Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу


Ұжым және оны нығайтудың жолдары.
І. Кіріспе:
1. Ұжым туралы ой-пікірі.
2. «Н. К. Крупская» тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ортасы ұжым деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім.
- а) Ұжымның даму кезеңдері
ә) Ұжым тәрбие құралы
б) Балалар ұжымын қалыптастыруға бағыт бағдар көрсетеді.
- а) Жеке адам мен ұжымды зерттеу программасы.
ә) Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымымыен жүргізілетін жұмысының негізгі бағыттары.
ІІІ. Практикалық бөлім.
IV. Пед тұжырым
V. Пайдаланылған әдебиеттер.
Латын сөзінен аударғанда ұжым коллективус- «жиын, топ» деген мағынаны білдіреді. Яғни ұжым бұл бір топ адамдар, бірақ кез келген топ ұжым бола алмайды. Мысалы, ұрылар тобы, бұзақылар тобы өзінің алдыға қойған мақсаттары бар, бірақ оларды мемлекет қолдамайды. Мемлекеттің заңына қарсы.
Ұжым болу үшін:
- Ортақ мақсаты болу керек.
- Бірлесіп әрекет ету керек.
- Басқару органдары болу керек.
- Ұжымда достық, сыйластық қарым-қатынас болу керек.
- Ұжымның қоғамдық пікірі болу керек.
Осылар ұжымының негізгі белгілері болып есептеледі. Жалпы әлеуметтік мақсатпен белгілі бір әрекетпен ұйымдасқан өзінің ынтымақтығы мен жауапкершілігі мен мен өз бетінше басқару органдарын сайлау мен ьралық мүшенің құқығымен міндеттерінің болуы мен ерекшеленетін оқушылар тобы, оқушылар ұжымы деп аталады. Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу.
А. А. Макаренко ұжымының дамуы қалыпьтасуы күрделі де ұзақ процесс. Ол 3-ке бөлінеді.
І. Оқушылар ұжымының дамуы өте төмен дәрежеде . бірінші сыгһныпқа келген оқушылар ұйымшыл болмайды. Тәртіп нашар, бір-біріне жәбір көрсетеді. Балалар өзін-өзі қорғай алмайды. Мұғалім бұл кезеңде ешкімге арқа сүйей алмайды
ІІ. Мұғалім сыныпқа келгенде жалпы ұйымшылдық әлсіз болғ, анмен өз жұмыстарында арқа сүйейтін оқушылар болады. Бұл қушылар сыныптағы тәртіпсіздікті қолданылады. Олар мұғалімнің кез келген тапсырмаларын орындауға әзір. Мұғалім өз жұмыстарында осындай оқушыларға арқа сүйеп ұжымның дамуына басшылық жасайды.
ІІІ. сыныпта қоғамдық пікір болады. Бұл кезеңде мұғалімнің іс-әрекетін бүкіл сынып қолдайды. Ұжымның әр мүшесі жөнінде жастық дұрыс пікірі болады. Мұндай сынып педагогикалық тұрғыдан қарағанда ұжым болып есептеледі.
Жаңа келген мұғалімге өзінің жұмыстарын жүргізіп сыныптардан ұжымнан қалыптастыру қиын болады. Жас мұғалімдер көьінесе барлық тәптіпті балаларға көңіл бөледі. Өзінің жұмысын да осындай балаларға мектеп басшысына көп шағымдар жасайды. Басқа балаларға көңіл аудармайды. Сөйтіп уақыт өткізіп алады. Сондықтан мұғалім оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасау керек. Оқушылар ұжымы арқылы қиын тәртіп балараға ықпал ету керек. Топ белсенділеріне арқа сүю арқылы әрекет етеді. Алғашқы кезде белсендлердің саны көп болмау керек. Берілетін тапсырмаларды оқушылар орындай алатын болуы керек. Топ белсенділерімен мұғалім жақсы қарым-қатынаста жұмыс істей отырып бағыт бағдар беріп отырады.
Мұғалім оқушылардың жұмысында орныдайды. Мұғалім тек сыртынан қадағалап жүреді.
Ұжымдық бағыт
Оқушылар ұжымы - тәрбиінің шешуші форакторы және біздің қоғам жағдайынджа бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін, ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет, . Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостындығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бітұтас ұжым ретінде өмір сүретіндінггінен туындайды. Қоғамда ұжымдар ортақ іс-әрекеттің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұйымдар ( өнідіріс, шығармашылық, ғ әскери оқу орныдары) қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар) жыне т, б, осы ұжымдарда адамдардың шешетін мәндеттері еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуын тездету қоғамның дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз ету процесміне айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялық принциптерінің негізінде құру. Осы жағдай талабына сай, ұым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүкін болатын бюірден-бір құралынга айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемаларын педагогика ғылымыың қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Т. А. Блонски, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттейді.
А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша адамдарды трәбиелеу демек, ол адам біздің заманымызға ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басшылық мүддесін жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжымы негізінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тлғаның дамуы мен қалыптасуы ортасы ұжым деп атайды. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: Балалардың ұжымдық іс-әрекеттерінің формаларымен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырдың әдістері т. б.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамдарды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекетті қарым -қатынас ждәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамуының негіззі болады.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиешінісің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет.
А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір санасы, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбесінің мақсаты және объектісі, жеуке адам ұжымынан тыс демалмайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері- ұйымдары болады.
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алма»йды. Ұжым контактылы және негізгі болып 2-ге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ негізгі ұжым бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы,, контактылы ұжым студенттер тобы, негізгі ұжым- факультет т. б.
Қазіргі кезеңдғе А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың «Коммундар әдісі» игі әсер етуд. Коммунар әдістерінің мәні, ұжым өмірінің айқые бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принциптеріне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымның шығармашылық біріккен іс-әрекеттерінң әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру күнделікті іс әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың «коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұжымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар тобы.
В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үдлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мурат власть коллектвиа», «Коллективтің құдіретті күші» т. б. баяндалды. В. А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір адамдардың тәрбиесі.
Ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынастың ұжымдық қатынастардың даму процесі. В. А. Сухомлинскийдің қарыс қатынастық жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық, балалармен қарым-қатынастық жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастықтың идеялараы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қарастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы және бұл іс-әрекеттермен (оқу, еңбек, т. б. ) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байналысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болды. Олар мектеп сыныбы, ұзартылған күндер тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымсы балаларды ұйымшылдыққа тәірбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымында өз күшінің, өз қабілеттерінің керек екенін түсінеді, сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбиелеу жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда, ұжым тәрбиенің маңызды құралы.
Ұжымның даму кезеңдері бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекеттерінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан басталады. Талап іс-әректтерінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қоб балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірбиеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сынптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалармен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына тәсілдерді кске алған жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- ұжым іс-әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оларды әртүрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға педлагогикалық ықпал жасайтын құралдарға айналдыру.
А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшілерінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т. б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни баламен байланыс жасау, ұжымдық өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауы барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымдың бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принциптері, қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс -әрекеттерінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауға, қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым балалар ұжымын қалыстастыруға көмектесетін шарттар. Балалар ұжымын қалыптастыруға мына шарттар көмектеседі: балалардың ұжымдық іс-әрекеті: бірге қуану-қайғырулары, балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы. Іс -әрекетті бірлесіп жасау балалар ұжымын қалыптастурдың негізгі шартымен құралы болып таылады. Балаларды олардың бар күшін жұмсайтын - ортақ мақсатқа біріктіріп, олар өз әрекеттерін байланыстырулары керек болса, ал олардың еңбек нәтижелері олардың ортақ жұмысы ретінде бағаланса, олар ұжым екендерін саналы түре ұғынатын болады. Жағымды эмоция тудыратын бірлесе әсерленулер балаларды жақындастырады және оларды ұжымға біріктіреді. Қуыршақ театры спектакльмен, балалар балабақшасындағы мерекелік ертеңгіліктерден, қызықты ертегілерді, музыканы тыңдаудан, бірігіп ән салудан алған айқын әсерлер - осының бәрі терең эмоциялық сезім тудырады да ол сезім күшіне түседі. Балалар ұжымының және олардың ұжымдық мінез-құлқының қалыптасуы ересек адамдардың тату ұжымы бар балалар бақшасында жүзеге асады. Балалар мектепке дейінгі мекеменің өмір тәртібі туралы, оның қызметкерлерінің қарым-қатынасы туралы күн сайын әсер алып отырады. Егер олар үлкендерінің бір-бірін қадір тұтып, құрметпен қарайтын, оған көмектесуге әрқашан әзір тұратынын, тату жұмыс істеп, өз ісін жауапкерлікпен орындайтынын көрсе, балалар бұл норманы балалар ұжымы өмірінде, өздерінің қарым-қатынастарында қолданады.
Өмірде оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне істипатты болу жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым мүшелерінің талаптардың, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық әрекеттілік қоғамдық пікірлердің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруды аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдай осыдан орай, А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әртүрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» дейді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелерді қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдіс-тәсілдер, эстетикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т. б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қалың перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істің ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары аррнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл песрпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады. Осы перспективаны озу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері біріншіден перспектив оны баланың сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі; екіншіден оқушылардың жас ерекшектерін және жолын дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрлің үлкен тәрбиесін маңызы зор А. С. Макаренканың сөзімен айтақнада, дәстүр ұжымда бекітіледі.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады. Мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т. б.
Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымға адамдардың қатьынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекетімен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Педагогика ғылымда оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар.
Ұжым тәрбиеленіп ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамытудың мүмкіншіліктерінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы.
Әр түрлі жастағы топтарла ұжымті өзара қарым -қатынасты тәрбиелеу. Құрбылырамен қарым-құатынас жасау қажеттілі балада өте ерте, өмірінің алғашқы жылының аяқ кезінде пайда болады. Тәрбиеші олардың қарым-қатынасын ұйымдастырады, бірін-бірі жақсы көруге негізделген өзара қарым-қатынастарын жолға қояды, құрбыларына деген тәлектестікті алғашқы бірлестігі ұйымдастырады, қолдайды, мадақтайды: «Катя мен Юля қандай жақсы ойнайды?». Бірлеске іс-әрекет процесінде педагог балаларды бір-біріне көмектесуге үйретеді. Балалар бақшасына келгенде көбінесе баланың семьяда қалыптасқан дарашылдық менмендігі күшті болады: өзін жоғары ұстау, басқадларғ, а көңіл аудармау, елемеу, ойыншықтардың көбін келекетіп, басқаларға бермеу, бәрін «менікі»- деп ұнатқан ойыншықтарын тартып алу, тәрбиешінің назары тек өзінде ғана болса екен деу және т. с. с. Уақыт және педагогтың төзімділікпен жұмыс жүргізуі баланың психикасын өзгертеді, бала құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онлда бірлесіп ойнауға тілек пайда болады. Балалардың ұжым өміріндегі тәжірбиесі молайған сайын олардың өзара қарым-қатынасы неғұрлым саналы сипатқа ие болады, бір-бірімен байланысы нығая түседі. Тәрбиеші әр баланы өз құрбыларымен сәлемдесуге, ол бүкіл баланы жаңадан келген баланың сәлеміне жауап қайыруға үйретеді, ауру балаға хат жазуд, суреттер жіберуді, телефон соғуды және т. б. ұсынады. Балалар бақшасында, ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне қуанышты кездему ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.
Естияр балалар бірлестіктері неғұрлым тұрақты; олар бірге ойнап қана қоймайды, сонымен қатар бірге еңбек етеді. Мысалы, бірнеше балаға мебелді немесе бөлмеде өсіріліп жатқан өсімдіктану жапырақтарын сүрту тапсырмасы беріледі. Олар бір істеу қызық және көп істеуге болатынын түсінеді. бес жасқа келген балалар өз іс-әрекеттерін келісті істеуге, ойынды немесе еңбекті қашан бастау керектігі жөнінідегі сөз байласуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz