Темперамент мәдениеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Яғни бұл көк пен жер, ай мен күн, теңіздер... мұны жаратушы ешкімге
теңдесі жоқ бір ие болса керек. Үшінші түрі – иман тақлиди. Бұл иман өз
ақылымен Құдайды танымайынша, ата – бабаларының ұстап келе жатқан жолы ғой
деп иман келтіргендердің иманы болар деген тұжырым жасаған.
Ыбырай Алтынсарин құрандағы жақсы, жаман мінездерге тоқталып, Афғал
хамида (ұнамды іс - әрекет) деген көркем мінездердің әуелі - иман деп
ұнамды іс - әрекеттің алғашқысы – иман деп көрсетеді. Иманы бар адам
дәулетке жетеді, ал Ғылым, білім, күш те, қуат та, хакімдік те – бәрі де
дәулетке қосылады (91.55) дей отырып, осының бәрі имандылыққа, ізгілікке
бастайды деп тұжырымдайды. Адамдарға, дүниеде ешкімнің мәңгі тұрмайтындығын
ескерте отырып, жақсылық жасауға шақырады. Ыбырай Алтынсаринның иман,
имандылық туралы ойларын зерттей отырып, Ыбырай қандай да бір ізгі, жақсы
қасиеттің барлығы сеніммен ұштасуға тиіс сенімі, иманы бболмаған адам
жақсылық жасаған кезде де күдіктене қарайды, сондықтанда ең алдымен иманды
болу қажет деген пікірлерді қостайды. Имандылық қасиетіне Ыбырай
Сырқаулардың көңілін сұрамақты, жасы үлкен һәм білімі артық ғалымдарға
арнайы сәлем үшін бару һәм насихат сөздерін тыңдау, шақырғанға қонаққа
баруды, жолаушыға меймандас болуды, әркіммен жұмсақ, шыраймен һәм көңілге
тимей сөйлеуді (91.74) жатқызады. Ауырған адамның халін сұрау, адамдармен
сөйлескенде әдепті болу, әсіресе, ғылым, білімі бар адамдармен үйрену және
оларға әдейілеп сәлем беру, біздіңше асқан имандылық. Сонымен қатар,
халқымыздың алаыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді -
деген ұлттағы сөзіменде ұштасып жатқандай. Көрнекті ағартушы, иманды
адамның ары – ұяты бар, міскіндерге, әл – ауқатты төмен адамдарды ренжітпей
оларға көмек көрсетеді деген ой түйіндейді. Мысалы:

Иманды ер құдайынан ұялады
Ұялып құдайынан сый алады.
Ренжітпе бенде болсаң бейшараны
Кәріп көңілі бір сынғақ биялады (92.17)

Деген өлең шумақтарынан да байқауға болады. Немесе әрбір жақсы істің асыл
түбі иманнан - деген тұжырымынан да иманды болу – жақсы іс істеу, адамға
пайда келтіру деген ойды келтіру деген ойды аңғартады.
Ыбырай Алтынсарин ең басты нәрсе оқу – білімге, ғылымға қол созу деп,
болашақ ұрпақты білім алуға уағыздаған. Әсіресе, ол өз елі үшін бұрын –
соңды болмаған кәсіптік мамандықты жолға қойып, жастарға жаңа бағыттағы
жұмыс ұсынуы сол кез үшін айрықша жаңалық, асқан тапқырлық еді: ол қазақ
халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән
берді. Қолөнер ауылшаруашылығы училищелерін ашуға едәуір күш жұмсады.
Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс боларының алдында
Қостанайда ашылғалы отырған ауылшаруашылығы училищесіне өзінің барлық жерін
беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарына білім беру ісіне жол ашқан
да Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп
аштырды. Мұның өзі қазақ халқы өміріндегі орасан зор маңызы бар жаңа таризи
оқиға еді. Алтынсарин патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездеріне
қыздар училищелерін ашуды өтінді. Осының нәтижесінде Торғайда (1891),
Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1890), Ақтөбеде (1895) қыздар училищелері
ашылды.
Өз туған халқының салт сана, әдет ғұрып, терең тарихын жақсы білетін
Ыбырай Алтынсарин М. Әуезовтың Ел болам десең бесігіңді түзе деген
сөзінің және ұлды тәрбиелеу ерді тәрбиелеу, қызды тәрбиелеу елді
тәрбиелеу деген мақалдың төркіндері инабатты, парасатты педагогтың ойымен
ұштасып жатыр. Өйткені, қыз баланы оқытуды, оларға тәлім – тәрбие, үлгі -
өнеге беруді, хат танытуды алғаш қолға алып оны бір жүйеге келтірген Ы.
Алтынсарин болатын.
Барлық ісімен, жүріс – тұрысы, сөйлеген сөзі, айтқан өсиеті мен
имандылық қасиеттер бойынан табылған педагог болып өмір сүрген Ы.
Алтынсариннің халқына сіңірген еңбегі өте зор. Кеңес заманында бұл
ағартушының жазған еңбектері қазақ және орыс тілдерінде әлденеше рет жарық
көрген. 1978 жылы Ы. Алтынсариннің творчествосы тұтас қамтылған
библиографиялық көрсетікіш және өз алдына кітап болып басылып шықты.
Ы.Алтынсарин артына мол мұра қалдырған аса білікті жан. Әсіресе, оның
педагогика тарихына тигізген көмегі айрықша.
Ы.Алтынсариннің мұраларындағы негізгі айтайын деген түпкі ойы – адам
баласының ой – пікірі, мүддесі ешқашан бір жерден шығуы мүмкін емес, тек
ниеті, пиғылы, пейілі ақ болса иманды, инабатты адам баласы бір – бірімен
табысады, достасады деген ой жатыр.
Жаны, көңілі дарқан, ешкімнен ешнәрсені қызғанбайтын жұрттың бәрін
өзіндей көретін жақсы адамның бәрінің де ниеті мен пейілі кең болады екен.
Ы. Алтынсарин қазақ баласын білуге, оқуға, үйренуге, еңбек етуге, атан
-ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге атап айтқанда имандылық қасиетке баули
отырып, барынша аянбай қызмет жасады. Ол күнді күн демей, түнді түн демей
қазақ жерінде, ауылда, аймақта мектеп ашты, сол мектепке керекті қаражат
іздеді, баланы тәрбиелейтін жақсы тәрбиеші, оқытушы іздеді. Осы жолда
орыспен де, ноғаймен де, қырғызбен де дос болды. Ол өз қандастарын үлгі
өнегелі етіп тәрбиелеуде бар күш қуатын, білім мен білігін аяған жоқ,
көптеген өлең, жырлар жазумен қатар ұсақ әңгімелер де жазды. Оған Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш, Сәтемір хан, Талаптың пайдасы, Әке мен бала,
Асыл шөп, Бақша ағаштары, Бір уыс мақта, Алтын шеттеуік, Аурудан
аяған күштірек, Мейірімді бала, Полкан деген ит, Тышқанның өсиеті,
Ізбасты, Түлкі мен ешкі, Қарға мен құрт, т.б. әңгімелерін көрсетуге
болады.
Осы аталған әңгімелердің көретін идеясы, айтайын деген ойы әр түрлі
болғанмен бәрі де балғын жасты азамат етіп, қайтпас қайсар батыр етіп
өсіруге, ғылым мен ілімге, имандылыққа шақыратын тағылымы мол еңбектер.
Ы. Алтынсарин шығармаларының ойы терең, тәрбиелік мәні зор. Ол
адамгершілікті, адалдықты, имандылықты, өмірге бейімделуді мұрат тұтады.
Сол себептен де шығармалары күні бүгінге дейін өз өміршеңдігін танытып
келді.
Аса көрнекті ағартушы Ы. Алтынсарин ислам дінінде, дүниені де, ғылымды
да жетік меңгерген кемеңгер адам. Ол білімді адамды, білім беретін
парасатты мұғалімді өте жоғары бағалады. Дүниенің кілті ғылымда деп
түсінді, өз ел жұртын, әсіресе, жас ұрпақты оқытуды, оларға ғылым нұрын
шашуды жатпай тұрмай арман етті. Сәулетті мектеп, салиқалы оқытушы, жақсы
оқу құралын жүзеге асыруды жан – жақты ойластырды. Жаны нәзік, көңілі
мөлдір инабатты педагог Алтынсарин, әсіресе, қыз баланың қамын көбірек
қарастырды, ана жақсы болса, ұрпақ өседі, ұрпақ өссе, ел гүлденеді, ел
гүлденсе, халық мұратына жете алады деген ойдың авторы да өзі
Ы. Алтынсарин Алланың құдіретін, бір жаратушының соншама
қайырымды да мейірімді екенін жан жақты ашып дәлелдеген. Расында, адам
баласы ақыл – ойдың иесі болған соң, ол көп дүниені ойлау керек, көп
мәселені көңілге тоқу керек, Ы. Алтынсарин жаратушы жайлы өз ойын ортаға
салып, көпке түсінік беріп отыр. Ол Алланың өзін бар деп айтудан гөрі,
құдіреттің хикметтерін түсіндіріп, сол арқылы Алланың бірлігін, жаратушының
хақтығын паш еткен. Үлкен ағартушы Ы. Алтынсарин және ақын Абайда ұқсастық
бар: Бұл ғалымды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм
қандай лайықты жарастықты законмен жаратылып, оның ешбірінің
бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың
жетпейді, осының бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, яки
бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл
хисабына, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола
жартылыпиһәм бір – бірінен себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу
бермейтұғын мықты көркем законға қаратылып жаратылды.
Өз халқына оқу мен өнердің керектігін барынша дәріптеген Абай
Алланың да құдіретін жан – жақты жеткізе айта білген. Осы екі нәрселер
тәрізді кездейсоқтық емес, ол өткен кезең ұрпақтары жүріп өткен ұзақ сапар
барысында қалыптасқан болмыс. Міне, бұл тұжырым арқылы оның аталар,
әкелер, ұлдар арасындағы ұрпақ сабақтастығына әділ баға бергенін аңғарамыз.
Вернадский жаратылыстанушы ретінде ауыз әдебиетіне, өнерге табиғи құбылыс
деп қарады. Оның кейбір жекелеген пікірлеріне мән берсек, ол ауызекі халық
шығармашылығы туындыларындағы жалпыадамзаттық идеяларды және шығарушы
ойлары мен сезімдерін бұқараға, немесе бағалаушыларға беру тәсілдерін ғана
мойындаумен шектелмеді. Оның үстіне ғылым оны белгілі бір тарихи дәуірмен
байланысы бар халықтық құбылыс, яғни әлеуметтік құбылыс деп қарады. Ол ауыз
әдебиеті шығармаларымен түпкілікті мәнді көре білді. Бұл туындылар арқылы
халықтың сан ғасырлық өміріне көз жіберді. Оның пікірінше, көркем
шығармашылық өмірмен, жастарды оқытып тәрбиелеу тәжірибесімен тығыз
байланысты болып есептелді. Кез – келген халықтың ұлттық байлығы оның
мәдениетіне қалыптасып бекиді. Мәдениеттің ажырамас бір бөлігі болып
табылатын халықтық педагогикалық - сол байлықтың қайнар көзі. Адам
болмыстың толып жатқан сатылырын тұтастай аттап кете алмайды. Ұлт адамы
деген жай адамнан анағұрлым артық немесе әдеқайда төмен. Өйткені, онда
жалпы адам баласының туыстық белгілері, сондай – ақ ұлттың жекелеген
ерекшеліктері бар (150). Мәдениеттегі ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттың
бір – біріне қарсы қойылуы мүмкін емес. Ұлттық шығармашылықтың шыңы
жалпыадамзаттық мәңге ие.
Біздің отандық ғалымдар сияқты, көптеген шетелдік ғаламдар, мәселен,
голландиялық психологтар Х. Дейкер мен Н. Фрайд бір ұлтың адамдарында сол
ұлт өкілдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент типн және адамның мінездік ерекшелігі
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
Темперамент туралы ақпарат
Мотивацияның психологиялық теориялары
Темперамент туралы
Темперамент сипаттамасы
Темперамент туралы ұғым
Темперамент туралы жалпы түсінік
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Пәндер