Орыс тілінде ауызекі сөйлеуге жаттығу

ХІХ ғасырдың екінші жартысында да Қазақстан Россия империясының шығысындағы ең мешеу отарларының бірі болып қала берді. Өсімқор саудагерлер мен байлар еңбекшілерді қанауды барған сайын күшейте түсті. Мұндай жфғдайда халықтың мәдени талабын өтеу, оның жалпы тұрмыс күйін, әл-ауқатын көтеру мәсәлесі патша әкімдерінің назарын аудара қойған жоқ.
Реформадан кейінгі дәуірде патша үкіметі Қазақстан тәрәзді шет аймақтарда көпшілікке арналған (халықтық мектептерін ашу сияқты либералдық реформа түрінде) кейбір жақсылықтар жасап, кеңшіліктер беруге мәжбүр болды. Қазақ даласы сияқты земство жоқ жерде «мектеп фондысы» деп аталатын алым жинау жөнінде жергілікті әкімшілік орындарына кең право беріп қойды.
Көптеген жылдар бойы халықтан жиналған қаржының басым көпшілігі орнына жұмсалмай, босқа кетті. Оларды губернаторлар өз қалауынша жұмсады, оны ешкім бақылаған жоқ. Соның нәтижесінде тым болмаса біраз мектептерді ұстауға жететін халық қаражаты патша әкімдерінің талан-таражында кетті. Сөйтіп «бұратана» қазақ халқын ағарту туралы белгіленген шаралар жалған болып шықты, сондықтан нәтижесі мүлдем аз болды. Чиновниктер бюрократтық аппарат өзінің кертартпа тәсілдері арқылы бұл сияқты жолсыздықтарын шебер бүркемелеп, әрекетсіздігін ақтай алатын еді.
1875 жылы қазақ мектептерін Ағарту министрлігінің қарауына беру қарсаңында Орынбор өлкесінде қауымдардың қаулысы бойынша жиналған ақшадан басқа, 47 666 сом «үнемделген» ақша қоры болды. Ағарту шараларын жүзеге асыру үшін жыл сайын қазынадан босатылатын 8 мың сом ақша 1873 жылдан бастап Торғай облысы үшін 3 465 сомға дейін төмендетілді. Өйткені өткен жылдары босатылған ақшаны бұл облыс түгел жұмсап бітірмеген көрінеді. Осының бәріне қарамастан Орынбордың генерал-губернаторы Крыжановский қазақ қауымына «мектеп фондысын» жасауды ұсынуға ұялған жоқ.
Патша өкіметі 1879 жылға дейін, демек Ы. Алтынсарин Торғай облысы халық училищелерінің инспекторы болып қызметке кіріскенге дейін, қазақ балалары үшін керекті мектептің құрылыс жөніндегі белгілі бір жобаны таңдап алу мәселесін де шеше алған жоқ. Орыстың ғылымы туралы, көшпелі халыққа қолалы мектептің типі туралы, сондай-ақ бұратана халықтың балаларына қандай қарым-қатынас жасау керектігін шешетін миссионерлік «идеялық» негіздер туралы адам сүйгіштік тұрғыдан аса бір нәзіктікпен айтылатын көпірме жел сөз, жалған пікірлер тек қна тілге тиек орнына пайдаланылды, шынтуайтқа келгенде мәселені шешуді кешеуілдете берді.
Осындай «қамқорлықтың» нәтижесінде 70-жылдардың қарсаңында Семей, Ақмола облыстарында қалт етіп қана өмір сүрген он шақты интернат болды. Кейін бұл интернаттар төменгі дәрежелі ауыл шаруашылық мектептері болып өзгертіліп қайта құрылды; Орал облысының бірнеше пункттерінде сауат ашар «қарапайым арзан» мектеп, торғай облысының бекіністі пункттерінде «далалық бастауыш мектеп » болып құрыылды. Бәрін қосқанда бүкіл Қазақстанда (оңтүстік облыстарды қоспағанда) ашылған мектептер саны жиырма бестен артық емес еді. Оларда не бары 300-ге жуық бала оқыды.
Қазақ балаларына арналған мектептердің құрылысы қандай болу керек деген мәселені шешуге келгенде, православиелік діни миссиялар мен одақтар және жергілікт ислам дінінің өкілдері мейлінше реакцияшыл роль атқарады. Бұл кезеңде, әсіресе шабуылға шыққан реакция жылдарында православиелік діни иелері халықтық мектептер құруға ашықтан-ашық қарсы шықты; олар бастауыш білім беру орындары түгелімен жергілікті діншілдердің қолына берілсін деп талап етті.
60-70 жылдарда халық ағарту жұмыстары бұл өлкедегі орыс деревнялары мен қазақ, орыс поселкелерінде де өте нашар күйде еді. Шаруалардың балалары мен қазақ-орыстардың балалры оқитын сауат ашу мектептері мен шіркеудің қатынап оқитын мектептерінде арнаулы үй де, оқу жабдықтары да жоқ болатын. Бұларда сабақ жүргізілгенде шіркеулік діни ктаптарды және азаматтық кітаптарды оқытумен болатын, құдай заңын және арифметикалық бастапқы жеңіл-желпі ережелерін үйретумен тынатын. Орыс шаруаларының балаларына бастауыш білім берудің жайы осындай мешеу күйде тұрғанда патшалық үкімет орындары қазақ сияқты «бұратана» халықтарға арнап мектеп ашуды керек деп түсінген жоқ, оны ашу туралы қам жегісі де келмеді.
Торғай облысында патша үкіметі ашқан алғашқы қазақ мектептері казармалық типтегі жартылай әскери тәрізді болды. Бұл мекемесымақтардың жұтаң, жүдеу қалпы, қарапайым қалпы жергілікті халықтың тұрмыс салтына белгісі деп танылды.
Мектеп туралы Ережеден кейбір үзінділер келтірейік:
«1) Мектепке келгендердің бәрі де, тіпті ересектер де оқуға қабылданылсын және оқытылатын болсын . . .
2) Алғашқы әзірде мектептің сипаты 25 оқушы және 1 мұғалім (мектепті басқарушы да сол мұғалім) көлемінде ғана шектелетін болсын. Мектептер неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым олар сырттай Азиялық мектепке ұқсайтын болады; мұнысы тіпті жақсы.
3) Оқу жұмысы орыс және қырғыз тілдерінде кітап оқу және жазу жұмыстарымен, арифметиканың алғашқы төрт амалы және қырғыз тілінен орысшаға, орысшадан қырғыз тіліне аударумен (аударғанда екі тілдің грамматикалық формасын түсіндіре отырып аударумен) шектелсін.
4) Оқыту жұмысында ланкастер әдісі, демек, балалар кішкене балаларды оқытып, үйретуге тиісті болатын әдіс қолданылсын.
5) Мектеп қабырғасында баланың неше жыл оқитыны белгіленбеген. Бірақ баланы мектепте төрт жылдан артық ұстамаған жөн. мектепті білім беру құралынан қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналдырмау үшін осылай еткен дұрыс болады.
6) Мектептің үйлерін бекіністер жанында шымнан немесе жеңіл кірпішпен салу керек, пештері болсын, бірақ тақтайдан еден салудың керегі жоқ, алайда нары болуға тиіс. Мектеп үйінің ішкі жабдығы бірнеше тапал стол тұрсын, нарда немесе жерде отырып оның үстінде қағаз жазуға жарамды болсын.
7) Ас үйінің ыдыс-аяғы мынадай болсын: бір шелек, екі шойын қазан және бірнеше ағаш тостаған. ет кесуге керекті пышақ тәрбиеленушілердің өзінде болуға тиіс.
8) Тәрбиеленуші балалар киім-кешекті, төсек-орынды өздерінің ата-аналарынан алады, тек ең кедей дегендерге ғанабұл жағынан аздап көмек берілуі мүмкін.
9) оқушыларға тамақ дайындау, жарық қылу, отын-су - бәрі қазынаның есебінен, мұғалімнің қолына берілетін айрықша қаржының есебінен жүргізіледі.
10) Әрбір мектепті құруға шамамен 650 сом шығарылады. Оны ұстап тұруға жыл сайын 1356 сомға дейін жұмсалады (соның ішінде оқушылардың тамағына 900 сом, мұғалімнің жалақысына 180 сом мөлшерінде босатылады) . Бұл шығын қырғыздарға түтін басына салынатын салықтың есебінен өтелетін болсын».
«Дала мектептерін ашуды» осылайша ұйымдастырудың жобасы Россияның жоғарғы үкімет органдарына өте ұнады, сондықтан оны 1860 жылы патша өз қолымен бекітіп берді.
Ережеде «Басты назар балаларға орыс тілін үйретуге аударылсын: орыс грамматикасын қырғызша оқи білетін балаларға ғана үйреткен жөн. Тәрбиеленуші бала орысша да, қырғызшы ды оқып үйренгенде ғана оған арифметиканы оқытуды бастау керек», - деп көрсетілді.
Ережеден көріп отырсыздар, жаңа ашылған бұл бастауыш мектептер оқушы балалардың ана тіліне немқұрайды қараған жоқ. Сөйте тұра да оған өзге пәндердің арасынан оның өзіне тән тиісті орын тауып берген жоқ.
Алғашқы әзірде дала мектептері төрт жерде ашылды: Орынбор бекінісінде (Торғайда), Орал бекінісінде (Ырғызда), Сырдариядағы № 1 форт жанында (Қазалыда) және Перовск бекінісінде ашылды. Бұл мектептердің мұғалімдері болып Орынбор Шекара комиссиясы жанындағы мектепті бітірген адамдар тағайындалды (олардың ішінде сол мектепті алғашқы жолы үздік бітіріп шыққан Ы. Алтынсарин, Құлыбековтер де болды) .
Орынбор бекінісі жанындағы Ы. Алтынсариннің мектебі маңайындағы бүкіл қазақ қауымының сүйіспеншілігіне бөленді. Талантты педагогқа жан-жақтан арта түсті. 1865 жылы оның алдындағы шәкірттер саны жиырмаға жетті.
Ы. Алтынсарин өзінің осы бір сүйікті жұмысына барлық күш-қуатын сарқа жұмсады, сөйте жүріп орыстың және Батыс Европаның алдыңғы қатарлы педагогикалық ой-пікірін, әдебиетін зерттеу, үйрену ісімен шұғылданды. Соның нәтижесінде қазақ халқының арасында жүргізілуге тиісті ағарту жұмыстарының мазмұны мен формасы қандай болу керектігі туралы ой-пікірі, көзқарасы біртіндеп қалыптаса бастады.
Мектептің жұмысы туралы есеп беру түрінде жазылған материалында Ы. Алтынсарин мынадай мәліметтерді көрсетеді:
- Оқу, таза жазу.
- Орыс тілінде ауызекі сөйлеуге жаттығу. Қазақ тілінен орысшаға және орысшадан қазақшаға аудару.
- Грамматика: зат есім, сын есім және етістік. Септеу және жіктеу. Грамматикалық талдау. 9-13 жастағы тәрбиеленуші он үш бала 8 январьдан 1 июньге дейінгі мерзім ішінде орысша әрі едәуір тез, әрі дұрыс оқуға үйренді, сондай-ақ жазбаша жазуды бірсыдырғы тәуір жазатын болды. Бір мыңға жуық орыс сөзін жаттап алды.
- Арифметика: қосу, азайту, көбейту, бөлу.
- Жер шары, әлемдегі құрлықтар туралы және Европаның басты қалалары жайлы кейбір мағлұматтар.
- Татар тілінен: оқу және таза жазу.
Үздік оқыған балаларға - Бірімжановқа, Жанғожинға, Тәшеновке, Аққуовқа сыйлық ретінде тарих, табиғат пен оның құбылыстары туралы кітаптар, мал шаруашылығын жақсы көретіндерге арналған альбомдар, тағы аңдардың тіршілік етуі жайындағы суреттер және кун, ай, жұлдыздар туралы әңгіме кітаптары берілді».
Өзінің хатында Ы. Алтынсарин өзі «бастаған игілікті істі ілгері дамытуға» көмектесуді және оқулықтар мен оқу құралдарын көбірек жіберуді облыстық ағарту басқармасынан көптен-көп өтінеді.
Орал бекінісі жанындағы мектеп 1868 жылы мүлде оқулықсыз және мұғалімсіз қалды. Соның салдарынан мектепті жауып, оның үйін сатып жіберуге тура келді.
Троицк қаласындағы қазақ мектебі 1861 жылы ашылды. Оның мұғалімі болып Мұңсызбаев тағайындалды. Ол Орынбордағы қазақ мектебін бітірген жігіт болатын.
Қазақ балаларына бастауыш білім беруді ұйымдастыру жөнінде жүргізген патша үкіметінің алғашқы әрекеті жоғарыда аталған орыс- қазақ мектептерін ашумен аяқталып тынды. Соның өзінде бұл мектептер ағарту ісін кең таратарлықтай өміршеңдігін, қабілеттілігін көрсете алмады.
Кейінірек 1871 жылдың май айында Торғай облысының әскери губернаторы Баллюзек мектептер ұйымдастырудың орнына, «амбулаториялық жолмен тарату» керектігі жөнінде арнаулы жоба ұсынды. Оның пікірінше, облыстағы бар мектептерді жабу керек еді: сонда бұл мектептерге босатылатын қаржыны «жылжымалы мектептер » ашуға, оқу- құрал жабдықтарына, мұғалімдердің жалақысына жұмсауға болар еді деп дәлелдеді ол.
Қазақ ақсүйектерінің балаларын орта білім беретін оқу орындарында оқыту .
Қазақ жастарын кадет корпусына қабылдау тоқтатылғаннан кейін, 1860-1870 жылдарда қазақ балалары, ең алдымен үстем тап өкілдерінің балалары қалалрдағы оқу орындарына ағылып келе бастады.
Осы дәуірде Орынборда, Оралда, Астрханда, Омбыда гимназиялар жанында пансиондар ашылды және Ақмола, Семей облыстарында он жерде мектеп интернаттар жұмысқа кірісті.
Сөйлеу тіліне жеңіл-желпі жаттығып, алғаш сауатын ашқаннан кейін интернатта тәрбиеленушілер жалпы бастауыш мектептерге, қалалық училищелерге және орта білім беретін оқу орындарына түсетін болды. Әдетте интератқа 10- 12 баладан артық оқушы алынбады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz