстай
білуге тәрбиелеу.
5-6 Оқуға Білім, махаббат 2
құштарлық адамгершілік
құндылықтары;
оқу-білімнің адам
өміріндегі маңызы туралы
түсінік беру; оқуға,
білім алуға деген
ынталарын дамыту;
кітапты қадірлеуге,
еңбекті сүюге тәрбиелеу.
7-8 Менің Білім, сыйластық 2
ұстаздарым адамгершілік
құндылықтары туралы
түсініктер. Ата-ананың,
үлкендердің, кітаптың
өмірдегі ұстаздары
екендігін түсіндіру;
мұғалім еңбегі туралы
түсінік, оқушының
мұғалімге деген
сүйіспеншілігі;
ұстаздарды бағалау,
сыйлау.
ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК
9-10 Үлкенге – Құрмет, ізет, сыйластық 2
құрмет, туралы түсінік беру.
кішіге – ізетҚарым-қатынас жасау
іскерліктерін дамыту.
Үлкендер мен кішілер
арасындағы сыйластықты
түсіндіру.
11-12 Кешірімді Кешірім ұғымының 2
бала – адамгершілік құндылық
кішіпейіл ретіндегі мәнін ашу.
бала Кішіпейілділік,
кешірімділікке бейім
қабілеттерін дамыту.
13-14 Келісім түбі Келісім, жарастық туралы2
– жарастық түсінік беру. Достаса
білу, қасиеттерін
дамыту. Өзара татулыққа,
шыдамдылыққа,
төзімділікке тәрбиелеу.
15-16 Күш бірлікте Бірлік туралы түсінік 2
беру, көпшіл болу
іскерліктерін дамыту.
Бір-біріне көмектесуге,
бірлесіп еңбек етуге
тәрбиелеу. Өзара
түсінісе білу
іскерліктерін дамыту,
өзара сыйластыққа,
достыққа тәрбиелеу.
ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17-18 Текті білу Ата-тек, жеті атаны білу2
тегін емес арқылы өзіңді тану.
Атадан өнеге-үлгі,
тәлім-тәрбие алу.
Ата-текті құрметтеу,
қастерлеу. Ұрпақ
жалғастығы.
19-20 Обал мен Мейірімділік, 2
сауап адамгершілік
құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту.
Обал мен сауап туралы
түсінік беру. Халықтың
дәстүрлі игі әдеттеріне
қызығушылықтарын
арттыру. Мейірімділікке,
үнемдей білуге
тәрбиелеу.
21-22 Еңбек бәрін Еңбектің адам өміріндегі2
жеңбек мәні туралы түсінік.
Еңбек етуге
қызығушылықтарын дамыту.
Алдына қойған мақсат
жолында қажыр-қайрат,
жігерлілік, өзіне-өзі
талап қоя білуге үйрету.
23-24 Жүрек жылуы Мейірімділік, 2
қайырымдылық туралы
түсінік. Өзгелерге
қамқорлық жасау,
ата-анасына, бауырларына
деген сүйіспеншілік.
IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
25-26 Халық Даналық ұғымының 2
даналығы адамгершілік құндылық
ретіндегі мәнін ашу.
Жұмбақ, мақал-мәтел,
ертегі халық даналығы
екендігін түсіндіру.
Халық даналығына
сүйіспеншілігін арттыру,
оны құрметтеп, сақтауға,
бағалауға тәрбиелеу.
27 Халқым менің Туған халқының дәстүрін 1
қонақжай танып-білуге
қызығушылық,
қонақжайлылық дәстүрі,
қонақты күтіп-сыйлау,
бата алу. Отбасылық
дәстүрлерді қастерлеу,
жалғастыру.
28 Табиғат – Табиғат, сұлулық тәрізді1
әсемдік әлеміадамгершілік құндылықтар
туралы түсінік. Табиғат
сұлулығы туралы түсінік
беру; табиғат әсемдігіне
қызығушылықтарын
арттыру; табиғатты сүюге
тәрбиелеу.
29 Табиғат – Табиғат, денсаулық 1
денсаулық адамгершілік
мекені құндылықтары туралы
түсінік. Табиғаттың
денсаулыққа әсері туралы
түсінік беру;
денсаулығын нығайтуға
ұмтылысын арттыру;
денсаулығын бағалауға
тәрбиелеу.
30 Табиғатпен Адам мен табиғат 1
біргеміз үйлесімділігі туралы
түсінік беру. Табиғатқа
аялы қарым-қатынастарын
дамыту.
31 Атамекен Атамекен табиғаты туралы1
табиғаты түсінік беру. Табиғатқа
анамдайсың қамқорлық жасау,
іскерліктерін дамыту.
Атамекенін қадірлей
білуге тәрбиелеу.
32 Қазақстан – Отан, махаббат 1
менің елім адамгершілік
құндылықтары туралы
түсініктер. Қазақстан
Республикасында тұратын
халықтардың Отаны
Қазақстан екендігін
түсіндіру. Отанға
сүйіспеншілігін арттыру;
Отанын сүюге тәрбиелеу.
33-34 Үйренгенім 2-сыныпта Өзін-өзі 2
көп менің тану пәнінен алған
білімдерін жинақтау,
жағымды
қарым-қатынастарын
дамыту.

Оқушылар 2-сыныптың соңында:
➢ бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс,
татулық, махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар
туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;
➢ оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын
бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана
тілін құрметтеуді үйренеді;
➢ адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім,
шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды
қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі
туралы түсініктері болады;
➢ қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
➢ адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері
туралы бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде
ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;
➢ адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді,
түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді,
көңіл күйін басқара алуды біледі;
➢ денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;
➢ өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде,
қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.

2-сынып оқушыларының білімін бағалау
Оқушылардың Өзін-өзі тану пәні бойынша білім сапасын бағалау 2-сынып
бағдарламасында белгіленген Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде
жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету
дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға
(мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру
ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр
жартыжылдық қорытындыда сынақ деген баға қойылады.
Оқушы 2-сынып бағдарламасындағы Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кем дегенде 23 бөлігіне сай өз
жетістігін көрсете алса, онда сынақ деген баға қойылады.
Оқушыға сынақсынақ емес деген баға қойыларда оның Өзін-өзі тану
пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға
алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық
шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке
шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты
мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ
барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде
қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

3-сынып
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.)
№ Сабақ тақырыбы Сабақтың мазмұны Сағат
саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1 Өзін-өзі тану Рухани-адамгершілік 1
белестері құнды-лықтар негізінде
2-сыныпта өзін-өзі тану
сабақтарынан алған
білім-біліктерді
жинақтап қорытындылау.
3-сыныпта меңгеретін
құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттер
туралы жалпы түсінік.
Өзін, өзгелерді,
адамгершілік
құндылықтарды танып
білуге қызығушылығын
ояту.
2 Өмірді танып Өмір ұғымының 1
білуге құштарлықадамгершілік құндылық
ретіндегі мәні. Өмірді
тану, өмірді танып
білуге қызығушылықтар.
3 Білім ( ақиқат Білім құндылығы туралы 1
бастауы түсінік. Білімнің адам
өміріндегі маңыздылығы;
білімге, оқуға
қызығушылық.
4 Менің сүйікті Еңбек құндылығы мен 1
ісім еңбексүйгіштік адами
қасиеттері туралы
түсінік. Сүйікті іс
туралы түсінік; еңбек
ету іскерліктері.
5 Қиял арманға Жақсы ниетпен армандай 1
жетелейді білуге баулу. Қиял,
арман туралы түсінік.
6 Бабалар сөзі – Даналық құндылығы туралы1
даналық көзі түсінік. Даналық,
ақылдылық туралы
ұғымдар; ойлау
іскерліктері; ата-баба
даналығы.
7 Бірлігі жарасқанДостық, бірлік, халық 1
халықпыз құндылықтары туралы
түсінік. Халықтар
достығы, жарастығы,
бірлігі туралы
түсініктері; өзара
сыйластық
қарым-қатынастары.
8 Отан сүйген Отан, махаббат 1
ұланбыз құндылықтары туралы
түсінік. Отанға деген
махаббат, сүйіспеншілік
сезімдері; Отанын сүю,
мақтан тұту, құрметтеу.
ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК
9 Ризашылық пен Сыйластық құндылығы 1
алғыс туралы түсінік.
Ризашылық пен алғыс
туралы түсінік;
үлкен-кішіге деген
сүйіспеншілік, сыпайылық
қарым-қатынасы.
10 Өзіңді де, Махаббат, сыйластық 1
өзгені де аяла құндылықтары туралы
түсінік. Өзіңді, өзгені
аялаудың адам өміріндегі
маңыздылығы; өзіне,
өзгелерге аялы, сыйлы
қарым-қатынастар.
11 Шаңырақ Сыйластық, махаббат 1
жарастығы құндылықтары туралы
түсінік. Шаңырақ
жарастығы, сыйластығы
туралы түсінік.
12 Сіз деген – Сыйластық, қамқорлық 1
әдеп, біз деген құндылықтары туралы
– көмек түсінік. Өзара сыйластық
қарым-қатынасының адам
өміріндегі мәні.
13 Ойнай білу де – Сыйластық, достық 1
өнер құндылықтары туралы
түсінік. Шыдамдылық,
сабырлылық, ақылдылық
адами қасиеттердің
өмірдегі маңыздылығы.
14 Ұл бала мен қыз Сыйластық, достық 1
бала құндылықтары туралы
түсінік. Ұл бала мен қыз
бала арасындағы
сыйластық туралы
түсінік.
15-Дос болайық, Достық құндылығы туралы 2
16 бәріміз түсінік. Татулық пен
достықтың адам
өміріндегі маңыздылығы;
өзара көмек, жолдастық,
сыйластық
қарым-қатынастары.
ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17 Жылы жүрек – Мейірімділік, 1
жақсы тілек қайырымдылық
құндылықтары туралы
түсінік. Жақсы тілек,
ізеттілік, ізгілік
туралы түсініктер,
қайырымды қарым-қатынас
жасау іскерліктері.
18-Ұқыпты бала- Әдептілік, сыпайылық 2
19 әдепті бала адами қасиеттер туралы
түсініктер. Ұқыптылық,
жинақылық туралы
түсінік;
20-Өнерлі бала Өнер ұғымының құндылық 2
21 сүйкімді ретіндегі мәнін ашу.
Өнердің адам өміріндегі
маңыздылығы.
22 Ақыл ( жастан, Даналық құндылығы туралы1
асыл ( тастан түсініктерін кеңейту;
ақыл, ақылдылықтың адам
өміріндегі маңыздылығы,
ақылын өмірде қолдана
білу іскерліктерін
дамыту, ақылды болу,
ақылға жүгініп, дұрыс
шешім қабылдай алуға
баулу.
23 Еңбектің наны Еңбек құндылығы туралы 1
тәтті түсінік. Еңбектің адам
өміріндегі маңыздылығы.
24 Мақтану – Кішіпейілділік, 1
мақтаншақтық қарапайымдылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Балаға экологиялық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері туралы
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер