Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық - әдіснамалық негіздері
1. 2 Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі факторлар
ІІ Тарау. ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
2. 1 Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі
2. 2 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері
2. 3 Тұлға дамуындағы әлеуметтік ортаның әсері
2. 4 Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеру, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гелвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштеейн, В. В. Давыдов т. б. )
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуна да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
І Тарау. Жеке тұлға туралы түсінік.
1. 1 Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық - әдіснамалық негіздері
Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндет индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбеке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат - мүдделер) .
Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлде бір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен - жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілері мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты, жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет - әрекеті мен қаблеттілігінің өзгешелігі арқылы арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, «теріске шығарылады») . Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т. б. ) . Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі
артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасына немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихи және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда-адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық - физиологиялық бейімділіктер) .
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері) ;
-функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы) ;
-адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қаблетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т. б) ;
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық) ;
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық- физиологиялық бейімділіктері;
-есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер;
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған ортада әсер етеді - адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдар) . Микро-орталық дегеніміз-баланыың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т. б), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
1. 2 Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі факторлар
Бүгінгі таңда тұлға психологиясындағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамымыздың қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі-ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болғандығынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында біртұтас көзқарастар жоқ. Л. С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары-мәдени және төменгі-табиғи деп бөлінуін ұсынды. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп аталады.
Л. С. Выготский пікірі бойынша адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді жерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамымыздың қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамымыздың субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сапа сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект.
Л. И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағытының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болған тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады.
Зерттеулердің нәтижесінде мектепке дейінгі және балалық шақ аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып - ересек адамның қалуы анықталған. Өйткені олардың қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының «берікті» қажеттілік жағдайын құрайды.
Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланыстыбаланың танымдық қаілетінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді қолданады. Қажеттіліктердегі жекелік пен қоғамның үйлесімі арқылы адам қажеттіліктерінің көпшілігі өзі енетін топтың, ұжымның, қоғамның қажеттіліктерімен тығыз байланысты түсіндіруге болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам мұратынан, бағытынан, қабілетінен, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. К. Маркстың айтуынша «жеке адам» барлық қоғамымыздың қатынастарының жиынтығы.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасып, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамымыздың дамуымен байланысты қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олар: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Рухани қажеттіліктердің дамуы материалдық қажеттіліктердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетке аса қажет.
Адамдарда қызығушылықтың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығушылықтың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы - оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал) . Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдап келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу - бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.
Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда айтылған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ.
Жеке адам - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп т. б. ) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құқықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білімі мен іс-тәжірибенің нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.
Психология іс-әрекетті зерттей отырып, шындықтың субъективтік бейнеленуінің динамикасын, деңгейлері мен түрлерін және бұл әрекетті психикалық реттеудің механизмін ашып көрсетуі керек. Психикалық үрдістердің дамуын, адамның күйлері мен қасиеттерін, тұлғаның жалпы психологиялық қалпын іс-әрекеттің ықпал етуін зерттеуде де психологияның міндеті болып табылады.
Егер іс-әрекеттің сыртқы көрінісі мен ішкі жобасы арасындағы байланысты түсіндіруге тырыссақ онда мынадай сұраққа жауап беру керек: психика әлі жасалмаған әрекеттер нәтижесі қалай білінеді?Мұндай мүмкіншілікті қоршаған әлемдегі құбылыстардың заңдылықтары тудырады. Адам бұл заңдылықтарды түсініп, өз іс-әрекетінде пайдалануы мүмкін. Объектіге жасалатын әрекеттер психикалық операциялармен алмастырылады. Шынайы сыртқы әрекеттен ішкі психикалық әрекетке өту үрдісі интериоризацияның көрнекті мысалы ретінде балалардың санауды меңгеру үрдісін келтіруге болады.
Адамның іс-әрекетінің сыртқы (физикалық) және ішкі психикалық) жақтары үздіксіз байланыста болады. Сыртқы жағы - адамның сыртқы әлемге ықпал етуін қамтамасыз ететін қозғалыстар. Оларды ішкі әрекет анықтайды және реттейді.
Сыртқы әрекетті ішкі әрекеттің экстеризациясы ретінде қарастыруға болады, өйткені адам іс-әрекетте оның анық елестетілмеген жобасын жүзеге асырады. Сыртқы іс-әрекетті әрекеттің ішкі жобасы қадағалайды. Адам жасалатын әрекетті бейне және ой түрінде алдын ала жобаланған әрекетпен салыстырады.
Егер іс-әрекет үрдісін үлгі түрінде көрсетсек, онда ішкі жобадағы құрылымдар мынадай ретпен жасалады: қажеттілік-мотив-мақсат-міндет, ал бұл кездегі сыртқы жоба көрінісі мынадай: іс-әрекет-қылық-операция-қозғалыс. Таза ішкі, таза сыртқы әрекеттердің болмайтынын естен шығармау керек. Психологияның міндеті мынада: іс-әрекеттің «сыртқы жағын» зерттей отырып, «ішкі жағын» ашу, нақтырақ айтқанда, психиканың іс-әрекеттегі шынайы рөлін түсіну.
Жеке көзқарастардың өзгеруі қозғалыс саласының өзгеруіне әкеледі.
Жалпы қозғалыс дегеніміз - адам ағзасының моторлық қызметі. Адамның қозғалуы, яғни моторлық қызметі өте ерте байқалады. Жас нәрестенің психологиясы жөніндегі зерттеулер көрсеткендей, баланың алақанына кездейсоқтан тиіп кеткен зат оған еріксіз түрде ұстау әрекетін жасатады. Бұл тітіркендіргішті дереу қозғалысқа келтіретін шартсыз рефлекторлық байланыс жасалуын көрсетеді. Ұстау рефлексінің сипатында баланың 2, 5 айдан 4 айға дейінгі кезінде елеулі өзгеріс болады. Ол сезім органдарының жетілуі, сондай-ақ моторлық қозғалысты сезу мүшелерінің жетіле түсуіне байланысты болады. Ұстау рефлексі арқылы жүзеге асырылып, затты ұзақ уақыт қолмен ұстау көздің бақылауымен өтеді.
Адамның барлық қимылын екі топқа бөлеміз: туа пайда болатын (шартсыз рефлекторлық) және үйреніп меңгеру (шартты рефлекторлық) . Қозғалыстың басым көпшілігі, тіпті жалпы хайуанаттар сияқты кеңістікте қозғалып жүрудің өзін адам өмір тәжірибесінен алады, яғни қозғалыстың көпшілігі шартты рефлекторлық болып саналады. Қозғалыстың шағын ғана түрі (еріксіз шыңғыру, көзді жыпылықтату) туа пайда болады.
ІІ Тарау. ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
2. 1 Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік-бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушылардың олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. /модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру/. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
-қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz