Тұлғаның ақыл - ойының қалыптастыру процесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2.2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық – әдіснамалық негіздері.
2.3. Ақыл – ой тәрбиесі
2.4. Тұлғаның ақыл – ойының қалыптастыру процесі
2.5. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде.
2.6. Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның
әлеуметтік тәжірибені меңгеру, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұғаның
даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі
және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары
жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да
әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы
идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-
педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский,
Я.А.Коменский, К.А.Гелвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В. Г.
Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи,
Э.Торндайк, Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А. С. Макаренко, Л.С.Выготский,
Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштеейн, В.В.Давыдов т.б.)
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуна да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне
керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт –
биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік
иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік
иесіне айналады.

2.1. Жеке тұлға туралы түсінік.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар,
бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндет индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбеке, жалпы
қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың
белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, ақыл-ой дамуының
деңгейі, қажеттіліктер, мақсат – мүдделер).
Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлде бір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
“өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының,
әлеуметтік белгілері мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы
арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары
“даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар
екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері (мысалы, салмақты, жігерлі және мақсатты адам),
шығармашылық қызмет - әрекеті мен қаблеттілігінің өзгешелігі арқылы арқылы
ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы,
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы,
жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір
адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған
өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы – жекелік. Ұғым ретінде бұл
сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу
педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып
тасталады, теріске шығарылады). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның
дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы
жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты – оның бойында болып жатқан
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
қабілеттілігі

артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму
процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің
алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасына немесе ата-бабаларынан
қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер
бетіндегі тіршіліктің тарихи және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда-
адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге
бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық
белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық – физиологиялық
бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден
тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
-функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы);
-адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қаблетінің
дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б);
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен
тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық- физиологиялық
бейімділіктері;
-есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы
ерекшеліктер;

Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері

Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған ортада әсер етеді
– адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан
жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта
дегеніміз – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы
(өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы
жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдар). Микро-
орталық дегеніміз-баланыың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол адамды әрдайым
қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар
мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуына, белгілі бір
мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер
етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие
ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік
қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан
ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б), ал
тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа
жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар
мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.

2.2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық – әдіснамалық негіздері.
Ғылымда бұрынғы заманнан бері келе жатқан тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы
пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі
көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастың бірін жақтаушылар адамның дамуын,
негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы
аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай
(биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347
ж.ж.б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж.б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың
қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің
пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал
кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған префоризм (латынша – қайта құру, өзгерту)
деген философиялық бағыт төмендегідей ойды ұсынған: адамның ұрығында-ақ
болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық
жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен
тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық
бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және
педагог Э.Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық
қасиеттерін (соның ішінде сана – сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік,
ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтары сияқты дүниеге
келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін
және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын
гендердің жинағы немесе батареясы ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын
биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм
(грекше-прагма) дегеніміз – іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін
салушы-Джон Дьюи (1859-1952ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы
Джон Локк (1632-1704ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай
дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке
тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д. Локктың
белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза
тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен
тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші
болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты,
ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін
бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар
адамның маңыздылығын кемсітеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын
бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ
ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір
бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт педология, яғни тура
аударғанда балалар туралы ғылым, балатану деген атқа ие болады. Қазіргі
уақытта ғылымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жасөспірім, жастық
шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.
Социолистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері
баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және
соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе
құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П сол заманғы педологияның теориясы
мен практикасын жалған ғылыми антимарксистік ережелерге сүйенген деп
айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты
заңы-балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтік факторлармен,
тұқымқуалаушылықтың және қайдағы бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік
түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде анкета және
тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да
тәжірибесіз практик-педагогтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп
зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі тоқтату қате
болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл
туралы өз кезінде К.Д.Ушинский айтып кеткен болатын: Егер педагогика
адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан
тануы да керек.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында –
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның
даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің
дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің
молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші
болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының
мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан
табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек
лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып,
философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ
индивидтің әлеуметтік тұқымқуалаушылығы туралы ойды ұстанады. Егер
биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік
тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер
қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі-
материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ғана емес, сонымен қатар, ең
бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет –
әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

2.3. Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін
дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер
жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-ой күштерін және
интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процесінде білімнің ролі, ақыл-
ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми
көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық
қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету
қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- танымдық қызығушылықты дамыту;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру;
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін
зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның
тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке
ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір
салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас
ерекшеліктері бірдей болса да, балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс
жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық
материалды қайта айтып беру қабілеттері әр түрлі оқушылар кездеседі.

2.4. Тұлғаның ақыл – ойының қалыптастыру процесі
Көзқарас, түсінік, сенімін қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын
қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың
эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар
педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі
өте баяу жүреді. Терең сезім оқушылардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге
аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс-әрекетіне
белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына
жетеді.
Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың
деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен
бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай анағұрлым қиын,
сөздік-эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелеу, түсіндіру,
этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек
келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме — бұл
адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын
көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моралды жәйттерді
бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме
бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың
тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгіме – этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату.
Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады,
ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын
талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға
себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне
әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне
көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша
шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір
шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне
әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі
сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды
құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б.) түсіндіріледі. Партаны
сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті
болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы
баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп,
баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды – сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы – берілген топқа немесе нысаналы
әсер етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық
сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары
үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: "Былай
істеу керек", "Барлығы осылай істейді" т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда
қолданылады:
а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру және бекіту
үшін;
б) болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің
себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді.
Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында
пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін
қолданылады.
Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленуілілердің пікір алысуға екі
жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың
(беседа) әңгімеден айырмашылығы — сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере
отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды,
этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты —
адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және
нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін
қалыптастыру.
Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары
себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға "ізінше" немесе кейінірек, балалар
өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға
байланысты:
1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін
үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты
оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр
сценарий бойынша өтпеуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Ойлаудың сынилығы
Ойлау және оқыту үрдісі
Ойлау қабілеті жайлы
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Ойлау жүйесі
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Пәндер