Спорттық туризмнің тактикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 215 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

А. Х. ХАСЕНОВ

Ж. КӨРПЕШ

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері

Оқу құралы

Астана 2009

УБК 379. 8 (075. 8)

ББК 75. 81я73

Т 81

Т 81 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері : Жоғары оқу орнына арналған оқу құралы. - Астана., «Тұран-Астана» университеті, 2009. - 230 бет.

А. Х. Хасенов, Ж. Көрпеш (құрастырушылар), Бермухамбетова А. Н. (аудырмашы)

Пікір берушілер:

Джаналиева Г. М. г. ғ. д., профессор, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

«Физикалық және экономикалық география» кафедрасының меңгерушісі

Құрбанова М. Н. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

«Халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD докторы

ISBN 978-601-214-048-4

«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері» курсы «Туризм» мамандығының базалық пәндер тобына жатады. Бұл оқу құралы студенттерге белсенді туризмнің техникасы мен тактикасының әдіс-тәсіл негіздерін, алған білімдерді нақты табиғи жағдайларда тәжірибелік қолдана білуге көмектеседі.

Баспаға «Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

УБК 379. 8 (075. 8)

ББК 75. 81я73

4205

00(05) 09

ISBN 978-601-214-048-4 © Хасенов А. Х., 2009

© Көрпеш Ж., 2009

© «Тұран-Астана» университеті, 2009

МазмұныАлғы сөз№ 1 Тарау. Туризмдегі негізгі түсініктер, туризмнің типтері, түрлері және формалары.1. 1. Туризмдегі негізгі түсініктер . …. . . . .1. 2. Туризмнің типтері, түрлері және формалары. …… . . . .1. 3. Белсенді туризмді жіктеу . . . . . ……. ………. .1. 4. Туризмнің тәрбиелік, білімдік және сауықтыру мәні . . . .№ 2 Тарау. Тактикалық жұмыстарды құрастыру әдістемесі.2. 1. Саяхаттау аудандарын зерттеу . ……. .2. 2. Жер бедері . . . . . .2. 3. Топографиялық белгілер. . . ………. .2. 4. Туристік жол бағдарларының тактикалық өңделуі . .2. 5. Саяхатты ресімдеу және есептеу . . . ……….№ 3 Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері.3. 1. Экстремалды туризмнің судағы түрлері . . .3. 2. Экстремалды туризмнің жер бетіндегі түрлері . . .3. 3. Экстремалды туризмнің таудағы түрлері .3. 4. Экстремалды туризмнің әуедегі түрлері . . . ……. .3. 5. Экстремалды туризмнің экзотикалық түрлері. . ..№ 4 Тарау. Спортшы туристерді дайындау.4. 1. Туристік дайындық . . . . . .4. 2. Дайындық принципі . . . . . .4. 3. Туристік дайындықтың әдістері . . . . .№ 5 Тарау. Туристік дайындықтың мазмұны5. 1. Жалпы туристік дайындық . . . .5. 2. Арнайы туристік дайындық . . .5. 3. Интегралды дайындық . . . . . .5. 4. Физикалық дайындық ……. . ……. . .5. 5. Туристердің физикалық дайындығының ерекшеліктері . .№ 6 Тарау. Туристерді жорыққа дайындауды ұйымдастыру және жоспарлау.6. 1. Жоспарлаудың жалпы негіздері .6. 2. Жаттығуларды кезеңге бөлу . . . . .6. 3. Жоспарларды құрастыру .6. 4. Спорттық жетілдіру кезеңдері . . . . . .№ 7 Тарау. Тау туризмінің адам ағзасына әсер ететін факторлар.7. 1. Биік таулы климат . . . . . .7. 2. Тау ауруы . . . . . .7. 3. Акклиматизация№ 8 Тарау. Белсенді саяхаттаулар жағдайларында тұрмысты ұйымдастыру.8. 1. Туристің режимі және гигиенасы . . . . . .8. 2. Белсенді саяхаттардағы тамақтану . . . . . .8. 3. Дәрігерлік бақылау және өзіндік бақылау8. 4. Массаж және өзіндік массаж .№ 9 Тарау. Белсенді туристік саяхаттар үшін жабдық заттардың жалпы сипаттамасы.9. 1 Сақтандыру жүйелері … . . .9. 2. Карабиндар . . . .9. 3. Арқандар . . . . . . . ….9. 4. Альпинистік жабдық заттар … . . . . . …. .№ 10 Тарау. Спорттық туризмнің техникасы.10. 1. Туризм техникасының негізгі түсініктері . . .10. 2. Табиғи кедергілерді жеңу технологиясының типологиясы ……… . . . …. …….10. 3. Бивакты жұмыстардың техникасы . ……. .10. 4. Өткелдер . . . . . . ……… . . . ……….№ 11 Тарау. Туризмнің белсенді түрлерінің тактикасы.11. 1. Спорттық туризмнің тактикасы . . . . . . ……. .11. 2. Жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу тактикасының негізгі құрамдастары . . . … . . .№ 12 Тарау. Шаңғы жорықтары мен саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу.12. 1. Шаңғы жорықтарының мәні және оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. . ……….12. 2. Шаңғы саяхаттарына арналған киім мен аяқ киім. . . . .12. 3. Шаңғы жабдық заттарының түрлері . . . .12. 4. Шаңғы жабдық заттарына қойылатын талаптар . . .12. 5. Арнайы жабдық зат . . .12. 6. Жабдық затты күту мен жөндеу . . . . . . .12. 7. Шаңғы жорықтарында қозғалу техникасының элементтері . . . .12. 8. Шаңғы туристік саяхаттарда қозғалысты ұйымдастыру… . . . .12. 9. Көшкіндік қауіпті учаскелерден өту ……… . . .12. 10. Демалатын және түнейтін жерлерді ұйымдастыру. . .12. 11. Туристерді тамақтандыруды ұйымдастыру. . .12. 12. Шаңғы саяхаттарындағы қауіпсіздік шаралары. . . .№ 13 Тарау. Велосипедтік саяхаттар.13. 1. Велосипедтік саяхаттың ерекшеліктері . . . . . .13. 2. Велосипедті жорыққа дайындау…. . .13. 3. Велосипедті күту мен жөндеу . . . …… . . . .13. 4. Қозғалысты ұйымдастыру . . . . .13. 5. Түнейтін жерлерді ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары. . ..№ 14 Тарау. Судағы туристік саяхаттар.14. 1. Туристік саяхатқа арналған жабдық заттар . . . .14. 2. Кемені саяхатқа дайындау . . . .14. 3. Кемелерді салу және маневрлар . . . .14. 4. Салдағы туристік ағын . . . .14. 5. Туристердің режимі және кемелердің қозғалысы. .14. 6. Апаттар және оларды жою . . .14. 7. Байдаркамен есу техникасының элементтері . . . . .14. 8. Әдеттегі су кедергілерін жою кезінде техниканы қолдану . . . ………. .№ 15 Тарау. Таудағы туризм және альпинизмдегі арнайы дайындық.15. 1. Таудағы жорықтардағы қозғалыс техникасы . . . . .15. 2. Таудағы сақтандыру техникасы . .15. 3. Таудағы туризм және альпинизмдегі жабдық заттар. . .15. 4. Таудағы туризмнің және альпинизмнің техникасы мен тактикасының суреттегі элементтері . . .15. 5. Шыңдағы жол бағдарларынан өтуге жаттығулар.15. 6. Қарлы, тыңайтылған және мұз учаскелеріндегі жол бағдарларынан өтуге жаттығулар… . . .15. 7. Биіктегі шыңға шығуға жаттығулар….15. 8. Қысқы шыңға шығуға жаттығулар . . .Қосымша:Қысқаша туристік сөздік. . . . . . .Тестік тапсырмалар. . …. . .Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . .:

Мазмұны

Алғы сөз

№ 1 Тарау. Туризмдегі негізгі түсініктер, туризмнің типтері, түрлері және формалары.

1. 1. Туризмдегі негізгі түсініктер . …. . . . .

1. 2. Туризмнің типтері, түрлері және формалары. …… . . . .

1. 3. Белсенді туризмді жіктеу . . . . . ……. ………. .

1. 4. Туризмнің тәрбиелік, білімдік және сауықтыру мәні . . . .

№ 2 Тарау. Тактикалық жұмыстарды құрастыру әдістемесі.

2. 1. Саяхаттау аудандарын зерттеу . ……. .

2. 2. Жер бедері . . . . . .

2. 3. Топографиялық белгілер. . . ………. .

2. 4. Туристік жол бағдарларының тактикалық өңделуі . .

2. 5. Саяхатты ресімдеу және есептеу . . . ……….

№ 3 Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері.

3. 1. Экстремалды туризмнің судағы түрлері . . .

3. 2. Экстремалды туризмнің жер бетіндегі түрлері . . .

3. 3. Экстремалды туризмнің таудағы түрлері .

3. 4. Экстремалды туризмнің әуедегі түрлері . . . ……. .

3. 5. Экстремалды туризмнің экзотикалық түрлері. . .

.

№ 4 Тарау. Спортшы туристерді дайындау.

4. 1. Туристік дайындық . . . . . .

4. 2. Дайындық принципі . . . . . .

4. 3. Туристік дайындықтың әдістері . . . . .

№ 5 Тарау. Туристік дайындықтың мазмұны

5. 1. Жалпы туристік дайындық . . . .

5. 2. Арнайы туристік дайындық . . .

5. 3. Интегралды дайындық . . . . . .

5. 4. Физикалық дайындық ……. . ……. . .

5. 5. Туристердің физикалық дайындығының ерекшеліктері . .

№ 6 Тарау. Туристерді жорыққа дайындауды ұйымдастыру және жоспарлау.

6. 1. Жоспарлаудың жалпы негіздері .

6. 2. Жаттығуларды кезеңге бөлу . . . . .

6. 3. Жоспарларды құрастыру .

6. 4. Спорттық жетілдіру кезеңдері . . . . . .

№ 7 Тарау. Тау туризмінің адам ағзасына әсер ететін факторлар.

7. 1. Биік таулы климат . . . . . .

7. 2. Тау ауруы . . . . . .

7. 3. Акклиматизация

№ 8 Тарау. Белсенді саяхаттаулар жағдайларында тұрмысты ұйымдастыру.

8. 1. Туристің режимі және гигиенасы . . . . . .

8. 2. Белсенді саяхаттардағы тамақтану . . . . . .

8. 3. Дәрігерлік бақылау және өзіндік бақылау

8. 4. Массаж және өзіндік массаж .

№ 9 Тарау. Белсенді туристік саяхаттар үшін жабдық заттардың жалпы сипаттамасы.

9. 1 Сақтандыру жүйелері … . . .

9. 2. Карабиндар . . . .

9. 3. Арқандар . . . . . . . ….

9. 4. Альпинистік жабдық заттар … . . . . . …. .

№ 10 Тарау. Спорттық туризмнің техникасы.

10. 1. Туризм техникасының негізгі түсініктері . . .

10. 2. Табиғи кедергілерді жеңу технологиясының типологиясы ……… . . . …. …….

10. 3. Бивакты жұмыстардың техникасы . ……. .

10. 4. Өткелдер . . . . . . ……… . . . ……….

№ 11 Тарау. Туризмнің белсенді түрлерінің тактикасы.

11. 1. Спорттық туризмнің тактикасы . . . . . . ……. .

11. 2. Жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу тактикасының негізгі құрамдастары . . . … . . .

№ 12 Тарау. Шаңғы жорықтары мен саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу.

12. 1. Шаңғы жорықтарының мәні және оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. . ……….

12. 2. Шаңғы саяхаттарына арналған киім мен аяқ киім. . . . .

12. 3. Шаңғы жабдық заттарының түрлері . . . .

12. 4. Шаңғы жабдық заттарына қойылатын талаптар . . .

12. 5. Арнайы жабдық зат . . .

12. 6. Жабдық затты күту мен жөндеу . . . . . . .

12. 7. Шаңғы жорықтарында қозғалу техникасының элементтері . . . .

12. 8. Шаңғы туристік саяхаттарда қозғалысты ұйымдастыру… . . . .

12. 9. Көшкіндік қауіпті учаскелерден өту ……… . . .

12. 10. Демалатын және түнейтін жерлерді ұйымдастыру. . .

12. 11. Туристерді тамақтандыруды ұйымдастыру. . .

12. 12. Шаңғы саяхаттарындағы қауіпсіздік шаралары. . . .

№ 13 Тарау. Велосипедтік саяхаттар.

13. 1. Велосипедтік саяхаттың ерекшеліктері . . . . . .

13. 2. Велосипедті жорыққа дайындау…. . .

13. 3. Велосипедті күту мен жөндеу . . . …… . . . .

13. 4. Қозғалысты ұйымдастыру . . . . .

13. 5. Түнейтін жерлерді ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары. . .

.

№ 14 Тарау. Судағы туристік саяхаттар.

14. 1. Туристік саяхатқа арналған жабдық заттар . . . .

14. 2. Кемені саяхатқа дайындау . . . .

14. 3. Кемелерді салу және маневрлар . . . .

14. 4. Салдағы туристік ағын . . . .

14. 5. Туристердің режимі және кемелердің қозғалысы. .

14. 6. Апаттар және оларды жою . . .

14. 7. Байдаркамен есу техникасының элементтері . . . . .

14. 8. Әдеттегі су кедергілерін жою кезінде техниканы қолдану . . . ………. .

№ 15 Тарау. Таудағы туризм және альпинизмдегі арнайы дайындық.

15. 1. Таудағы жорықтардағы қозғалыс техникасы . . . . .

15. 2. Таудағы сақтандыру техникасы . .

15. 3. Таудағы туризм және альпинизмдегі жабдық заттар. . .

15. 4. Таудағы туризмнің және альпинизмнің техникасы мен тактикасының суреттегі элементтері . . .

15. 5. Шыңдағы жол бағдарларынан өтуге жаттығулар.

15. 6. Қарлы, тыңайтылған және мұз учаскелеріндегі жол бағдарларынан өтуге жаттығулар… . . .

15. 7. Биіктегі шыңға шығуға жаттығулар….

15. 8. Қысқы шыңға шығуға жаттығулар . . .

Қосымша:

Қысқаша туристік сөздік. . . . . . .

Тестік тапсырмалар. . …. . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . .

68910121414151618222324252730303336364141424648494952535358586364666769707373757685859999101101102103104106108109111112116116117118120122123123124125126126128132136137145164166167169173182228:

6

8

9

10

12

14

14

15

16

18

22

23

24

25

27

30

30

33

36

36

41

41

42

46

48

49

49

52

53

53

58

58

63

64

66

67

69

70

73

73

75

76

85

85

99

99

101

101

102

103

104

106

108

109

111

112

116

116

117

118

120

122

123

123

124

125

126

126

128

132

136

137

145

164

166

167

169

173

182

228

Алғы сөз

Туризм - тәрбиелеуге, еңбекке, спортқа, демалысқа тура қатынасы бар кешенді және алуан қырлы түсінік және жастардың өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі. КСРО-ғы көпжылдық тарихқа қарамастан, туризм біздің республикамызда жаппай құбылыс ретінде жаңа ғана туындап келе жатыр, және бұл бірінші кезекте біздің мемлекетіміздің экономикалық өсуімен байланысты.

Қоғамның дамуынан әлемде белсенді және тіпті экстремалды демалыстың көптеген формалары пайда болды. Жастар өмірде өзін-өзі танытудың жаңа және аты шулы, дегенмен біршама арзан түрлерін іздейді. Біздің азаматтарымыздың түсінігіндегі белсенді туризм - бұл арқа қоржындарымен саяхат жасайтын адамдар. Шектеулі бюджетімен едәуір ұзақ саяхаттар, көліктік шығындар, арзан тұрғын үй және т. б. жергілікті мәдениет түсінігіне қарағанда, көбірек саяхат тәжірибесі ретінде бағалануы мүмкін.

Туристер қоршаған ортаны қорғауға көбірек қызығушылық танытып келеді. Тұтынушылар белгіленген жерді таңдау кезіндегі факторлар мен қызметтер сапасы секілді қоршаған ортаның сапасын ескереді. Тұтынушылар қарапайым, тиімді және жағымды қызметтермен бірге қоршаған ортаның жоғары стандарттарын қажет етеді. Көптеген туристер ластанбаған және адам толмаған жерлерді қалайды. Қазақстандағы туризм жүйесі әзірге бастапқы күйінде- нормалар, критерийлер, қорғалатын территорияға зиян келтірмейтін оптималды бағдарларды дайындау сатысында. Яғни коммерциялық көзқараспен тауар әлі дайын емес.

Туризм саласында жұмыс істейтін тұлғаларға қажетті және толықтай білім беру мен кәсіби дайындаудың бұл сектордың ойдағыдай дамуы және оны тиімді басқару үшін аса зор маңызы бар. Шытырман оқиғалы туризм секторы үшін мамандарды дайындаудың маңыздылығы мен өзектілігі одан да шиеленісіп тұр. Сонымен қатар бұл сектордың жалпы әлемдік даму тенденцияларына қарамастан, бұл бағыт бойынша Қазақстан Республикасында оқу құралдарының жетіспейтіндігін айтып өткен жөн.

Туризм мен демалыстың белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы саласындағы мамандарды сапалы дайындау аясында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, оқу құралдарын жазып шығару қажеттілігін ерекше атап өту керек.

«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» оқу құралы туристік факультеттердің студенттерін спорттық туризмдегі туристік дайындық негіздерімен және элементтерімен таныстыру мақсатын көздейді. Туристік жорықтар мен саяхаттарды ұйымдастыру мен өткізу үшін туристік дайындықтың тиісті деңгейіндегі білікті кадрларды дайындау және негізгі білімдерді қалыптастыру керек.

Курстың негізгі міндеті:

- туристік шараларды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету;

-қатысушылардың жастық, физикалық және басқа ерекшеліктерін ескерумен әр түрлі күрделілік санатты бағдарларында табиғи орта жағдайларында топпен жұмыс істеу;

- экстремалды жағдайларда адамның тірі қалуына дайындық;

- спорттық дайындықтың негізгі дағдыларына ие болу;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті білімдерді, дағдылар мен шеберліктерді студенттерге беруден тұрады.

Бұл пән туризмнің болашақ гид- нұсқаушылары үшін ерекше маңызды. Курс техникалық және тактикалық шеберліктің әр түрлі тәсілдерімен таныстырады. Пәнді оқу барысында студенттер туризмнің тек теориялық негізімен ғана таныспайды, сонымен қатар бірқатар тәжірибелік тренигтер өтеді. Кафедраның күнтізбелік жоспарына сәйкес әр түрлі тақырыптар бойынша тәжірибелік және өзіндік жұмыстардың көптеген сағат саны туристік көпжарыс бойынша нақты жорықтар мен жарыстар жағдайларында жаттығуға шығу жерлерінде өтетін болады.

Бұл курс күндізгі бөлімнің студенттеріне есептелген және 1 курста оқытылады. Курс туристерді спорттық дайындау бөлімдері бойынша 15 тақырыпты қамтиды, сондай-ақ арнайы туристік дағдыға ие болудағы келесідей мазмұны да бар:

- туризмнің даму тарихын оқу;

- тактикалық жұмыстар мен бағдарларды құрастыру;

- арнайы туристік дағдыға ие болу;

- саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жорықтарда медициналық қызмет көрсету;

- алған білімдерді тәжірибеде пайдалана білу;

- әр түрлі болжанбаған жағдайларда дұрыс және тез шешім қабылдай білу.

Курс аяқталысымен студенттер олардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін белсенді турлар мен трекингтерлі ұйымдастыруы және өткізе білуі керек; жорықтарды дайындау мен басқару бойынша қажетті тәжірибесі болуы керек; тиісті дайындық деңгейіндегі гид-жол сілтегіштердің функцияларын сапалы орындай білуі, туризмнің нормативтік базасын білуі керек.

Оқу құралының материалын дайындау кезінде Флорида Штаты университетінің профессоры Бриджиш Таптың ұсыныстары мен оқу жұмыстары, В. Вуколовтың, Ю. Федотовтың оқу құралы, сондай-ақ бұл тақырып бойынша басқа да американдық және ресейлік авторлардың жұмыстары пайдаланылды.

«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» курсының мазмұны, материалды таңдау, оқу құралының құрылымы авторлық редакция болып табылады.

Автор оқу құралының мазмұнын жақсарту бойынша барлық ескертулер мен тілектерді ризашылықпен қабылдайды.

1 Тарау. Туризмдегі негізгі түсініктер, туризмнің типтері, түрлері және формалары

1. 1 Туризмдегі негізгі түсініктер

«Туризм» сөзі «тур» деген түбірлік негізден шығады, бұл серуендеу, саяхаттау дегенді білдіреді. «Туризм» түсінігінің 200-ден артық анықтамасы бар.

Үлкен кеңестік энциклопедияда « туризм » бос уақытта саяхаттау; белсенді демалыстың бір түрі; рекреациялық қызметтің әр түрлі түрлерін- адамның өндіруші күштерін сауықтыруды, тануды, қалпына келтіруді үйлестіретіндіктен, рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тиімді құралы; денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың құрамдас бөлігі; тұлғаның рухани, мәдени, моралдық және әлеуметтік даму құралы ретінде анықталады.

«ҚР туристік қызметі туралы» заңға сәйкес туризм - ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың уақытша келген елінде 24 сағаттан артық және 6 айдан кем емес мерзімде төленетін қызметпен айналыспай сауықтыру, кәсіби- іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда тұрғылықты жерінен уақытша кетуі.

Туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи, тарихи, әлеуметтік - мәдени объектілер, сондай-ақ туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың физикалық күштерін қалпына келтіру мен дамытуға жәрдем жасауға қабілетті объектілер.

Тарихи тұрғыдан туризм тәрбиеде, танымда, қарым-қатынаста, демалуда адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын объективті әлеуметтік құбылыс ретінде дамыды.

Сондықтан туризмді туристік - сауықтыру, спорттық, мәдени- танымдық, аймақтану-зерттеушілік, кәсіби- іскерлік мақсаттарға қол жеткізуде туризмнің құралдарын қолданумен физикалық және адамгершілік тәрбиелеуде, қоршаған ортаны танытуда, қарым-қатынаста, демалыста адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыстан бос уақытта саяхаттау жағдайларындағы қызметтің ерекше түрі ретінде анықтаған жөн.

Туризм мен демалыс. Туризмнің қоғамдық құбылыс ретіндегі басты әлеуметтік функциясы - азаматтарды рухани тәрбиелеуге жәрдемдесу. Жорықтар мен саяхаттардың тәрбиелік, спорттық және рекреациялық мүмкіншіліктері.

Рекреациялық туризмнің мақсаттық функциясы - туризмнің құралдарымен адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру. Бұл белсенді демалыс пен сауықтыру туризмі, сондықтан оны жиі сауықтырушы деп атайды.

Спорттық- сауықтыру туризмнің мақсаттық функциясы - табиғи кедергілерді жеңудегі спорттық жетілу. Бұл өтілген жер бойынша адамның қауіпсіз жылжуы үшін қажетті білімдердің, дағдылар мен ептіліктердің бүкіл кешенін жетілдіруді білдіреді.

Ұйымдастырылмаған туризм саяхаттың бастаушысы мен ұйымдастырушысы туристердің өзі болған кезде, кей жағдайларда тағы өз күшімен ұйымдастырылған деп атайды.

Айықтыру туризмінің белгілі бір ауруларды туризмнің құралдарымен емдеу мақсаттық функциясы бар. Бұнымен қоса туристердің келген жерлерінің әр түрлі климаттық жағдайлары, емдеу көздері, серуендеу кезінде мөлшерленген жүктемелер және т. б. қолданылады.

Кәсіби- қолданбалы туризмнің кәсіби білімдерді, дағдыларды, ептіліктерді туризмнің құралдарымен жетілдіру мақсаттық функциясы бар.

1. 2 Туризмнің типтері, түрлері және формалары

Мақсаттық функциялары, дәлелдері мен туризммен айналысу нәтижелері бойынша келесілер бөлінеді:

  • спорттық;
  • рекреациялық;
  • айықтыру;
  • кәсіби- қолданбалы;
  • үйрену;
  • мәдени- танымдық;
  • мәдени- көңіл көтеру;
  • экскурсиялық;
  • өлкетану;
  • шытырман оқиғалы;
  • экспедициялық;
  • іскерлік;
  • коммерциялық;
  • комбинирленген;
  • бағдарламалық.

Туризмнің түрлері

- жаяу жүру (жазық жер бойынша көбінесе жаяу саяхаттау) ;

- шаңғы (бұл жағдайда жылжу құралы шаңғы болып табылады көбінесе қысқы кезеңде)

- таудағы (саяхаттар таулы жерде, арнайы техникалық құралдарды қолданумен жүзеге асырылады) ;

- судағы (жүзу- құралдары арқылы саяхаттар) ;

- велосипедтік (велосипедті қолданумен саяхаттар) ;

- авто- мото (жылжудың моторланған құралдарын қолдану) ;

- спелео (жердің, тау үңгірінің табиғи қуыстарында саяхаттар) ;

- желкендік (жүзу құралдарының бұл жағдайда желкендік жабдықтары бар) ;

- атты (жылжу құралы ретінде аттар қолданылады көбінесе демалу үшін) ;

Комбинирленген (әр түрлі жылжу құралдарын қолданумен, және бағдары туризмнің алуан түрлерінен тұрғанда) .

Туризмнің формалары

Ерекше белгілеріне тән туризмнің формаларын құрайды. Мұндай белгілерге жатады:

Қол жетімділік деңгейі және әлеуметтік маңызы:

  • әлеуметтік;
  • таңдаулы.

Туризммен айналысу жері

  • халықаралық;
  • ішкі.

Туризмнің ұйымдастырушылық негіздері

  • ұйымдастырылған;
  • ұйымдастырылмаған;
  • жоспарлық;
  • ұйымдастыру.

1. 3 Белсенді туризмді жіктеу

Туризм адамға рухани және физикалық күштерін дамытуға, мінез-құлықты қалыптастыруға, өмірлік маңызды дағдыларды және ептіліктерді игеруге көмектесетін, жан- жақты тәрбие құралы ретінде қолданылады.

Қызмет бағыттылығы мен сипаты бойынша туризмде серуендерді, экскурсияларды, жорықтарды, экспедицияларды ажыратады. Олар өз бетінше өткізілуі, сондай-ақ туристік жорықтың құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Серуендер - ағзаның сауықтыру, шынықтыру мақсатымен кең көпшілік үшін қол жетімді, қысқа уақыттық туризм формасы (жаяу шаңғымен, велосипедпен, қайықпен жылжу) .

Экскурсиялар - жалпы мәдени даму үшін, ғылыми немесе үйрену мақсатымен, қандай да бір объектіге ұжыммен бару.

Жорықтар - физикалық жетілу, аймақтану, қоғамға пайдалы қызмет мақсатымен жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен және т. б. ұйымдастырылған топтық жылжу.

Тәжірибеде туристік жорықтың көптеген түрлері қалыптасты. Олардың ішінен физикалық тәрбиелеу тұрғысынан негізгілері деп дайындау, жеке туристік және көпшілік- үгіттеу жорықтарын санау керек.

Дайындау жорықтары ең біріншіден жорықтық қозғалысқа және алдағы жеке туристік жорықтардағы үлкен және ұзақ қиындықтарға ағзаны біртіндеп дайындауға үйрету. Дайындау жорықтарына серуендеу мен экскурсиялардың элементтерін қосқан пайдалы. Дайындау жорықтарының негізгі мазмұны туристік керек-жарақпен, жорықтық өмірдің режимімен үйрену; жылжу техникасын жетілдіру; жолды барлаумен, түнейтін жер құрылғысын таңдаумен және дайындаумен, далада от жағумен байланысты арнайы әрекеттерге үйрету; шыдамдылықты, күшті, жылдамдықты және қиын және ұзақ уақыт бойғы жорықтарға қатысу үшін қажетті басқа сапаларды тәрбиелеу болып табылады.

Шынындағы туристік жорықтар туризмнің ең әдеттегі түрі болып табылады. Олар едәуір ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), қозғалыс тәсілдері мен жол бағдарларының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оларды арнайы туристік мекемелерде тіркеу қажет, қиын жорықтарды өткізуге арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды сол топтың құрамынан едәуір білікті және тәжірибелі турист, нұсқаушы- басшы басқарады.

Спорттық жорықтар нақты түрде спорт саласына жатады: олар үшін жол бағдарларының белгілі бір қиындығы, жолың ұзақтылығы, табиғи кедергілердің қиындығы, адам тұрмайтын жерде болу жағдайлары, әр түрлі қиындықтағы есепке алынатын жорықтардың саны бекітілген. Спорттық жорықтар нақты физикалық тәрбиелеу мақсатында едәуір мамандандырылған болып табылады.

Экспедициялар - қандай да бір объектілерді (географиялық, геологиялық, өлкетану, тарихи және т. б. ) зерттеу мақсатымен іздеу сипатындағы туристік саяхаттар. Экспедицияларда қозғалу құралдары белсенді (жаяу, шаңғымен және т. б. ) және баяу (көлікпен және т. б. ) болуы мүмкін. Экспедицияларда физикалық тәрбиелеу құралдары ретінде тек белсенді қозғалыс әрекеттері арқылы жасалатын туристік шаралар ғана қарастырылады.

Территориялық белгісі бойынша жорықтар жергілікті және алыс болып, ал ұйымдастыру сипаты бойынша - жоспарлық және өз күшімен әрекет ететіндер болып бөлінеді. Жолдамалар бойынша саяхаттар анықталған, алдын ала дайындалған, сипатталған, ал кейде белгі қойылған жол бағдарлары бойынша жүргізіледі. Туристер жолда түнейтін жермен, тамақпен, жергілікті көлікпен, экскурсия жүргізушілер мен жол көрсеткіштердің қызметімен қамтамасыз етіледі.

Өз күшімен әрекет ететін саяхаттарды туристер клубтары, туристік лагерьлер және базалар, балалар экскурсиялық- туристік станциялар, мектептер ұйымдастырады, бұл жерде туристер жол бағдарды өздері таңдайды және, жолда өз өздеріне қызмет етеді. Бұл саяхаттар ақылы саяхаттардан арзанырақ және топтың иелігіндегідей уақытты алады. Туристер барлық қатысушыларға қол жетімді және қызықты, жасқа, физикалық дайындығына және талғамдарына сәйкес келетін тәсілдерді пайдаланады. Мұндай саяхаттар кеңестік дене шынықтыру қозғалысының тапсырмаларына едәуір толық жауап береді.

Қозғалу тәсілдері бойынша саяхаттар жаяу жүргіншілік, таулы, сулы, шаңғы, велосипедтік, комбинирленген, автомобильдік және мотоциклеттік болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Спорттық-сауықтыру туризмі
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Тау туризмінде жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу тактикасы
Әнші Бархан, Іле өзені бойымен сплав, Ақ тас туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Жаттығу саяхаттарын және туризмнің барлық белсенді түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу
Туристік жорықтар
Зеренді өлкесі
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz