Тоқтамыс хан әскері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1.Русьте мемлекеттің құрылуы, ертедегі орыс халқының ұлт болып қалыптасуы
және оның түркілермен қарым-қатынасы.
2.Русьтің Хазариямен, Печенегтермен және Қыпшақтармен қарым-қатынасы.(X-
XIII ғасырлар)
3.Моңғол-татарлардың Русьті жаулап алуы.
4.Куликово шайқасы.
5.Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге
шабуылы және оның қортындысы.
6. Мәскеу князъдығының күшеюі, орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі.

1.IV ғасырға таман қалыптасқан ежелгі орыс халқының феодалдық мемлекеті
тарихта Киев Русі деп аталғаны белгілі.
XVIII ғасырда Ресейге шақырылған кейбір неміс ғалымдары орыс
мемлекетінің дербес дамығаны жөніндегі теорияны дүниеге әкелді. Бұл
тарихшылар орыс мемлекетін құрушы нормандар (IX ғасырда теңіздер мен
өзендере қарақшылықпен айналысқан скандинавтық отрядтар) болды деп пайымдай
бастайды. Олар орыстар егіншілікті де, қолөнерді де, отырықшылықты да,
соғыс ісін де, құқықтық нормаларды білмеген мүлде тағы адамдар болды деп
жорамалдады. Киев Русінің бүкіл мәдениетін варягтарға теліді. Русьтің атын
да варягтармен байланыстырды.
Ежелгі орыс мемлекеті құрылуының алғы шарттарын зерттеу жөніндегі
ғылыми жұмыс әлі аяқталған жоқ, бірақ қазір тарихи деректерге жасалған
объективті талдаулар, орыс мемлекетін құрушы нормандар дейтін теория
негізінен теріс екенін дәлелдеді.
Норман негіз болды деушілер русь дегеніміз – варягтар, нормандар яғни
Скандинавияның тұрғындары деп сіресіп отырып алды. Алайда Скандинавияда
русь деп аталатын тайпаның немесе жердің болмауы норман жөніндегі
теорияның іргесін шайқалтты. Норманшыларға қарсы тарихшылар русь халқын
славян жер аумағынан тысқары аймақтардан: балтық славяндарының,
литвалықтардың, хазарлардың, черкестердің, Еділ бойының угро-фин
халықтарының, сармат-алан тайпаларының және тағы басқаларының арасынан
іздеумен болды. Ғалымдардың үшінші бір шағын тобы ғана аймақтық деректерге
сүйене отырып, русьтің славяндық тегін қорғады.
Русьтің жазба деректерде алғаш аталуы VI ғасырдың орта шеніне жатады.
Бұл сириялық автор – Захарияның еңбегінде Дон бассейінде тұрған Рос халқы
деп атап өтілген. Рось тайпасының алғаш мекендеген жері – Рось өзені
бойынан (Днепрдің тармағы, Киевтің төменгі жағында) V-VII ғасырларда өте
бай археологиялық материалдар, соның ішінде князьдық белгілер, соғылған
күміс бұйымдар табылды. Сонымен ежелгі орыс халқының мекені болған Киевтен
Воронежге дейін орманды дала алқабы VI ғасырда славян тайпаларын қамтыған
Орыс жері болып табылады. Оның құрамына поляндардың, северяндардың,
русьтің жері енді және оған уличтердің жері де енуі мүмкін. Осы жерлерде
құрылған тайпалар одағы оның ішіндегі ірілерінің бірі – русь тайпасының
атын алды деуге болады.
Халықтың қалыптасуы мемлекеттің құрылуымен қабат жүрді.Жалпы
мемлекеттік шаралар елдің жеке аймақтарының арасында орын алып келе жатқан
байланыстарды баянды етті және бірыңғай тілі, өз жер аумағы мен мәдениеті
бар ежелгі орыс халқының құрылуына көмектесті.
IX-X ғасырлардағы ежелгі орыс ұлттық топтарының негізгі этникалық жер
аумағы, ежелгі әдеби тілі VI-VII ғасырларда қалыптасты.
Ладога көлінен Қаратеңізге дейінгі және Закарпатьеден орта Еділге
дейінгі кең аймақта тұрған ежелгі орыс ұлттық тобының құрамына ассимиляция
процесінің барысында орыс мәдениетінің ықпалына түскен басқа тілде
сөйлейтін шағын тайпалар: меря, весь, чудь, оңтүстіктегі скиф- сарматтардың
қалдықтары, кейбір түркі тілдес халықтар қосыла берді.
Орыс тілі скиф-сарматтардың ұрпақтары сөйлеген парсы, солтүстік – шығыс
халықтары сөйлеген угро-фин және басқа да тілдерге кездесіп, шарпысқанда,
ежелгі орыс тілі әрдайым жеңіп шығып, жеңілгендердің есебінен байып отырды.
Мемлекеттің құрылуы феодалдық қатынастар мен феодалдық қоғам топтары
қалыптасуының ұзаққа созылатын процесінің заңды түрдегі нәтижесі болып
табылады.
Ежелгі орыс мемлекетінің құрамына бұрын дербес князьдықтары бар мынадай
тайпалық одақтар енген: поляндар, северяндар, древляндар, дреговичте,
полочавдар, Новгород славяндары. Жылнамада бұған қоса Руське салық төлеген
он бес шақты угро-фин және балтық тайпаларының аты аталған.
Ежелгі орыс мемлекетінің ішкі өмірі жөніндегі мағлұматтар ерекше назар
аудартады. Мәселен, IX ғасыр деректерін пайдаланған Орта Азиялық географ
русьтерде рыцарлар тобы бар яғни феодалдық шонжарлар бар деп хабарлайды.
Ибн – Рустенің IX ғасырдағы мағлұматтары бойынша русьтердің патшасы
қылмыстыларды соттаған,кейде оларды шалғай аймақтарды билеушілерге жер
аударып жіберген. Русьте Құдай соты, яғни даулы мәселені жекпе-жекте шешу
салты болған. Аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы қолданылған. Русьтердің
патшасы жыл сайын елді аралап, халықтан салық жинаған.
VII ғасырда Русьтер Константинопольді қоршауға алғаны және Хазария
арқылы Дербент асуына жорықтар жасағаны белгілі.
IX-XII ғасырларда русьтер Судактан Керьчке дейін өтіп, хазар-
византиялықтардың қолындағы Қырымда шайқасты.
Сонымен, орыс мемлекеті қоғамның заңды дамуының нәтижесінде варягтарға
ешбір байланысты қалыптасты. Осымен бір мезетте басқа да славян
мемлекеттері – Болгар патшалығы, Ұлы Моравия державасы және басқалары пайда
болды.Варягтардың мәдени рөлі туралы айтуға да тұрмайды. Киев князі болған
Олегтің (882-912ж.) 911 жылы шведтіктермен шасаған шарты, швед тілінде
емес, славян тілінде жазылған. Варягтардың мемлекет құруға, қалалар
тұрғызуға, сауда жолдарын салуға ешбір қатысы болмаған. Олар Русьтегі
тарихи процесті тездете де, бәлендей кідірте де алмады.
Печенегтердің немесе қыпшақтардың төрт ғасыр бойына Русьтің дамуына
тигізіп келген ықпалына қарағанда варягтардың тарихи рөлі әлдеқайда төмен
болды. Варягтардың Киевті және бірнеше басқа қалаларды басқаруға қатысуына
шыдаған орыс адамдарының бір ғана ұрпағының өмірі тарихи маңызды кезең бола
алмады.
2.Русь мемлекеті сауда жолдарының маңызды тораптары: Донның сағасы,
Керчь бұғазы, Еділдің сағасын басып алу мақсатымен Хазар қағанатымен
соғысты. Бұл кезде Хазарлар мемлекеті шығысты Еділмен, оңтүстікте Кума-
Маныч ойпатымен, солтүстік – батыста төменгі Донмен, батыста Қырыммен
шектескен жер аумағын алып жатты.
Өз географиялық жағдайының қолайлылығын пайдаланған Хазар билеушілері
Тмуктараканьда, Донның сағасында, Еділ – Дон өткелінде және Еділдің
сағасындағы Итильде өздерінің баж кедендерін қойды. Хазар қағаны мол баж
салығын жинады. Кейде баж салығын місе тұтпай, Каспий теңізінен оралған
орыс керуендерін тонады.
IX-X ғасырлар аралығында орыс жасақтарының Хазарияға бағытталған
жоспарлы шабуылы басталған болатын. Олар Керчь қаласын және Хазар аралын
басып алды.Шабуыл 965 жылы Святослав әскерлерінің Хазарияны толық
талқандауымен аяқталды. Сөйтіп, Шығысқа кедергісіз жол ашты.Содан соң
Русьті қоршауға алуға және оны теңізден ығыстырып шығаруға тырысқан
Византия империясымен күрес басталды.
Орыстар оңтүстікте түркі тілдес печенегтермен де соғысты.IX ғасырда
Еділ мен Жайық жағалауынан келген печенегтер X ғасырда Дунайға дейін жетіп,
Дон, Азов, Қаратеңіз бойындағы жерлерге иелік еткен болатын.
Византия печенегтермен тіл табысып, оларды күшейіп келе жатқан орыс
мемлекетіне қарсы айдап салып отырды.
XI ғасырдың орта шенінде жаңа өзгерістер пайда болып, Дон мен Еділдің
оңтүстік-шығыс бетінен орыстар половецтер, ал византиялықтар кумандар деп
атаған қыпшақтар батысқа қарай бет алды. Солармен бір мезгілде Византияның
Азиядағы иемденіп отырған барлық жерін басып алған түріктер- селжұқтар Орта
Азиядан кете бастады.
Қыпшақтар өте күшті ел болып шықты. Олар печенегтерді Дунайға ығыстырып
тастап, Солтүстік Кавказда, оңтүстік орыс даласын түгелдей, Қырымның бір
бөлігін басып алып, Русь пен Византияға жорықтар жасап тұрды.
Қыпшақтар XI ғасырдың 90 – шы жылдарында Русьті қатты тықсырды. Бұл
тұста кейбір хандар Киевтің Алтын қақпасын тоқылдатып жүрген кездері де,
Князь Владимир Всеволодович Мономах қыпшақ елінің түкпір-түкпіріне бірнеше
жорық ұйымдастырған сәттері де болды.
1111 жылғы жорықтың үлкен маңызы болғанын көреміз. Онда орыс әскерлері
Қыпшақ хандарының бірінің астанасы – Шарукань қаласын басып алды. Бұл жорық
аңызға айналып, Мономахтың қыпшақтарды жеңу даңқы Византияға, Венгрияға,
Польшаға, Чехия мен Италияға дейін жетті.
XII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың аса жауынгер екі мемлекеті
құрылды. Бұлардың бірі Днепр мен Днестр бойындағы тайпаларды қамтыды. Бұдан
анағұрлым қуатты екіншісі Солтүстік Донецтің, Азовтың, Донның бойындағы
және Кубаньдағы тайпаларды біріктірді.Мұнда Шаруканьнің әулеті билік
етті.Оның немересі Кончак жеке Ордалар мен тайпаларды біріктіруде үлкен
ерлік көрсетті. Қыпшақ хандықтары олардың азиялық ежелгі қоныстары – Батыс
Қазақстанның далаларында да қалыптасты.
Орыс князьдарының бірлескен күштері бұрынғысынша қыпшақтарға қарсы
ойдағыдай күресті, бірақ жекелеген князьдардың жікшіл, нашар даярланған
жорықтары сәтсіздікпен аяқталды.
XIII ғасырда Қырымда Қыпшақ – латын – парсы сөздігі құрастырылды, одан
біз қыпшақтардың тіл сипатың, сондай- ақ олардың тұрмысы толығымен түркі
дәстүрлі екенін білеміз. Кейіннен – Жошыдан кейін құрылған Орда заманында
қыпшақтар осы мемлекеттің негізгі тірегі болды.
3.1223 жылы Жебе мен Сүбедейдің отыз мыңдық отряды Шығыс Еуропаға
барлау – жорығына аттанып, оңтүстіктен Закавказье арқылы қыпшақтар даласына
еніп, Еділ мен Днестр арасында көшіп – қонып жүрген қыпшақтар ордасының
бірін күл талқан етеді, аман қалғандары Днепрдің арғы бетіне өтіп кетеді.
Днепрдің төменгі сағасының батыс бетінде көшіп – қонып жүрген қыпшақ
хандары орыс князьдықтарынан көмек сұрайды. Орыстар Киевте жиналған бас
қосуда қыпшақтарға көмек көрсетеді ұйғарады. Сөйтіп қыпшақтармен бірігіп,
моңғолдарға қарсы шығады. Бұл – Батый шапқыншылығы тұсында соңғы әскери
қимыл еді. Алайда сол кездегі Русьтің ең күшті князі Юрий Всеволодович
Владимирский феодалдық қырқыстардың салдарынан жорыққа қатыспай қалады.
1223 жылғы мамырдың 31 күні Калка өзеніне таяу жерде біріккен орыс –
қыпшақ әскерлері моңғол – татарлардың негізгі күштерімен кездеседі.
Бірыңғай басшылықтың болмауы, қимылдың дұрыс үйлестірілмеуі және
князьдардың тіпті ұрыс үстінде ала ауыздық танытуы орыс полктарымен
қыпшақтардың жеңілуі себепші болады. Калканың жағасынан Руське орыс
әскерлерінің оннан бір бөлігі ғана оралады. Русь бұрын сонды бұндай ауыр
жеңіліске душар болған жоқ еді. Халық бұл қанды қырғын жөніндегі естелікті
бұған дейін Русьті дала көшпенділерінен қорғап келген батырлардың қаза
табуы жөнінде шығарылған аңыз – жырлар арқылы сақтап қалды.
Моңғолдар орыс жасақтарының қалдықтарын Днепрге дейін қуып барады.
Бірақ шайқаста едәуір әлсіреп қалған күшпен Руське дендеп басып кіруге
моңғолдардың батылы жетпейді. Шыңғыс ханның негізгі күштерімен жалғасы үшін
шығысқа қарай шегінген Сүбедей жол – жөнекей Еділ Булгариясының жеріне соға
кетпек болып, қатты қарсылыққа кездеседі де бас сауғалауға мәжбір болады.
Алайда қыпшақтар мен Русьтің күшін бақылау бағытындағы негізгі міндетті
орындап қайтады.
4.Көк Орданың басқа этностармен және басқа мәдениетпен байланысқан
белгілі нақты шекарасы болған жоқ. Оның ішкі қуат – күші әлі сақталып
тұрған. Ал Алтын Орда мен Ақ Орда XIV ғасырдың аяғында бастапұқы ішкі
қуатынан белгілі мөлшерде айырылып қалған болатын.
Сол себепті де Еділ мен Ертістің бойында халықтық қасиет әлсіреген
кезде Көк Орда әжептәуір күшейіп алған еді. Мұндай жағдай Тоқтамысқа
Еділдің сол жақ жағалауын иеленуіне мүмкіндік бар екенін көрсетті.
Көк Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы
аймақтарда Еділ бұлғарлары, қыпшақтарға, орыстар, тағы басқалар, далалық
өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы,
керей, арғын, найман, қоңырат, уақ тағы басқа тайпалар мекендеген.
Лев Гумилев айтқандай, егер Алтын Орданың халқы ққырық рудан құралған
құрама болмаса, мұнда бәрі жақсы болуға тиісті еді. Бағыныштысы билеушісіне
қандай тәуелді болса, билеушілері де бағыныштысына сондай тәуелді болды.
Сондықтан Кама бұлғарлары арасында Қара теңіз жағасындағы далалықтар,
қыпшақтар арасында сағалап жүрген кенйбір моңғол бахадүрлары біраз уақытқа
тәуелсіздікте жүрді.
Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орданың құрылуы және нығаюы (XIII—XV ғ.)
Алтын Орданың құрылуы және нығаюы
Алтын орданың құрылуы және нығаюы, ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері
Куликово шайқасы және Мамай.
ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ
Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде
Отандық тарихшылардың Әмір Темірді зерттеу тарихы
Моғол хандығы
Алтын орда туралы ақпарат
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Пәндер